Дифференциал, борттық редукторлар және

Доңғалақтар

Жалпы мәліметтер.Жүріс бөлігі вариаторы, ілініс, беріліс қо- рабы, бас беріліс, дифференциал және борттық редукторлар ком-байнның күштік беріліс жүйесін құрайды. Бұл жүйенің жалпы қызметі — айналысты двигатель білігінен жетекші доңғалақтарға беру. Беріліс қорабы мен дифференциал аралығында екі шестер- нядан: (104-сурет) жетекші шестернядан 19 және (108-сурет) же- тектелуші шестернядан құралған бес беріліс әрекет жасайды. Бас берілістің қызметі — біліктердің айналу жиіліктерін кеміту және соған сәйкес жетекші доңғалақтардың айналдыру моментін артты- ру. Айналдыру моменті бас берілістен дифференциалға беріледі,5 бұл үйлестіру механизмі болып табылатындықтан — айналдыру моментін екі жетекші доңғалаққа береді.

Дифференциал бас берілістің жетектелуші шестернясы 3 пені екі тостағаннан (чашкадан) 2 қүралған қорап болып "табылады.І Қорапта екі конустың шестерня және сателлитері бар айқаспаі орнатылған. Конустық шестерняларға жетекші дон,ғалақтардың|

Дифференциал, борттық редукторлар және - student2.ru

108-сурет. СК-5, СК-6 және СКД-5 комбайндарының жетекші доңғалақтарының мостысы.

1 және 4 — жарты осьтер 2 — дифференциал табақшасы; 3 — бас берілістің жетектелуші шестернясы; 5 — борттық редуктордың қозғалмайтын шестернясы; 6 — сателлит осі; 7 — жетектеуіш; 8 — тежеуіш қалқаны; 9 — фланеці бар ось; 10 — тежеуіш барабан; 11 — ниппель; 12 — тежеуіштің гидроцилиндрі; 13 — покрышка; 14 — борттық редуктордың алмалы-салмалы жарты картері; 15 — борттық редуктордың негізгі жарты картері; 16 — жүріс бөлігінің қабылдауыш шкиві; 17 — бас берілістің жетекші шестернясы.

жарты осьтері 1, 4 сұғындырылған. Дифференциал тостағанның мойнына мостының жетекші доңғалақтарының картеріне орнатыл-ған әрі қамытпен бекітілген шарикті подшипниктер престелген. Осы подшипниктерде дифференциал айналады.

Комбайн тура жүріп келе жатқанда, оның жетекші доңғалақтары бірдей кедергіге кездесетіндіктен: айқаспаның саусақтарындағы сателлиттер айналмайды; олар конустық шестерняларды және сонымен бірге жетекші доңғалақтардың жарты осьтерін сына-лағандай болады; жарты осьтер ортақ бір ось больш табылады; дифференциал қорабы, сателлиттері бар айқаспа және жарты ось-тері бар конустық шестернялар бір тұтас айналады; екі жетекші доңғалақтын айналу жылдамдығы бірдей болады Комбайн бұрыл-ғанда (мысалы, оң жаққа), од жақтағы доңғалақ сол жақтағысымен салыстырғанда қысқа жол жүреді әрі көбірек кедергіге кездеседі. Сондықтан оң жақтағы конустық шестернясы бар жарты ось айқаспасы және сателлиттері бар дифференциалға қарағанда баяу айналатын болады. Бұл жайт сателлиттерді қозғалмай тұрған күйден шығарады; олар өз осьтерінде айнала бастайды да жарты

осьтері бар сол жақтары конустық шестерняның айналу жылдам-дығын арттырады. Жалпы алғанда сол жақтағы конустық шестерня дифференциалдың қорабымен бірге айналады, бірақ та қарас-тырылып отырған жағдайда сателлиттер оған қосымша айналыс береді. Сондықтан бас берілістің жетектелуші шестернясы бар дифференциал қорабының айналу жиілігі болады. Конустық шес-терняның айналу жиілігі тұрақты болмауы да мүмкін.

