Кривошипті-шатунды механизм

Блок-картер.Блоккартер іш жағына және сыртына двигательдіқ барлық механизмдері бекітілетін қаңқа больш табылады. Ол қорап пішінді болып құйылған (материалы — СИ 18-36 маркалы шойын, массасы 132 кг). Мұнда цилиндрлер орнатылған блок және иінді білік картерінің жоғарғы бөлігі біріккендіктен оны блок-картер деп атау қабылданған. Блок-картердің астыңғы жағында картердің түбі (иінді біліктің картерінің астыңғы жағы) бекітілетін өңделген фланец бар.

Бөлгіш қабырғалар мен қырлар блок-картерге қажетті қатандық береді. Үш көлденең тік бағытта бөлгіш қабырғалар гильзаларға арналған төрт бөлік жасайды. Алдыңғы және артқы қабырғалардың астыңғы жағында және бөлгіш қабырғаларында иінді біліктің подшипниктерін бекітуге арналған шығыңқы жолдар бар. Горизонталь бөлгіш қабырғаларда гильзаларға арналған ұялар жасалған. Гильзалардың қарама-қарсы ұялары жоғарғы плитада орналасқан. Горизонталь бөлгіш қабырра блок-картердін, жоғарғы қуысын төменгі қуыстан бөледі. Сумен толтырылран жоғарғы қуыс гильзалардың төңірегінде айналыс жасайтын су қаптамасын құрайды. Төменгі қуыс двигательдің жұмысы кезінде айналатын иінді білік тудыратын майлы тұманмен толады. Блок-картердің жоғарғы плитасында блок-картердің су қаптамасын өзара байла-ныстыратын және цилиндрлер қақпары бекітілетін тесіктер бар.

Блок-картердің қатаңдырын арттыру үшін- оның төменгі қуысы иінді біліктің осімен салыстырғанда 80 мм төмен ығыстырылған.

Оң жақтағы қабырғада штампыланған қақпақтармен жабылған люктер жасалған. Осы люктер арқылы клапандардың итергіш штангаларына жол ашылады. Штангалар камерасының астыңғы жағында подшипниктерге арналған қашалып жасалған шығыңқы жолдар жасалран. Алдыңғы жағына таратқыш шестерняның картері мен су насосы бекітілген. Блок-картердің артқы жағына маховиктің картері жапсыра бекітілген. Сыртқы бүйір беттерге қоректендіру және майлау жүйелерінің агрегаттары бекітілген бір-

Кривошипті-шатунды механизм - student2.ru

114-сурет Цилиндрлер . қақпағы:

1 — клапан; 2 — втулка; 3 — штанга; 4 — корпус; 5 — қақпақ; 6 — күйенте; 7 — декомпрессор білікшесі; 8 және 9 — су қаптамасының қуыстары; 10 — құйындық камера; II — ендірме; 12 — винт; 13 — канал; 14 — сфералық ойық; 15 — тірек белдеуі; 16 — гильза.

қатар сүйемелдеу жазықтықтары орналасқан. Блок-картердің сол жағына жүргізгіш двигатель (СМД-І4К және басқалар) бекітілген.

Гильзалар. Арнайы (легирленген) шойыннан -жасалған алмалы-салмалы гильзалар 16 двигательдің цилиндрлерінің

қызметін атқарады (114-сурет). Олардың ішкі беттері 1—2мм қа-лыңдыққа дейін жоғары жиілікті токпен шынықтырылған.

Кертпегі (жоғары жағында) және кигізілетін қос белбеуі (жоғары және төменгі жағында) гильза блок-картерде жасалған ұяға сұғындырылады. Кертпек блок-картердің деңгейінен 0,10—0,21 мм шығады. Гильза цилиндрлер қақпағын тартып бекіткенде оны мен блок-картер арасында нығыздалып қысылады. Гильзалардың мұ-қият жалтыратылған ішкі беті айна деп аталады. Гильза мен блок-картердің төменгі бөлігі аралығына резина нығыздауыш сақина орнатылған. Егер гильза алмастырылатын болса, онда жаңа сақина салынады.

Гильзаның жұмыстық беті диаметрі бойынша 0,4 мм-ден артық қажалса, оны аластырады.

Гильзалар ішкі диаметрі және поршеньдер сыртқы диаметрі бойынша үш топқа бөлінеді де Б, С, М әріптерімен белгіленеді. Құрастырғанда бірдей аттас гильзалар мен поршеньдер пайдала-нылады. Гильзалардың тобы жоғары жағындағы қырларында көр-сетілген. Гильзалардың өлшемдері мынадай: Б тобы—120 +0,06

+0,04


С тобы — 120 +0,04

+0,02 және М тобы — 120+0-02.

Поршень.Поршень қолайсыз жағдайда жұмыс істейді: ол өте қатты қызады, ұлғаю тактісі кезінде оған зор күш түседі (10— 15 тк, яғни 100—150 кН және одан да артық), үлкен инерциялық күш әсер етеді. Сондықтан поршень жасалатйн материалға және оның жасалу сапасына жоғары талаптар қойылады.

Барлық двигательдерде алюминий қорытпасынан (Ал 10 В)

Кривошипті-шатунды механизм - student2.ru

115-сурет. Поршень:

1 — шатун; 2 — кертік; 3 — бағыттауыш бөлік (юбка); 4 — май альш кетуге арналған тесік; 5 және 9 — май қырнауыш сақиналар; 6 — бекіткіш сақина; 7— саусақ; 8 — шатунның жоғарғы басының втулкасы; 10, 11 және 12 — компрессиялық сақиналар; 13 — түп; А — нығыздауыш бөлік.

жасалған поршеньдер қолданылады.Бұл қорытпаның шойынға қарағанда мынадай артықшылықтары бар: оның меншікті салмағы 2,5 есе кем,газдардан жылу алуы 30%-ке артық, жылу өткізгіштігі 4—5 есе жоғары. Бірақ бұл қорытпаның кемшіліктеріде бар: шойынға қарағанда тез тозады және сызықтық ұлғаю

коэффициенті 2—2,5 еседей жоғары. Алюминий қорытпасынан жасалған поршеньнің кемшілігінің есесі былайша қайтарылған. Гильзалар мен поршеньдердің аралығьщда едәуір саңылау қалатындай болып жасалады, қажетті нығыздау тұйықталмаған (кесілген) серпімді сақиналар арқылы іске асырылған. Поршеньнің қатты қызатын түп 13 жағының диаметрі, бағыттауыш биіктігіне (юбкасына) 3 қарағанда қысқа болып жасалады (115-сурет). Бағыттауыш бөліктің конустылығы 0,10—0,14 (ең үлкен диаметрі — астыңғы жағында).

