Басңарылушы доңғалақтардың мостысы және

Рульдік механизм

Басқарылушы доңғалақтардың мостысында бұру жұдырықша-лары бар балка доңғалақтар, рульдік трапеция, гидроцилиндр және золотник болады. Балка комбайн ромасынын, осіне 26 бекітілген (2-сурет). Комбайнньщ осы осіне кигізілген втулка балканың артқы тесігі болып табылады. Қамытпен бекітілетін қапсырма балканың осьтегі алдыңғы тірегі болып табылады. Басқарылушы

доңғалақтардың балкаларының рамамен осылайша байланысы доңғалақтардың жер бедеріне бейімделуіне мүмкіндік туғызады. Егер де басқарылушы доңғалақтардың біреуі шұңқырға түссе немесе төмпешікке шықса, балка комбайнды жантайтпай-ақ өзосінен айналатын болады.

Заводтан келіп түскен комбаңнда гидроцилиндр рульдік меха-низммен ажыратылып, басқарылушы доңғалақтардың білеуіне байланып қойылады.

Гидроцилиндрді орнына орнатқанда штоктың ұзындығын сол жақтағы доңғалақ бұрылғанда рульдік тартпаға жанаспайтындай етіп реттеу керек. Бұл үшін раманың артқы жақтағы кронштейнінің астына домкрат қойып, комбайнды басқарушы доңғалақтары жерге жанаспайтын етіп көтереді. Сонан соң поршень цилиндрдің түбіне дейін тигенше доңғалақты оң жаққа (комбайнның сол жакқа қарай бұрылуына сәйкес қалыпқа) бұрады. Шток ашасы мен рычагты қосатын осьті шығарады. Басқарылушы доңғалақты сол жақтағы доңғалақ пен рульдік тартпа аралығында 15—20 мм қашықтық болатындай етіп орнатады. Осы қалыпта ашаны рычагпен қосады. Егер ашаның тесігі рычагтағы тесікке дәл келмесе, оның штоктағы қалпын реттеу керек.

Комбайнды (буксирмен) сүйретіп алып жүру үшін, гидроци-линдрді рычагтан ажырату керек. Бұлай істелмесе, рульдік тарт-паның майысып қалуы мүмкін.

Балканың ұштарына 6 жарты осі бар бұрау жүдырықшалары 2 топсалы бекітілген (109-сурет). Бұру жұдырықшаларының , тесік-теріне қола втулка 4 престелген. Шкворень 1 ұштыққа шпилькамен 7 бекітілген. Бұру жұдырықшасының төменгі тесігі мен ұштықтың аралығында өкшелік құрсау 8 орнатылған. Үстіңгі тесік пен ұштық бобышкасының аралырындағы саңылау 0,15 мм-ден артпауы керек. Осы саңылауды реттеу үшін төсем 5 пайдаланылады.

Басқарылушы доңғалақтың подшипниктерін былай реттейді. Балканы домкратпен көтереді. Доңғалақтың қалпағын шығарып алады, жарты осьтердің гайкасын шплинттейді ,және оны 1/$ айна-лысқа бұрап шығарады. Доңралақтың еркін (бос) айналуын тек-середі; егер ол әрең айналса, оның себебін (сальниктердің қысы-луын т. б.) жояды. Гайканы доңғалақ қатаң айланғанша бүрап кіргізеді; осы жүмыс кезінде доңғалақты айналдырады. Гайканы коронканың 2—9 ойығына босатыңқырайды да доңғалақты күштегі итеріп айналдырады; осы доңғалақ сегіз реттен кем айналмауы керек. Егер жұмыс кезінде доңғалақтың күпшегі қатты қызатын болса, гайканы тағы да бір ойыққа бұрап щығара түсу керек.

Басқарылушы доңғалақты орнына салу. Өздігінен жүретін ком-т байнның басқарылушы доңралағы тік және горизонталь жазық-тарға белгілі бір бұрыш жасап орнатылған. Бұл комбайннын, бү-рылуын жеңілдету, сондай-ақ басқарылушы доңғалақтарды тұрак-

Басңарылушы доңғалақтардың мостысы және - student2.ru

109-сурет. Бұру жұдырырын басқарылмалы доңғалақтың балкасымен қосу:

7 — шкворень; 2 — жарты осі бар бұру жұдырықшасы; 3 — қақпақ; 4 — қола втулка; 5 — реттеуіш төсем; 6 — балканың ұштығы; 7 — шпилька; 8 — өкшеліктің құрсауы; 9 — өшіргіш; 10 — тірек втулка; 11—доңталақ дискісінің бекіту болты.

тандыру үшін, яғни олар автоматты түрде тура (түзу бағытта) жүзу қалпын сақтау үшін жасалған. Жантаю бұрышы — тұрақты, бұл бұрыш конструкцияға салынған. Тоғысу бұрышы (угол схождения) реттеледі.

