Абатты гидравликалық жару
Қабаттың гидравликалық жарылуының мәнісі, ұңғымаға айдайтын сұйықтықпен ұңғыма түбінде жоғары қысым жасағанда, қабатта жарықшақтардың түзілуі мен кеңеюіне негізделген. Пайда болған жарықшақтар қысымды түсіргеннен кейін қайтадан бірікпес үшін, оларға сортталған ірі түйіршікті құм айдайды.
Қабатта түзілген жарықшақтар немесе ашылған және кеңейген жарықшақтар басқалармен байланысып, мұнай мен газдың өткізгіштері болып қалады, ол ұңғыманы забойдан алыс жатқан қабаттың өнімді аймақтарымен байланыстырады. Қабат тереңдігіндегі жарықшақтардың болу ауданы бірнеше ондаған метрге дейін жетуі мүмкін.
Ірі түйіршікті құммен толған, ені 1-2 мм болатын жыныста түзілетін жарықшақтардың өтімділігі жоғары болады.
Қабаттың гидрожарылуынан (ҚГЖ) кейін ұңғымалардың өнімділіктері бірнеше есеге артады. ҚГЖ операциясы мынадай сатылы кезеңдерден тұрады: 1) қабатқа жарықшақтар түзу үшін үзілу сұйықтығын айдау; 2) құм тасушы-сұйықтықты айдау; 3) жарықшаққа құмды жаншып енгізу үшін сұйықтық айдау.
ҚГЖ кезіндегі жарықшақтарды толтыруға арналған құм мынадай талаптарды қанағаттандыру қажет:
1) Жарықшақтарда сенімді, берік құмды жастықшаларды түзу үшін және жыныстар салмағы әсерінен бұзылмауы үшін жоғары механикалық беріктігі;
2) Жоғары өтімділікті сақтауы керек.
Мұндай құмға ірі түйіршікті және гранулометриялық құрамы бойынша біртекті, түйіршектерінің өлшемі 0,5- тен 1,0 мм дейін болатын кварц құмы жатады.
Қабатқа айдау үшін қажетті құмның мөлшері жыныстардың жарықшықтық дәрежесіне байланысты болады. Күшті жарықшақтанған жыныстарға(әктастар мен доломиттер) бірнеше ондаған тоннаға дейін құм айдалады. Құмдақтардан және аз жарықшақты әктастардан құралған қаттардағы бір ұңғымаға 8-10 т құм айдаған дұрыс.
Қабатты гидрожарудың технологиясы мынадай: алдымен ұңғыма забойын құм мен саздан тазартады және қабырғасын ластайтын шөгінділерден тазартады. Кей кезде ҚГЖ алдында тұз қышқылдық өңдеу немесе қосымша перфорация жүргізген жөн. Мұндай жағдайларда жарылу қысымы төмендейді де, оның тиімділігі артады.
Жуылған және тазартылған ұңғымаға диаметрі 89 мм- ден кем емес құбырларды түсіреді. Олардың бойымен жарылу сұйықтығы забойға бағытталады. ҚГЖ кезінде диаметрі кішкентай құбырларды пайдалану тиімсіз, өйткені олармен сұйықтықты айдағанда қысымның көп шығыны болады.
Шеген бағананы жарылатын қабат үстіне түсетін жоғары қысымның әсерінен сақтау үшін пакер қойылады. Ол ұңғыманың сүзгі аймағын жоғары жататын бөліктен толық ажыратады, бұл кезде сорғылармен жасалатын қысым тек сүзгі аймағы мен пакердің төменгі бетіне әсер етеді. Егер сәйкесті шаралар қолданылмаса, пакер сорғы-компрессорлық құбырлармен бірге жоғары көтеріледі, бұған жол беруге болмайды. Мұны болдырмас үшін құбырларға гидравликалық якорь қояды.
Құбырларға сұйықтықты айдағанда қысым гидравликалық якорьдың поршеніне әсер етеді, нәтижесінде олар өздерінің ұяларынан шығады да, шеген бағанаға жабысып қалады. Поршеньдердің шетіндегі сақиналық қырлар бағанаға соқтығысып, сорғы-компрессорлық құбырлардың қозғалуына кедергі жасайды.
Ұңғыма сағасы арнайы басымен жабдықталған, оған ұңғымаға жарылу сұйықтықтарын айдауға арналған агрегаттар жалғанады.
Ыманы тексеру
Ұңғыманың сүзгілейтін бөлігін және тізбектің жағдайын, ұңғымада қалған сорапты- компрессорлы құбырлардың, штангілердің, сораптардың және басқа да аспаптарды қаңқасы қалыңдығы 8-10 мм қорғасын қаптамасымен қапталған арнаулы мөрлермен қондырады.
Жазық мөр-ұңғымадағы аппатты жер асты жабдығының тереңдігін, оның ұштарының және шегендеу бағанасының өтпелі воронкасының (құйғыштың) жағдайын анықтауға арналған. Мөрдің қорғасын қабығының цилиндрі бөлігінің диаметрі тексерілетін бағананың ішкі диаметрінен 10-12 мм аз болады.
Конусты мөр-пайдалану бағанасының қабырғасының сүзгілейтін бөлігін, күрделі бұзылған учаскелерінің майысуы мен жарықшақтарының іздерін алуға арналған.
Конусты мөрдің қорғасын қабығының кең бөлігі бағанасының ішкі диаметрінен 6-10 мм аз етіп дайындайды, ал конустың төменгі бөлігі кең бөлігінен 50-55мм аз болады.
