ГидравликалыҚ жҮйе

XIII т а р а у. СК-4, СК-4А ЖӘНЕ СКД-5 КОМБАЙНДАРЫНЫҢ

ГИДРАВЛИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

§ 32. Гидравликалық жүйелердің жалпы құрылысы мен қызметі

Жалпымәлімет. Гидравликалық жүйелер комбайнды басқар- ғанда және оның механизмдерін ретке келтіргенде механизатордың жұмысын түгелдей немесе едәуір жеңілдетеді. Гидравликалық жүйенің атқарушы жұмыс органы — гидроцилиндр. СК-4, СК-4А және СКД-5 комбайндарында тоғыз гидравликалық цилиндр бар; оның жетеуі бір жақты, ал екеуі — екі жақты әрекет етеді.

Комбайндарда бір-біріне тәуелсіз екі гидравликалық жүйе бар: негізгі (жұмыс органдары) және рульдік басқару. Біріншісі жи-науыштың немесе қалбағайдың айналыс жиілігін, қырқу аппараты мен салыстырғанда қалбағайдың орналасу қалпын, жатканың биіктігі бойынша орналасуын, комбайнның жүріс жылдамдығын және шөмелелегіштің.жабылуын реттеу үшін қажет. Екінші жүйе басқарылушы доңғалақтардың бұрылуын оңайлату міндетін атқа-рады.

Негізгі гидравликалық жүйеде НШ-32Э немесе НШ-32У шес-тернялы насос, сақтандырғыш клапан 27 (81-сурет), басқару краны 22, бөлгіш кран 19, гидравликалық цилиндрлер, бөлгіш 30, сүзгілі гидробак (екі жүйеге ортақ), май трубопроводы (түтік пен шланга) бар.

Барлық комбайндардың гидравликалық жүйесіне жұмысшы сұйықтық ретінде майдың мынадай сорттары пайдаланылады:

жылы уақыттарда (сыртқы ортадағы ауа + 10°С жоғары болғанда) —ДС-11, Дт-8 немесе МЮГ;

салқын уақыттарда (сыртқы ортадағы ауа +10°С төмён болғанда) — ДС-8, Дп-8 немесе М8Г;

сақтандырғыш клапан Д 50—55 кгк/см2 (5000—5500 кПа) қы-сымға реттеліп койылған.

Қолмен басқарылатын гидравликалық жүйеде НШ-ІОД нёмесе НШ-ЮЕ гидронасостары, сақтандырғыпи клапан 5, золотник 2

(жаңа терминология бойынша — золотник типтес бөлгіш) гидрав-ликалық цилиндр 1, май трубопроводы бар.

Гидравликалық жүйенің екі гидронасосы да двигательге орна-тылып, сол арқылы қозғалысқа келеді: СК-4, СКД-5 ж:әне СК-5 комбайндарында — тікелей бөлгіш шестерня, ал СК-6 комбайнын-да— иінді біліктің сына-белдікті берілісі аркылы. Екінші жүйенің сақтандырғыш клапаны да 50—55 кгк/см2 (5000—5500 кПа) қы- , сымға реттеліп қойылған.

НШ-32Э және НШ-32У насостарындағы біліктің айналыс жиілігі 1480 айналыс/минут (двигательдің иінді білігі 1700 айналыс/ миңут жасағанда) немесе 1655 айналыс/минут (двигательдің иінді білігі 1900 айналыс/минут жасағанда). Насостардың нақты өнімділігі тиісінше 42,1 немесе 48,3 л/мин.

НШ-10Д немесе НШ-10Е насостарындағы біліктің айналыс жиілігі двигательдің иінді білігінікімен бірдей (1700 немесе 1900 айналыс/минут). Насостардың нақты өнімділігі тиісінше 15,6 не-месе 17,5 л/мин тең.

Е с к е р т у. Жаңа терминология бойынша басқару краны 22 мен бөлгіш кранды 19. кран типтес бөлгіштер, ал бөлгішті 30 — золотник типтес бөлгіштер деп атайды.

Гидрожүйеге май айдайтын гидронасостар майды гидробактан 11 алады, бұған күллі май цилиндрлерден және басқа да гидро-жүйе құрылғыларынан ағып келеді. Гидробакқа ағып келген май сүзгімен 12 тазартылады. Гидробак қақпағында сапун болады, Оның міндеті — гидробактағы атмосфералык қысымды сақтау. Сүзгі клапанмен 16 жабдықталып, оның қысымы 1,5 кгк/см2 (150 кПа) шамасында реттелген. Бұл клапанйың міндеті мынадай: егер сүзгі ластанған болса, онда ол өзіне келген майды өткізе алмайды; мұндай жардайда қысым соншалық артьш, сүзгіні істен шығарады; мұндай жағдай болмас үшін клапан іске қосылады да, ол майды тазартылмаған күйінде өткізеді.