Доңғалақтардың жантаюы шквореньді тік жазықтыққа 8° бұрышпен орнату арқылы іске асырылған (109-сурет). Бұл доң-ғалақтардың тоғысуы көлденең тартпаның ұштығын бұрау арқылы реттеледі.

СҚ-4, СК-4А және СКД-5 комбайндарында тоғысу бұрышын А мен Б аралығы (110-сурет) бірдей немесе А аралығы Е аралығынан 1 мм қысқа болатындай етіп реттейді. СК-5 және СК-6 ком-байндары үшін тоғысу 1,5—3 мм-ге тең. Бүл — А аралығы Б аралығынан 1,5—3 мм қысқа болады деген сөз.

Доңғалақтардың тоғысуын былай реттейді: рульдік механизмнің көлденең тартпасы ұштығының болттарының гайкаларын бұрап босаңсытады; көлденең тартпаны қажетті жаққа қарай ай-налдырады; доңғалақтар осьтерінің деңгейінде ортақ бір нүктеден қарама-қарсы жақтан А мен Б аралығын (110-сурет) өлшейді; екінші рет өлшеу үшін комбайнды 0,6 м жүргізеді.


Басңарылушы доңғалақтардың мостысы және - student2.ru

11О-сурет. Басқарылмалы доңғалақтардың тоғысуын тексеру схе-масы (доңғалактар планмен көрсетілген, стрелка донралақтың жұ-мыстық жүрісінің бағытын көрсетеді).

Рульдік механизирульдіі дөңгелегі бар конустық шестернялар, қорабынан, рульдік механизм картерінен және құндағы бар рульдік біліктен құралған. Конустық шестернялар қорабы рульдік колонкаға, ал рульдікі механизмнің картері жетектеуіші доңғалақтар мостысының құндағының кронштейніне бекітілген. 3 Айналыс рульдік доңғалақтан шестернялар 3, 5 арқылы (111-сурет) рульдік механизмге беріледі. Шестерня 5 рульдік доңғалақтың білікшесімен бірге құйылған. Шестернялардын, 3, 5 ілінісуін төсем 4 арқылы реттейді. Бұл іліністе 0,1—0,3 мм шегіндегі саңылау болуы керек. Осы саңылауға рульдік доңғалақтардың 1—3 миллиметрге бұрылуы сәйкес келеді.

Рульдік құрылғының беріліс механизмі бір-бірімен ілініскені червяктан 2 және қос роликтен 8 құралады. Червяк руль білігіне престелген. Ролик саусақ және екі шкивті подшипник көмегімені рульдік тірек сошкасы 6 бекітілген біліктің басына құрастырылған. Ролик подшипниктерінің сыртқы сақиналары жоқ. Червяк ішкі сақиналары жоқ екі роликті подшипникке орнатылған. Картердегі червяк екі қақпақпен бекітілген. Төменгі қақпақтың астына реттеуіш төсем қойылған. Осы төсем көмегімен червяктың көлденең люфтісі реттеледі. Червяк подшипнигінің қатайтып тартылуын рульдік доңғалақты айналдыру арқылы тексереді. Қалыпты тартылған кезде рульдік білікті доңғалақпен люфтісіз жағдайда жеңіл бұруға болады. Біліктің осьтік люфтісін тексеру үшін алдын-ала картерден роликті білікті 7 шығару керек.

Роликтің червякпен дұрыс ілінісуі мынадай құрылғы көмегімені іске асырылады. Қақпаққа 9 картердің қуысына қаратылған жа- ғында ойығы, ал сыртқы жағында алты қырлы ойықшасы бар рет- теуіш винт 13 бұралып кіргізілген. Винттің тірек сошка білігінің хвостовигі 10 сұғындырылған. Винтті 13 бұра отырып (кілтті оның алты қырлы ойықшасына салып), онымен жалғасқан ролигі бар тірек сошка білігінің. көлденең бағытта жылжытуға, осының нәтижесінде ролик пен червяктың аралығындағы ілініс саңылауын реттеуге болады. Винт 13 реттелген қалпында берік бекітілуі керек. Мұны бекіткіш шайба 11 мен гайка 12 арқылы іске асырады. Шайбаны штифтпен 14 бекітеді.

Рульдік механизм ГАЗ-51А автомобилінікіне ұқсас. Оны сол автомобильдегіше реттейді.

Басңарылушы доңғалақтардың мостысы және - student2.ru

111-сурет. Рульдік механизм:

1 және 4 —реттеуіш төсемдер; 2 — червяк; 3 — және 5 — шестернялар; 6 — рульдік сошка; 7 —сошка білігі; 8 — қос ролик; 9 — қақпақ; 10 — хвостовик; 11— бекіту шайбасы: 12 — гайка; 13 — реттеуіш винт; 14 — штифт.

Наши рекомендации