Vi т а р а у. жатка шнегі мен ҚалыҚтама
ТРАНСПОРТЕР
§ 12. Шнек пен ңалықтама транспорт ердің
Рылысы
Шнектің құрылысы.Жатка шнегі жұмыс процесінін, техноло-гиясы жайлы 3-параграфта айтылған. Егіннің бітіктігі әр түрлі болған жағдайда бұл процестін, дұрыс жүргізілуі үшін жатка кор-пусының түбі мен шнек орамының арасындағы қашықтықты, со-нымен қатар жинауыш механизм саусақтарының ұштары мен түп-тің арасындағы қашықтықты реттеу керек.
Бірінші реттеудің құрылымы екі трек пластинасынан / (22-сурет) тұрады, оларды жатка корпусының бүйірлерімен жоғары немесе төмен қарай жылжытуға және орам мен түптің арасындағы саңылауды өзгертуге болады. Бұл пластиналармен жылжыта оты-рып орам мен түптіқ арасындағы қашықтықты да өзгертуге болады. .
Екінші реттеуді жүзеге асыру үшін шнек құндарының ішіне мойнының радиусы 68 мм қозғалмайтын иінді білік 10 орнатылған. Біліктін. жуантық мойнында саусақты 8 втулка орнатылған, ол шнек айналған кезде иінді біліктін, мойнымен еркін бұрылады,. бұл ретте сонымен қатар көздіктермен 9 ауысып отырады. Иінді біліктің мойнының қалпын рычагтың 7 көмегімен біраз өзгертуге брлады. Осының арқасында саусақтардың шнек құндағының шегіне ең көп шығу зонасын түпке жақындатуға немесе одан қашықтатуға болады, яғни 22-суретте көрсетілгендей саусақтар мен түптің арасындағы саңылау өзгертіледі.
Шнектің конструкциясы 23-суретте көрсетілген. Сол жақтағы плитаға бекітілген подшипник шнектің сол жақ тірегі болады. Бұл подшипникке втулкаға 16 бекітілген хвостик 13 орнатылған. Бұл втулка шнек қаңқасындағы дискілерге 12, 14 пісіріліп орнатылған. Хвостикке сақтандырғыш муфтасы бар жетек жұлдызша орна-тылған.
22-сурет. Жатканың шнегін реттеу:
а — плитаның 1-көмегімен жатканың шнекті екі жағын да шегіне дейін төмен түсіру кереі ал рычагты,7 сағат тілі бағытымен шегіне жеткенше бұрау қажет; 6 — шнекті плитаның ' көмегімен шнегіне жеткенше жоғары көтеру керек, ал рычагты 7 сағат тіліне қарсы бағытта шегіне жеткенше бұрау қажет; 1 — оң жақ плита (сол жақтагы плитаның детальдары 5,6 және 7 болмайды); 2— плиталарды бекітетін болт; 3 —кронштейн; 4 —аспа винті; 5 — втул ка; 6 — тісті шайбасы бар болт; 7 —рычаг; 8 — саусақ; 9 —көзше; 10 — иінді білік; 11- плитадағы сопақ ойық.
Оң жақтағы оське 4 орнатылған подшипник оң жақтағы шней тің тірегі болады. Бұл подшипниктің корпусы дискіге / бекіты ген. Оське 4 рычагты 7 втулка 5 (22-сурет) қатаң бекітілген. Рычаг пен втулка арқылы осьті 5 (23-сурет) шағын бұрышқа бүруға сондай-ақ осьпен бірге иінді білікті де бұруға болады.
Дискілерге 3, 17 иінді біліктің подшипниктерінщ корпусы
бекітілген.ІПодшипникке он, жақтары ось 4, ал подшипникке 11,-сол жақтағы ось 10 орнатылған. Бұл осьтерге жақтаудың 6 көмегімен түтік 21 жалғастырылран. Осьтер 4, 10, жақтаулар 6 түтік 21 бірігіп жинауыш механизмнің жылжымайтын иінді білігін; құрайды.