Гидроцилиндрлердің әрекеті.Гидроцилиндр гильзадан тұрады, бұған штокпен қоса поршень (поршеньді цилиндр) немесе плунжер (плунжерлі цилиндр) орналаса алуы мүмкін. Онық біріншісі — екі жақты әрекетті, екіншісі—бір жақты.

Екі жақты әрекетті гидроцилиндрде поршень гильзаны екі ка-мераға бөледі. Гильзаның ұшында штуцер бар, оған түтікше жал-ғанған. Осы түтікшенін, кез келгені арқылы қысым күшімен майды тиісті камераға айдауға болады. Сондай-ақ майды кез келген ка-мерадан түтікше арқылы шығарады.

Егер мәселен, гидроцилиндрге 25 майды түтікше 24 арқылы айдаса, онда поршень жоғары жылжып, қарама-қарсы камерадағы майды түтікше 23 арқыды ығыстырады. Керісінше де істеуге бо-лады: майды түтікше 23 арқылы айдау. Мұндай жағдайда поршень


144 гидравликалыҚ жҮйе - student2.ru

гидравликалыҚ жҮйе - student2.ru

гидравликалыҚ жҮйе - student2.ru

81-сурет. СК-4, СК-4А жәнСҚД-5 комбайндарының гидравликалық жүйесі:

/, 9, 13, 17, 25, 33 — гидроцнлиндрлер; 2 — золотник; 3, 4, 10, 14, 15, 18, 20, 21, 23, 24, 28. 29, 31 және 32 — май проводтары; 5, 16, 27 — сақтандырғыш клапандар; 6 және 7 — гндронасостар; 8 — вентиль; 11 — гидробак; 12 — сүзгі; 19 — бөлгіш кран; 22 — баскару краны; 16 — вариатор блогынык атасы; 30 — шөмелелегіштің бөлгіші.


төмен жылжиды. Поршеннің көмегімен штокты қажетті жағына орналастырып, өзімізге қажетті жұмысты атқарамыз.

Бір жақты әрекет ететін гидроцилиндрде бір ғана камера бар, сондықтан оған май айдауға болады. Егер, мәселен, түтікше /5 арқылы қысым күшімен цилиндрге 13 май айдасақ, онда ол плун-жерді жоғары көтеріп, сонымен қоса қалбағай таянышын да кө-тереді. Май айдалғанша плунжер көтеріле береді. Айталық, қал-бағайдың таянышын түсіру қажет болды делік. Ол үшін түтікшё-нің 15 айдағыштық қызметінен ағызу міндетіне ауысуына мүм-кіндік беру қажет. Қалбағай таянышымен қоса плунжер арқылы майды үнемі қысады да, оны камерадан ығыстыруға әрекет етеді, Түтікше дәл осындай жағдайға мүмкіндік берген кезде, май дереу шыға бастайды да, қалбағай түсіріледі. Демек, бір жақты әрекет ететін цилиндрлерде май тек бір жаққа ығысуға жағдай жасайды. Ал плунжердің кері қарай қозғалуы жұмыс органының немесе механизмнің (бұл жағдайда қалбағай арқылы) кері қысымы арқылы атқарылады.

Крандардың қызметі мен әрекеті. Егер май ағыны насостай тікелей гидроцилиндрге бағытталса, онда соңғысы өшқандай әрекет етпеген болар еді. Сондықтан гидроцилиндрлер жұмыс ісгеу үшін, қандай да бір бөлгіш құрылғы қажет болады. Мұндай құрылғы мынадай операцияларды атқаруы тиіс: қажеттігіне қарай екі жақты әрекет ететін цилиндрдін, біреуіне немесе екіншісіне майды бағыттайды; осы цилиндрлердің екі камерасын да бекіту; май ағынын бір жақты әрекет ететін цилиндрге бағыттау; одан майды шығару; бір жақты әрекет ететін цилиндрдің камерасындағы майды бекіту. Бұл операцияларды басқару краны 22 мен бөлгіш кран 19 атқарады. Олар гидрожүйеге кезегімен қосылған, сондықтан бұларды бір мезетте пайдалануға болмайды.

Екі кранның тұтқасы бейтарап жағдайда тұрғандағы гидро-жүйенің жұмыс органдарының әрекетін қарастырайық. Гидронасос 6 майды басқару кранына үнемі беріп тұрады. Ол бөлгіш 30 арқылы, сонан соң басқару кранынйң каналы арқылы еркін өтеді де, осыдан кейін бөлгіш кранға құйылады. Мұндада ол бос канал арқылы өтіп, түтікшемен гидробак сүзгісіне бағытталады. Демек май жүйеде еркін айналады.

