Жол-көлік оқиғалары. Жол-көлік оқиғаларының жіктелуі.

Автомобиль XIX ғасырдың аяғында пайда болып, бірнеше жылдан кейін адам өміріне қауіп туғыза бастады. 1896 жылы автомобиль алғашқы рет адамды соқты, ал 1899 жылы осындай оқиға адам өлімімен аяқталды. Сонан бері автомобиль апаты жыл сайын өсіп келеді және соңғы жылдары өте күрт өсіп кетті. Оны дәлелдеу үшін мынандай статистикалық мәліметтерге қарайық:

· әлемде автомобиль катастрофаларынан қаза болғандардың саны, әлдеқашан инфекциялық аурулардан өлгендерден асып кеткен.

· АҚШ-та автомобиль жолдарында опат болғандар саны (2млн. адамнан аса), ол мемлекеттің барлық соғысқа қатысунан опат болғандардан (600 мың) бірнеше есе көп.

· әлемде автомобиль катастрофаларынан жылына 300 мың адам өледі және 8 млн. адам жарақат алады, жылына автомобиль апаттарының келтіретін шығыны тек қана АҚШ-та 16 млрд. доллардан асады.

Жол-көлік оқиғаларының жіктелуі: көлікті соғу, жүргіншіні соғу, кедергілерге соғылу, велосипед жүргізушілерін соғу, аударылып кету, жануарларды соғу және т.б. болып бөлінеді.

Аялдамалық пункттің өткізгіштік қабілеті.

Желідегі аялдамаға бір мезеттің өзінде түрлі желілерден бірнеше автобус келіп аялдауы мүмкін. Мүндай жағдайда аялдаманың өткізу мүмкіншілігі үлкен маңызға ие. Аялдама пунктының өткізу мүмкіншілігі дегеніміз, көлік құралдарының біркелкі келуі кезінде бір сағат ішіндегі аялдама пунктымен қызмет көрсетілуі мүмкін болған қозғалмалы құрам бірліктерінің ең жоғарғы саны. Оның шамасы төмендегі өрнектен анықталады:

Жол-көлік оқиғалары. Жол-көлік оқиғаларының жіктелуі. - student2.ru

мұндағы ton – аялдама пунктының зонасында бір көлік құралының тұруының жалпы уақытының ұзақтығы. Оның

шамасы өз кезегінде төмендегі өрнектен анықталады:

tоп= t1+ t2+ t3;

мұндағы t1, t2 және t3 – сәйкес түрде аялдама пунктына кіруге маневр жасау уақыты, жолаушыларды мінгізіп-түсіру

уақыты және орнынан қозғалып, аялдама пунктын босату уақыты.

t2-ның мәні, бір аялдамада, әдетте 15...30 с. Іс жүзінде аялдама пункты 50 көлік/сағ тан артық өткізе алмайды.

Автобус қатынастарын зерттеу мәліметтері бойынша бір орында 3 аялдама пунктын орналастыруға болады. Бұл уақытта аялдама майданының ұзындығы шамамен 100 метрге ұлғаяды, ал автобустар қозғалысының жалпы қарқындылығы сағатына 150 бірлікке дейін болуы мүмкін.

Жол қозғалысын зерттеу әдістері. Әдістердің жіктелуі және жалпы мінездемесі.

Жол қозғалысының (ЖК) жағдайлары мен сипаттамаларын зерттеудің ең көп тараған әдістері төмендегі топтарға бөлінеді:

1) Құжаттар бойыфнша оқып білу; 2) натурдық зерттеу; 3) модельдер арқылы;

Құжаттар бойынша оқып білудің негізгі белгісі материалдарды кабинеттік жағдайда оқып білу болады, сондықтан кейде бұл әдісті камералық әдіс деп те атайды.

Натурлық зерттеу дегеніміз белгіленген уақыт ішінде жол қозғалысында фактілік түрде болып жатқан жағдайлар мен жол қозғалысының көрсеткіштерін есепке алуға болады.

Натурдық зерттеу төмендегі екі жолмен зерттеледі: 1) тұрақты (стационарлық) постарда зерттеу; 2) жылыжымалы құралдар (автомобиль, зертхана немесе қозғалыс ағымы ішінде жүзіп жүретін автомобиль) арқылы зерттеу.

Модельдер арқылы зерттеу дегеніміз– қозғалыс процесін жоланды физикалық немесе математикалық әдістермен жолап шығару болады (мысалы, ЭВМ арқылы).

Наши рекомендации