II.Үй тапсырмасын тексеру. II.Үй тапсырмасын тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

1) Қазақстан аумағында архитектуралық ескерткіштерді айту.

2) Олардың салынған уақытын айту.

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Мәдениет.

2) Рухани мәдениет.

3) Материалдық мәдениетке шолу.

III. Жаңа сабақ.

ХҮІ – ХҮІІ ғғ қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ол жаңа заманға сай дамып отырды. Қазақ халқының мәдениеті - өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып, жетіліп отырды.
Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата – бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.
ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда қазақ халқы мәдениетінің өркендеп, дамуына феодалдық соғыстар кедергі болды. Әсіресе ХҮІ – ХҮІ ғғ Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мәдениетіне ауыр зардабын тигізді.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті ХҮІ – ХҮІІ ғғ кеңінен өркендеді. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарған», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай» т.б. ХҮІ – ХҮІІ ғғ өмір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар, Үмбетей.
ХҮІ – ХҮІІ ғғ – қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды. Исламды таратушылар – Түркістан, Бұхара, Астарханның дінбасылары.
Тұрғын үй түрлері: киіз үй және шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үй. Жазғы үй түрлері: киіз үй және арба үстіне тігілген жылжымалы үй – күйме.
Қысқы киімдері: күпі, шидем, ішік, тон, шалбар, жарғақ шалбар, тымақ.
Ұлттық тағам түрлері: ет, сүт, май, қымыз, шұбат, айран, қатық, құрт, ірімшік, жент.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Рухани мәдениет дегеніміз не? Оған мәдениеттің қай салалары жатады?

2) Халықтың күнтізбесінің ерекшелігі неде? «Жұлдызды әуе картасы» дегенді қалай түсінесің?

3) Қазақтар арасында ислам дінін кімдер таратты?

4) Қазақ ауыз әдебиетінің бай мұрасы ұрпақтан – ұрпаққа қалай жетті?

5) Қазақ халқының ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы мәдениетінің даму ерекшелігі қандай?

V. Бағалау: Әр оқушыға тиісті баға қою.

VI. Үйге тапсырма: үйде рухани мәдениет туралы оқу, қазақ халқының ертегілерін конспектілеу.

Сынып: 5 «а». Сабақ №:______21_____ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының шешендері, айтыс өнері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Қазақ халқының шешендік сөз өнері түрлерін, маңызы мен мазмұнын түсіндіру. Сырым Датұлы және басқа шешендер туралы мәлімет беру. Қазақ халқының шешендік өнерінің дамуына үлес қосқан шешендер – халқымыздың мақтанышы екенін түсіндіру. Тарихи қайраткерлерге сипаттама беру біліктерін дамыту;

Дамытушылық : Алған білімдерімен, өмірімен байланыстыра отырып, өз беттерімен ізденіп оқуларын қалыптастыру;

Тәрбиелік : Сөз қадірін білуге, сөз құдіретін түсінуге, сөзге тоқтауға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, тапсырма орындау.

Негізгі ұғымдар: шешен, шешендік өнер, Сырым батыр, билер.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

1) Қазақ халқының рухани мәдениеттің салаларын айту.

2) Қазақ халқының діні туралы айту.

3) Қазақ халқының рухани мәдениеттің басқа да ерекшеліктері айту.

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Шешендік өнер.

2) Сырым Датұлы шешендік өнері.

III. Жаңа сабақ.

1. Шешендік өнер. Шешендік өнер Египет, Ассирия, Грекия, Рим, Үндістан сияқты елдер мен қазақ жерінде ежелден дамыған. Шешен латын сөзі – көпшілік алдында сөз сөйлеуші адам дегенді білдіреді.

Шешендік сөз дегеніміз – бір мәселе бойынша тапқыр ой, көркем тілмен айтылған, халық қабылдаған жүйелі, үлгілі сөздер.

Нағыз шешен хан мен сұлтаннан қаймықпайтын, батыл да әділ, заңды жақсы білетін адам болған. Қазақ шешендерінің ұлағатты сөздері ұмытылмай, ауыздан-ауызға көшіп, бүкілхалықтық мұраға айналған. Төле, Қазыбек, Әйтеке, Майқы би, Жиренше, Асан қайғы, Сырым, Бөлтірік шешен мұралары жасқа да, үлкенге де үлгі-өнеге.

Шешендік сөздерге – жер дауы, жесір дауы, не ердің құнына байланысты билік-төрелік сөздер де жатады. Шешендер ақындар сияқты арнайы өнер жарысына түспеген. Олар бір даулы мәселені шешу барысында ғана өнерін таныта білген.

2. Сырым Датұлы шешендігі. Сырым жастайынан шешендігімен көзге түсіп, бала би атанған.

Ол ерекше күш-жігерлі, терең ойлы, батыл, тапқыр, айлакер адам болған. 40 жігіттің ішінен Сырымды жазбай таныған қарындасы: «Сырымда үш қасиет бар: бірінші – батырға біткен тұлғасы, екінші – өжет мінезі, үшіншісі – асқан даналығы».

Патша отаршыларының кесірінен қазақтар сулы, нулы жерінен, қоныс-мекенінен айырылған кезде, Сырым батыр адамның жанына бататындай сөз сөйлейді. Ел татулығын сақтауға, жерін қорғауға шақырады.

Шешендердің өткір де әділ, ұтқыр сөздері келешек жастарға үлгі-өнеге. Олар елін бірлікке, татулыққа шақырады, әділдікке, адамгершілікке баулиды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Сызбаны толтыру.

Шешендік өнер
Орыс жері: ?
Грекия: ?  
Рим: ?  
Қазақ мемлекеті: ?  

2) Шешендік өнер дегеніміз не ?

3) Шешендік өнер қандай елдерде кең таралған ?

4) Қазақ мемлекетінде шешендер қандай мәселелерді шешкен ?

5) Сырым батыр халықты неге шақырды ?

V. Бағалау: Әр оқушыға тиісті баға қою.

VI. Үйге тапсырма: үйде оқу, мазмұндау.

Сынып: 5 «а». Сабақ №:______22_____ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының музыка, күй өнері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың алған білімін толықтыру, Қазақтың ұлттық мәдениетінің маңызын түсіндіру, халық композиторларының шығармаларын тарихи талдау. Құрманғазының өмірімен, қызметімен таныстыру. Композиторлар – ел мақтанышы екенін түсіндіру;

Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қиялын ұшқырлау, түлға ретінде жұмыс істеуге баулу;

Тәрбиелік : Балалардың өнерге деген қызығушылығын туғызу эстетикалық талғамын дамыту, ұлтжандылыққа баулу. Өнер адамдарына деген құрмет сезімін тәрбиелеуге көмектесу. Тарихи қайраткерлерді сипаттай білу біліктерін одан әрі дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, тапсырма орындау.

Негізгі ұғымдар: күй, терме.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Наши рекомендации