Екі бөлгіш құрылғының корпустары мен крандарында өзара дәл сәйкестелген тесік пен канал бар. Корпус тесігіне штуцер бұрап кіргізіліп, оған түтікше жалғанған. Тұтқамен кранды корпусқа қарай жылжытуға болады. Тұтқа бейтарап жағдайда тұрғанда барлық қабылдауыштар ажыратылады. Тұтқаның әрбір жұмыс жағдайында соған тиісті цилиндрлер (немесе цилиндрдің біреуі) қосылады.

Гидронасостар

Қызметі және маркалары. Гидронасостың қызметі — двигательдің механикалық энергиясын жұмыстық сұйықтықтын, (әр түрлі оорттағы майлар) ағын энергиясына айналдыру.

Бұрын комбайндардың двигателіне НШ типтес насостар орна-тылатын — негізгі гидрожүйе үшін НШ-32Э және рульмен басқа рылатын гидрожүйе үшін НШ-10Д. Маркадағы цифрлар (32 және 10) насосқа оның шестернялары бір айналғанда берілетін жұмыс-тық май көлемін (см3) көрсетеді. Кейінгі жылдары біршама же-тілдірілген гидронасостар өндіру игерілді — НШ-32У негізгі гидро-жүйе үшін және НШ-10Е рульмен басқарылатын гидрожүйе үшін жасалған.

НШ-32Э және НШ-10Д гидронасостары. НШ-32Э және НШ-10Д гидронасостары бір типтес, олардың бір-бірінен айырмашылығы тек мөлшері мен өнімділігінде ғана. Мәселен, НШ-32Э насосында шестерняның диаметрі 55, оның тістерінің ұзындығы 22 мм, ал НШ-10Д-да бұл мөлшерлер тиісінше 39 және 16 мм тең, Бірінші насостың шестернясында 8, ал екіншісшде — 10 тіс бар,

Насос (82-сурет, а) мынадай негізгі детальдардан тұрады: қақ-пақты 2 корпус 15, цапфасымен бірге жасалған екі шестерня; төрт өзара ауыстырмалы втулка; жүк түсіретін пластина 5 нығыздауыш сақинасымен 7; сору және айдау штуцерлері.

Корпусы мен қақпағы алюминий қорытпадан құйылған. Втулканың материалы — қола. Шестерня цапфамен қоса 18ХГТ болаттан жасалған. Втулканың түйіскен жерінде 4 жалтыры болады да, оның бұралуына мүмкіндік бермейді. Сонымен қоса, втулкалардың бір-біріне тығыз орналасуы серіппе 6 арқылы қамтамасыз етіледі. Насостың күллі детальдары өте дәл етіліп жасалған, мүның өзі майдың артық ағуына жол бермейді. Осы мақсатқа орай втулканы және шестерняны цапфасымен қоса бірге жүптап, олардың аралығындағы саңылау мүлде шамалы болатындай етеді. Егер насосты бөлшектеу қажет болса, онда құрастырған кезде втулканың алдымен салынуын ескеру қажет.

Втулкалар 3, 13 цапфа бойымен тиісті шестерняларға орналасуы мүмкін. Қақпақпен 2 және втулкалардың 3, 13 алдыңғы жоғарғы бүйірлерімен шектелген кеңістік 16 айдағыш қуыспен жалғасады. Айдағыш қуыстағы май, насос корпусында және втулканың сыртқы бетінде жалтырмен пайда болатын жоғары қысымды канал 10 арқылы кеқістікке 16 өтеді. Корпустың қарама-қарсы жағында да жалтыр болады, ол втулка бетімен қоса, сору қуысықа жалғанған төмен қысымды канал тудырады.

Кеңістіктегі 16 жоғары қысым алдыңғы втулкаларға 3, 13 әсер етеді. Бұл қысым кезегімен шестерняға және артқы втулкаға бе-ріліп, соның нәтижесінде осы детальдардың барлығы өздігінен нығыздалады.

гидравликалыҚ жҮйе - student2.ru

82-сурет. Гидронасостар:

а. — НШ-32Э насосы; ә — НШ-32У насосы; б —НШ-10Е насосы;1 17 — алдыңғы арызу камерасы; 2 — қақпақ; 3 — жетекші шестерня втулкасы; 4 — втулканың түйісу беті; 5 — артқы ағызу камерасы; 6 — серіппе; 7 — нығыздауыш сақина; 8 — жүк түсіретін пластина; 9 — жоғары қысымды жүк түсіру жырашыры; 10 — жоғары қысымды канал (қос сызықпен белгіленген); 11 — арызу каналы; 12 — майлау жырашығының орналасуы; 13 — жетектегі шестерняның втулкасы; 14 — майлау жырашығы; 15 — корпус; 16 — майдың жоғары қысымы әсер етіп, втулканы қысатын кеқістік; 18 — алдыңғы арызу камерасын жалғайтын канал; 19 — нығыздауыш резина пластина; 20 — втулканың доға тәрізді жырашығы; 21 — алюминий вкладыш; 22 — сегмент тәрізді резина нығыздауыш; 23 және 25 — манжеттер; 24 — пластина; 26 — қосарланган втулка; 27 және 28 — шестернялар.