Екі конустық шестерняның айналыстарының қосындысы әрқа-шан бас берілістің жетектелуші шестерняның айналысының екі еселенген қосындысына тең болады.

Борттық редуктор. 108-суретте көрсетілегн СК-5, СК-6 және СКД-5 комбайндарының борттық редукторының СК-4 комбайнының осыған ұқсас құрылғысынан айырмашылығы негізінен беріктігінің жоғарылығы мен доңғалақтық тежеуішінің болуында.

Борттық редуктордың корпусы екі жақты картерден — негізгі 15 және алмалы-салмалы 14 картерлерден құрастырылған. Негізгі жарты картерге қозғалмайтын шестерня 5 престелген (әрі қосымша түрде шпилькамен бекітілген). Жарты осьтер 1 және 4 шестернямен біріктіріліп жасалған. Осы шестернялардың әрқайсысы үш (сателлитпен) ілініскен. Сателлиттер қозғалмайтын шестернямен 5 де ілініскен, жетелеуішке (водило) 7 бекітілген осьте 6 еркін айналады. Жетелеуіш (водило) жетекші доңғалақты бекітуге ар-налған фланеці бар осьпен 9 жалғасқан.

Жарты осьтердің шестернялары айналғанда қозғалмайтын шес-тернялар тістерінің үстімен сырғанайтын сателлиттерді қозғалысқа келтіреді. Сондықтан серіктері бар екі жетелеуіш олардың өзін қозғалысқа келтіретін жарты осьтерге 1, 4 қарағанда 5—6 есе баяу айналатын болады. Доңғалақтарға берілетін айналыс моменті де сонша есе артады.

СК-4, СК-4А және СҚД-5 комбайндарының шиналары. Күн сайын жұмыс басталардық алдында шиналардьщ қысымын тексеру керек. Егер комбайн бір бүйірге “алып қашса”, дереу тоқтату керек те қысымды тексеру қажет. Ауа райы ыссы кездері қысым нормадағыдан артып кетеді, бірақ оны арнайы түрде кемітудің қа-жеті жоқ.

Покрышкаларды мұнай өнімдерінің тамуынан қорғаған жөн. Ұзақ уақытқа тоқтатқанда покрышкаларды күн сәулесінен қорғау үшін комбайнды көлеңкеге қояды. Жұмыс күні біткен соң покрыш-каларды қарап, протекторға қадалған шегелерді, әйнекті және басқа заттарды алып тастау керек. Покрышкалардың бірқалыпты тозуы үшін, оларды жұмыс маусымынан соң бір жақтан екінші жаққа ауыстырып салады.

Шұғыл бұрылуы әсіресе шанақ толы кезде, кенет тежеу немесе ойлы-қырлы яки қиыршық тас төселген жолмен тез жүру, по-крышканы тез тоздырады. Шинара мұнай өнімдерінің тамбауын қадағалау керек, олар шинаны бүлдіреді. Қомбайнға жанар май

және май құйғанда, сондай-ақ шынжырлар мен подщипниктерді майлау кезінде бұған ерекше назар аудару керек.

Комбайнды қысқы мезгілге сақтаура қою үшін: оны құрғақ, үсті жабық жайға кіргізу керек те, комбайн корпусының астына мықты тірек тіреп, доңғалақтарын шығарып алу керек; доңғалақты бөлшектеп, покрышкалар мен камераларды температурасы — 10—20°С болатын құрғақ әрі қараңғы бөлмеге жеке-жеке қояды; покрышкаларды сөреге тік қалпында қойып, жанасу орнын алмас-тыру үшін оны ауық-ауық айналдырып қояды; камераларға аздап ауа үрлеп жұмыр немесе жартылай жұмыр ілгекке іліп қою керек; бұларды да ауық-ауық аздап айналдырыңқырап отыру қажет.

СК-4 комбайнынын, жетекші және басқарылушы доңғалақтары үшін бірдей дысым (2,5 ұ°-2кгк/см2 (250±20кПа) белгіленген.

