ДƏРІС. Пәннің мақсаты және мәні. Методологиялық негізгі түсінік

«Материалды методологиялық талдаужәне машинажасаудағы технологиялар» пәні профильді пәндер жүйесіндегі міндетті компоненттерге жатады және конструкциялық пен функциональды материалдардың талап етілетін құрылым және қасиет деңгейлерін білім алуда қалыптастырады. Легірлеуші элементтер ұстанымдары мен түрлі мақсаттарда қолданылатын материалдарды өңдеу режимдерін таңдау жөнінде түсініктер негізгі білім ретінде қабылданады.

Пәннің міндетіне терия және іс жүзінде қорытпалардың ғылыми синтез негіздерін пайдалану арқылы материалдарды алудың тиімді құрамы мен технологиясын жүйелі түрде зерттеу әдістері және легірлеуші элементтердің пайдалану мен технологиясық қасиеттерге әсерін игеру жатады.

Пәннің мақсаты қажетті көлемде білім, қабілеттілік және дағдыны материалдың құрылымы мен сапасының берілген деңгейіне жету үшін оның негізін, легірлеуші элементтер мен өңдеу тәсілдерін және элементтердің бағасын ескере отырып таңдауда өз бетінше шешім қабылдау үшін қолдану.

Методология (грек. methodos – зерттеу жолы, теория, ілім) – жалпы философиялық түсінік бойынша білімсіздіктен білімділікке жол табуы. Жалпы түрде методология – философиялық ілімді тану туралы және ақиқаттықтың өзгерістеріне қарамастан, әлемтану ұстанымын түсіну, тану процесінде, сонымен қатар, рухани және тәжірибие жүзінде қолдану.

Техникалық ғылымдар мен өндіріске байланысты методология – құрылым туралы түсінік, құру ұстанымы, логикалық ұйымдастыру, пішіндер, тәсілдер, ғылыми танымның және қызмет (материалдардың, техникалық және инженерлік өнімнің) нысанының өзгерісінің тәсілдері.

1.1 Негізгі ұғымдар, терминдер және таным үдерістеріндегі терминология

Ұғым – жалпы және ерекше белгілері бойынша ерекшеленентін және жалпыланатын нысандар категориясы. Мысалы: металл, металл емес, қорытпалар, құрам, құрылым, температура, деформация, өңдеу, айналу және т.б.

Термин (лат. terminus - шекара, шек), төл научно-практического мағынаның түсімен жарататын сөз немесе сөздің тіркесі заттық облыстың элементтерін при талғап-талдап түсіндіруде(түсіндірмеде, түсіндірмеде) білдіремін. Айталық, фаза, кристалдану, балқу, сублимация, илемділік, баян, тұтқырлық, трещиностойкость, износо-стойкость, шынықтырылатындық, легирование, түрөзгертушілік және др.

Термин(латынша terminus – шекара, шек) ғылыми тәжірибеде қолданылатын ерекше мағынасы бар сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығы. Мысалы, фаза, кристалдану, балқу, сублимация, илемділік,беріктік, тұтқырлық, жарыққа тұрақтылық, тозуғатөзімділік, шынығу қабілеттілігі, легірлеу, т.б.

Терминология – қандайда бір ғылымның, техниканың, технологияның, өнердің, мәденитеттің, денсаулық қорғаудың және т.б. салалардың терминдер жиынтығы. Мысалы, шынықтыру, босату, ескіру, жасыту – термиялық өңдеу; соғу, баспалау, штамптау, созу – металды қысыммен өңдеу; эвтектика, перитектика, монотектика, эвтектоид, мартенсит, синтектика – фазалық айналулардың фазалық өнімдері және т.б.

Әдіс -қандайда бір мақсатқа жетудің жолы немесе тәсілдердің жиынтығының қатысуымен нақты тапсырманың орындалуы немесе теориялық және тәжірибелік таным операциясы. Объективті және субъективті танымды (көзқарасты) біріктіреді. Тәсіл объективті, өйткені ақиқатты және оның байланыстарын сипаттайды. Сонымен қатар әдіс субъективті, өйткені зерттеушінің (маманның) ойлау құралы (өнімі) жеке ерекшелігіне байланысты.

Әдістердің жіктелуі:

– ғылымның және техниканың барлық аймағына, зерттеулердің және сынаулардың барлық деңгейлеріне әсер ететін жалпы түрі. Диалектикалық әдіс негізгі болып саналады, ол сыналатын объектілердің даму, өзгеріс және ақиқаттың арасындағы нақты және алуан-түрлі байланыстарды қарастырады;

– ортақғылыми түрі, яғни барлық ғылымдарда қолданылады: табиғи, техникалық, қоғамдық және т.б. Теориялық және эмпирикалық (тәжірибиелік) болып бөлінеді;

– дара (жеке) түрі, яғни белгілі бір ғылымға немесе белгілі бір ғылыми-техникалық аймақта, қоғамдық-саяси, экономикалық-әлеуметтік және т.б. қызмет түрлерінде қолданылады;

– арнайы және арнаулы (белгілі ғылымда, техникада, өңдірісте).

Әдістердің осылайша жіктелуі шартты және танымның дамуы кезінде бір түрден екінші түрге өтуі мүмкін.

Наши рекомендации