Егістікті даярлау және егін жинау

Технологиясы

Егісті даярлау жөніндегі операциялар. Егістікті комбайнмен және дестелеуіш жаткамен егін жинауға даярлауға мына негізгі операциялар кіреді: дестелеуіш жатка мен комбайнның үздіксіз жұмыс істеуін қиындататын кедір-бұдыр жерлерді белгілеу және коршау; егістікке белгілер орнату және оны загондарға бөлу, егін-ның жиегін ору, шалғы жолдарын салу және өртке қарсы жер жыртуды жүзеге асыру; бұрылыс жолдарын даярлау.

Кедір-бұдыр жерлерді (көртышқан үйінділері, ескі каналдар т. б.) ораққа 11/2—2, ай уақыт қалғанда, яғни егістік жер жаппай көктемей тұрып анықтау қажет. Осындай кедір-бүдыр жерлердің барлығын кейін дестелеуіш жатка мен комбайнды жүргізушілер пайдаланатын егістіктің схемалық картасына түсіру керек. Мұндай карта сондай-ақ қай егістікте шапшаң жүретін немеес кең алымды комбайн жұмыс істей алатындығын анықтаура да мүмкіндік береді. Егістікті байқау негізінде жинағыш агрегаттар бір алқаптан екінші алқапқа ауысқанда жүретін жолдар мен көпірлердің қандай жағдайда екендігі анықталады. Егістіктегі кедір-бұдыр жерлердің барлығы қадалармен немесе басқа белгілермен белгіленеді.

Егістікті белгілеу. Егістікті дұрыс белгілеу шалғы жолын түзу сызықтың бойымен салуға, сөйтіп дестелерді де түзу сызық бойы-мен салура жағдай жасайды. Белгілеу жүмысын әдетте есепші (жалғыз өзі немесе қосалқы жұмысшылармен бірге) атқарады. Белгілеу үшін екі метрлік өлшегіш және тегіс егістік жердің ұзы-нынан, бір-бірінен ара қашықтығы 300—400 м етіп қойылатын, биіктігі 2—2,5 м сырланған ағаш белгі пайдаланылады. Ал тегіс емес егістікте жүргізушіге бір мезгілде кемінде екі белгі көріне-тіндей есеппен олардың ара қашықтықтары кемітіледі. Бірінші белгіні егістік шетінен 5—8 м қашықтыққа орнатады.

Егістікті белгілеу мен загондарға бөлу бірнеше факторларға: оның көлеміне, жинау-транспорт звеноларының құрамына, агрегат-тың таңдап алынған жүріс тәсіліне және т. б. байланысты болады.

Егер егістік астығын жинау-транспорт звеносымен бір-екі күн ішінде жинап алатындай жағдай болса онда загондарға бөлінбейді.

Тек қана тіркемелі жаткалар (ЖРБ-4,9, ЖРС-4.9А және басқалар) үшін алдын-ала егістіктің жиегі орылып, шалғы жолы салы-нады. Кең алымды жаткалар (ЖВН-6, ЖВН-6-12 және басқалар) үшін егістікті даярлауды іс жүзінде орақ жұмысы басталған кезбен ұштастырады (даярлауды жаппай орымға бір-екі күн қалғанда бастайды). Бұл жағдай, жаткалары кең алымды болғандықтан, тікелей ору үшін даярланған комбайндармен жүзеге асырылады.

Егін ору агрегатының жүріс бағытын дұрыс таңдаудың зор ма-ңызы бар. Егер егін ору агрегаты жердің жыртылу бағытының бойымен және себу бағытына көлденең. (немесе себу бағытына бұрыш жасай отырып), сондай-ақ жел бағытына көлденен, (немесе оған бұрыш жасай отырып) жүрсе, дұрыс болады. Жатып қалған егінді жинаған кезде егін агрегаты жатып қалу бағытына 40—50° бұрышпен қозғалса, бұл да ең жақсы жүріс болып саналады. Рель-еф біртегіс болмаса едістің бойымен жүрген дұрыс. Жоғарыда аталған талаптардың барлығын іс жүзінде орындау мүмкін емес, өйткені олардың кейбіреулерінің бір-бірімен үйлеспеуі мүмкін. Сондықтан олардың ішінен сол орақ науқаны жағдайында орын-дауға ең қолайлысын ғана таңдап алады.

Егістің жиегін ору және шалғы жолын салу. Егістің жиегін ор-ганда және шалғы жолын салғанда әдетте ЖВН-6 жаткалары пай-даланылады. Кейде ЖВН-10 жаткасы да пайдаланылады (ол егінді бір дестеге салады және егіс жиегдн орғанда қажет болса алым енін азайтуға болады). Дестенің қуаттылығы нормадағыдан аспаған жағдайда ғана егіске ЖВН-10 жаткасымен шалғы жолын салуға болады.