ПУ-2- Әмбебап мөрі- қорғасынды мөрден ерекшелігі, ол алюминийлі қабықтан және қаңқадан, қысқыш құрылғы мен өткізгіштен тұрады. Қаңқа 3 цилиндрлі денелі оның жоғарғы ұшында өткізгіш 9 астында конусты бұранда ойылған. Қаңқаның қалың бөлігінде төменінен ауыстырмалы резинкалы стакан 1 және алюминийлі қабық 2 кигізеді. Қаңқаға бұралған төрт бұрамамен (винтпен) стакан ұсталынып тұрады. Қаңқаның цилиндрлі бөлігіне шпонка 4 пісірілген, ал бірнеше жоғары трапециялы бұранда ойылған, оған гайка 6 бұралады.
Қысқыш құрылғы гайкадан және сығу төлкеден 5, ішкі жағында шпонкалы ойығы бар және ол қаңқаға еркін кигізетін мөрден тұрады. Гайка және сығу төлкесі 5 өзара винтпен байланысқан, оның ұштары сығу төлкесінің сақиналы ойығына кіреді. Гайка 6 айналу кезінде соңғысы өзінің шетімен шпонка бойымен сығу төлкесін сығады (итереді) да сонымен оны қозғалысқа алып келеді.
Гайка 6 өздігінен бұралып кетеді және алюминийлі қабықтан босату үшін шайба 7 контргайка 8 қарастырылған.
Жиналған түрдегі мөрді сорапты-компрессорлы құбырларда және бұрғылау құбырларында ұңғымаға түсіреді.
Тексеру объектінің жоғарғы ұшына жеткізбестен мөрді түсіруді баялаулатады, әрі қарай оның түсуі мен отырғызылуын жуу сұйықтығымен жүргізіледі. Сонымен мөрге берілетін сығу жүктемесі, 1,5-2,0 тк құрайды, ол ұңғымада қалған заттың жоғары ұшының алюминийлі шетінде есептелмелі дәлел алуғаға жеткілікті болады.
Сығу жүктемесінің әсерінен алюминийлі қабық пен резиналы жастық деформацияға ұшырайды. Жүктемені түсіргеннен соң бағананың деформациясы туралы дәлел ұңғымадағы заттың формасы мен өлшемдерін алуға болады.
Ұңғымадан мөрді көтерген соң дәлелі бар алюминийлі қабықты шешеміз, қажет жағдайда ұңғыманың сағасында сол кезде келесі қолдану үшін жаңа алюминийлі қаптамамен қаптайды.
Гидравликалық мөр - ПГ-146-1-146 мм пайдалану тізбегін тексеруге арналған. Ұңғымаға мөрді түсіретін құбырларға сұйықты айдайды. А-саңылауы арқылы өтіп, ішкі құбыр арқылы өткен сұйықтық резиналы элементке түседі, ол тізбектің ішкі қабырғасына тығыз жабылады. Қысымды 12 МПа дейін жеткізіп, 5 мин ішінде ұстап тұрады.
ПГ-146-1 гидравликалық мөрі анологиялық құрылғыларынан айырмашылығы шегендеу тізбегінің және резиналы элементтің барлық алаңы бойынша жанасытан беттерінің тізбегінің бұзылу конфигурасын және сипаттамасы туралы анық мінездеме алады.
Аулау жұмыстары кезінде кезінде аулау аспабын дұрыс таңдау үшін аппатты құбырларының ұштарын және апатты жерасты жабдықтарын алу үшін жұмыстарын да тексеру қажет.
Мөрді түсіру, көтеру және тексерілетін жерге орнату және апатты жабдығының ұшына орнату шебер бақылауымен жүргізілу керек. Мөрді орнату екі рет жүргізілмейді, өйткені ол дәл емес және дұрыс емес ізді береді. Ұңғымадан мөрді көтерген соң металл заттар мен қорғасын қабықты ұруға, шынжырлы және басқа кілттермен сығуға лақтыруға болмайды. Барлық бұзылымдар іздердің бұрмалануына және әрі қарай жұмыс жоспарын құру кезінде қателіктерге алып келеді.
Іздерді нақты зерттеу мен қажетті құжаттарға тіркеу қажет жағдайда суретке түсіруге болады.
Кейде тізбектегі ақаулардың болуы, ол арқылы ұңғымаға бөтен сулардың келуін мөр көмегімен білуге болмайды. Мұндай жағдайларда ұңғыманы зерттеу мен тексеру басқа тәсілдермен жүргізіледі.
Тізбектің жағдайын тексеру тәсілдерінің бірі фильтрлейтін бөлігін құм мен сазға толып қалуы болады. Ұңғыманы мөрмен тексерген соң оның фильтрлейтін бөлігін құм мен сазбен тығыздайды, оның жасанды тығыны фильтрдің жоғарғы саңылауынан 5-10 м жоғары болады.
Содан соң тізбекті опресовкамен герметикалыққа сынайды. Егер тізбек герметикаланған болса, жасанды тығынды жою үшін жояды, фильтрлі бөлігін шешеді және фильтр саңылауы арқылы қысыммен құяды.
Егер тізбек герметикалық болмаса, онда ақаудың орны мен сипатын анықтауға болады және жөндеп әрі қарай жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Тізбектің жоғарғы бөлігін тығындамай, пакер көмегімен тексереді.