Двигатель салқын кезде юбка мен гильзаның аралығындағы саңы-

лау 0,14—0,18 мм.

Поршеньде үш компрессиялық сақина 10, 11 және 12 және екі май кырнауыш сақина 5, 9 бар. Май қырнауыш сақиналардың 5, 9 дөнгеленген төрт қырлы кертігінде майды поршеньнің ортасына өткізіп жіберетін тесіктер бар. Поршеньнің май қырнауыш са-қинасы тұратын кертіктерде майды ағызып алып кететін орталыққа қарай бағытталған радиалды саңылаулар тесілген. Поршеньнің түбінде клапандардың астьша келетін екі ойықша (тереңдігі 0,6 мм) жонылған. Поршеньнщ түбіндегі сфералық ойықша құйынды камераның каналына 13 қарама-қарсы орналасқан (114-сурет). Поршеньнің юбкасының кенересіндегі ойықтан 2 жасалған өткір қыры гильзалардағы артық майды қырнайды.

Поршень жоғарғы өлі нүктеде блок-картердің жазықтығынан 0,55 мм-ден артық жоғары көтерілмеуі керек. Мұнымен бірге осы көтерілу 0,15 мм-ден кем болмауы да шарт. Алғашқы жағдайда қызған двигательдің поршені клапанмен соқтығысып қалуы мүм-кін. Екінші жағдайда сығу дәрежесі кемиді, мұның салдарынан двигательдің қуаты кемиді.

Біз жоғарыда поршеньдер мен гильзалар үшін Б, С және М әріптерімен белгіленген бірдей аттас өлшемді топтар белгіленгенін

айтып өткен болатынбыз. Әр түрлі топтағы поршеньдердің сыртқы диаметрлері мынадай: Б тобы — 120 -0,10-0,12 мм,С тобы — 120-0,12-0,І4

мм,және М тобы — 120 -0,14-0,16мм.

Поршеньдер саусақтармен де жарақталады. Сондықтан пор-шеньдер мен саусақтарда ақ және сары түстермен белгіленген екі өлшемдік топ белгіленген. Поршеньдердің саусақ өткізілетін те-

сігі диаметрлершщ өлшемдері мынадаи: ақ түс — Кривошипті-шатунды механизм - student2.ru

:42+о,<хв мм, сары түс — Кривошипті-шатунды механизм - student2.ru мм. Саусақтардың сәйкес диаметрлері мынадай: ақ түс — Кривошипті-шатунды механизм - student2.ru мм және сары түс — Кривошипті-шатунды механизм - student2.ru мм.

Өлшемдік топтар поршеньдерде былай белгіленген: түп жағына әріптермен (Б, С немесе М) юбканың диаметрлік тобы, ал одан төменірек цифрлармен поршень массасының грамдық өлшемдері көрсетілген; бобышкада (поршеньнің құлағында) сары жазумен (ақ немесе сары) саусақ сұғылатын тесіктің тобы көрсетілген. Саусақтардыд тобы оның ішкі бетінде көрсетілген. Бір комплекті-дегі массаның айырмашылығы 7 грамнан аспауы тиіс.

Сақина цилиндрге салынбаған кезде, сақинаның сыртқы диаметрі цилиндрдің ішкі диаметрінен артық болады. Цилиндрге салардың алдында сақинаны қысу керек. Сол кезде кесілген жердің (құлыптың) саңылауы кішірейетін болады. Осы қалатын саңылау-дың есебінен сақина серпімді түрде цилиндрдің айнасына нығыз жанасады. Поршеньдегі сақиналардьщ кесік тұстары бір-бірімен салыстырғанда шеңбердің үштен бір немесе төрттен бір бөлігіндей ығыстырылып орналастырылады. Осының нәтижесінде кесіктерден газдардың өтіп кетпеуі алдын ала сақтандырылған. Құлыптар поршеньнің түбіндегі ойыққа немесе поршень саусағы өтетін тесік-ке қарама-қарсы орналаспауы керек. Бұл ережені орындамау са-киналардың күйіп кетуіне әкеп соқтырады.

Жоғарғы компрессиялық сақинаға 12 — хром жалатылған (115-сурет). Екінші және үшінші компрессиялық сақиналарда 11, 10 өлшемі 1,3X0,8 мм тік төрт бұрышты кертіктер бар. Хром жа-латылран сақина жоқ болса, оны кәдімгі сақинамен алмастыруға болады, тек оның кертік жағын жоғары қаратып орнату керек. Компрессиялық сақиналардын, қалғандарының да кертіктері үстіңгі жағында болады. Кертіктердің төмен қарай орнатылуы майды көп шығын жасауға әкеп соқтырады.

Жаңа гильзаға салынған жаңа сақиналардың күлпында 0,30— 0,75 мм саңылау, ал жұмыс істелген гильзаға салынған сақинада 1,2 мм-ден кем емес саңылау болуы керек. Егер гильзада орналасқан сақинаның құлпындағы саңылау 4 мм-ден артса, ал поршеньнің кертігініа биіктігіндегі саңылау 0,5 мм-ден артық болса, онда сақина жарамсыз деп саналады. Егер поршеньге жаңа сақина салған кезде кертігіндегі биіктік саңылауы 0,4 мм-ден артса, поршеньді алмастырады.

Поршеньдік саусақ және шатун. Поршеньдік саусақ және дви-

гатель жұмыс істегенде шамасы мен бағыты айнымалы өте үлкен күшті кабылдайды. Ол 12ХНЗА болатынан жасалады. Сыртқы бетін (0,8—1,2 мм-ге дейін) цементтеу және шынықтыру оған жоғары беріктік пен шыдамдылық (оңай тозбау) қасиет береді. Осылайша өңделген саусақтың сыртында қаттылығы жоғары болумен бірге өзегінде жеткілікті тұтқырлығы болады.