Покрышка борттарының доңғалақтың шеңберіне нығыз түсуі үшін былай істеу керек; камераны 3,5 кгк/см2 (350 кПа) қысымға дейін ауамен толтырады, оны осы күйінде 30 минут уақыт ұстайды: сонан соң қысымды қалыпты қысымға (2,5 ±0>2 кгк/см2, яғни 350±20кПа) дейін кемітеді.

Шиналарра двигательдің бірінші цилиндрінің форсункасының орнына орнатылатын жабдықпен ауа үрленеді. Бір шинаға 2,5 кгк/см2 (250 кПа) қысымра дейін ауа үрлеу үшін 6—8 минут уақыт қажет. Шиналарға ауа былайша үрленеді: двигатель қыздырылады да сонан соң тоқтатылады; бірінші цилиндрдің форсункасы және оның айналысы тазартылады; форсунканы алады, жабдықты форсунканың орнына қояды; двигательді жүргізеді де айналыс жиілігі аз кезінде (600, айналыс/мин) жабдықтың шлангасының үрленеді; камера вентилінің қалпарын алады; жабдықтың шлангасының ұшын вентильмен жалғастырады (ұштықта вентиль-дің золотнигін қысатын кертік бар); 600 айналыс/минут кезінде шиналарға ауа үрленеді. Шиналарға ауа үрлеу кезінде золотникті бұрап шыраруға болмайды.

Шиналар тұғыр үстінде немесе таза еденде бөлшектенеді және жинастырылады. Жетекші доңғалақтың шинасын мына тәртіппен бөлшектейді. Камерадағы ауаны шығарады. Дискіні бекітетін болттар гайкаларын бұрап босатады. Бұл гайкаларды камерадағы ауа шығарылмайынша бұрап шығаруға болмайды. Ниппельге арналған тесігі бар дискіні шырарып алу үшін, ниппельді покрышканың ішіне қарай итеріп сүғындырады. Құрастыру (монтаждау) күрекшесін шеңбердін, жиегімен қозғап, ең алдымен дискінің біреуін, онан соң екіншісін шығарады. Шеңберлік лентаны және камераны шығарып алады.

Шиналар мынадай тәртіппен жинастырылады. Покрышкалардың ішкі жағына және камерара жұқаланып тальк себіледі. Аздап қана ауа үрленген камераны покрышканың ішіне кіргізеді. Шеңберлік лентаны салады (камера мен лентаны жиырылып қалмас үшін жақсылап жазады). Дискінің тесігінен ниппель өткізіледі,

дискі покрышканың шеңберіне кигізіледі. Екінші дискі орнатыла- ды (дискілердің бір-бірін қысып қалмау жағына назар аударады). Дискілерді бір-біріне бекітетін болттардың гайкаларын күштеп бұрап кіргізеді. Шинаға 3,5 кгк/см2 (350 кПа) қысымға дейін ауа үрлейді. 30 минут уақыт өткен соң қысымды нормаға дейіні жеткізеді (қысымды арттыру покрышкалар борттарының доңға-лақтар дискілеріне нығыз орналасуына жағдай жасайды).

СК-5 жэне СК-6 комбайндарының шиналары. 530-610Р және; 310-406 шиналарын жинастыру және бөлшектеу кезінде негізінен СК-4 және басқа комбайндарға арналған жоғарыда айтылған нұсқауларды басшылыққа алу керек. 530-61ОР шинасына 3 кгк/см2 (300 кПа) қысымға дейін ауа үрлеу керек, сонан соң 2,5+° кгк/см2 (250±20кПа) қысымға дейін төмендету керек. 310-406 шинасына алғашында 2,5 кгк/см2 (250 ±2° кПа) қысымға дейін ауа үрленеді, сонан соң оны 2,1+-°-2 кгк/см2 '(210+-2° кПа) қысымға дейін төмендетеді.

Бұл шиналарды жинастырғанда былай істейді: покрышканың борты вентильдің тесігі жағынан шеңберге кигізіледі; покрышкаға камера салынады, вентильді шеңбердің тесігіне салады да оны ақырын қозғайды; шеңбердің қарама-қарсы жағынан покрышканың екінші бортын кигізеді.

