Дәріс. Көпірлі крандар. Стрелалы крандар. Өздігінен жүретін крандар
Көпірлі крандар. Жалпы мағлұмат.
Көпірлі крандар ең көп таралған крандардың бірі болып саналады. Олар технологиялық жүк ағымдарына қызмет көрсету үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар цехтарында, құрастырушы контейнерлік алаңшаларда, ашық және жабық қоймаларда тиеп-түсіру, тасымалдау операцияларын орындау үшін арналған. Мұндай крандар цех еденінен едәуір биіктікте орналасқан рельсті жолдармен жылжып қозғалып отырады. Олар пайдалы кеңістікте аз орын алады және оның барлық ауданына қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Кейбір жағдайларда көпірлі крандар эстакадаларда орналасады. Көпірлі крандардың параметрлері мен өлшемдерін МЕСТ 6711-70 стандарты бойынша таңдайды. Жүк көтергіштігі 1000 тоннаға дейінгі крандардың аралықтары (пролеты) 2-34м, жүк көтеру жылдамдығы 1м/с дейін, крандық арбалардың қозғалу жылдамдығы 0,17-0,83м/с, көпірдің өзінің қозғалу жылдамдығы 0,66-2,5м/с дейін болатын көпірлі крандар болады.
Ең көп таралғандары жүк көтергіштігі 5-320тонналық көпірлі крандар барлық көпірлі крандардың 2/3-сі ілгекті аспалармен жабдықталған. Жүк көтергіштігі бес тонналық крандар 20%, ал он тонналық крандар 17% құрайды.
Көпірлі крандарды бірыңғайланған бөліктерден жинақтайды. Олар бір және екі арбалы болып келеді. Көпірлі крандарды конструкциясына байланысты бір және екі арқалықты (балкалы) деп бөледі (арнайы крандар көп арқалықты болуы мүмкін).
Екі арқалықты көпірлі крандар.
Екі арқалықты (бөренелі) көпірлі крандар осы крандардың ішіндегі ең көп таралғандардың бірі. Кран екі бөлектенген механизмдерімен 4 қозғалып жылжып отырады. Кранға электр тогы басты троллеямен жеткізіледі, ол кабинаға қарама-қарсы жақтағы цехтың аралық бойымен тартылған. Кран арбасына ток иілгіш кабельмен 7 беріледі. Кран кабинадан 3 басқарылады. Кран көпірін тұтас бөренеден немесе болаттың әртүрлі профильдерінен жасалған ферма түрінде жасайды.
10.1,б-суретінде орталық жылжыту механизмі бар екі бөренелі кранның цехтағы орнатылымы көрсетілген. 10.1,в-суретінде көпірінің бөренесі ерекше кранның жеңілдетілген конструкциясы көрсетілген, ол көтергіш механизмі электрлі таль болатын жинақы арбадан тұрады.
Сақтандырушы және өлшеуші құрылғы. Қауіпсіз пайдалану үшін крандар арнайы құрылғылармен жабдықталған. Көтергіш механизмдерде түпкі ақырғы өшіргіштер орнатылады, олар мысалы жүк ең шеткі жоғарғы орынға (сол сияқты төменгі жағдайға) келген кезде электр тізбегі ажыратылу салдарынан механизм автоматты түрде тоқтайды. Мынадай түпкі ақырғы өшіргіштер қолданылады: жүрісті бір жақты шектеу үшін рычагты және кнопкалы және шпиндельді бұрамалы жүрісті екі жақты шектеу үшін.
Көтеру биіктігін шектеуші 10.2,а-суретінде көрсетілген. Арбада түпкі ақырғы өшіргіштің 5 түйіспелерін тұйықтауды қамтамасыз ететін рычагпен 3 және жүкпен 2 сым арқанмен 1 қосылған түпкі ақырғы өшіргіш 5 орнатылған. Ілгекті аспа 4 жоғарғы орынға жеткен кезде рычаг 2 сәл көтеріліп, түпкі ақырғы өшіргіштің түйіспелерін ажыратады, осы кезде көтеру механизмнің электр қозғалтқышын өшіріп тастайды.