Саусақ — қалықтама типті, яғни ол поршеньде де, шатунда да бекітілмеген. Оңы көлденең бағыттағы жылжудан поршеньнің бо-бышкасындағы ойыққа орналасқан тоқтатқыш сақина 6 ұстап тұ-рады (115-сурет).

Поршеньдік саусақ пен шатун оларды жалғастырғанда 0,017— 0,042 мм-лік саңылауды қамтамасыз ететін шектеумен жасалады. Втулканы алмастырған кезде бұл саңылаудың 0,017 мм-ден кем болмауын қадағалау керек.

Саусақты престеу үшін поршеньді майға салып алдын-ала 70— 80°С-қа дейін қыздыру керек.

Шатун 40Х маркалы болаттан жасалады. Оньщ көлемдік қимасы екі товарлы болады. Жоғары басында қола втулка 8 престелген. Жоғарғы басындағы үш тесік саусақты майлауға арналған. Иінді білікпен жалғасқан төменгі басы, алмалы-салмалы, онда болат-алюминийлі лентадан жасалған астарлар орнатылған.

Шатундық подшипниктердің астарларының қалыңдығы 3 мм, ал негізгілерінікі 5 мм. Аралык, астарлардың қалыңдығы шатунның төменгі басындағы ұяшықтарының радиусынан біршама артық. Төменгі басын шатундық болттармен тартып қысқанда ондағы астарлар қысылыңқырап орналасады. Астарларда болатын мұрттар шатунның жырашығына және оның кақпарына кіріп тұра-тындықтан астарлар ұяшықтарда берік орнатылған. Тартылып қысылған астарлар жұбынын, диаметрі алу-салу жазықтырында оран перпендикуляр жазықтыққа қарағанда 0,06 мм артық. Бұл жайт шатундық подшипникке майдын жақсы келуіне жағдай жасайды. Осы ерекшелік иінді біліктің негізгі подшипниктерінің астарларына да тән — оның алу-салу диаметрі тік диаметрден 0,04— 0,14 мм артық.

Төменгі бастары астарлардың ұяшықтары барлық шатундар үшін бірдей өлшемді. Шатунның төменгі басының астарлары иінді біліктің шатундық мойындарының диаметрлері бойынша екі өнді-рістік топқа және төрт жөндеу тобына бөлінеді: өндірістік астарлар 78, 25 және 78,00 мм; жөндеу астарлары — 77,25; 76,5; 75,75; 75 мм. Барлық топтар үшін шектеуортақ:-0,095

-0,110 мм.

Егер бір шатундары астарды алмастыру керек болса, онда оны-мен бір мезгілде қалғандарын да алмастырып салады. Негізгі под-шипниктердің астарларын да осылайша түгелдей алмастырады. Астарларды қырнауға, егеуге болмайды.. Егер астарлар мен иінді біліктің мойындары аралырындағы саңылау 0,3 мм-ге. жетсе, со-

нымен бірге шатундық астарлар тұсындағы мойынның жұмырлығы 0,66 мм-ден асса, негізгілердікі 0,1 мм-ден артса, онда астарларды алмастырады.

Бір комплектідегі шатун массасындағы айырмашылық 12 грам-нан артпауы керек.

Иінді білік.Иінді білік 45Г2 маркалы болаттан штампыланады. Онда бес негізгі мойын және төрт. шатундық' мойын бар. Ортаңғы негізгі подшипник білікті көлденең бағытта жылжытпай ұстайды. Бұл мақсат үшін астарлар жасалған материалдардан дайындалған төрт тірек шаршы сақина арналған. Осы жарты сакиналар мен біліктің жақтауы араларындағы саңылау 0,110— 0,385 мм.

Шатундық мойындарда оймалы шплинттелген өшіргішпен жа-былған қуыстар бар. Бұл қуыстар каналдар арқылы бірінші, үшінші және бесінші негізгі подшипниктермен байланысқан. Двигатель жұмыс істегенде қуыстарда май тазартылады: онын, құрамындағы ауыр бөлектер. қуыстық қабырғасының мұнайына тұнба түрінде жиналады, ал таза май шатундық подшипниктерге барады. Тұнба қуыстың иінді біліктің айналу осінен ең қашық қабырғаларында жиналады. Двигатель 1920—2000 сағат жұмыс істеген соң үішінші шатундық мойынның қуысына жиналған тұнбаны тексереді. Бұл үшін алдын-ала төртінші негізгі подшипниктің қақпағын астармен бірге алады, сонан соң өшіргіштің шплинтін суырып алып бұрап шығарады. Тұнбаның қалыңдығы 10 мм-ден артатын жағдайда қуыстарды түгелдей тазартады. Қуыстарды тазартқаннан соң олардың өшіргішін ұқыпты түрде орнатып, қарсы гайкамен бекі- теді, сондай-ақ- шатундық подшипниктердің тартылуын тексеру керек. Өшіргішті дәл орнатпау майдың ағуына және май жүйесін- дегі қысымның азаюына әкеп соғады. ;

Соңғы жылдары иінді біліктің шатундық мойындарына май жи-нау түтіктері орнатылуда. Мұндай түтіктері бар двигательдердің қуыстарын тазартқанда осы түтіктерді зақымдап алмау керек.

Жоғарыда шатундық астарлар екі өндірістік және төрт жөндеуі өлшемдері тобына бөлінетіндігі айтылған болатын. Бұл жайттың иінді біліктің негізгі мойындарының астарларына да қатысы бар. ; Өндірістік топтар мынадай: 88,25 және 88 мм. Бұлар үшін шектеу: --0,100 -0,115 мм. Жөндеу топтары: 87,5-тен 86 мм-ге дейін. Сондықтан да иінді біліктер де екі өлшем (топ) болып жасалады. Топтык белгі таңбасы біліктің оң жағына басылады.

Иінді біліктің шатундық подшипнигіндегі саңылау — 0,085; 0,141 мм, негізгілерінде — 0,104—0,160 мм.

Негізгі подшипниктердің гайкаларын 20—22 кгк. м (200— 220 Н. м), ал шатундық гайкаларды 14—16 кгк. м (140—160 Н. м) күшпен бұрап қатайтады. Бұл екі-үш қайтара бұрау арқылы іске асырылады.

Шатунның төменгі басы подшипникті бұрап қатайтқан соң қол күшімен біліктің, мойнында еркін қозғалуы керек. Шатунның тө-менгі басының білік мойны бойындағы көлденең люфтісі 0,17— 0,44 мм шегінде болуы керек.

