Он екінші салдары: Дұшпандардың үстем болуы
Бүліктердің тағы бір салдарынан – олардың Ислам дұшпандарына мұсылмандарды басып алуына және оларға үстемдік етуіне мүмкіндік беруі. Ақиқаттың жақтаушылары келіспеушілікте жүрген кезде, олардың арасында адам өлтірулер, тынышсыздықтар, бүліктер таралады, ал дұшпандар мұны пайдаланып, мүміндердің үстінен билікті тартып алады да, кейіннен оларды барынша жәбірлей бастайды[29]. Аса Құдіретті Аллаһ Тағала былай деп айтқан: «Аллаһқа әрі Елшісіне бой ұсыныңдар және өзара жанжалдаспаңдар, әйтпесе рухтарың түсіп, қуаттарың кетеді». (әл-Әнфәл 8: 46).
Мүміндерге ерекше сақтық таныту және бүліктер мен оны өршітетін нәрселердің барлығынан абай болу міндетті болып табылады. Олар Аллаһ Тағалаға ықыласты түрде жүгінулері керек және Одан ашық және жасырын бүліктерден құтқаруын жалбарынып сұраулары қажет. Олар Одан өздерінің жағдайын түзетуін және ақиқат пен тура жолда біріктіруін тілеулері қажет.
Біз Ұлы Аршының Раббысы – Аллаһ Тағаладан Оның көркем Есімдері және ең жоғары сипаттары арқылы бізді ашық және жасырын бүліктерден құтқаруын әрі бізді Өзінің қоғауына алуын сұраймыз. Өйткені Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты шынайы құдай жоқ, Ол Өзінің рахымымен және білімімен бар болмысты қамтиды! Ақиқатында, Ол – Естуші және дұғаларға жауап Беруші!
Әрі Пайғамбарымыз Мухаммедке, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!
[1] Өз негізінде «бүлік» (фитна) сөзінің тілдік мағынасы – бұл «азғыру», «сынақ». Бірақ бұл сөз сондай-ақ қолданылып тұрған контекстке байланысты басқа да көптеген мағыналарға ие болуы мүмкін. Қз. “ән-Нихая” 3/410, “Фатхуль-Бари” 3/13.
«Фитна» сөзінің «азғыру», «сынақ» деген мағынасы туралы Аллаһ Тағала былай дейді: «Адамдар: "Иман келтірдік" деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма?» (әл-Анкабут 29: 2).
Ол сондай-ақ былай деді: «Осылайша Біз олардың біреулерін басқаларымен сынадық». (әл-Ән’ам 6: 53).
«Фитна» сөзі сондай-ақ «бүлік», «келіспеушілік», «бөліну» деген мағынаға да ие, Аллаһ Тағала екіжүзділер туралы былай деп айтқанындай: «Егер олар сендермен бірге жорыққа шықса да, сендерге тәртіпсіздіктен басқа ешнәрсені арттырмас еді. Араларыңда асығыс жүріп бүлік салар еді». (әт-Тауба 9: 47).
Бұл сөздің сондай-ақ «күпірлік», «көпқұдайшылдық» деген мағыналары да бар. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай дейді: «Олармен (көпқұдайшылдармен) фитна жойылмайынша соғысыңдар».(әл-Бақара 2: 193).
Бұл аятта «фитна» сөзінің астарында күпірлік туралы сөз болып тұр. Қз. “Тафсир әт-Табари” 2/194, “Тафсир Ибн Касир” 1/329.
Сондай-ақ бұл сөз «ақиқаттан тайдыру», «адастыру» деген мағыналарға да ие, бұл жөнінде аятта былай деп айтылатындай: «Олардың қалауларын мақұлдай берме, әрі олар сені Аллаһ саған түсіргеннің бір бөлігінен бұрып жібермеулері үшін олардан сақтан!» (әл-Маида 5: 49).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Кімді Аллаһ адасушылыққа салуды қаласа, сенің оны Аллаһтан қорғауға өктемің жетпейді». (әл-Маида 5: 41).
