Игеру технологиялық схемалары мұнай-газ саласындағы жұмысын сипатта

Кез келген кен орны игеру сатылары және кезеңдерден тұрады. Және олардың бәрі жобалық құжат негізінде іске асады /6/. Негізгі кезеңдер: 1 кезең - іздеу- бағалау. Іздеу - бағалау жұмыстардың мақсаты жаңа мұнай және газ кен орындарын немесе ашылған кен орындарында жаңа кеніштерді табу және олардағы С1 және С2 категориялы қорларды бағалау (1.2-сурет). Бұл кезеңде С3 санаттағы перспективтік қорлары мен анықталған орындардың ауданына құрылатын «Іздеу бұрғылау жобасы» құрастырылады және іске асады.

Мұнай немесе газды табу және кен орындарын ашу мақсатында байқаулар, гравилі, электрлі-магниттік барлау, сейсмикалық зерртеу, бір немесе бірнеше барлау ұңғымаларын бұрғылау, кернді, флюидтарды іріктеу жүргізу ескеріледі. 2 кезең: кен орнына барлау жүргізу. Егер ұңғыма ауданында мұнайдың немесе газдың өнеркәсіпті құйылуы алынса кен орны ашық деп есептелінеді. Осымен барлау кезеңі аяқталады. Кен орнын ашқаннан кейін, кенорнының геологиялық құрылыс қабатын айқындау және барлау мақсатында, «Бұрғылауды барлау жобасы» құрылады. Тағы «барлауға дейінгі түзеу жобасы» құрылуы мүмкін.

Барлау кезеңі Қазақстан Республикасының мемлекеттік балансына С1 (барланғандар) және С2 (алдын ала бағаланғандар) категориялы қорларды ұсынған кезде аяқталады. Бірақ кен орнында С2 категориялы қорлар бар болса барлауға дейінгі жұмыстар жалғаса береді. Оның мақсаты қабат мен ұңғыманың өндіру мүмкіндігін анықтау. Бұл құжатта келесі мақсаттар шешіледі: бірінші кезектегі учаске таңдауы; ұңғымалардың торы, әсер жүйесі, бірінші кезектегі ұңғымалардың саны; ғылыми зерттеу және барлауға дейінгі бағдарламасы, толық мұнай өндіруді бағалауы. 3 кезең. Ӛнеркәсіпті пайдалану. Игерудің технологиялық схемасы (кен орнын бұрғылау кезіндегі). Бұл құжатта келесі мақсаттар шешіледі: нысандарды таңдау; ұңғымалар фондын толық орналастыру. Технологиялық схеманы құрудың негізгі шарты – мұнай шығару коэффициентін техника-экономикалық негіздеп және қорларды қайта есептеуді орындап мемлекеттік қорлар комиссиясына жіберу. (Технологиялық схеманы бекіткеннен кейін «орналастыру жобасы» құрастырылады. Бұл жобада мұнай, газ, конденсат тасымалдайтын құбырлар, олардың техника-экономикалық мінездемесі, мұнай және газды өлшеу және жинау құрылымы мен түрлері, басқару жүйесі, мұнай және газды сеперациялау құрылғыларының сыйымдылығы мен түрлері, және басқалар). Технологиялық схемаға қосымшалар; игеру жобасы (70% ұңғымалар қоры бұрғыланғаннан кейін), игеру жобасына толықтыру; игеруге дейінгі жоба (нақты игеру жобасы) (80% көп қорлар алынып қойылған). Жобалық құжаттар мамандандырылған ұйымдармен құрастырылады, лицензиялауды талап етпейді, бірақ министрлікте жұмысты қарау және келісуі міндетті.

Жобалық технологиялық құжаттар кешенді ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Оларды құру барысында келесі мәселелерді ескеру ұсынылады:

алдыңғы отандық және шетелдік тәжірибе; ғылым мен техникадағы заманауи жетістіктер; кенорынды игеру тәжірибесі; қабатқа әсер етудің заманауи технологиялары, ұңғыны зерттеу және пайдалану. Технологиялық схемада міндетті түрде көмірсутекті шығару коэффициентін гидродинамикалық, физикалық - химиялық, жылу және басқа әдістермен арттыру шаралары қарастырылады. Жобалық технологиялық құжатқа кенорынды игерудің бірнеше есептік нұсқаларын қосуға ұсынылады. Есептік нұсқаларды пайдалану объектілерін таңдау, ұңғы торының тығыздығы мен оларды орналастыру, қабатқа әсер ету агенттері мен әдістері, пайдалану тәсілдері мен режимдері мұнайбергіштікті арттыру әдістерінің көлемі бойынша бір-бірінен айырмашылығын анықтауға болады. Игерудің технологиялық көрсеткіштері қабаттың заманауи математикалық моделін қолдану арқылы есептеледі.

Игеру технологиялық схемалары мұнай-газ саласындағы жұмысын сипатта - student2.ru

1.2-сурет. Кен орынды барлау схемасы

Наши рекомендации