Жірибеден алынған деректерді өңдеу.
1. Судың көлемдік жұмсалу мөлшерін ротаметрдің көрсетуімен анықтайды: – Vc.
2. Судың іс жүзіндегі массалық жұмсалуын есептейміз:
бұл жерде: - орташа температура кезіндегі судың тығыздығы.
3. Судың Т1 температурасының Т2 температурасына дейін қыздыруға кеткен жылудың жұмсалуын анықтаймыз
Бұл жерде: m – судың массалық шығыны, кг/с.
с – судың жылу сыйымдылығы. Дж/(кг*К);
4. Процестің орташа қозғаушы күші (8.2) немесе (8.3) өрнектен есептеу:
5. Жылу ауыстырғыш бетті есептеу: F, м2; F=Пdl, мұндағы: l=1 м, d – ішкі құбырдың сыртқы диаметрі, м.
6. (8.1) теңдеу арқылы жылу беру коэффициентінің К тәжірибелік мәнін анықтау.
7. Судың жылдамдығын анықтау:
бұл жерде: f – су ағымының көлденең қимасының ауданы, м2.
8. Re санын есептеу және ішкі түтіктегі су қозғалысының ағынын реттеу.
9. Табылған ағынға сәйкес Nu белгісінің теңдеуін таңдап алу және судың жылу беру коэффициентін анықтау.
10. Судың қыздыруға қажетті жылудың жұмсалуына байланысты ауаның қоршаған ортаға шығындалған ортаға шығындалған 2% шығынды ескеріп ауаның жұмсалуын, судың қыздыруға кеткен жылудан анықтайды:
, кг/с
Бұл жерде: - ауаның жылу сыйымдылығы, Дж/(кг*К).
11. Екі түтіктің арасындағы кеңістіктің қимасының ауданын және ондағы ауаның орташа жылдамдығын анықтау.
12. Ауаның Re ұқсастық белгісін есептеу.
13. Нуссельт ұқсастық белгісін анықтау үшін ауаның қозғалыс ағынына байланысты. Нуссельт ұқсастық белгісін теңдеуін таңдау.
14.Нуссельт ұқсастық белгісінің мәніне байланысты ауаның жылу беру коэффициентін анықтау.
15.(8.6) теңдеуден жылу өту коэффициентінің «К» теориялық мәнін табу және оны тәжірибелік мәнімен салыстыру.
16. Есеп беру кестесін құру.
17. Есеп бергенде қондырғының үлгісі болуы шарт.
Кесте 8.2. Есеп беру кестесі.
№ | Мәліметтер, деректер және есептеу мәндерінің аттары. | Белгісі мөлшері | Сандық мәндер |
1. | Судың массалық жұмсалуы. | m | кг/с |
2. | Судың көлемдік жұмсалуы. | Vc | м3/с |
3. | Судың кірердегі температурасы | T1 | 0К |
4. | Судың тығыздығы | м3 | |
5. | Судың шығардағы температурасы | T2 | Дж/кг*град |
6. | Ротаметрдің көрсетуі | 0К | |
7. | Судың жылу сыйымдылығы | C | 0К |
8. | Ауаның кірердегі температурасы | t2 | |
9. | Ауаның шығардағы температурасы | t1 | |
10. | Жылу ауыстырғыштың ұштарындағы температурасы қатынасы | ty/ ∆tk | |
11. | Жылу ауыстыру процесінің орташа қозғалыс күші | ∆tорт | 0К |
12. | Су тасқынының қима ауданы | f | м2 |
13. | Ауа тасқынының қима аудаңы | fауа | м2 |
14. | Судың жылдамдығы | ω | м/с |
15. | Су қыздыруға жұмсалатын жылу | Q | Дж |
16. | Жылу ауыстыратын бет | F | м2 |
17. | Жылу өту коэффициенттінің тәжірибелік мәні | K | Дж/кг*град |
18. | Судың Re ұқсастық белгісінің мәні | Re | |
19. | Судың Nu ұқсастық белгісінің мәні | Nu | |
20. | Қабырғадан су тасқынының өзегіне жылуды қайтып беру коэффициенті | α2 | Вт/м2*град |
21. | Ауаның орташа жылдамдығы | ωауа | м/с |
22. | Ауа тасқының қимасының балама диаметрі | dб | М |
23. | Ауаның тұтқырлығы | µауа | Па*С |
24. | Ауаның тығыздығы | ауа | кг/м3 |
25. | Ауаның жылуды қайтып беру коэффициенті | α | Вт/м2*град |
26. | Ауаның Re ұқсастық белгісінің мәні | Re | |
27. | Ауаның Nu ұқсастық белгісінің мәні | Nu | |
28. | Ауаның жұмсалу коэффициенті | Vауа | кг/м3 |
29. | Ауаның массалық жұмсалуы | mауа | кг/с |
30. | Ауаның теориялық жылу өту коэффициентінің мәні | Кт | Вт/м2*град |
ақылау сұрақтары.
1. Жылу процесстері деп нені айтады?
2. Жылу беру процесінің қозғаушы күшіне не жатады?
3. Жылу ауыстырғыштың «Түтік ішіндегі түтік» үлгісінің жетістіктері?
4. Жылу өтудің негізгі теңдеулерін жазу?
5. Температуралардың үлкен айырмасының кіші айырмасынақатынасы 2-ден артық болғанда процестің қозғаушы күші неге тең?
6. Сол қатынас 2-ден кіші болғанда процестің қозғаушы күші неге тең?
7. Жылу өту коэффициентінің анықтамасы мен физикалық мәні неде?
8. Нуссельт ұқсастық санының мәні қалай табылады?
9. Прандтль ұқсастық санының мәні неде?
10. Рейнольдс ұқсастық санының мәні неде?
11. Балама диаметр неге тең?
12. Ағынның қимасы дөңгелек болғанда балама диаметрі неге тең?
13. Ағынның балама диаметрі неге тең?
14. Тасқынның орташа жылдамдығы қалай табылады?
15. Грасгоф ұқсастық саны мәнін жаз?
16. Ағынның массалық жұмсалуын қалай анықтайды?
17. Затты қыздыруғакеткен жылудықалай қалай анықтайды?
18. Жылуды қайтып беру коэффициенті қандай ұқсастық саннан анықтайды?