Шестерня цапфалары мен втулкалардың аралығына іркілген май ағызу камераларына 7, 1 және 5 тап болады. Алғашқы екі камера бір-біріне каналмен 18 жалғасқан. Май алдыңғы ағызу камерасынан канал 11 арқылы артқы ағызу камерасына 5, ал одан төмен қысымды канал арқылы сору қуысына келеді.

Насос жұмыс істеген кезде шестернялардың біреуінің тістері екінші шестерняның ойығына май үлесін үнемі “бекітіп” тұрады, Егер осы май үлесін тұйық кедістіктен дер кезінде шығармаса, он-

да артық қысымның әсерінен шамадан тыс күш түсуі, соның сал-дарынан шестернялар мен втулкалар тозуы мүмкін. Айдағыш куыстағы “бекітілген” май үлесін шығару үшін насосқа жоғары қысымды түсіру жырашығы 9 жасалған. Оның ролін жетекші шес-терня втулкасының бүйіріндегі ойық атқарады. Осындай симмет-риялы орналасқан ойықтар барлық төрт втулканың бүйірлерінде де бар. Мұның себебі втулкалар өзара ауыстырылмалы болуы мүмкін (насостың айналу бағытын өзгерткен жағдайда). Жетектегі шестерня втулкаларының ойықтары да түсіру жырашығы ролін атқарады, бірақ төмен қысымда. Осы жырашыққа тұйық кеңістік жақындағанда (ойықтар — тістер), онда артық қысым емес, вакуум пайда болады, сөйтіп олар жырашық арқылы сору қуысындағы майға толады. Екі жырашық та — жоғары және төмен қысымдысы — насос жұмысын жақсартады.

Втулканың алдыңғы бүйіріндегі қысым А, оның барлық бетіне тарайды. Алайда втулканың ішкі бүйірінін, айдалатын бетіне де жоғары қысым Б әсер етеді. Втулканын, ішкі бүйірініқ айдалатын бетіндегі қысым Б күшінің әсері, сору аймағында мүлде болмайды.

Демек, айдалу аймағында втулкаға А қысымы мен Б кері қысымы әсер етеді (біріншісі екіншісінен анағұрлым көп). Оору аймағында втулкаға тек А қысымы әсер етеді. Осыған байланысты втулкалар қиғашталып қалмауы үшін насоска мынадай тетіктер орнатады: соратын жағындағы втулканың бүйір бетінің біразы кеңістіктегі 16 жоғары қысымнан босаған; ол үшін насос қақпағы мен втулкаға жүк түсіретін пластина 8, сақина 7 орнатады; сақинаның 7 диаметрі (2,8—3,2 мм) кеңістік 16 енінен үлкен, сол себепті сақина қақпақ 2 пен втулка аралығына тығыз орналасып, пластина 8 мен втулканың тиісті бүйір алаңын жоғары қысымнан шектейді.

Втулка мен шестерняньщ бүйір беті жұмыс кезінде тозады. Осыған орай қақпақ 2 пен втулкалардын, 3, 13 алдыңғы бүйірле-рінің аралықтары кеңітіледі. Жоғарыда атап көрсетілгендей, са-қинаның 7 диаметрі кеңістіктің 16 енінен үлкен. Соның нәтиже--сінде ол кеңейіп, қажетті тығыздықты сақтайды.

Сақинамен 7 қоршалған кеңістік сору қуысымен пластинадағы тесік және төмен қысымды канал арқылы жалғасады. Кеңістіктегі 16 сақина нығыздамаған жерге іркілген май сору камерасына шығарылады.

Барлық втулканың ішкі жақ бетінде бірден бойлық жырашық 14, ал бүйірінде — екіден шағын жырашық 12 бар. Оның міндеті — цапфа мен шестерня бүйірін майлау.

Басқару дөңгелегі жүйесінің насосы үнемі қосулы күйінде, ал комбайнның жұмыс органдарының насосын ажыратып қоюға бо-лады, Двигательді жүргізер алдында насостың қосылғандығын

тексереді. Оны қосу немесе ажырату двигатель жұмыс істемей тұрған кезде ғана атқарылады.

НШ-32У гидронасосы. Бұл гидронасостың (82-сурет, б) НШ-3,2Э гидронасосынан айырмашылығы резиналы нығыздауыш жүйесі бар да, нығыздауыш сақиналы 7 жүк түсіретін пластинасы 8, втулка аралықтарындағы серіппесі 6 және басқа да жетілдірілген тетіктері жоқ (82-сурет, а).