Шатуны бар поршеньді (блоктың үсті арқылы) орнатқан кезде ІІоршеньнің түбіндегі ойығы жанар май насосы жағына қарауын қадағалау керек.

Иінді білікті орнынан шығарып алмай-ақ подшипниктердің са-ңылауларын тексеру үшін, картердегі майды ағызып құйып алады да түп қақпақты ашады; шатундық және негізгі подшипниктердің болттарының гайкаларын бұрап босатады; тексеріліп отырған под-шипниктің қақпағы мен төменгі астарын шығарып алады; астардың майын сүртеді; төменгі астардын, үстіне біліктін, осі бойымен ұзындығы 25 мм, ені 13 мм және қалыңдығы саңылаудыд ең үлкен шамасына тең болатын фольга салынады; қақпақты орнына салып оны қатайтып бұрайды; декомпрессорды іске қосады; білікті ай-налдырады. Егер білік еркін айналатын болса, онда саңылау шекті шамадан артық болғаны.

Шатунмен жалғастырылып поршень гильзара үстіңгі жағынан салынады. Алдын-ала иінді білікті орнатып қояды, шатунның қақ-пағын алады және поршень мен гильзаны майлайды. Гильзалардың айналасын тырнап кетпес үшін шатунның болттары таза матаға оралады.

Иінді біліктің арт жағында маховикті (массасы 45,5 кг) бекітуге арналған фланец бар. Маховик фланецке тек мүмкін бір жағдайда ғана байланысады. Бұл жайттың маңызы зор, себебі маховик газ тарату және отынның бүркілуінің озу бұрышының орнатылуын тексеру үшін нысана болып табылады. Бұл үшін маховикте орнату винті кіргізілетін арнайы ойықша бар. Бұл винттіқ маховик ойығына сұғыну кезеңі, бірінші және төртінші цилиндрлер поршеньдерінің жоғарғы өлі нүктеде екендігін білдіреді.

Газ тарату механизмі

Цилиндрлер қақпағы.Газ бөлу механизмінің детальдары СЧ21-40 маркалы шойыннан құйылған қақпаққа құрастырылған. Кақпақ блок — картерге шпилькалармен бекітіледі.

Қақпақ пен блок-картердің аралығына асбест-темір төсем қабат салынады. Шпилька гайкаларын 20—22 кгк. м (200—220 Н. м) күшпен кілт арқылы бірқалыпты әрі бірте-бірте блок-картердің центрінен алдыңғы және артқы жағына қарай қатайтып бұрайды.

Цилиндрлер қақпағында құйындық камералар, форсункалар, клапандық және декомпрессиялық механизмдер орналастырылған.

Жану камерасы екі бөліктен: поршеньнің түбіндегі ойық 14 пен

цилиндрлердің қақпағынан жасалған құйындық 10 және негізгі бөліктерден құралған (114-сурет).

Құйындық камераның түрі шар тәрізді болады. Ол негізгі ка-мерамен канал 13 арқылы байланысқан. Сығу тактісі кезінде пор-шень құйынды камераға ауа айдамалайды. Канал камераға жанама сызық бойынша орналасатындықтан, ауа айналмалы қозғалыс жасайтын болады. Форсунка құйындық камераға тозаңданған отын бүркеді. Камерада айнала қозғалатын ауа отынның бұрынғыдан әрі мұқият тозаңдана түсуіне және онын, ауамен жақсы алмасуына жағдай жасайды. Отын өте қызған ауа арқылы тұтанады, бірақ та қүйындық камерадағы отын толық жанбайды, Газдарға араласа негізгі камераға шыққан соң ол ауамен жақсы араласады да түгелдей жанатын болады.

Құйындық камера жоғарғы және төменгі екі жарты сфералардан құралады. Жоғарғы жарты сфера қақпаққа құйылған, оның қабырғалары су қаптамасы 8, 9 арқылы шайылады. Төменгі жарты сфераны ыстыққа төзімді Х9с2 маркалы болаттан жасалған ендірме 11 құрады. Ендірменің тірек белдеуі 15 қақпақ жазықтығынан 0,01—0,08 мм шығыңқы тұрады. Сондықтан құрастырылған двигательдегі ендірме цилиндрлер қақпағы мен блок-картердің аралығында нығыздалып қысылатын болады. Құрастыру кезінде ол винтпен 12 ұстатылады.

Ендірме қақпақпен — тік тірек белдеу бойынша ғана жанасады. Оның қалған бөлігі қақпақтан ауа қабатымен оқшауланған. Сондықтан ендірменің температурасы жоғары (500°С-қа дейін) бо-лады, бұл оран отынның кебу мен тұтаңу процестерін жақсартатын жылу аккумуляторының қасиетін береді.

Цилиндрлер қақцағы корпус 4 және қақпақшадан 5 құралған қалпақпен жабылған. Қақпақшаға болат сымдар тығыздалып тол-тырылған келте түтік (сапун) бекітілген. Двигатель жұмыс істеген әрбір 480 сағат уақытта бүл түтікті (сапунды) шығарып алып, бөл-шектеу және жуу керек. Түтікке салынатын болат сымдарды қоп-сыту және май жұқтыру керек.

Клапандық механизм. Ендіру клапаны 40ХН маркалы болаттан, ал шығару клапаны Х9с2 маркалы болаттан жасалады. Клапанда тәрелке және стержень бар. Тәрелке 45°-пен өңделген және цилиндрлер қақпағының ұясына үйлесімді болып ажыратылған. Ысқыланған қырының (күңгірт түсті) қалыңдығы 1—2,5 мм шегін-де және клапанңың тәрелкесінің ұяшығында болуы керек. Клапан тәрелкесі қақпақ жазықтығынан 3,5 мм-ден артык жасырынбауы керек. Жаңа двигательде клапандар 1,15—1,60 мм жасырынады.

