Рылыста өрттің алдын алу.

Өрттің алдын алу шаралары:

· Құрылыстық-жобалау;

· Техникалық;

· Өрті сөндіру әдістері мен құралдары;

· Ұйымдастырушылық.

Құрылыстық-жобалау жұмыстары ғимараттар мен жайлардың отқа төзімділігімен (құрылыс материалдарын таңдау, жанатын, жанбайтын, қиын жанатын) және олардың отқа шыдамдылығының шегімен сипатталады. Барлық құрылыс материалдары отқа төзімділігі жағынан 1/7 сағ пен 2 сағ аралығында 8 дәрежеге бөлінеді. ВЦ ғимараттары үшін 1-5 дәрежедегі төзімділік шегіндегі материалдар пайдаланылады. Отқа төзімділігіне байланысты өрт жағдайында эвакуациялану үшін шығудың қосымша қашықтығы анықталады (5 дәреже – 50 метр). Техникалық шаралар – эвакуациялау кезінде желдету, жылыту, жарықтандыру, электрмен қамтамасыз ету, т.б. қорғаныс жүйелерінің өртке қарсы нормаларын сақтау; технологиялық процесс параметрлері мен құрал-жабдықтардың режимдерін сақтау. Ұйымдастырушылық шаралар – өрт қауіпсіздігі оқуларын жүргізу, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау. Өрт сөндіру әдістері мен құралдары:

1. Ауадағы оттегінің концентрациясын азайту;

2. Жанғыш заттардың температурасын тұтану температурасына дейін төмендету;

3. Жанғыш заттарды изоляциялау: су, құм, көбік, ұнтақ, жануды қолдамайтын газ тектес заттар (хладон), инертті газдар, бу.

Өрт сөндіру құралдары:

І. Қол құралдары:

1.1 химиялық көбікті өрт сөндіргіштер;

1.2. көбікті өрт сөндіргіштер;

1.3. Ұнтақты өрт сөндіргіштер;

1.4. Көмір қышқыл, бромэтильді өрт сөндіргіштер.

ІІ. Өртке қарсы жүйелер:

2.1.Сумен қамтамасыз ету;

2.2. Көбікті генератор

ІІІ. Автоматты сигнализацияны пайдаланып, автоматты өрт сөндіру жүйесі:

3.1. Өрт туралы хабарлағыш (жылулық, жарықтық, түтінді, радиациялық);

3.2. ВЦ үшін жылулық ДТЛ типті датчик-хабарлағыштар, РИД типті радиоизотопты түтінді

хабарлағыштар пайдаланылады.

Автоматты өрт сөндіру жүйесінде жануды сумен өшіру үшін спринклер мен дренчер құрылғылары пайдаланылады. Электрлік өрт хабарлау сигнализациясы жүйесіндегі датчикті қабылдаушы станциямен қосу әдісі - параллель және кезекті түрде болады.

1.Стационарлық қоректену жүйесі;

2.Қабылдаушы станция;

3.Аккумулятор

Өртті сөндіру құралдары ретінде теміржол көлігінде суды, химиялық және ауа-механикалық көбікті, инертті газдар мен буларды, құм немесе топырақты, өртүрлі тығыз және өртке шыдамды металдарды, т.б. заттарды пайдаланады.

Өртті сөндірудің алғашқылық құралдары. Өртті сөндірудің алғаш-қылық құралдарына қолдық және жылжымалы өрт сөндіргіштер, шелектер, суы бар бөшкелер, күректер, құмы бар жәшіктер, киіздер, ломдар, балта т.б. жатады. Оларды стационарлы және жартылай стационарлы өртті сендіру құралдарын пайдаланғанша орташа өртті сөндіруге пайдаланады. Алғашқылық сөндіру құралдарын бояу және орналастыру ГОСТ 12.4.026-76 талаптарына сәйкес орындайды. Көмір қышқыл өртін сөндіру құралы 3 типтік болады: ОУ-2; ОУ-5; ОУ-8 (цифрлар баллондар сиымдылығын білдіреді) олардың сұйық және қатты заттарды, кернеу астында тұрған электроқондырғылардағы өртті сөндіру үшін қолданады. Бұл құралдардан басқа өртті сөндіру үшін автонасостарды және өрттік поезддарды қолданады. Өртті сөндіру күші мен құралдар санын анықтау әдістемесі өртті сөндіретін заттардьщ шығынын, техникалық құрылғылармен адамдардың санын есептеуге негізделген. Қажетті өртті сөндіретін заттың шығынын өрттің ауданы, ерт болған бөлме көлемі бойынша есептейді. Өрттің ауданы бойынша есептегенде шығынды келесі өрнекпен анықтаймыз (м/с).

Өрттің тік бұрышты формалы ауданы бойынша есептегенде шығынды келесі өрнекпен анықтаймыз:

а) QТР = 2·h·IТР (А+В-2·L)

мұндағы һ - су ағынымен жабылатын ара қашықтық, м.

(қол стволдары үшін һ = 5м; лафетті стволдар үшін һ = 10м;);

А,Б - сәйкесінше орташа ауданның ені мен ұзындығы,м;

Ітр - аудан бірлігінде өртті сөндірілетін заттың берілу қарқындылығы, (л/м2х с) бұл көрсеткіш арнайы кестелерден алынады.

А = 2 ·Lкезінде өрт ауданы су ағынымен жабылып, сөндіру ауданы өрт ауданымен теңеседі. Онда QТР = А·Б·Ітр

Өрт ауданы айнымалы форма кезінде,(м2):

QТР = π·Ітр (R2-r2)

мұндағы һ - өрт ауданының радиусы, м;

r -сумен жабылмайтын өрт ауданының радиусы, м.

(r=R - L), R = L кезінде QТР = π·R2 Iтр

Өрт ауданы бұрыштық форма кезінде,(м2):

QТР = 0.25·Iтр (R2-r2)

R = L кезінде QТР= 0.25·π· R2 Iтр

Егер есеп бөлме көлемінде жүргізілсе, онда өртті сөндіру үшін инертті сулармен буларды пайдаланғанда олардың шығыны төмендегі керсеткішке тең болады:

QгТР= рылыста өрттің алдын алу. - student2.ru

мұндағы V - өрт болып жатқан бөлме көлемі, м3;

QК- өртті сөндіретін концентрация, %

рылыста өрттің алдын алу. - student2.ru - өртті сөндіретін заттың орташа тығыздығы, кг/м3;

α - өртті сөндіруге шығындалған газ немесе бу көлемінің, олардың өзіндік көлеміне қатынасы бойынша анықталған жағу коэффициенті (жабық бөлме үшін ол 1,6-2 аралығында, ашық бөлме үшін 5-ке тең).

рылыста өрттің алдын алу. - student2.ru н - нормативті жану уақытының тоқтауы (бу мен газдар үшін 3 минутқа тең).

Техникалық құралдар санын есептеу. Өрт сөндіретін техникалық құралдар санын есептегенде стводдар, өрт автомобильдері және әртүрлі мақсатты техниканың қажетті санын анықтаймыз,(дана):

NCT = рылыста өрттің алдын алу. - student2.ru

мұндағы рылыста өрттің алдын алу. - student2.ru - өртті сөндіретін заттың қажетті шығыны, л/с;

рылыста өрттің алдын алу. - student2.ru - 1 стволмен заттың шығыны, л/с.

Наши рекомендации