Би: «Аяз ата» Нұрдәулет Еркош Парасат Ғалым Бекнұр

Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.

Аю: Фердоуси

Жаңа жылдың алдында қорықпа кел қоянжан

Ұйқымды ашып сергідім, тиіспеймін мен саған

Ұйықтамаймын мен бүгін! мерекені бүгінгі бірге қарсы алайық

би билейік,ойнайық.

Екеуі қол ұстаса билеп жүрген кезде алдынан түлкі шығады.
Түлкі: Нұриза
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: сендермен

Менде бірге билейін!

Қызықты да көңілді

Ән де айтып берейін

* Ертегілер әні . орындайтын: Нұриза аңдар билейді
Ортаға Қызыл телпек жүгіріп кіреді.

Қызыл телпек: - Көмектесіңдерші? Құтқарыңдаршы?
тәрбиеші: - Қызыл телпек, саған не болды?
Қызыл телпек: - Мен сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтауға келе жатыр едім, қасқыр жолығып, содан қашып келемін. Көмектесесіңдер ме, маған?:

Тәрбиеші: - Балалар, Қызыл телпекке көмектесеміз бе?
(залға алқынып қасқыр кіреді)
Тәрбиеші :- Ау, сәлеметсің бе, серім, қайдан жүрсің, алқынып? Жаңа жылын құтты болсын!

Қасқыр:Рысбек - Құтты болса, құтты болсын, әйтеуір етті болсын.

тәрбиеші: - Қасеке, бірдемеден айырылғандай көзіңіз алақ - жұлақ етеді ғой?

Қасқыр: - Әлгінде ғана Қызыл телпектен айырылып қалдым.

тәрбиеші:Қызыл телпек сенен қорыққан ғой.:

- Қасеке, бүгін мейрам, бүгін той.
Қулық - сұмдықты қой.
Оданда мерекені бізбен бірге тойла.
Қасқыр: - Онда менің көңіл - күйімді көтеріңдер.

тәрбиеші: кәне, Қызыл телпекке көмектесіп би билеп берейік.

қызыл телпек:

Жаңа жыл келді Ел көңілін көтерсін

Азаймасын ән мен жыр Құтты болсын жаңа жыл!

Би « Кукарелла»

Қасқыр: - Балалар, не деген әсем әуен, көңілді би, тіпті менде билеп кетіппін. Бірақ, мен сендермен ойнағым келеді. Жеңсеңдер Қызыл телпекті босатамын, жеңілсеңдер, орманға алып кетемін.

Тәрбиеші: - Балалар, қасқырмен бірге ойнаймыз ба? Ойын: «Сиқырлы арқан»

Тәрбиеші: - Қасеке, балалар, сені жеңді. Енді сен Қызыл телпекпен дос болуға уәде бер.

Қасқыр: - Жарайды, уәде беремін.

Қане, құшақ ашайық,

Достық тойын жасайық.

Достығымыз мықты болсын,

Бәрі бірге: Жаңа жылымыз құтты болсын!

Ән: Аяжанның орындауында «Қуырмаш» әнін қабыл алыңыздар.

Би: «Қояндар» биі Ернар Данияр Біржан Мирас

Т а қ п а қ т а р

  Тілеймін мен бар әлемге Дос көп болсын жаңа-жыл Ата-әже, ата-әже Құтты болсын жаңа жыл   Шыршаға бардық Әсем ән салдық Аяз атадан Сыйлықтар алдық       Аяз –ата ақ сақалды, Ақ таяқты паң ата, Асып өтіп асқар тауды Жеттің бізге таң ата   Жапалақтап ақша қар Жауды күнде қайталап Қырға шықты балалар Шаңғыларын арқалап.
  Жаңа жыл, жаңа жыл. Жаңа жылда-жаңа жыр. Жасыл шырша жанында Жадырап бар бала жүр.   Ән салайық,би билеп Жырдан шашу төгілді Бүгін бізде жаңа жыл Қандай қызық көңілді   Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағылған. Міне сұлу шыршамыз Көптен күтіп сағынған.     Аппақ қардай береке Даламызда самғасын Жаңа жылдай мереке таба берсін жалғасын

Н: Кәне барлығымыз бірге «Шырша жыры» әнін айтайық.

Би : «Шырша » Акжол Фариза Еркенур Жулдызай Айша Аяжан

Т а қ п а қ т а р

  Оралдың өлкеме, Жаңа жыл армысың. Оранды ақ көрпеге, Асқар тау, қарлы шың.   Әдемілеп біз ілген Ойыншықтар тізілген Қандай әсем шыршамыз. Ән шырқайық баршамыз.   О, жаңа жыл кел төріме Күттік қана сені біз Қуаныштың желкенінде Тербеледі еліміз.   Жамылған ақ мамық, ұлпа қар Нұрланар кең байтақ Отаным Бала жоқ сыйлықтан құр қалар Сыйлығы көп, Аяз атаның.
    Аяз ата сағынған Сәлем берді жұртына. Өзіңменен ілесіп Аяз ата келер деп.     Жаңа жылда жаңаша Тақпақ айтамыз. Болсын риза балаша, Әппақ Аяз атамыз       Той, мереке, салтанат Думандатты шартарап Келді, міне жаңа жыл Тартуларын арқалап     Жаңа жыл, жаңа жыл Сені күттім елеңдеп Ақ қырауға малынған Сақалы да, мұрты да     Шыршамыз да керемет Ойыншықтар тағылған Алыс жақтан келіп тұр Аяз ата сағынған.
         

Хор: «Жасыл шырша жанында»

Би: «Клоун» Арай Айзат Сабина. Бекбол Ерзат Ибрахим

Тәрбиеші:Аяз ата, біздің балалардың өнері ұнап жатыр ма,сіздерге .Ендеше біздің топтағы кішкентай аяз аталардың жаңа жылдық биін тамашалаңыз.

Би: «Аяз ата» Нұрдәулет Еркош Парасат Ғалым Бекнұр

Аяз ата: - Керемет өнерлі балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын.

Өнерлеріңді көріп,көңілім көтеріліп калды- ау, Ал Ақшақар қызым,әкелген сыйлықтарымызды балаларға таратып берші. ( сыйлық таратады)

Ал, енді балалар, мен кетейін, сендер сияқты әлі көп балалар бар, соларға баруым керек. Мен ендігі жылы тағы келемін, өздеріңді әрқашан тәртіпті ұстаңдар! Жаңа жыл құтты болсын!

Тарбиеші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келді міне, жаңа жылым бақыт тасып.

Жаңа жыл құтты болсын баршамызға! Осымен жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар! Жаңа жыл құтты болсын!

Наши рекомендации