Модифицирленбеген полиэфирлер.
Синтетикалық үлдіртүзгіш заттар
СБМ технологиясында кеңінен қолданылатын әр түрлі синтетикалық полимерлер поликонденсация, полимеризация және полиқосылу реакцияларымен алынады. Көбінесе сыр-бояу өндірісінде поликонденсациялық үлдіртүзгіштер қолданылады, себебі олардың негізінде әр түрлі сыр-бояу композициясын және арнайы қасиетті жабындылар алуға болады.
Полиэфирлер
Полиэфирлер көпатомды спирттер және көпнегізді органикалық қышқылдардың поликонденсация өнімдері болып келеді. Полиэфирлердің полиэфирлердің ерекшелігі ОСО тобының болуы. Бастапқы заттардың түрлілігі химиялық және тасымалдау қасиеті әр түрлі полиэфирлерді синтездеуге мүмкіндік береді. Полиэфирлер қатты және сұйық бола алады, олардың кейбіреуі жай температурада, ал екіншілері – тек қыздырғанда қатая алады. Олар эластикалық немесе морт жабындылар түзе алады; олардың кейбіреулерінің үлдірлері жоғары электроизоляциялық қасиетті болады. Полиэфирлерді басқа үлдіртүзгіштермен біріктіргенде жабындылардың жақсы қасиеттері артады. Бұлардың барлығы, сонымен қатар көптеген шикізаттарының арзандығы полиэфирлердің сыр және бояу технологиясында кеңінен қолданылуына әкеледі.
Химиялық құрылысына байланысты модифицирленбеген және модифицирленген, қанықпаған және қаныққан полиэфрлер болып бөлінеді.
Полиэфирлерді алудың химиялық негіздері
Полиэфирлерді синтездеуге бір-, екі-, үш-, төртфункционалды қосылыстар қолданылады. Көпфункционалды қосылыстар торлы құрылысты макромолекула түзеді. Мұндай полимерлер нашар ериді және сырды дайындауға қолданылмайды. Азтармақталған молекулалы олигомер алу мақсатында, үш- және төртатомды спирттер негізіндегі жақсы еритін полиэфирлер алу үшін синтезді поликонденсацияның бастапқы сатысында тоқтату қажет. Мысалы, глицериннің фталь ангидридімен глицериннің артық мөлшерінде олигоэфир алу жолы:
Полиэтерификацияның негізгі реакциясы келесі реакциялармен күрделенеді:
Реакцияласпаған спиртпен алкоголиз:
Реакцияласпаған қышқылмен ацидолиз:
Реакция суымен гидролиз:
Декарбоксирлеу:
Модифицирленбеген полиэфирлер.
Екіфункционалды қаныққан спирттер мен қышқылдардан сызықты құрылымды полиэфирлер алынады. Мұндай полимерлер жоғарыэластикалық қасиетпен, бірақ қатты, берік үлдір түзе алмайды. Сондықтан екіатомды спирттен басқа үшатомды спирт – глицерин қолданылады.:
Алынған олигоэфир бос гидроксилді тобы бар, сол бойынша жабындыда басқа полимерлі молекуланың крбоксил тобымен әрекеттесіп, торлы құрылым түзеді.
Мұндай торлы құрылымды олигоэфирлердің түзілуі жабындыда бос функционалды топтардың поликонденсация реакциясы нәтижесінде түзеді. Бұл үрдіс 200°С температурада катализаторсыз немесе жай температурада қышқыл катализаторлар қатысында жүреді. Түзілген торлы құрылымды модифицирленбеген полиэфирлер негізіндегі жабындылар жоғарғы морттылығымен, төменгі эластикалығымен, нашар адгезиямен, жоғарғы қаттылығымен сипатталады. Сыр және бояу технологиясында модифицирленбеген полиэфирлер басқа үлдіртүзгіштердің модификаторлары ретінде қолданыс тапты.