Түтікке 21 сақиналы 16 втулка 19 кигізілген. Шнек құндағына шахматтық тәртіппен төрт қатарлы құрсау бекітілген. Оның сау- сақтар кіріп тұратын капроннан даярланған көздіктері 9 болады.
23-сурет. Жатка шнегі:
1, 3, 12, 14 және 17 дискілер; 2, 5, // және 16 — подшипниктер; 4— оң жақтары ось; 5 —жақтаулар; 7 — люктіқ қақпағы; 8 — саусақ;
9 — көзше; 10 — сол жақтағы ось; 13 — хвостовик; 16 — втулка; /8 — май сауыт түтігі; 19 — саусақ втулкасы; 20 — тоқтатқыш,
21 — саусақ тітікшесі.
Шнек айналған кезде иінді біліктіқ барлық жүйесі қозғалыссыз қалады. Түтік 2 осінің шнек осінен 68 мм жылжытылғанын айтып өткенбіз. Осыған орай саусақтар шеңбер жасағанда оның центрі шнектің айналыс центрінен 68 мм қашықтықта болады. Бұл ретте саусақтар көздіктерде 136 мм шамасында ілгерілі-кейінді қозғалыстар жасайды.
Шнектің жүмысына көмектесетін тағы да бірнеше құрылғылар бар. Шнек орамдарының екі жақ үшына да алмалы-салмалы орамдар орнатылған, олар жинауыш механизмнің жұмыс істейтін зонасын 120 мм жауып түрады. Олардың қызметі — тікелей комбайнмен жинау кезінде қалықтама транспортердің ені бойынша сабақтардың дұрыс бөлінуін жақсарту. Десте жинау кезінде бұлай істеудің қа-жеті болмай қалады, сондықтан шнектің алмалы-салмалы орамдары алынып тасталады.
Жел қалқанының шнекпен аралығына реттеуіш маңдайшасы бар қайтарғыштар бекітілген. Қайтарғыш пен түптің орта тұсына алмалы-салмалы қайтармалар бекітілген; соңғылары тек тікелей жинауда ғана пайдаланылады, сондықтан бөлектеп жинаған кезде олар алынып тасталынады.
Қалықтама транспортердің құрылысы.Көлбеу корпуста орналасқан қалықтама транспортер екі біліктен-жетектеуіш және жетектелуші біліктерден, шынжыр мен планкалардан (СК-4, СКД-5 және СК-5
комбайндарында үш шынжыр, СК;6 комбайнында төрт шынжыр болады) тұрады. Жетектеуіш білік 10 (7-сурет) құндақпен 2 жабдықталған, ол білікті сабақтың оралуынан қорғайды. Жетек- телуші білік 3 (24-сурет) цилиндрмен жабылған. Транспортердің жоғарғы тарамының астына, сабақтардың әсіресе уақ үйінділердің құлап түспеуін қамтамасыз ету үшін аралық тақтай қойылған.
Барлық комбайндардың жетектеуіш білігіне беріліс айналу мо- менті 15 кгс. м (150 Н. м) сақтандырғыш муфта орнатылған.
СК-6 комбайнынық цилиндрі (24-еурет) екі дискіден, барабан және шынжырға оралған төрт жұлдызшадан 1 құралған (басқа комбайндарда шынжырға арналған үш жұлдызша ғана бар). Дис -кілердің втулкасы жетектелуші білікке тоқтатқышпен бекітілгеі Бұл білік рычагтарға бекітілген подшипниктерге орнатылған. Рычагтарға өсімдіктер массасының цилиндрге түспеуін ескертетін дискілер 7 шегеленген.
Көлбеу қорпустық екі жақ бүйірінде саусақтар 9 кіріп тұратын ойықтар бар, Ал саусақтарға рычагтар 8 мен шыбықтар 14 кигі.
