Ыма оқпанын құм тығындардан тазалау.

Мұнай-газ ісі» мамандықтары үшін

Ымаларды жөндеу» пәні бойынша

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

Шымкент – 2010ж.

Лекция №4

Ымаларды пайдалану кезінде кездесетін әр түрлі шиеленістер жағдайларында жүргізілетін жөндеу жұмыстары (құмның шығуы, парафин, тұз қосындылары, уақыттан бұрын су толуы).

Бұл шиеліністермен күресу әдістері.

Бейорганикалық тұздардың қабаттық забой маңы аймағындағы, ұңғыма жабдықтарындағы, кәсіптік коммуникациялар мен аппаратуралардағы шөгінділері мұнай өндіру, дайындау және тасымалдау үдерістерін айтарлықтай күрделендіреді. Негізгі қиыншылықтар: батырылған электрлік ортадан тепкіш сораптардың, клапандардың, жылу алмастырғыш жабдықтардың мезгілінен бұрын істен шығуы; кәсіпшілік коммуникациялардың тығындалуы және үзілуі, өндіретін ұңғымалардың өнімділігі мен айдама ұңғымалардың қабылдағыштығының күрт төмендеуі.

Тұздардың шөгуі- негізінен, аз еритін Са, Ва, Мg бейорганикалық тұздардың тұнбаға түсу үдерісі, бұл үдеріс осы тұздардың ерітінділерінің аса қатты қаныққан ерітінділері түзілген кезде болады. Практикада негізгі шығындар кальций карбонатының шөгінділерімен күресуге кетеді.

Тұздардың шөгуінің негізгі себептері : айдалатын және қабат суларының араласып кетуі, судың жыныстармен араласуы, судың булануы.

Тұздардың шөгуін болдырмау әдістері:Профилактикалық әдістерүш негізгі топқа бөлінеді: технологиялық, физикалық, және химиялық. Технологиялық әдістерге: қабат қысымын сақтап тұру үшін сумен жабдықтау көздерін дұрыс таңдау, құбырлардағы сы-мұнайлы ағынның жылдамдығын арттыру, және т.б.

Тұз түзілудің профилактикасының физикалық құралдары ұңғымалардың суланған өнімдерін магниттік, электрлік өрістермен өңдеуге негізделген.

Химиялық әдістері: әр түрлі химиялық реагенттерді пайдалануға негізделген.

Тұздарды жою әдістері.Екі түрлі әдістерді бөліп көрсетуге болады: механикалық және химиялық.

Тұздарды жоюдың механикалық әдістері бұрғылау құралындағы (ұңғымадағы) қабатты шөгінділерді бұзу үшін арнайы құрылғылар мен гидромониторларды пайдалануға негізделген. Бұрғылауды тұздардан қорғау мен жоюдың басқа әдістері нәтиже бермеген кезде қолданады. Бұл әдіс өте қымбат.

Механикалық құралдар негізінде гипс жинағыштарды айтуға болады, оларда ағынның күрт төмендеуіне байланысты кальций сульфатымен аса қаныққан қабат өнімінен гипс бөлшектерінің шөгуі болады. Ұңғымаға өте жақын қондырылған гипс жинағыштар , профилактикалық ішкі ұңғымалық әдістермен(физикалық және технологиялық) бірігіп, кәсіптік жабдықтар мен коммуникацияларды зиянды шөгінділерден айтарлықтай сенімді етіп қорғайды.Ең тиімді және ыңғайлы диаметрі шамамен 300 мм және ұзындығы 10 м-ге дейін болатын горизонталды гипс жинағыштар.

Тұздарды жоюдың химиялық әдістері гипстік тығындарға немесе гипскөмірсутектік шөгінділерге арналған.

Тұздардың тұнбаларымен күресу құралдарының әр түрлілігіне қарамастан шөгінділерді болдырмайтын негізгі әдіс- арнайы химиялық реагенттерді –ингибиторларда қолдану.