Клапанның стержені цилиндрлер қақпағына престелген шойын бағыттауыш втулкамен қозғалады. Стержень мен втулка аралы-ғындағы саңылау өндіру клапанында 0,03—0,09 мм, шығару кла-цанында— 0,06—0,12 мм. Стерженьнің ұшында сухариктерге ар-налған жалпақ ойық және сақтандыру сақинасы үшін жіңішке

Кривошипті-шатунды механизм - student2.ru

116-сурет. Таратқыш және жетектеуіні шестернялар:

1 — майлау жүйесі насосының шестернясы; 2 —иінді біліктің (май насосы жетегінің) шестернясы; 3 және 4 — гидрожүйе насосының шестернясы; 5 — тартқыш біліктің шестернясы; 6 — отын насосының шестернясы; 7 — аралық шестерня; 8 — иінді біліктің шестернясы (таратқыш біліктің жетегі).

ойық бар. Егер клапанның серіппесі немесе стержені сынса,

онда клапан двигательдің цилиндріне ене алмайды, себебі

оған сақтандырғыш сақина кедергі жасайды. Тәрелкенің бетінде клапандарды ысқылауға қажет жырашық жасалған.

Күйенте 6 екі бөліктен құралған және ұштары тығынмен ты-ғындалған куыс оське орнатылған (114-сурет). Клапандық меха-низмді майлау үшін осьтің қуысына май жіберіледі. Итергіштің штангасы 3 түтіктен жасалынған; оның ұштары жұмырланған әрі жылтыратылған.

45 маркалы (селект) болаттан жасалған тарату білігі үш под-шипникке орнатылған. Тарату шестернялары картерінің қақпа-ғында тарату білігінің осьтік люфтін реттейтін тірек винт бар. Бұл винт қандай да болмасын бір себептен бұралып босаңсыған болса, онда оны былай реттейді: білікті табаншасына тірелгенше бұрайды, сонан соң '/4 айналысқа бұрап босатады да қарсы гайкамен бекітеді. '

Декомпрессор.Декомпрессордың қызметі — двигательді жүргі-зу және техникалық қызмет көрсету кезінде клапандарды ашу әрі оларды ашық күйінде ұстап тұру. Осының нәтижесінде иінді білікті аз ғана күшпен айналдыруға болады,

Декомпрессордың құрылысы мынандай. Күйентенің ұзын иық-тары ұштарының үстіңгі жағында оған қарама-қарсы тұсында ойығы бар құрама білікше 7 орнатылған. Бүл ойық күйентенің жұмысына кедергі жасамайды. Бірақ егер білікше айналатын болса, онда ол өзінің цилиндрлік бөлігімен күйентеге тіреледі де клапандарды ашады. Декомпрессордың түтқасында осы қажеттікті қалпында ұстап түратын серіппелі бекіткіш бар.

Таратқыш шестернялар. 116-суретте таратқыш шестернялар көрсетілген. Иінді біліктің айналысы аралық шестерня 7 арқылы екі шестерняға — тарату білігінің 5 және отын насосы жетегінің 6 шестерняларына беріледі. Гидравликалық насостардың шестерня-лары 3, 4 қозғалысты тарату білігінің шестернядарынан алады.

Тартқыш шестернялар белгілер бойынша дәлме-дәл орнатыла-

ды. Иінді білік шестерняларының 8 жанындағы К әрпі шпонка осімен оңға қарай санағандағы үшінші тесігіндегі белгіге қарама-карсы орналасқан. Аралық шестерняға 7 сәйкес К, Т және Р әріп-терімен белгіленген үш белгі бар. Шестерняда 5 Р әрпі белгісі, ал екінші шестерняда 6 сәйкес түрде Т және Н әріптерімен белгіленген екі белгі бар.

Шестерняларды 5, 8 жэне 7 орнату кезінде олардағы К. жэне Р белгілерін бір-бірімен дәлдестіру керек. СМД-14, СМД-14А, СМД-14Б, СМД-14К және СМД-15К двигательдерінде шестерня-ның 7 Т белгісін шестерняның 6 Т белгісімен дәлдестіреді. СМД-17К, СМД-18Қ және СМД-14Н двигательдерінде Т және Н белгілерін өзара дәлдестіреді.

Клапандарды реттеу. Двигатель жұмыс істеп тұрған кезде газ тарату механизмінің детальдары мен клапандар ерекше қатты қы-зады. Егер тарату білігінің жұдырықшасынан клапанға қозғалыс беру жүйесінде саңылау болмаса, онда қызудан клапанның стер-жені ұзаратын, ал штанга мен итергіштердің өлшемдері біршама ұлғаятын болады. Осының салдарынан клапан өзінің ұясына дәл түспейді де двигательдің жұмысы бұзылады. Сондықтан клапан-дағы механизм саңылауын дәл орнатудың маңызы зор. Двигатель-дің салқын кезінде ендіру клапандарының саңылаулары 0,40 мм, ал шығу клапандарында 0,45 мм болуы керек.

Двигатель 480 сағат жүмыс істеген соң саңылауларды тексереді және қажет болған кезде реттейді. Бүл жұмысты мынадай тәртіппен орындайды: қақпақшаны 5 алады (114-сурет) және декомпрессорды іске қосады; иінді білікті баяу айналдырады және күйентелер бойынша бірінші цилиндрдің ең алдымен шығару, содан кейін ендіру клапандарының жабылғандырын қадағалайды; маховик картерінен орнату винтін бұрап шығарып алады да оны осы тесікке оймасы жоқ ұшымен кіргізеді; иінді білікті орнату винті маховиктің тесігіне кіру кезінде бірінші цилиндрдін, поршенінің сығу тактісінен кейінгі ж. ө. н. қалпына сәйкес келеді: декомпрессорды тоқтатады; екі клапанның стерженьдер мен күйентенің шаппасы аралығындағы саңылауды сүңгімен (щуппен) тексереді; саңылауды реттеу үшін қарсы гайканы бұрап босатады, шыққан саңылауды бір мезгілде тексере отырып реттеуіш винтті қажет бағытқа бұрайды; қажет саңылау жасалған соң қарсы гайканы бекітеді де қайтадан ол саңылауды тексереді.

Бірінші цилиндрді клапандарына реттеп болған соң маховиктен реттеуіш винтті суырып алып, оны картердегі бастапқы қалпына қояды. Иінді білікті сағат тілінің айналу бағытына сәйкес жарты айналысқа бұрады да үшінші цилиндрдің клапандарын тексереді және реттейді. Сонан соң иінді білікті тағы да төртінші және екінші цилиндрлер үшін бірте-бірте жарты айналысқа айналдырады, сонымен бірге клапандар тексеріледі және саңылаулар реттеледі.