НШ-32У гидронасосында детальдардын, 7, 8 орщлна тұтас ре-зина пластина 19 орнатылған, бұл корпус пен қақпақтың аралығына сығылған (82-сурет, б). Пластинада 19 алдыңғы втулкаларға Ц 3, 13 арналған тесік бар. Бұл тесіктер қақпак, 2 тұсында болат шайбасы бар резина сақинамен нығыздалған,

НШ типтес насостарда нығыздауыш сақина 7 втулка мен кақ- пақтың 9 аралығына қыстырылған (82-сурет, а). Оның кеңеюі втулка мен шестерняның бүйірлері тозуын белгілі бір шамаға дейін шектейді. Втулкалардың 3, 13 0,10—0,15 мм қажалуы салдарынан сақинадан 7 кейінгі детальдардьщ саңылауы артып, сақинаның өзі істен шығатындығы анықталған.

НШУ типтес гидронасостарда пластина 19 насостың корпусы мен қақпағының аралығына қыстырылған, оның керілуі детальдардың қажалатын бетінің тозуына байланысты емес (82-сурет, б). Зерттеулерге қарағанда, бұл гидронасостарда нығыздауыштың герметикалығы втулка мен шестерня бүйірлері 2,5 мм дейін тозғанда да ауытқымайтындығы байқалған.

НШУ типтес гидронасостарға тағы да мынадай өзгерістер ең- гізілген: втулканың шестерняға жанасатын бүйіріне доға тәріздіі жырашық 20 жасалған; корпустың сорылатын жағындағы қырна- латын бетіне резина нығыздауыш 22 және алюминий астар 21 қойылған.

Кеңістіктегі 16 аса жоғары қысым втулкалардың 3, /5бүйірлеріне әсер етеді (82-сурет, б). Алайда қарама-қарсы жағынан осы втулкаларға доға тәрізді жырашыққа 20 өтетін май қысымы әсер етеді. Осы себепті втулка мен шестерняға үнемі осьтік күш әсер етеді.

Нығыздауыш 22 майдың кеңістіктен 16 сору қуысына өтуіне ке-дергі жасайды.

НШ-10Е гидронасосы. НШ-10Е насоеына, НШ-32У насосы се-кілді, осьтік компенсация жүйесі қолданылған. Сонымен қоса, НШ-10Е-де втулка 26 қосарланып жасалған (82-сурет, в). Бұл насоста екі втулканы да оның корпусына шестернямен қоса орнатады.

Втулкалардың манжетке 25 арналған қырналған беті бар, ман-жетті жиегінен шестерня жағына орнатады. Манжет жиегі тұйық қуыс жасайды да, ол, насостың айдайтын камерасына втулкадағы сегментті жалтыр арқылы жалғанады. Жұмыс процесі кезінде манжет 25 жиегінен пайда болған қуыстағы май қысымы екі втул-

каны да шестераяға қысады, мұндайда манжет сору аймағына дейін жетпейді.

НШ-10Е насосында аққан майды бұратын бірқатар құрылғы бар. Насос корпусына жасалған тұйық қалыптар өзара, сондай-ақ төмен қысымды каналмен жалғанған; сору қуысы арқылы өтетін бұл канал корпус жалтыры мен втулка бетінде пайда болады. Манжет 23 қуысы және корпус қақпағы мен шестерня 27 цапфасының қуысы пластинаның 24 арнайы профильді тесігі арқылы төмен қысымды каналмен жалғасады.

Басқару краны

Басқару кранынық көмегімен комбайн жүрісінің жылдамдығы ешбір сатысыз өзгереді. Бұған мүмкіндік беретін механикалық құ-рылғыны (вариатор блогы) төменде, XV тараудағы “Жүріс бөлігі” тақырыбында қарастырамыз. Мұнда біз вариатор блогын басқаруға мүмкіндік беретін гидравликалық құрылғының (83-сурет) конструкциясы мен әрекетін қарастырамыз.

Басқару краны корпустан, краннан және басқару механизмінен тұрады. Корпус пен кранды мөлшерін бірдей етіп жұптайды, олар-ды басқаша комплектілеуге болмайды. Олардың аралығындағы саңылау 0,008-ден 0,016 мм шамасында ауытқиды (бөлгіш кранда да осындай дәлдікпен соған ұқсас детальдар жасайды).