153 а-суретте загондық әдіспен жинауға арналған егістің жиегін ору мен шалғы жолын салуда екі рет жүріп өткендегі ЖВН-б жаткасының жүріс бағыты көрсетілген. Жатка А егіннің жиегін оруды № 1 загонның түсынан бүкіл танаптың жиегін сағат тіліне қарсы айнала отырып аласа қырқумен (10—12 см) бастайды. Дес-телер орылмаған егіннің жиегіне тақау салынады. Танаптың бұры-шынан 1 жатка екінші рет жүріп өту үшін кері бұрылады. Ол кері бағытта орылған массаньщ алғашқы десте үстінде құлауы үшін са-бақты бұрынғыдан да биігірек (25—30 см) қырқа отырып қозға-лады.

Екінші рет жүріп өткен кезде егіннің жиегін ору операциясы загондар арасңндағы салынған шалғы жолымен түйіседі. Ол былай жүзеге асырылады. Жатка № 1 загонның енін шектейтін белгілерге дейін орып барады да № 1 және № 2 загондарының арасына шалғы жолын сала отырып оңға бұрылады. Жатка бұрылысқа 2 жетеді де, шалғы жолын кеңейте отырып, кері қайтады. Бұдан кейін ол басқа загондардың арасына біртіндеп шалғы жолын салып шығады.

Егістікті даярлау және егін жинау - student2.ru Егістікті даярлау және егін жинау - student2.ru

153-сурет. Жатка жүрісінің схемасы.

а — егістің жиегін органдағы және шалғы жолын салған кездегі ЖВН-6 жаткасының қозғалу бағыты; б — шалғы жолын кеңейтіп, загондық әдіспен ору кезіндегі дестелеуіш Жатканың қозғалу бағ- ыты.

Баспалдақ жасап ору тек егій жиегін орғанда ғана емес, сондай-ақ шалғы жолын салғанда да қажет. Аласа қырқу үшін жатканы башмактардың үстіне қояды, ал биік қырқу үшін оны гидраликалық цилиндрдің көмегімен реттейді. Баспалдақ жасап ору мен екінші дестені бірінші дестенің үстіне салуды қолданбаған жағдайда екі рет жүріп өткеннен кейінгі жалпы десте өте жалпақ салынады да, оны жинау қиындық келтіреді.

Егіс алқабы аумақты (50 гектардан асса) болса загондар ара- сындағы өртке қарсы жер жырту 5 корпусты плугпен екі рет жүріп өту арқылы жүзеге асырылады.

Загондардың көлемі. Загонның көлемі тікелей жинауда жатканың немесе комбайнның толық тәуліктік (екі сменалық немесе сменалық) өнімділігінен кем болмауға тиіс. Загон ауданы қанша- лықты үлкен болса, жұмыс та соншалықты өнімді жүреді: ( жүріске уақыт аз кетеді. Алайда, загон ауданы аса үлкен бсы дестелеуіш жаткаларды топтап пайдалану қиындайды.

Айналып жұмыс істеген кезде загондарды олардың ұзындығы енінен 3—5 есе артық болатындай етіп бөледі.

Жүріс тәсілдері. Дестелеуіш жаткалардың мынадай жүріс тәсілдері қолданылады:

1) загонның аяғында оңға қарай бұрылатын загондық тәсіл

2) шалғы жолын кеңейте отырып загондық ору тәсілі;

3) айналып ору тәсілі;

4) шөлмек тәрізді айналып ору;

Загондық тәсіл тік бұрышты ұзын танапты, сондай-ақ жатып қалған егінді жинағанда қолданылады.

Шалғы жолын кеңейте отырып загондық ору тәсілін загоны ұзындығы 400—1000 м тік бұрышты танаптарда қолданған жөн. Бұл тәсіл жағдайында кәдімгі тәсілмен салыстырғанда, зая бұрын


лыс жолдарын көбейтней загон ұзындығын 20—30 процентке арт-тыруға болады.

Шалғы жолын кеңейте отырып загондық ору тәсілін қолдану 3, б-суретте көрсетілген. Әрбір загон (№ 1 және № 2) аралының ені 180 м дейік. Жатка № 2 загонды А пунктінен бастап ады, ал загонның аяғына жеткенде кері бұрылады да № 1 загонның Б пунктін жинауға кіріседі. Бұдан әрі жатка екі загонның ылмаған бөлшектерінің енімен теңестіргенше шалғы жолын кейте береді. Бұл шама аталмыш жағдайда 120 м болсын дейік. Осыдан кейін жатка әр загонды жеке-жеке орады да, келесі екі загонның арасындағы шалғы жолын кеңейте бастайды. Бұл тәсілмен жұмыс істеген кезде агрегаттың зая жүрісі кәдімгі загондық тәсіл бойынша жұмыс істегендегіге қарағанда 30 процентке азаяды.

