Шексіз сұлулық» номинациясы

Атты ашық қалалық шығармашылық фестивалін өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

Шексіз шығармашылық» фестивалінің құрылтайшысы мен ұйымдастырушысы «Жастар» Сарайы» МКҚК болып табылады.

Фестиваль мақсаты

Фестивальдің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдарды өнердің көмегімен шығармашылық қызметі барысында оңалту:

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың шығармашылық қызметіне қоғамның назарын аударту;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасынан дарынды адамдарды тауып, қолдау көрсету;

- Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі дарынды адамдардың шығармашылығын дамыту мен жүзеге асыру;

- қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қамқорлықпен қарауды нығайту;

- ұжымдар арасында шығармашылық және достық байланысты орнатуға мүмкіндік жасау;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту. Фестивальдің әрбір қатысушысының ерекше дара шығармашылық мүмкіндігін қалыптастыру мен ашу кезінде көмектесу және қолдау көрсету.

- Берілген санаттағы адамдардың шығармашылығына қолдау көрсету саласында мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымның және қоғамдық бірлестіктердің әрекеттесуімен инновациялық әдісті қалыптастыру.

Фестиваль тапсырмалары

- Президенттің «Стратегия 2050» Жолдауы бойынша басты тапсырма мүмкіндігі шектеулі адамдардың шығармашылық және рухани мүмкіндігін барынша ашу және оларды кейін жұмыспен қамту болып табылады.

- мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында тұлғалық және шығармашылық байланысты нығайту үшін қолайлы жағдай жасау;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәдени-гуманитарлық білімдерін дамыту;

- фестивальдің мақсаттарын жүзеге асыруға ұйымдар мен әртүрлі меншік нысанындағы және түрлі бағыттағы мекемелердің тығыз әрекеттесуін ұйымдастыру.

Атысу шарттары

Фестивальға шығармашылықтың алуан түрлерімен шұғылданатын, мүмкіндігі шектеулі шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар қатыса алады:

Фестиваль номинациялары:

- «Хореография» (халық билері, классикалық би, заманауи билер, эстрадалық билер, бал биі);

- «Эстрадалық вокал» (соло, дуэт, трио, ансамбльдер);

- «Әнді ишарат тілінде орындау»;

- «Шексіз сұлулық»;

Қатысушылардың жас шектеуі: 18 жастан жоғары.

Бағдарламалық талаптар

Хореография» номинациясы

Бұл номиняция бойынша жеке орындаушылар, ансамбльдер, хореографиялық ұжымдар қатысады.

Байқауға арнап бір шығарма дайындау керек. Өнер көрсету ұзақтығы 5 минутқа дейін.

Бағалаудың негізгі өлшемдері: орындаушылық деңгейі, балетмейстерлік шешімнің ерекшелігі, музыкалылығы, орындаушылық техникасы, би идеясының ашылу деңгейі, костюдердің сәйкес келуі.

Фонограмма Flash-жынақтаушысында ұсынылуы тиіс.

Фонограмма 10 наурызға дейін байқауға өтінім берген күні тапсырылады.

Эстрадалық вокал» номинациясы

Бұл номинация бойынша солистер, топтар, ансамбльдер қатыса алады.

Қатысушы бір шығарма орындайды. Ұзақтығы 4 минуттан аспау керек;

Бағалаудың негізгі өлшемдері: көркемдік орындаушылық деңгейі, вокалдық шеберлігі, стильдік ерекшеліктің қолданылуы, әртістік шеберлігі, сахналық имиджі, көркемдік материалдың ерекшелігі.

Байқауға қатысушыларда (-1) фонограммасыболуы тиіс, (+) фонограммасымен орындау тыйым салынған. Егер негізгі әуені қосарланушы болып естілмесе (-1) фонограммасына бэк вокалды қосуға рұқсат беріледі.

Фонограмма Flash-жынақтаушысында ұсынылуы тиіс.

Фонограмма 10 наурызға дейін байқауға өтінім берген күні тапсырылады.

Нді ишарат тілінде орындау» номинациясы

Бұл номинацияда жеке орындаушылар мен топтар қатыса алады.

Қатысушы бір шығарма орындайды. Ұзақтығы 4 минуттан аспау керек;

Бағалаудың негізгі өлшемдері: көркемдік орындаушылық деңгейі, стильдік ерекшеліктің қолданылуы, әртістік шеберлігі, сахналық имиджі, көркемдік материалдың ерекшелігі.

Фонограмма Flash-жынақтаушысында ұсынылуы тиіс.

Фонограмма 10 наурызға дейін байқауға өтінім берген күні тапсырылады.

Шексіз сұлулық» номинациясы

Жеке қатысу.

Бұл номинация мүмкіндігі шектеулі қыздар арасындағы сұлулық пен кербездік байқауы ретінде ұсынылады.

Екі кезеңде өткізіледі:

1 кезең – дайындық кезеңі

2 кезең – байқау

Дайындық кезеңінде:

· Байқаудың қойылымдық және дайындық кезеңі.

· Байқау қатысушылар келесі тәртіп бойынша кәсіби дәріс берушілерден сабақ алады: Дефиле. Хореография. Актерлік шеберлік.

Дайындық кезеңі – 20 ақпаннан бастап.

Байқау кезеңі – 16 наурыз.

Бағалаудың негізгі өлшемдері: сырт-келбеті, тіл тапқыштық, сүйкімділік, өзін көрсете білу және көрермендермен жұмыс істеуй алуы, өзіне тұлға ретінде көңіл аударта алуы және т.б.

Азылар алқасы

1. Кәсіби қазылар алқасының құрамын фестивальдің Дирекциясы фестивальдің идеясын әйгілеуге атсалысатын, байқауға қатысушылардың менеджерлері мен продюсерлері болып табылмайтын әйгілі орындаушылардың, мәдениет қайраткерлерінің, композиторлардың, ақындардың, менеджерлердің, продюсерлердің, журналистердің, әлеуметтік-қоғамдық қызметкерлердің, шығармашылықтағы зиялы қауым өкілдерінің ішінен шақырып, құрастырады.

2. Қазылар алқасының саны – қазылар төрағасын қоса алғанда 5 адамнан артық болмау керек.

3. Қазылар төрағасы фестивальдің Ұйымдастыру комитетімен бекітіледі.

4. Қазылар байқау орындаушыларын 10 балдық жүйе арқылы бағалайды. Ең төменгі бал «4» (төрт) бал болып есептеледі.

5. Байқаулық орындаушылықты бағалау өлшемі қазылар алқасының құрамымен, осы Ереженің бағдарламалық талаптарына сәйкес анықталады.

6. Қазылар алқасы сыйлықты бірдей бал жинаған екі қатысушыға теңдей бөлуге құқығы бар.

7. Қазылар алқасының отырыстары жабық түрде өткізіледі, қазылар алқасының шешімі соңғы шешім болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

8. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттамалар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіліп, фестивальдің ұйымдастру комитетінде сақталады.

9. Қазылар алқасы өз жұмыстарын осы Байқау туралы ереже аясында жүзеге асырады.

Наши рекомендации