Кранда төрт радиалды канал /, 3, 9 және // бар, олар арқылы орталық канал 8 өтеді. Радиалды каналдар 3, 9 трубопровод арқылы гидравликалық цилиндрге жалғанған тиісті штуцерлерге 12, 13 тартылады. Төменгі ағызу қуысы орталық каналға радиалды канал арқылы жалғасады. Кран бейтарап тұрған жағдайда радиалды канал 11 штуцермен 5 үйлеседі. Кранда сонымен қоса біріне-бірі карама-қарсы орналасқан бойлық саңылаулар 7, 10 бар, бұлар бір-бірімен сақиналы каналмен 4, 6 жалғасқан. Саңылаудың 7 бір жұбы былайша орналасуы мүмкін: санылаудың біреуі штуцермен 5 үйлеседі, ал оған қарама-қарсы саңылау осы кезде штуцерге 13 қарсы келеді. Саңылаудың 10 екінші жұбы былайша орналасуы. мүмкін: саңылаудың біреуі — штуцерге 5 қарсы, ал қарама-қарсы садылау — штуцерге 12 қарсы орналасады, Кранның бейтарап жағдайы 83, а-суретте көрсетілген. Насос айдайтын май мұндай жағдайда мынадай жол жүреді: штуцер 5, корпус кранының тесігі, каналдар 11, 8 және 1, төменгі ағызу қуысы, штуцер 2, трубопрбвод, бөлгіш кран. Штуцерлерге 13, 12 қарама-қарсы корпус тесігі кранмен жабылған. Гидравликалық цилиндр мұндайда бекітулі болады.

Жылдамдығын бәсендету үшін кранды корпусымен 60° бұрады (83-сурет, б). Мұндайда майдың жолы былайша өзгереді: штуцер 5, кран корпусындағы тесік, екі жағындағы саңылау 10, сақиналы

бейтарап жагдай Жылдамдықты Жылдамдықты

азайту арттыру

гидравликалыҚ жҮйе - student2.ru

83-сурет. Басқару кранынын әрекет ету схемасы:

/, 3. 9 жэне // — радиалды каналдар; 2 — бөлгіш краннық штуцері; 4 — және 5 сақиналы каналдар; 5 — насос штуцері; 7 және 10 бойлық саңылау; 8 — орталық канал; 12 — гидроцилиндрдід төменгі қуысының штуцері; 13 — гидроцилнндрдің жоғарғы қуысының штуцері.

каналдар 4, 6, кран корпусындағы дроссельді тесік, штуцер 12, одан әрі қарай гидравликалық цилиндрдін, төменгі қуысы. Осымен бір мезетте май гидравликалық цилиндрдің жоғарғы куысынан штуцер 13, каналдар 5, /, төменгі ағызу қуысы мен штуцер 2 арқылы бөлгіш кранға қайта келіп құйылады.

Кранды бұрған кезде, онда жылдамдықты арттыру үшін май ағынының мынадай бағыты пайда болады: штуцер 5, кран қорпу-сындагы тесік, саңылау 7, сақиналы каналдар 6, 4, қарама-қарсы саңылау 7, кран корпусындағы дроссельді тесік, штуцер 13, трубо-провод, цилиндрдің жоғарғы қуысы. Осымен бір мезетте гидроци-линдрдің төменгі қуысынан май былайша жылжиды. Трубопровод, штуцер 12, кран корпусындағы дроссельді тесік, каналдар 3, 8 және 1, төменгі ағызу қуысы, кран корпусындағы тесік, штуцер 2, трубопровод, бөлгіш кран.

Кран мен корпустық аралығындағы саңылау арқылы май кран бүйіріне ағады. Төменгі жағынан ол ағызу қуысына тап болады. Жоғарғы жағында май сақиналы жырашыққа, ол арқылы орталық ағызу каналына өтеді,

Штуцерлерге 12, 13 май шағын диаметрлі дроссельді тесік ар-қылы келеді. Мұның өзі гидравликалық цилиндрдің вариатор аша-


гидравликалыҚ жҮйе - student2.ru

84-сурет. Басқару краныньщ механизмі:

а— бейтарап қалпы; ә — жылдамдықтық артуы; б —жылдамдықтық баяулауы; 1 — корпус;2— білікше; 3 — шайба; 4 жэне 5 —серіппенің жазылған ұштары; 6 — құйылыс; 7 — тірек; 8 — дөңесі.

сын жайлап өзгертуге мүмкіндік береді. Мұндайда айдағыш ма-гистральдағы артық қысым сақтандырғыш клапанды іше қосып, артық майды ағызады.

Кранды бір тұрған қалпынан екіншісіне ауыстырып қосатын және оны сонда ұстап тұратын механизм 84-суретте келтірілген. Кран штогіне корпус 1 бекітілген. Корпусқа кигізілген серіппеде жазылған екі ұшы 4, 5 бар. Серіппенің жоғарғы ұшы 4 арнайы

шайбаның 3 тұмсығына, ал төменгісі — корпустың құйылысына тіреледі. Серіппенің жазылған ұштарынын. аралығында басқару алаңшасына бекітілген тірек 7 орналасқан.