310-406 шинасы протекторының бедері (суреті) универсалды. Оны оң жақтағы немесе сол жақтағы доңғалаққа сала беруге бо-лады. 530-610Р шиналары комбайнның алға қарай жүрісі кезінде бедер суреттерінің өзара түйіскен (жақындасқан) төбелері айналыс бағытына сәйкес орналасатын болып салынады.

Доңғалақтық тежеуіштер. Бас тежеуіштік цилиндрдегі итергіші пен поршеньнің аралығыңдағы саңылау 0,2—1,00 мм болуы керек. Бұл саңылау жоқ болса, доңғалақтардың өздігінен тежелу қаупі туады.

Тежеуіштердің педальдары, әдетте, оны транспорт үстінде және астық ору жағдайында пайдалану мүмкін болатындай болып блокировкаланады .Бөлектеп тежеуіш ылғалды топырақпен жүр-генде пайдаланады. Бөлектеп тежеуді орынсыз пайдалану доңға- лақтардың “алып қашуын” тудырады, комбайнды тежеу кезінде басқарылмайтын етеді және дифференциалдың шамадан тыс то-зуына әкеп соғады.

Жүйені толтыру үшін тек БСК (бутил-спирт-кастор) тежеуіштік сұйығын ғана пайдалану керек. Онда 40% кастор майы және 60% бутил спирті болады. БСК жоқ болса, 40%-тік кастор майы және 60%-тік диацетонды немёсе изоамильді спиртті пайдалануға болады.

Тежеуіштік жүйені сұйықпен толтыру үшін мынандай жұмыстар істеледі: бас цилиндр, сондай-ақ шлангалар мен түтікшелердін. доңғалақтық гидроцилиндрлерге жалғасқан аймақтары мұқият тазартылады:

бас цилиндр сұйықпен толтырылады:

оң жақтағы доңғалақ цилиндрдің ағызу клапанының қорғауыш қалпағын алады да оған ұзындығы 350—400 мм резина шланга (комбайнның құрал-жабдықтар комплектісіндегі) кигізеді; шланганың бос ұшын тең жартысына дейін тежеуіштік сұйық құйылған жарты литрлік банкаға салады;

педальді кенет 3—4 рет басып-басып қалады. Педальды басылған күйінде ұстап тұрып, ағызу клапанын 0,5—1 айналысқа бұрап шығарады, сол кезде жүйеден сұйықпен бірге ауа да шығады;

сорып шығару процесі кезінде бас цилиндрге сұйық үстемелеп құйылады. Сорып шығаруды шлангадан ауа көпіршектері шығуын тоқтатқанша қайталай береді;

педаль басылып тұрғанда ағызу клапаны нығыздап бұралып жабылады, резина шланга алынады да қорғауыш қалпақ орнына салынады.

Сол жақтағы тежеуіштін, цилиндрлерінен де осы тәртіппен ауа соғылады. Осыдан соң цилиндрлерді қалыпты деңгейге дейін (жо-ғары ернеуінен 10—15 мм төмен) сұйықпен толтырады.

Доңғалақтық цилиндрлерден сорып шығарылған тежеуіштік сұйықты жақсылап сүзеді де тұндырып қояды; содан соң оны пай-далана беруге болады.

Әрбір 50 сағат жұмыстан соң сүйықтың деңгейін тексеру керек. Осы мерзімде барлық гидрожетектің түтіктерін түгел мұқият түрде қарап көру керек.

Доңғалақтық тежеуіштерді мынадай тәртіппен реттейді: домкрат пен жетекші доңғалақтардың мостысың көтереді де сәйкес доңғалақты шығарып алады; борттық редуктор осі подшипник-тердің реттелуін тексереді; тежеуіштік барабанның терезесінің қақпағын алады және 0,2 мм сүңгімен екі қалыптағы (колодкадағы) астар мен барабан аралығындағы саңылауды тексеріп көреді; қажет болған жағдайда бұл саңылауды қалпақтарды (әрбір қалыпқа екі-екіден) тістерінен құрастыру күрекшесімен немесе тежеуіш барабанының терезесі арқылы бүрауышпен бұрау арқылы реттейді.

Наши рекомендации