Сол сияқты редукторлы жетегі бар көтеру биіктігін шектеушілер қолданылады. Мұнда олар түпкі ақырғы өшіргіштің білігі 8 белгілі бір бұрышқа бұрылған кезде қозғалтқышын өшіріп тастайды. Барабан білігінен 6 түпкі ақырғы өшіргішке айналу берілісі редуктор 7 арқылы жүзеге асырылады. Крандарды жүк көтергіштікті шектеушілермен жабдықтайды. Олар егер жүк салмағы кранның ең үлкен жүк көтергіштігінен 20% асып кетсе, көтеру механизмінің жетегін автоматты түрде өшіріп тастайды. Гидравликалық жетегі бар крандарда жүк көтергіштікті шектеуші бұл сақтық клапан. Крандарда және арбаларда буферлер қарастырылған (серіппелі, гидравликалы және басқалары), олар соққыларды жұмсартып отырады. Арналуына байланысты көпірлі крандарда әртүрлі көтеру күші бар бір немесе екі көтеру механизммен жабдықталған жүктік арбалар орнатылады.
Жүк көтергіштігі үлкен (450-630т) арнайы көпірлі крандардың бас арбаға арналған екі негізгі бөренелері және екі көтергіші бар (100/20т) қосалқы арба қозғалатын екі ішкі бөренелері болады.(10.3, б-сурет).
Жалпы мақсаттағы екі бөренелі көпірлі кран (10.4,а-сурет) екі басты бөренеден 2, онымен жылжып қозғалатын жүктік арбадан 1 тұрады. Басты бөренелер ұштық бөренелерге 6 бекітілген, ал ұштық бөренелер жүріс доңғалақтары 5 арқылы көпір рельстеріне орнатылған.
Көпірлі крандарда жолдың аяғында түпкі ақырғы өшіргіштер орнатылады. Мұнаралы, порталды және төрт тағанды (екі тіректі) крандарда түпкі ақырғы өшіргіштерді қозғалыс жылдамдығының шамасына қарамай орната береді.
Төрт тағанды (екі тіректі) крандар.
Төрт тағанды крандардың (10.4-сурет) көпірлі крандардан айырмашылығы, олардың көпірі жүрістік доңғалақтары рельстерге қойылған екі биік вертикальді фермаларға орнатылған. Рельстер еден деңгейімен бір деңгейде немесе әртүрлі деңгейде болуы мүмкін. Мысалы бір ферма эстакада деңгейінде немесе аралық құрылым деңгейінде орналасуы мүмкін. Олар негізінде ашық алаңшалардағы тиеп-түсіру және құрастыру жұмыстарына арналған, сол сияқты гидротехникалық құрылыстарда, кемелерді жинау және басқа арнайы жұмыстар үшін арналған.
Крандардың консольсіз, бір және екі консольды түрлері болады. Олар темір жол жолдарын, автомобиль өтетін жерлерді және қойма алаңдарын жауып тұрады.
Жалпы мақсаттағы төрт тағанды крандар темір жол көлігінде жекеленген және үйінді жүктердің контейнерлерін, ағаш және құрылыс материалдарын тиеу және түсіру кезінде өте кеңінен пайдаланылады.
Жалпы мақсаттағы төрт тағанды крандар (10.4,а-сурет) жүк көтергіштігі 5-50 тонналық етіп, ал арнайы крандарда жүк көтергіштігі 500-2000тоннаға дейін болатын түрлері шығарылады.
Крандардың аралықтары (пролеты) 140м дейін, көтеру биіктігі 80-м дейін жететіндері болады. Арбалардың қозғалыс жылдамдығы 10м/с дейін болады.
10.3-сурет. Екі арқалықты (бөренелі) крандар
Төрт тағанда крандардың барлық түрлерін жүк көтергіш органдарының сипаты бойынша крандық құрылым конструкциясы бойынша, жүктік арбалардың қозғалу тәсілі бойынша, құрастыру және бөлшектеу әдісі бойынша жіктеуге болады. Кранның көпірін тіреу типі бойынша екі тіреуіштері де қатаң немесе бір тірегі қатаң, ал екіншісі иілгіш болуы мүмкін.
Аралықтары үлкен (LК>30м) төрт тағанды крандарда әсіресе қайта тиеу көпірлерінде вертикальды фермалардың біреуі кеңістікті түрде, ал екіншісі жазық конструкциялы түрде орындалады.
Вертикальды фермалары бар кранның көпірі екі тәсілмен бекітіледі. (10.4,б-сурет):
1) кеңістіктік фермасы – қатаң, жазық фермасы – шарнирленіп; 2) кеңістіктік фермасы – істікке (штырь) қатысты көпірдің бұрылуын қамтамасыз ететін сырғанау тірегі көмегімен, жазық фермасы – сфералық шарнир көмегімен. Тіректердің мұндай конструкциялары айқасу кезінде көпірдің кейбір бұрыштық ығысуларына және де көпірдің температуралық ұзаруы немесе кран асты жолдың деформациясынан бір тірек қисайған кезде көпірдің кейбір бұрыштық ығысуларына мүмкіндік береді. Сонымен қатар тіректің біреу озып кеткенде көпірдің майысуын болдырмайды.