XVII т а р а у.ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ

§ 49. Қоректендіру жүйесінің әсері, сүзгілер және

ауа тазартқыш

Отынды тазарту. Дизельдік двигательдердің қоректендіру жү-йесінің сенімді түрде жұмыс істеуі, көпшілік жағдайда, қолданы-латын отынның қаншалықты тазалығына байланысты болады. Отынды (яғни жанар майды) бакқа құяр кезде жібек матадан немесе қалың бөзден жасалған сүзгісі бар таза воронка пайдалану керек. Май құярдан бұрын бактың құяр мойнын мұқият тазарту және тығындағы желдеткіш тесіктің бітеліп қалмауын қадағалау керек. Егер дизельдік отынды жеті тәулік бойы тұндырса, ол механикалық қоспалардан толық тазарады. Отынды тұндырудың ең қысқа мерзімі 48 сарат.

Тұндырылған отынды ыдыстан сорып алар кезінде шланганың ұшы оның түбіне 75—100 мм жетпеуін қадағалау керек. Бактағы отынның толықтай шығындалуына жол беруге болмайды; онда шамамен 15—20 проценттей пайдаланылмайтын отын қалуы керек, кезекті май құярдан бұрын ол бактан ағызылып алынады. Осы отынды сүзеді немесе ұзақ уақыт тұндырады. Май құяр алдында бакты және құяр ауыз тығынын мұқият тазарту қажет. Егер ком-байн 10—12 сағат тұрса, онда отын бағынан 2—3 л тұнбаны ағызу керек.

Бак. СК-4 және СК-4А комбайндарының багына 140 л, ал СК-5 және СК-6 комбайндарьша — 190 л отын сияды. Құяр мойын сүз-гімен жабдықталған. Бакқа отынның деңгейін көрсететін мөлшері бар мөлдір поливинилхлоридті түтік бекітілген.

Қоректендіру жүйесінің әрекет ету схемасы. Отын бактан 17 ішінара тазарту сүзгісіне 21 барады (117-сурет). Ол бұл жерде механикалық қоспалардан тазартылады. Айдамалауыш помпа 19 отынды ішінара тазарту сүзгісінен сорып алып мұқият тазарту сүзгісіне 13 қысыммен айдайды. Бұл сүзгіде қағаздан жасалған сүзгі элементтері отынды біржолата тазартады, осыдан соң ол отын насосына 22 барады, ал мұны үлкен қысыммен форсункара 9 және одан әрі жылжу, жану камерасына бағыттайды. Форсунканың құрылыс және әсер ерекшелігіне орай отын камераға өте үлкен жылдамдықпен және майда тозаңданған түрде бүркіледі. Мұнымен қоса камераға ауа таратқыштан жақсылап тазартылған ауа да келеді.

Айдамалауыш помпа түтік 12 арқылы мұқият тазарту сүзгісіне двигательдің жұмысына қажет шамадан біршама артық отын айдайды. Ол отын насостың өткізу клапаны және түтікше 16 ар-қылы айдамалауыш помпаға құйылады.

Артық отын форсункадан түтікше 11 арқылы мұқият тазарту сүзгісіне құйылады.


Кривошипті-шатунды механизм - student2.ru

117-сурет. СМД-15К двигателінің қоректендіру жүйесі:

7 —ұшқын сөндіргіші бар эжектор; 2 —сору түтікшесі; 3 — сыртқа шырару түтігі; 4 — ауа тазартқыш; 5 — ауа сорғыш; 6 — ағызу тутікшесі; 7 — жүргізу алдындағы жылытқыш; 8 -мұқият тазарту сузгісінен жылытқышқа жалғасатын түтікше; 9 - форсунка;10- жоғарғы қысым түтікшесі: 11— форсункадан отынды ағызатын түтікше; 12 — сормалау помпасынан мұқият тазарту сүзгісіне жалғасатын түтікше; 13 — отынның мұқият сүзгісі (2СЛФ-.І), 14 — мұқият тазарту сүзгісінен отын насосының қақпарына жалғасатын түтікше; 15 — реттеуіш- 16 — отын насосының қақпағынан артық отынды ағызуға арналған түтікше; 17 — отын бағы; 18 — ішінара тазарту сүзгісіне отын беретін түтікше; 19 — сормалау помпасы; 20 — сормалау помпасына отын беретін түтікше; 21 — отынды ішінара тазарту сүзгісі (ФІ-1); 32 — отын насосы; А — оң жақ бөлікті жууға арналған 2ТФ-2 сүзгісінің үш жүрісті кранының қалпы; Б — кранның сол жақ бөлікті жууға арналған қалпы; В — кранның жұмыстық қалпы;

СМД-17К және СМД-18К двигательдерінде форсункадағы артық отын ендіру коллекторына ағызылады. Бұл отын ендіру клапандары мен ершікті майлайды, осының нәтижесінде бұлардын жұмысының сенімділігі артады.

СМД-64 двигателінде төртінші цилиндрдің форсункасындағы артық отын турбокомпрессордың ендіру кылта түтігіне ағады. Осы келген отын турбокомпрессордың компрессорлық бөлігіне қонған шаң-тозаңдарды шаяды және ендіру клапандарын майлайды. Ци-линдрлер форсункаларындағы артық отын мұқият тазарту сүзгісіне құйылады.

Насос, реттеуіш және айдамалауыш помпа бір тұтас агрегат құрады.

Төменгі қысым отын түтіктері пластмассадан жасалған. Олар ды шұғыл иіп орнатуға болмайды. Төменгі температурада бұл түтіктер морттық қасиетке ие болады, сондықтан оларды соққыдан қорғау керек. Түтіктерді жылыту үшін ыссы суға матырылған шү-

берек пайдаяанылады. Әрбір 60 сағаттан соң ішінара тазарту сүз-гісінің тұнбасын ағызып жібереді. 240 сағаттан соң оны бөлшек-тейді, стаканды, сүзгілеуіш элементті және саябырландырғышты жуады.

2ТФ-2 мұқият тазарту сүзгісі параллель қосылған екі бөліктен және оны бөлшектемей-ақ жуу үшін онын, кез келген бөлігін ажы-ратып тастауға мүмкіндік беретін үш жүрісті краннан (шүмектен) құрылған. Отын қағаздан жасалған сүзгілеуіш элементтермен та- зартылады.

