Техникалық қызмет көрсету бөлімі

Станцияға түскен әр автомобильге түрі мен көлемі әр түрлі ТЖ мен ТҚ жұмыстары жүргізілуі қажет, сондықтан өндірісті ұйымдастырған кезде әр түрлі жұмыстарды орындайтын, яңни ТҚ пен ТЖ технологиялықмүрдістері мейлінше ыңғайлы болуы қажет.

Тапсырыс беруші ТҚС кез келген түрдегі жұмыс пен таңдау кешеніне тапсырыс бере алатынын ескере отырып, ТҚС техникалық үрдісті ұйымдастырудың келесі нұсқасы ұсынылады: диагностика жасау кезінде анықталған қажетті ТҚ кешендерін таңдауды жүргізу. Анықталған ақаулар мен тапсырысқа байланысты автомобиль диагностика жасау учаскесінен орындарға жіберіледі.

ТҚС ТҚ пен ТЖ жұмыстары жүргізілуге түсетін автомобильдерді алдымен жуу-тазалау жұмыстарынан өткізеді. Автомобиль қызмет көретукөлемін анықтау үшін диагностика жасау учаскесімен бірге орналасқан қабылдау учаскесіне келіп түседі.

ТҚС-да жүргізілетін жұмыстар түрлері:

- автомобильдерді қабылдау;

- диагностика жасау, соның ішінде толық немесе алдын ала;

- техникалық қызмет, соның ішінде бекіту жұмыстары, қоректендіру жүйксіеің жұмыстары, электр жабдықтар жүйесі бойынша жұмыстар, реттеу жұмыстары, майлау жұмыстары;

- ағымдық жұмыстар; соның ішінде учаскелік орындағы жұмыстар;

- Жұмыс сапасын бақылау;

- Автомобильді иесіне қайтару.

Нормативтерге сай күнделікті қызмет (КҚ) жүйелілігі бойынша жеңіл автомобильдерге тәулігіне бір рет, ТҚ – 1 рет 4000 км кейін, ТҚ – 2 16000 км жүргеннен кейін жүргізіледі.

Маусымдық қызмет (МҚ) шығарушы зауыт нұсқауларына сай автомобильдерге жазғы және қысқы маусымға дайындау бойынша қосымша операцияларды және ТҚ жұмыстарын қамтиды.

Жөндеу деп пайда болған ақауларды жою мен автомобиль немесе агрегаттың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша жасалатын жұмыстар кешенін атайды. Автомобильге қажет болған жағдайда ғана жөндеу жұмыстары жүргізіледі және оған электротехникалық, диагностикалық – бақылау, дәнекерлеу, қаңылтыр, слесарьлық, сырлау жұмыстары жүргізіледі. Сапалы ТЖ мен ТҚ іске асыру үшін ТҚС қажетті орындармен, жабдықтармен, аспаптармен, құрал-сайманмен және техникалық құжатпен жабдықталады.

ТҚ пен ТЖ бойынша негізгі жұмыстар автомобильге ТҚ пен ТЖ өткізетін аумақтағы 2 орында жүргізіледі. Қаптау және қоректендіру жүйесін жөндеу диагностика учаскесінде, ал дәнекерлеу, қаңылтыр, шанақ, доңғалақты монтаждау, сырлау жұмыстары арнайы тағайындалған учаскеде іске асады. Аккумуляторды жөндеу жұмыстары да жүргізіледі.

ТҚС автомобильдерді жөндеу кезінде көбінесе қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін ақауларды және түйін, агрегат пен жүйелердің келесі нашар бекітулерін жояды:

- реттеу жұмыстары кезінде – қалып бастырмасы, тежегіш барабандары, тежегіш педалі, тұрақты тежегіш жүйесі, рульдік басқару, доңғалақ пен алдыңғы доңғалақтары подшипниктері;

- бақылау-диагностика жасау және бекіту жұмыстары кезінде – рульдік басқарудың маятникті иінтірек пен сошкас, рульдік жетек, шарлы саусақтағы және ұяшықтағы шарлы саусақтардағы рульдік тартым, шарлы тірек, шкворнянасы, бұрылыс жұдырығы доңғалақ дискісі, карданды беріліс пенжетектері рессор мен серіппесі, амортизатор, аспа тірегі, темір ұүбырлар,гидравликалық тежегіш жетегінің шлангасы, басты тежеу жетегі, есік, капот пенжүк салғыш құлпы қозғалтқыш, ажыратқыш, шыны жуғыш, артқы кескін айнасы, жел шынысын қыздыру, желдету және жылыту жүйесі;

- қоректендіру және электр жабдықтары жүйелеріне қызмет көрсету кезінде – қоректендіру және газ шығару жүйесі, алдыңғы және артқы шам, жарықты ауыстырғыш, жарық шағылту дыбыс дабылдары, электр өткізгіштері, тежегіш сигналдары;

- ТҚ-1 жоғарыда көрсетілген жүйеде өтеді, яғни келесі жұмыстарды орындау жылына 2 рет;

ТҚ-2 жылына аз дегенде 1 рет, яғни 16000 км жол жүргеннен кейін жүргізіледі. ТҚ-2 жүргізілер алдында автомобильдің техникалық жағдайы мен ақауларының себептері мен пайдалану ұзақтығын анықтау макқсатында негізгі агрегаттар мен түйіндерге, жүйелерге тереңдетілген диагностика жасайды. Бұл уақытта төмендегі тексерулер жүргізіледі:

- қозғалтқышты-шатунды подшипниктердегі және газ үлестіру механизмдеріндегі, қалпақтағы, тісті доңғалақтардағы, стуктарды, үдемелі қуатты, қыспақ жүйелерді ақауларын анықтайды;

- қозғалтқыштың қоректендіру жүйесін – құбырлар қоспасындағы майдың ағуын, отынның көп жұмсалуы мен өндіріліп шыққан газдағы СО құрамын жоғарылауын цилиндрлі-поршеньді топтардағы бөлшектре жағдайын, газ үлестіру жүйелерін, цилиндр басындағы төсемдерді тексереді;

- қосғалтқыш жүйесін майлау – қоспалардағы майдың ағуы (иінді вал сальниктері, қозғалтқыш картері, үлестіру механизмінің қақпағы) майлау жүйесіндегі қысым мен автомобиль аспабындағы көрсетілімдер дұрыстылығы.

Наши рекомендации