24-сурет. СК-6 комбайны жаткасынық қалықтама транспортерінің тарту механизмі:
Жұлдызша; 2 — барабан; 3 — қалықтама транспортердің төменгі білігі; 4 — тік аспаның болты; 5 — бұрыштама; 6 және 11 — серіппелер; 7 — дискі; 8 — аспаның рычагы; 9 — саусақ; 10 — реттеу гайкасы; 12 — кронштейн; 13 — центрлеуіш втулка; 14 — ойық аспаның стержені; 15 — тіреуші бұрыштама.
зілген. Бүйірлерінде бұрыштамалары 5 болады, оларға болттар 4 және серіппе көмегімен рычагтар 8 ілінген. '
Гайка 10 бұралып және серіппе 11 кигізілген шыбық кронщтейн 12 тесігінен өткізілген. Шыбықтың басына центрлеуші втулка 13 бұралған. Шыбықтың бос жақ басы бұрыштаманың ойығында орналасқан.
Құрылғының осындай конструкциясы көлбеу корпус транспор-терінін “қалықтауына” мүмкіндік береді, яғни өсімдік сабағының қалың қабатында өзгеріп, икемделіп отырады. Енді осы құрылғы-ньш жұмысын қарастыралық. Жетектелуші біліктің цилиндріне өсімдік сабақтарының қомақты үлесі келіп түскенде ол оларды төменнен қысады. Цилиндр аспалармен бірге серіппенің 6 қысы-мын жойып, жоғары қарай көтеріледі. Аспа саусақтарында 9 аздап айналады. Содан кейін сабақ қабаты қалыпты болып шығады. Серіппелер цилиндрді 2 бұрынғы қалпына түсіреді (транспор-терімен бірге).
Жетектелуші біліктің цилиндрімен сабақтың қомақты үлесі жо- ғары қарай транспортер планкасы арқылы жылжыған кезде шынжырдың бүгілуі қосымша керілуін туғызады. Шынжырдың бастапқы тартылуын гайкалармен орнатады. Бұл жағдайда шынжыр мен екі білікке артық күш түседі. Артық күштін, әсерінен серіппе // жиырылады және саусақтар 9 жетектелуші білікпен бірге жетектеуіш білік жаққа қарай ауысады. Қөлбеу корпустағы ойықтар саусақтардың жылжуына жағдай жасайды.
Центрлеуші втулканың 13 түтігі шыбықтың 14 бұрандасын сақ-тайды (кронштейндегі 12 бұранда жылжыған кезде зақымдалуы мүмкін). Центрлеуші втулканың гайкасы транспортер шынжырын серіппелердің үнемі тартылып тұруынан құтқарады. Тірек бұрыш-тамасының 15 міндеті жетектелуші біліктің ауысуын шектеп отыру болып табылады.
Транспортер шынжырға шахмат тәртібімен орналасқан планка мен роликті-втулкалы шынжырдан (адымы 38 мм) құралған. Планканы бекіту үшін шынжырға табаншасы бар арнаулы буын енгізілген. Әрбір шынжырда (адымы 38 мм) бір жалғастыру және бір жылжымалы буын бар. Бірінші шынжыр олардын, ұштарын косуға, ал екіншісі шынжырды қысқартқан кезде пайдаланылады. Комбайнда, сондай-ақ адымы 19,05 және 15,875 мм шынжырлар колданылатындығын атап өту керек. Бұлардың -біріншісінде бір жылжымалы буын бар, ал екіншісінде мұндай буын екеу.
Құрал-саймандар комплектісінде шынжырларды бөлшектейтін
арнаулы құрал болады. Егер шынжыр керіліп тұрса, онда ең бі-
ірінші жылжымалы буынын ала отырып, қысқартады. Одан ары
керілсе екі буынын алып, оның орнына ауыспалы буынды қояды.