Двигатель 240 сағат жұмыс істеген соң сүзгі мына тәртіппен жуылады: двигательді зая жүрістің ең жылдам айналысына көші-реді; үш жүрісті кранды А қалпына бұрып қояды; осы кезде бірінші бөлік жуылады; оң жақ бөліктің ағызу тығынын ашады және лас отын ағып кетуі үшін 5—10 минут уақыт күтеді: осы бөліктің ағызу тығынын бұрайды да үш жүрісті кранды Б қалпына бұрып қойып, сол жақ бөлікті жуып-шаяды; сол жақ бөлікті оң жақ бөлігіндей жуып шаяды; кранды жұмыстық В қалпына бұрып қояды; жүйені отынмен толтырады да қолмен ору насосы арқылы ондағы ауаны шығарады.

Сүзгілеу элементтерін двигатель 1500 сағат жұмыс істеген соң алмастырып отырады.

Отандық жүйенің өзара жалғасқан жапсарларының герметика-лығын тексеру үшін отын түтіктерін және отындық аппаратура-ларды, әсіресе олар өзар.а жалғасқан жапсарларды құрғатып сүр-теді. Жапсарларда отын тамшылайтын жерлердің бар-жоқтырын мұқият тексереді. Тамшылайтын жапсарлар бола қалса, бекітулер қатайтып тартылады немесе астарлар алмастырылады.

1970 жылдың декабрь айынан бастап двигательге 2ТФ-2 сүз-гісінің орнына тізбектей жалғастырылған қағаздан жасалған сүзгі элементтері бар екі сатылы 2СТФ-3 сүзгі орнатылған. Бұл сүзгіде кері аққан отын тек өте лас оң жақ бөлікті ғана жуып-шаяды, бұл тазартудың бірінші сатысы болып табылады. Сол жақ бөліктен (бақылау) тек тұнба ғана ағызылады.

2СТФ-3 сүзгісін мына тәртіппен жуып-шаяды: двигательді зая жүрістін, ед жылдам айналу жиілігіне көшіреді; айырып-қосқыш-тың екі жүрісті кранын сағат тілінің жүрісіне қарама-қарсы бағытқа 90°-қа (“Жуып-шаю” — “Промывка” қалпына) бұрады; сол жақ бөліктің ағызу болтын бірнеше айналысқа бұрайды; осы бөліктегі тұнбаны ортынның мөлдір ағыны шыққанға дейін жуып-шаяды; оң жақ бөліктің ағызу болтын бұрайды; айырып-қосқыштың екі жүрісті кранын сағат тілінің жүріс бағыты бойынша 90°-қа (“Жұмыс” — “Работа”) бұрады.

Сүзгілеуіш элементтерді мынадай мерзімде алмастырады; оң жақтағы бөлікте — 2000 мото-сағат өткенде, сол жақ бөлікте —

4000 мото-сағат өткенде.

118-сурет. Ауа тазартқыш және турбокомпрессорлар.

1 — кассеталар; 2 — рефлектор; 3 — бағыттауыш түтікше; 4 — сору түтікшесі; 5 — шаң-тозақ жинауыш шанақ; 6 — циклон; 7 — өндіру келте түтігі; 8 — ауа сору келте түтігі; 9 — ауа тазартқыш құндары; 10 — 2СТФ мұқият тазарту сүзгісінің екі жүрісті кранына ауыстырып қосу схемасы; 11 — турбокомпрессордың корпусы; 12 — ротордың білігі; 13 — компрессор доңғалағы; 14 — компрессордың ендірмесі.

Кривошипті-шатунды механизм - student2.ru

Егер отын маймен ластанған болса, ол сүзгілеуіш элементтерді тез ластайды.

118-суретте 2СТФ-3 сүзгісінің жууға арналған және жұмыс істеу кезіндегі кранынын қалпы көрсетілген.

Ауа тазартқыш. Ауа тазартқыш (118-сурет) құндақтан 9, циклондар блогынан 6 және үш кассетадан 1 құралған. Циклонның әрқайсысында бағыттауыш тік 3 және циклонның шеңберіне жанама бойынша орналасқан ендіру келте түтігі бар. Циклондардың барлығы үстіңгі және астыңғы қақпақтарға (поддон) пісіріліп ұстатылған, ал астыңғы қақпаққа шаң-тозаң жинауыш шанақ 5 пісіріліп ұстатылған. Осы детальдардың барлығы — екі қақпақ, циклондар және шаң жинауыш шанақ-циклондар блогын құрайды. Кассеталар умаждалған сымдармен толтырылған.

Ауа тазартқыштағы ауа екі түрлі тәсілмен тазартылады: шаң-тозаңды двигательден сыртқа шығаратын газдар арқылы тазартатын центрден тепкіш инерциялы эжекторлы құрғақ тәсіл және кассеталар мен рефлекторлар арқылы тазартатын дымқыл сүзу тәсілі.

Ендіру келте түтіктері 7 циклонның корпусына жанама (тан-генциальді) бойынша орналасады. Сондықтан циклонға енген ауа онда айналмалы қозғалысқа түседі. Ауада қалықтаған шаң-тозан,-ның түйіршіктері центрден тепкіш күш әсерінен циклонның қабыр-ғасына қарай лақтырылады, сонан соң шаң-тозаң жинауыш ша-наққа 5 түседі. Циклондардың ортасында түтікшемен 3 жоғары қарай көтерілетін таза ауа қалады.

Сыртқа шығару газының әсерінен сору түтігінде 4 күшті сирек-


Кривошипті-шатунды механизм - student2.ru

119-сурет. Эжектордын. және турбокомпрессордың әрекет ету схемасы:

1 — ауа сорғыш; 2 — ауа тазартқыш; 3 — компрессор; 4 — турбина; I — сору түтікшесі;

сіту пайда болады. Осы-ның нәтижесінде шаң-тозаңдар шанақтан 5 сыртқа шығарылатын газдармен ылғи сорылып әкетіледі. 119-суретте эжектордың әрекет ету схемасы көрсетілген.

Кассеталар ауа тазартқышқа салудың алдында маймен майланады. Олардан ағатын май рефлекторда пленка түзеді. 4

Циклоңдармен тазартылған ауа рефлектор мен кассеталарға карай жоғары көтеріледі. Рефлектор шаң-тозаңның бір бөлігін өзінің бетінде ұстап қалып, ауаны кассеталардың бетіне біркелкі тартады. Каесеталар ауаны біржолата тазартады.