Ингибиторлар –бейорганикалық тұздардың ерітіндісіне қосқанда тұнба түзілу үдерісін күрт төмендететін, тұнба мөлшерін азайтатын заттар. Ингибиторлар майда еритін, мұнайда және суда еритіндер, бір компоненттік және көп компоненттік болады. Практикада суда еритін ингибиторлар кең қолданады.

Тұз шөгінділерінің көптеген ингибиторлары ұсынылған. Практикада тек шектелген ғана ингибиторларды кең қолданады, мысалы натрий гексаметафосфаты және т.б.

Натрий гексаметафосфаты суда жақсы ериді.Оны тұз шөгінділерімен күресу үшін қолданады.

ыма оқпанын құм тығындардан тазалау.

Кейде забойда құмды тығындардың түзілуінен ұңғымаларды қалыпты пайдалану бұзылады.

Құмды тығындар түзілген ұңғымаларды пайдалануды қайта қалпына келтіру үшін жиналған құмның бәрін тазалау керек. Терең емес ұңғымаларды аздаған қалыңдықтағы құмды тығындарды, негізінен, науашықтармен тазалайды. Науашық дегеніміз диаметрі 75-100 мм болатын төменгі ұшында тәрелкелі немесе шарикті клапаны бар, жоғарғы жағында арқанды бекіту үшін имегі бар құбыр болып табылады. Мұндай құбырдың ұзындығы 8-12 м-ден аспайды.

Науашықты ұңғымаға арқанмен түсіреді. Тығынға дейін 10-15 м қалған кезде , моторист шығырдың тежеуішін босатады, сол кезде науашық өзінің салмақ күшінің әсерінен құмды тығынға ұрылады. Бұл кезде клапан ашылып, құмның біршама мөлшері науашыққа енеді. Науашықты көптеу толтыру үшін құмды тығынға бірнеше рет соққылайды. Науашықты босату үшін бұрғылау еденіне бекітілген қандай да бір өткір өзекке қою керек, сол кезде клапан ашылып, науашықтан барлық қоқыстар түседі.

Ұңғыма оқпанын құмды тығындардан тазалау –ұзақ және тиімділігі аз операция: науашықтың әрбір рейсі кезінде жоғарғы бетке құмның азғантай ғана мөлшері шығарылады. Сонымен қатар , бұл кезде арқан тозады, эксплуатациялық бағана арқанның үйкелуінен ол бұзылады. Құмды тығынды ұңғымадан жуу арқылы шығару тиімдірек болады.

Ұңғымалардағы құмды тығындарды сумен немесе мұнаймен шығару тәсілдерінің мәнісі төмендегідей. Ұңғымаға тығынға дейін жуғыш құбырлар бағанасын түсіреді. Осы құбырлармен немесе құбырдан тыс кеңістік бойымен қысым арқылы сұйық айдалады. Ағын әсерінен тығын шайылып кетеді. Шайылып кеткен жыныс сұйықтық ағынымен эксплуатациялық бағана мен жуғыш құбырлар бағанасы арасындағы сақиналық кеңістік бойымен немесе тікелей құбырлар бойымен көтеріледі.

Жуғыш құбырлар ретінде әдетте сорапты компрессорлық құбырларды пайдаланады.

Ұңғымаларды жуу автомашинада немесе тракторларда бекітілген және олардың қозғалтқыштарымен жұмыс жасайтын қозғалмалы сораптарды пайдаланады. Мұндай қондырғылар жуғыш агрегаттар деп аталады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Коршак А.А., Шаммазов А.М. Основы нефтегазового дела. Учебник для вузов. – 3-е изд. испр. И доп. - Уфа.: ООО «ДизайнПолиграфСервис», 2007. – 528с.: ил.

2. Попов А.Н., Спивак А.Н., Акбулатов Т.О. Технология бурения нефтяных и газовых скважин. – М.: Недра, 2004.

3. Середа Н.Г., Соловьёв Е.М. Бурение нефтяных и газовых скважин. – М.: Недра, 1988.

Наши рекомендации