Сондай-ақ «фитна» сөзі «жазалау», «өлтіру» дегенді білдіреді, бұл туралы Аллаһ: «Егер кәпірлер тарапынан фитнадан (өлтірілуден) қауіптенсеңдер, кейбір намаздарды қысқартқандарың сендер үшін күнә болмайды». (ән-Ниса 4: 101). Қз. “Лисан әл-‘араб” 13/319, “ән-Нихая” 3/410-411, “Фатхуль-Бари” 3/13, 11/176.
[2] Бұл еңбек шейх ‘Абдур-Раззақ әл-Бадрдың әр-Риядтағы «ар-Раджихи» Орталық мешітінде оқыған лекциясының негізінде жазылған.
[3] Умар ибн ‘Абдуль-‘Aзиз былай деп айтатын: “Аллаһқа білімсіз құлшылық етуші пайдаға қарағанда көбірек зиян әкеледі”. Ахмад “әз-Зухд” 365. Иснады сахих.
Ал шейх Ибн аль-Қайим былай деген: «Білімсіз жасалған әрбір іс, оны жасаушыға пайда әкелмейді. Керісінше, бұл оған зиян әкеледі, бұл туралы ізгі саләфтар: «Білімсіз құлшылық ететін адамның әкелетін зияны оның пайдасынан да асып түсуі мүмкін», - деп айтқанындай. Қз. “Мифтаху дари-сса’ада” 1/83.
[4] Олар «Құран – жаратылған (махлуқ)» деген дінбұзар көзқарасты, әмірдің залымдығын және басқа айыпты істерді меңзеп тұрған болатын.
[5] Имам Ахмадқа дейін мұндай насихатты Хасан әл-Басри де жасаған. ‘Умар ибн Язид былай деп баяндайтын: “Язид ибн әл-Мухаллябтың (Басраның әкімі) басқаруы тұсында (наразы болған) адамдардың тобы Хасан әл-Басирге келгенде, ол оларға үйлерінде қалып, есіктерін жауып қоюларын насихаттап: «Аллаһпен ант етемін, егер адамдар әмірлердің тарапынан өздерінің бастарына келіп түскен нәрселерге сабыр танытқандарында, көп уақыт өтпей Аллаһ оларды бұдан құтқаратын еді! Алайда олар бірден қылышқа жүгінеді және осы себепті өздерін соған (қылышқа) тапсырып қояды. Аллаһпен ант етемін, олар ешқашан игілікке қол жеткізбеген», - деді де, соңынан мына аятты оқыды: «Сондай езілген халықты біз құнарлы қылған жердің шығысына да батысына да мұрагер қылдық. Сөйтіп олардың сабыр қылулары себепті Рабыңның Израил ұрпақтарына деген игі сөздері орындалды. Сондай-ақ Перғауын мен елінің биіктетіп жасап бара жатқандарын талқандадық» (әл-А’раф 7:137)”. Ибн Са’д “Табақат әл-кубра” 7/164, әл-Аджурри “әш-Шари’а” 65.
[6] Осындай нәрселер жиі жағдайда кейбір ынталы мұсылмандар игі идеялардың жетегінде кетіп, өздеріне де, өзге мұсылмандарға да қасірет пен зиян келтіретін әрекеттерді жасаған кезде орын алады, өйткені олар пайда мен зиян мәселесін ескермеген. Шейх Джамалюддин әл-Қасими былай деп айтатын: “Мұсылман қауымы олардың жетекшілерінен болған топ қиянатшылдық жасай бастағанға дейін қауіп-қатерлерден тыныш, игілікте өмір сүруі мүмкін. Олар (жетекшілер) бұл әрекеттен соң жетістік келеді деп ойлайды, бірақ (олардың) бұл (әрекеті) үммет үшін қасіреттің келуін араңдатады және олар (мұсылмандар) өз қалаларында (елдерінде) бытыранқы болып қалады». Қз. “Махасин әт-тауиль” 13/48.
Тарихшы имам Ибн Хальдун былай деп айтатын: “Айыпталатын нәрсені өзгерту үшін, көтерілетін қарапайым халық пен кейбір фақихтардың жағдайы осындай. Ақиқатында, ғибадатпен және дінмен байланысты көптеген адамдар жақсылыққа үндеп, жамандықтан қайтаруға шақырып, осы үшін Аллаһтан сый алу ниетімен әділетсіз әмірге қарай (оны жамандықтан қайтару үшін) жол алады. Және осындай адамдардың надан тобырдан шыққан ізбасарлары көбейе түседі де, олар өздерін опат болуға тастайды. Олардың көбі осы жолда осы үшін жауапкершілікті мойындарына жүктеп, бірақ сый (сауап) алмай қаза табады, өйткені Аллаһ Тағала оларға мұны бұйырмады!” Қз. “Муқаддима Ибн Хальдун” 1/280.