Күн сайын техникалык қызмет көрсету кезінде құлақты гайканың тартылып бұралуын тексеру керек, ауа сорғыштың торын тазарту керек, ауа тазартқыштың шлангаларының өзара байланысқан жапсарларының нығыздығын тексеру керек.

Кассеталарды двигатель 60 сағат жүмыс істеген соң жуады. Егер ауа өте шаң-тозақды болса, онда оларды 25—30 сағат жұмыс істеген соң жуады. 240 сағат жұмыс істеген соң ауа тазартқышты толық бөлшектейді де жуады. 1971 жылдан бастап СМД двигателіне төменгі қысымды полиэтиленнен жасалған циклондар орнатылады. Циклондар металл қақпақтарға престелген.

Сормалау помпасы

Помпа — бактағы отынды сорьщ оны отын насосына жіберуге арналған. Отын помпара келгенше ішінара тазарту сүзгісінен өтеді. Помпамен отын насосының аралырында отынның ағынына едәуір кедергі жасайтын мұқият тазарту сүзгісі орналасқан. Сондықтан,да помпа отынды едәуір қысыммен (1,5—1,7 кгс/см2, яғни 150—170 кПа) айдамалайды.

Сору помпасының құрылысы мен әрекет ету схемасы 120-суретте көрсетілген. Серіппе 5 поршеньді 7 помпа корпусының аралық қабырғасына 6 үнемі қысып тұрады. Серіппе 3 роликті 2 итер-

Кривошипті-шатунды механизм - student2.ru

120-сурет. Сормалауыш помпаның құрылысы және әрекет ету схемасы:

1 — жұдырықша; 2 — ролик; 3 және 5 — серіппелер; 4 — итергіш стержеңі; 6 —корпустық аралық қабырғасы; 7 — поршень; 8 —ағызып әкету тітікшесі; 9 — айдамалау клапаны; 10 — цоршень асты қуысы; 11 — ағызып экелу түтікшесі; 12 — поршень үсті қуысы; 13 — қолмен сормалау тұтқасы; 14 — поршень; 15 — ендіру клапаны; 16 — шығару клапаны; 17 — итергіш.

гішті 17 осы қабырғадан алшақтата түсуге тырысады. Мұнымен қатар серіппенің 5 қысымы стержень 4 арқылы да роликті 2 итер-гішке 17 беріледі. Осының әсерінен ролик отын насосы білігінің жұдырықшасына 1 жанасатын болады.

Насос білігінің айналысы кезінде жұдырықшаның ұшы роликке жанасқан кезде (120-сурет, б) мына құбылыс болады: итергіш серіппені 3 сыға отырып аралық қабырғаға жақындай түседі; бұл қрзғалыс стержень 4 арқылы поршеньге беріледі, соңғысы серіппе-ні 5 сыға отырып аралық қабырғадан алшақтай түседі. Жұдырық-шаның бүртік ұшы роликтен асып түскен кезде (120-сурет, а) пор-шень 7 серіппенің 5 әсерінен (онымен бірге итергіш 17 те) бастапқы қалпына қайтып келеді.

Жұдырықшаның бүртігі роликтен асып түскен кезде не бола-тынын анықтайық. Поршень 7 қуыстың 10 ауасын сирексітеді, ал екінші қуыста 12 қысым тудырады. Ішіңара тазарту сүзгісінен ке-летін отын, клапанды 15 ашады да қуысты 10 толтырады. Екінші қуыстағы 12 отын мұқият тазарту сүзгісіне және насосқа айдама-ланады, бұл кезде клапан 9 жабық тұрады. Жұдырықшаның бүртігі қайтадан роликке жанасқанда, поршень бір қуыста 12 сирек-

сіту, екінші қуыста 10 қысым тудырады. Клапан 15 жабылады, ал екінші клапан 9 ашылады. Отын бір қуыстан 10 екінші қуысқа 12 ағады. Сондықтан, поршеньнің сору және айдамалау жүрісі серіп-пенің 5 әсерінен бір мезгілде өтеді. Осының нәтижесінде поршень-нің жүріс шамасы және отынның помпа арқылы берілуі двига-тельдің отынды шығындауына тәуелді түрде серіппенің әсерінен автоматты түрде өзгереді. Бұл былайша іске асырылады. Двига-тельдің отынды шығындауы азайған кезде, қуыстағы 12 қысым күші артады. Серіппе 5 бұл қысымды жеңе алмайды, осының нә-тижесінде поршень жүрісін баяулатады немесе өзінің жүрісін мүлдем тоқтатады. Шығынның артуы себепті осы қуыстың қысымы кеміген кезде, серіппе поршеньді тағы да қозғайды.

Сормалауыш помпа отынды қолмен соруға арналған насоспен жабдықталған. Бұл насос дизельді жүргізудің алдында оның қо-ректендіру жүйесін толтыруға, әрі одан ауаны шығаруға арналған. Насосты пайдаланудан бұрын оның тұтқасын 13 бұрап, босатып қою керек. Қалған уақытта тұтқа поршеньді 14 бекіту шаригін оның ұясына нығыздап түсіретіндей болып бұралып кіргізіледі. Шарик ұясына нығыз түспесе помпа ауа сорады, осының салдарынан отын насосының жұмысы бұзылады.

Помпада каналмен 16 байланысқан шеңберлі ойық бар. Ол стержень.4 мен бағыттауыш втулка аралығынан сүзіліп өтетін отынды әкетуге арналған. Осының нәтижесінде отын насосының корпусына отын тамбайды.

Отындық аппаратураның жүйесінде ауаның болуы двигательді жүргізуді және оның жұмысын қиындатады. Қоректендіру жүйесіне өзара жалғасатын жапсарлардың герметикасы болмауы, дви-гательдің ұзақ уақыт тоқтап тұруы себепті, ішінара тазарту сүзгісін немесе отын аппаратурасының басқадай элементтерін жуу кезінде ауа еніп кете алады.

Жүйедегі ауаны шығару үшін түтқаны 13 пайдалана отырып, электр-факелдік жылытқыштың ағызу түтікшесінен мөлдір ағын (ауа көпіршігі жоқ) шыққанша отынды сормалау керек.

Наши рекомендации