Жүру ұзындығы аз немесе формасы дұрыс емес танаптарды айналып жүріп жинайды.

Танап ұзындығының аяғында еркін шығу жолы (бұрылыс жи-ектері орылмаған) болса, онда шөлмек тәрізді айналып ору тәсілін қолданған жөн. Бұл тәсілді негізінде егінді ЖНС-6-12 жаткасымен ған кезде пайдаланады.

Егін жинау технологиясы. 2-параграфта комбайнмен егін жи-удың екі түріне де (бөлектеп және тікелей жинау) қойылатын негізгі талаптар келтірілген. Енді бөлектеп жинаудың ерекшелікріне жан-жақты тоқтала кетейік.

Бөлектеп жинағанда тікелей жинауға қарағанда сабақ биіктеу қырқылады. Аңыздағы ақ сабақ биік болса дестедегі сабақтар жақсы дегдиді және жинауыштың жұмысы жеңілдейді. Қырқу биіктігін, аңыздағы ақ сабақ дестені бірқалыпты ұстап тұратындай еппен, таңдау керек. Аңыздағы ақ сабақ тым ұзын болса, дестені тере алмай майысып қалады. Астықтың биіктігіне байланысты мынандай қырқу биіктіктері ұсынылады: астық биіктігі 60—80 см лса— 10—15 см; 80—120 см болса— 15—18 см. Ёгер астык 120 сантиметрден биік болса, 20—25 см. Жауын-шашын аз жауатын аймақтарда қырқу биіктігі азайтылады. Мәселен биіктігі 60—70 см тықты 10—12 см биіктікпен орады.

Дестенің қалыңдығы мен ені сабақтар жақсы дегдитіндей жә-

жинауыш дестені толық жинап алатындай болуға тиіс.

Ылғалы жоғары аймақтарда шығымдылығы орташа және жоғары (15 ц/га-дан жоғары) астықты енді және жұқа дестеге салу керек. Мұндай дестелер ылғал ауа райы жағдайында жақсы сақталады және жылдам кебеді. Ыстық және ауа ылғалдылығы төмен мақтарда (оңтүстік, оңтүстік-шығыс және басқа) жіңішке дестелер салынады.

Дестелер түзу әрі ені мен қалыңдығы біркелкі салынуға тиіс.Түзу салынған дестелерді жоғары жылдамдықпен жинауға болады. Дестелердің калыңдығы мен ені жөнінен біркелкі болуы ком-

байн молотилкасының іркіліссіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Дестенің ең жақсы қалыңдығы (ортаңғы бөлігіндегі)— 15—20 смі болып табылады.

Озат механизаторлар дестелеуіш жаткалармен орғанда жоғары жылдамдықпен жұмыс істейді. ЖВН-6 (ЖВН-6-12) жаткасымен сағатына 8 километрге дейінгі, ЖВН-10 жаткасымен саратына 7 километрге дейінгі жылдамдықпен жұмыс істейді. ЖРБ-4,9 және ЖРС-4,9А жаткалары қалбағаймен 10 км/сағ, қалбағайсыэ 13,5 км/сағ жылдамдықпен жинайды. Жатканың жүріс жылдамдығының артуына байланысты қырқу биіктігі де 3—5 сантиметрге арттырылады.

Дестедегі сабақтар дестелеуіш жатканың қозғалу сызығыш параллель немесе аздаған бұрыш (10—30°) жасап жатуға тиіс. Бұл ретте масақтар үстінде жатады, ал бұрынырақ қырқылған са-бақтардың түбір жақ бөлігі олардың астында қалады. Жақсы са-лынған десте жинауышқа тұтас лента сияқты түсіп отырады.

Жинауышы бар комбайн жатка жүріп өткен бағытпен жүруге тиіс. Мұндай жағдайда дестедегі астық массасы жинауышқа масақ жағымен келіп түседі. Егер десте жинағанда сабақтар жаткаға түбір жағымен келіп түссе, онда ысырап мөлшері 2—3 есе артады.

Соңғы жылдары егін жинауда комбайн, трактор және автомо-бильдерді пайдаланудьщ ірі топтық әдісі кең тарай бастады. Бұл әдіс комплексті егін жинау-транспорт бригадалары (отрядтары) мен звеноларын құру арқылы жүзеге асады. Олардың құрамына барлық қажетті техника — комбаййдар, жаткалар, автомашиналар, трактор транспорты және басқа техникалық құралдар кіреді.

Наши рекомендации