Жатканы молотилкаға тіркеу

Көлбеу корпус пен жатка корпусы арасын нығыздау. Көлбе корпус пен жатка корпусының арасындағы саңылау ауыспалы (11-сурет) және бүйірлік 15 жылжымалы қалқандармен жабылған.

Ауыспалы қалқанның алдыңғы шеті тұзақ 2 арқылы жатка корпусына жалғанған. Бұл қалқанның артқы шетінің тұзағына се -ріппелі шыбық 4 орнатылған, шыбықтың бүйіріндегі ойыққа штан -ганың 8 шеті кіргізілген. Серіппе 9 штанга арқылы қалқанны артқы шетін корпусқа қысып тұрады.

Штангалар 14 серіппесімен 12 бүйірлік қалқанды 15 көлбе корпусқа қысып, онымен жатка корпусы қаптамасының арасындағы саңылау түсетін жерді жабады.

Көлбеу корпусты молотилкаға тіркеу. Егер әуелі жатканы көлбеу корпусын молотилкаға тіркеу қажет болса былай істейді кронштейндерден 49 (2-сурет) қамыттарды 50 шығарып, ішкі жағын салидолмен майлайды; подшипниктің флаңецті корпусыны өңделген беті 4 (7-сурет) кронштейнге кіретіндей етіп көлбеу кор-пусты молотилкаға тақайды; алынған қамыттарды алдына қояды

Гидроцилиндрлерді көлбеу корпусқа жалғайды. Сол жақтағы гидроцилиндрде жатканы көтерілген қалпында бекітіп қоятын ар

Жатканы молотилкаға тіркеу - student2.ru

І1-сурет. Жатка нығыздауышы:

/ және 5 — білеулер; 2 — тұзақ; 3 — жылжымалы қалқанша (диаметрі 16 мм), 6 — нығыздауыш лента; 7 — қорап нығыздауышы; 8 және // — штангалар; 9 және 12 — серіппелер; 10 — бұрыштама; //— жылдам алынып-салынатын шплинт; 13 — алмалы-салмалы маңдайша; 15 — бүйірлік қалқанша;

наулы бекіткіш орнатылған. Бекіткіш жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету кезінде қажет. Бұл бекіткішті былай пайдаланады. Жатканы жоғарғы шегіне жеткенше көтереді: бекіткішті гидроци-линдр плунжеріне түсіреді; жатканы бекіткіш гидроцилиндрдің басына тірелетіндей етіп, ал сақтандырғыш құлақша оның басының астына кіретіндей есеппен төмен түсіреді. Егер бекітудің қажеті болмаған жағдайда жатканы, содан кейін бекіткішті көтеріп, шаппа тіс астына кіргізеді.

Жатка корпусын көлбеу корпусқа тіркеу. Тіркеу операциясын мынадай ретпен орындайды. Бүйірлік қалқаншаларды екі жағынан да 15 (11-сурет) штангаларымен 14 бірге сыртқа қарай жылжытады. Штангаларды осы қалпында шплинттермен бекітеді. Жатка корпусының құлақшаларына теңестіру жүйесінің аспаларын орнатады (оң жағына реттелінетінін, сол жағына кәдімгі аспаны). Аспа болттарын кіргізіп, тартып шплинттейді. Сфералық

топсаны (детальдар 20, 21, 1-сурет) бөлшектеп, мұқият тазалап жуады (керосинмен немесе бензинмен), кептіре сүртеді де, сали- долмен майлап қайта жинайды.

Көлбеу корпусты жатка корпусына жақындатьш, жатка корпу- сының кронштейнін топса құрсауына қосады. Теңестіру рычагта- рын аспамен қосады. Бүйірлік қалқандар қысып түрған серіппелерді 12 (11-сурет) босату үшін шплинттерді ауыстырып қояды.

Оң жақтағы топсаның құбыр тәрізді квадрат бөлігіне, он жақ топсасына (жатканың топсалы-телескоптык, берілісіне) сол жақ топсаның ашасына бекітілген квадратты білікті кіргізеді; топсалы-телескоптық берілістің ішкі ашасының жалпы тегістікте орна- ласқанын тексереді. Гидрожүйе шлангаларын орнына қойып, жал-ғайды.

Жатканы көтеріп, сол жақтағы гидроцилиндрге бекіткішпен бе-кітеді: ауыспалы қалқаншаны орнату үшін серіппелерді 9 штангаға 8 қарай қысады: қысылған серіппелерді шплинттермен бекітеді. Шланганы шыбықтардың тесігіне кіргізеді. Көлбеу корпусқа қалқанды енгізеді: шланганын, ұшы бұрыштама 10 тесіктеріне ен-гізіледі; жатка корпусынын, білеуіне 1 жылжымалы қалқанның тұзағын бекітеді. Штанга серіппесін босатып, бұрыштама 10 үс-тіндегі жоғарғы тесікке шплинттерді қояды.

Наши рекомендации