Серіппенің екі ұшы да тірекке 7 қысылған кезде кран бейтарап қалпында болады (84-сурет, а). 84, б-суретте көрсетілгендей рычагты бұрған кезде, дөңесі 5 тіреушке 7 дейін жетеді де, кран 60° дәлме-дәл бұрылады. Құйылыс 5 серіппенің төменгі ұшын жылжытады. Оның жоғарғы ұшын тірек 7 ұстап тұрады. Егер ры-чагты босатса, онда серіппе кранды бейтарап жағдайға әкеледі.

84, б-суретте көрсетілгендей етіп рычагты бұрған кезде, шайба 3 тұмсығы серіппенің жоғарғы шетін тартады ал тіреқ оның төменгі ұшын ұстап тұрады. Екі жағдайда да тірек 7 дөңес 8 кранның екі жағына 60° артық бұрылуын шектейді. Мұндайда (бейтарап тұрған жағдайда да) кран мен корпустагы каналдардың сәйкес келуі қамтамасыз етіледі. Егер рычаг бейтарап жағдайдан шығарылып, бірақ тірекке дейін жеткізілмесе, онда май ағының үзіледі (ол сақтандырғыш клапан арқылы өтеді).

Бөлгіш кран

34-параграфта қарастырылған басқару краны тек бір ғана пор-шеньді гидроцилиндрді — комбайнның вариатор жылдамдығының қозғалысын рана қамтиды. Осы параграфта қарастырғалы отырған бөлгіш кран жалпы алғанда бес плунжерлік гидроцилиндріі бар үш тұтынушыны қамтиды.

Бөлгіш кран (85-сурет) әрбір тұтынушыға мынадай үш жағдайды қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылады: айдағыш ма-гистральды қосу, бейтарап жағдайда орнату және ағызу магист-ралына қосу. Көлденең жазықтыққа бұрыштық бұрылу нәтижесінде кран бір тұтынушыдан екіншісіне ауыстырылып қосылады. Ал оны тік қалпында қойғанда ол тұтынушыны қажетті магистральға қосады немесе бейтарап қалпында орнатады.

Кран корпусына 7 бес штуцерге арналған тесік және екі дөңгелек тесік жасалған. Май штуцерге 5 май (суретте нақты тұрған калпы өзгертілген) баскару кранынан келеді. Май штуцерден 18 калбағайды көтеретін екі гидроцилиндрге құйылады.

Штуцердегі 19 май жатканы көтеретін екі гидроцилиндрге өтеді. Штуцер 20 қалбағайдың айналыс жиілігі вариаторының бір гидроцилиндрін қамтиды. Штуцерлер 18, 19, 20 аркылы май, тиісті гидроцилиндрлерді қосқан кезде ағызу магистралына қайыра келетіндігін атап кеткен жөн.

Штуцер 25 — ағызбалы болады (ол 5-штуцер секілді шартты түрде натурасынан өзгертілген). Тесік 24 айдау камерасы болып саналады; ал келесі тесік 23 төменгі ағызу қуысын құрайды.

Кранда бір-біріне қарама-қарсы орналасқан және екі радиал-

85-сурет. Бөлгіш кран:

1-және 3 — бойлық саңылау; 2 — және 4 — радиалды каналдар; 5, 18, 19, 20 және 25 — штуцерлер 6 — кран штогы; 7 — корпус; 8 жә-не 9 — муфталар; 10 — сақина; 11- шариктер; 12 — фланец; 13 — рычаг; 14 — қуыс; 15 — қалбағай айналысының саңылауы; 16 — жатканы көтеру саңылауы; 17 — қалбағайды көтеру сақылауы; 21 және 22 — бойлық каналдар; 23 және 24 — корпустағы дөңгелек тесікз Н — ұзындығы 50,5ұ0,1 ммтең қашықтық.

гидравликалыҚ жҮйе - student2.ru

ды каналдармен 2, 4 жалғасқан екі бойлық саңылау 1,3, сондай-ақ екі бойлық канал 21, 22 бар.

Бөлгіш кранның әрекет ету схемасы 8б-суретте көрсетілген.

Кран бейтарап жағдайда түрғанда (орташа биііктігі бойынша) май былай жүреді (86-сурет, а): насос, трубопровод, басқару краны, трубопровод, штуцер 9, жоғарғы ағызу қуысы 10, штуцер 11, трубопровод, май резервуары.

Тұтынушыларды айдайтын магистральға қосу үшін (жатканы немесе қалбағайды көтеру, қалбағайдың немесе жинауыштың ай-налу жиілігін арттыру) кранды көтереді (86-сурет, б). Бойлық сақылау 5 сақиналы тесікке 1 үйлеседі. Жоғарғы ағызу қуысы 10

тесіктен 1 ажырайды. Май штуцер 3 арқылы гидравликалық ци- линдрге бағытталады (нақты қай цилиндрге екендігі корпустегі; кранның бұрылу бұрышына байланысты).