10.4-сурет. Төрт тағанды кран
Өздігінен жүретін мобильді крандар.
Өздігінен жүретін крандардың автономды жетегі, маневрлігі үлкен және мобильді болады. Олар өнеркәсіптің әртүрлі салаларында, құрылыста, ауыл шаруашылығында үлкен қашықтықтарды жүріп өтіп тиеп-түсіру және құрастыру жұмыстарын орындай алады.
Бұл крандар жүру бөлігінің конструкциясы бойынша автомобильді, пневмодоңғалақты және шынжыр табанды болып бөлінеді.
Өздігінен жүретін крандарда бұрылмалы платформада стрела және мынадай механизмдер құрастырылған: жүк көтеру механизмі, стрела созылымын өзгерту, кранды бұру механизмдері. Кранды жылжыту механизмі кранның жүрістік бұрылмайтын бөлігінде орнатылған. Егер кран грейфермен жұмыс істесе, онда көтеру механизмі екеу болады – грейферді көтеру және оның аузын жабу механизмдері.
Механизмдерді басқару кранның бұрылмалы бөлігінде орнатылған кабинадан жүзеге асырылады. Крандық механизмдердің жетегі үш негізгі сұлбалар бойынша жүзеге асырылады: 1) трансмиссиялың біліктер мен ілінісу муфталары арқылы бір іштен жанатын қозғалтқыштан; 2) іштен жанатын қозғалтқыш жүйесінен – тұрақты немесе айнымалы токты генератордан энергия алатын жеке энергия қозғалтқыштарынан; 3) әрбір механизмнің гидромоторына сұйық беретін гидравликалық соғылары бар гидравликалық жетектерден.
Қазіргі уақытта электрлі және гидравликалы жетектер өздігінен жүретін стрелалы крандарда қолданылады. Бұл жағдайда механизмдерді басқару жеңілденіп, крандардың сенімділігі артады. Жұмыстық механизмдерінде гидравликалық жетектері бар крандар маневрлігі өте жақсы, массасы үлкен емес, механизмдер жылдамдығын үлкен шектерде реттеу мүмкіндігіне ие. Бұл айтылғандар жақсы пайдалану көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді.
Автомобильді крандар. Оларды стандартты немесе арнайы жүк автомобильдерінің шассилерінде құрастырады. Олар ілгекпен бекітілген түсірілген стреласымен жылжып қозғалып отырады. Жетек жалпы іштен жанатын қозғалтқыштан немесе жеке электрлі және гидравликалы қозғалтқыштардан тұруы мүмкін.
10.7,а - суретінде автомобиль үстінде құрастырылған жеке электр жетектері бар механизмдер көрсетілген. Электр жетектер үш фазалы токты синхронды генератордан 7 қоректенеді. Ал генератор қуатты алу қорабы арқылы іштен жанатын қозғалтқыштан қоректенеді. Бұрылмалы рама тіректі – бұрылмалы құрылғы 9 үстінде орнатылған, оған стрела 10 бекітілген және жүкті көтеру 5, кранды айналдыру 4, стреланы көтеру 6,
10.5-сурет. Крандық стрелалар
10.6-сурет. Тіректі – бұрылмалы құрылғылыр
10.7-сурет. Автомобильді крандар
грейферлік шығыр 7 механизмдері құрастырылған. Кран 3 бекетінен (кабинасынан) басқарылады. Төменгі бұрылмайтын рама кран орнықтылығын қамтамасыз ететін берік тіректемен және стабилизатормен 8 жарақталған. Жұмыс алдында кранды тірек биіктігіне орнатады, ал ресссорлар өшіріледі.
Қазіргі кезде гидрожетегі бар мынадай автомобильді крандар шығарылады. КС-1571; КС-2571; КС-3571; КС-4571 және КС-5471. Олардың жүк көтергіштігі сәйкесінше 4;6,3;10;16 және 25т. Оларда қорапты қималы ұзандығы 10,5-21,75м дейін болатын телескопты стрелалары болады.
Ұсынылатын әдебиеттер: /7/ бет. 170-220 , /2/ бет. 258-322 .
Бақылау сұрақтары:
1.Аралықты крандардың қандай түрлері болады?
2. Аралықты крандардың негізгі механизмдері.
3. Бір арқалықты кран құрылымына сипаттама беріңіз.
4. Стрелалы крандардың жіктелуі.
5. Өздігінен жүретін крандардың негізгі механизмдері.
6. Автомобильді крандарға сипаттама беріңіз.