Эскалатормен жүру тәртібі

Эскалатор – қауіптілігі жоғары техникалық құрал​.

Эскалаторда тұрғанда келесі жүру тәртібін қадағалау қажет​:

1. Қозғалыс бағыты бойынша оң жақта тұрып, тұтқадан ұстап тұрып, сол жақпен өту керек​;

2. Жолаушылар ағымы көп болған жағдайда метрополитен жұмыскерлерінің нұсқауы бойынша эскалатор төсемі баспалдақтарының сол және оң жағында тұру​;

3. Эскалатордан түскен кезде мұқият болу керек: түсуге ертерек дайындалып, және шығатын жерде кідіріп қалмау керек​;

4. Эскалатордан түскен кезде эскалатордың жылжымалы төсемінен арба сөмкелерін және ұзын киімнің етектерін көтеру керек​;

5. Кішкентай балаларды қолда көтеріп тұру немесе қолдарынан ұстау керек​;

6. Балаларды эскалаторда қараусыз қалдыруға болмайды​.

Эскалаторды қолданған кезде​:

1. Эскалатор баспалдақтарында шектеулі сызыққа басуға​;

2. Эскалатордың қозғалмайтын бөліктеріне сүйенуге​;

3. Сөмкені және жүкті эскалатор баспалдақтары мен тұтқасына қоюға​;

4. Эскалатор баспалдақтарына отыруға рұқсат етілмейді​.

Эскалатормен жүру тәртібі - student2.ru

Жібек жолы» бекеті

«Жібек жолы» бекеті – терең орналасқан. Панфилов және Гоголь көшелері қиылысқан жерінде тұр. Жер асты вестибюліне кіре-берістер және шығатын жерлер Гоголь мен Панфилов көшелері қиылысының оңтүстік шығысында орналасқан.​

Интерьердің сәулет-сурет шешімі қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін дәстүрлі қабылдауға негізделген. Қабырғалар сарғыш түсті мәрмәр мозаикамен қапталған, жасанды тастан дайындалған сәндік элементтермен безендірілген. Өтетін жерлердің аркалары және плинтус қоңыр түсті мәрмәрдән жасалған. Еденге ұлттық ою-өрнек бейнеленген граниттік тақталар төселген.

Алмалы» бекеті

«Алмалы» терең орналасқан бекет. Қарасай батыр және Панфилов көшелерінің қиылысқан жерінде тұр. Кіре-берістер мен шыға-берістер Панфилов көшесінің шығысына қарай, Қарасай батыр көшесінің солтүстігіне қарай орналасқан.

Бекет қабырғалары суреті ұлттық ою-өрнекті бейнелейтін мәрмәр мозаикамен қапталған. Жарықтандыру көзі тоттанбаған болаттан жасалған карниздер үстінде орналасқан сәндік люстралар мен шамдар болып табылады. Өтетін жерлердің аркалары және плинтус — қоңыр түсті мәрмәр. Едендерге граниттік тақталар төселген. Платформаның шетжағында жасанды қара көлеңкесі бар суреттік-тақырыптық витраждық панно орналасқан. Панноға ежелгі қаланың және гүлденген бақтың идеясы салынған. Композиция үш бөліктен тұрады: оң бөлігі — Алмалы ежелгі қаланың кескіндерімен бақтың гүлденуі. Сол бөлігі — керуен сұлбасы бар жемістердің пісуі. Орталық бөлігі — алма ағашы жемісі, жемістілік, тіршілік және аманшылық шежіресі символы ретінде​.

«Байқоңыр» бекеті терең салынған. Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында орналасқан. Жер асты вестибюліне кіре-берістер мен шыға-берістер Байтұрсынов көшесі бойында Абай даңғылымен оңтүстік шығыс және оңтүстік батыс қиылысында орналасқан. Оңтүстік-шығыс кіре-берісі көтерілу биіктігі 6 м, ұзындығы 12 м екі таспалы эскалатормен жабдықталған.​

Бекет дизайны замануи стилде жасалған, Байқоңыр космодромымен байланысты. Қабырғаларды әрлеу үшін көгілдір және ашық сұр түсті металл панельдермен қапталған. Еденге сұр түсті гранит төселген. Платформалық учаскенің шетжағында 16 жарықдиодты дисплейлерден жиналған «бейнеқабырға» жарнамалық-ақпарат таблосы орнатылған​.

«Байқоңыр» бекетінен жақын орналасқан нысандар:

- Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы

«М. Әуезов атындағы театр» бекеті терең салынған. Абай даңғылы және Мұқанов көшесіқиылысы ауданында орналасқан. Жерасты вестибюліне кіре-берістер мен шыға – берістер Абайдаңғылының солтүстік және оңтүстік жақтарында Жандосов көшесі ауданында орналасқан.Вестибюльге Абай даңғылына көлденең орналасқан жүргіншілер өткелі келеді.

Бекет интерьері әрленген қабырғалардан және гиперпласттан жасалған және ұлттық ою-өрнектермен және көшпенділердің тұрмысынан жасалған көріністермен (16 көрініс – залдың әрбір жағынан 8-ден) орындалған қойылған көлемдік медальондарымен травертина плиткалары бар бағаналардан орындалған. Қабырғалар да жасанды тастан жасалған карниздік пішінмен әшекейленген. Граниттік едендер жай, ірі суретпен. Платформаның шет жағында спектакльден сахнаны бейнелеумен көркем сурет мозаикалық панно орналасады​.​

Наши рекомендации