Тұтынушыларды ағызу магистралына қосу қажет болған жағ- дайда (жатканы немесе қалбағайды түсіру, қалбағайдың немес жинауыштың айналу жиілігін төмендету), кранды төмен қарай шегіне жеткенше қозғалтады (86-сурет, в). Мұндайда бойлық са ңылау төменгі ағызу қуысына 6 жалғанады, айдау магастралын дағы май штуцерлер 9, 11 арқылы, кран кәдімгі бейтарап жағдай да тұрған кездегідей, ағызу магистралына өтеді. Цилиндрдегі май мынадай жолдан өтеді: штуцер 2, бойлық саңылау 5, радиалдь канал 8, төменгі ағызу қуысы 5, бойлық канал 7, жоғарғы ағызу куысы 10, штуцер 11, ағызу магистралы.

Жатканы көтеру мен түсіруді мүмкіндігінше тез атқару қажет Сол себепті тиісті цилиндрлерді маймен қоректендіретін корпус каналының қимасы үлкен болады. Қалбағайды орнату мен айналыс жиілігін өзгертуді жайлап атқарады. Сондықтан осы реттеуді атқару үшін майды цилиндрге жеткізетін каналдьзд қимасы шағын болады.

Бөлгіш кранды ажыратып-қосқыш механизмі былайша құрылған (85-сурет). Рульдік қалыптың кронштейніне фланец 12 бекітілген. Кранды корпусқа ауыстырып қосатын рычаг 13 үшін фланецке үш бойлық және бір көлденең саңылау бекітілген. Фланецтің қайралған бетіне құлақты сақина 10 қондырылған. Рычаг 1і ашасы тіабек арқылы сақинамен 10 байланысқан. Сонымен қоса аша білікшемен, ал соңғысы муфталардың 8, 9 көмегімен кран штогына 6 жалғанған.

Фланецте серіппеге арнап радиалды канал және екі шарик 11 ал сақинада 10 — үш қуыс 14 жасалған (біреуі орталық және екеуі бүйірлік). 85-суретте орталық қуысты сыртқы шарик 11 жауып тұр. Білікше ішкі шариктің 11 астында дөңгелек жырашықпеі жабдықталған.

гидравликалыҚ жҮйе - student2.ru

I

86-сурет. Бөлгіш краннын әре кет ету схемасы:

1 — сақиналы тесік; 2 — штуцер, ол арқылы май плунжерлі цилиндрге бағытталады; 4 — штуцер жабык, 5 — бойлық саңылау; 8 — радиалды канал; 9 — штуцер, ол арқылы бас-

қару кранындағы май ағып келеді , 10 — жоғарғы арызу қуысы; 11-ағызу штуцері.

Рычаг көлденең саңылаудьщ орта тұсына орналасқан кезде бейтарап қалпында болады. Шариктің біреуі білікше жырашығын- да, ал қарама-қарсы жағындағысы орталық қуысқа 14 орналасады. Егер рычагты көлденең саңылау бойынша оңға немесе солға ауыстырса, онда онымен бір мезетте сақина 10 және кранмен қоса білікше айналады; шарик қуыстан шығып, сақинаға 10 тіреледі де, олардың орамына жанасқанша серіппені сығады. Осыған орай білікше екінші шарикпен түйіседі де, осы кезде оны көтеруге де, түсіруге де болмайды. Мұндай жағдай сыртқы шарик оң жақтағы немесе сол жақтағы қуысқа орналасқанға дейін созыла береді. Мұның өзі рычаг оң жақтағы немесе сол жақтағы бағыттауыш тік саңылауға орналасқан моментке сәйкес келеді. Шарик қуысқа түскенде серіппе босайды. Осының нәтижесінде білікшені (соны-мен қоса кранды да) көтеруге немесе түсіруге болады. Бірақ білікше жоғары немесе төмен орналасқанда, шарик оның дөңгелек жырашығынан шығып, серіппені шегіне жеткенше қысады. Бұл кезде қарама-қарсы шарик сақинаны 10 тұйықтайды да, енді оны фланецпен 12 салыстырғанда жылжытуға болмайды. Демек ша-риктер серіппемен қоса бекіткіш міндетін атқарады да, бұлар са-кина мен білікшені қажетті қалпында ұстап тұрады.

Муфталардың 8, 9 біреуінде он, ал екіншісінде он бір тесік бар. Муфталар қажетті бұрыштық бұрылуы бойынша сәйкес келетін жұп тесіктерге байланысады. Сондай-ақ муфталарды бір-бірінен біршама тік бағытта жылжытады, ол үшін бұлардың аралығына реттегіш төсем қояды.

Наши рекомендации