[7] Анастан (оған Аллаһ разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізілген: «Байсалдылық Аллаһтан, ал асығыстық шайтаннан». Абу Я’ля 3/1054, әл-Байхақи 10/104. Хадис сахих. Қз. “әс-Сильсиля әс-сахиха” 1795.
[8] Ибн ‘Аббас (оған Аллаһ разы болсын) былай дейтін: “Ақиқатында, бүліктің себебі қол емес, тіл болып табылады!» әд-Дани «әс-Сунан әл-уарида филь-фитан» 171.
[9] Осы түні Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол қайтыс болғаннан кейін мұсылман үмметіне көптеген апаттар мен бүліктер келіп түседі деген уахи келгені айтылып тұр.
[10] Әрі қарай бұл уахида мұсылмандарға өте үлкен қазыналар сый етілетіні хабарланды.
[11] Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері аталып тұр.
[12] Әйел кісі салиқалы адамның жары болса да, бірақ өзі ешқандай салиқалы амалдар жасамаса, оның күйеуінің салиқалығы Ақыретте оған қорғау бола алмайтыны айтылып тұр.
[13] Осы сияқты сөздер Хузайфадан да (оған Аллаһ разы болсын) жеткізіледі, мұны Ибн Абу Шайба 6/22 және әл-Хаким 1/687 келтіреді.
[14] Сөз адамдарды әл-Хажжажға қарсы көтеріліп, оны тақтан құлатуға айдап салған ‘Абдур-Рахман ибн әл-Аш‘астың қоздырған бүлігі туралы болып тұр. Адамдар әл-Хажжажға қарсы көтерілді және мұсылмандардың арасында өте қорқынышты қанды шайқас орын алды да, онда жүз мыңнан астам мұсылмандар қаза тапты!
[15] «‘Ильдж» сөзінің мағыналары – дөрекі адам, кәпір, араб емес, жабайы есек. Қз. «Лисан әл-‘араб» 4/3065, «әл-Қамус әл-Мухит» 199.
Ал олар Хасан әл-Басриге қатысты осы сөздерді қандай мағынада айтқандарын Аллаһ жақсырақ біледі.
[16] Шейхуль-Ислам Ибн Таймия сол кезде көтерілгендер туралы былай деген болатын: “Олар өздерімен бірге болғандар сияқты жеңіліске ұшырады! Олар дінді де орнатпады және дүниелік нәрсені де түзетпеді. Аллаһ Тағала дінге немесе дүние тіршілігіне пайда келтірмейтін нәрсені істеуді әмір етпейді ғой, тіпті оны істеуші Аллаһқа жақын адамдардан, тақуалардан және Жәннат тұрғындарының қатарынан болса да! Олар Алиден, Айшадан, Тальхадан, әз-Зубайрдан және бүлік кезінде соғысқандары үшін мақталмағандардың басқаларынан артық емес еді, әрі олар Аллаһтың алдында ұлы орынға ие болуларына және кез келген басқа біреуден гөрі жақсырақ ниетте болғандықтарына қарамастан!” Қз.: “Минхаджу-Ссунна” 4/528.
[17] Хасан әл-Басри: “Бүлік (фитна) орын алайын деп жатқанда, ол туралы тек ғалым біледі, ал ол бітіп жатқанда, ол туралы енді әрбір надан (жахиль) біледі”, - деп ақиқатты айтатын. Ибн Са’д “әт-Табақат” 7/166.
Имам Ибн әл-Мубәрак былай дейтін: “Шынайы ғалым - халал мен харам мәселелерін түсінуші емес, өйткені бұл мәселелерді көпшілік біледі. Алайда шынайы ғалым - пайда мен зиян мәселесін түсінуші!” Қз.: “Әлуияту-ннаср” 1/103.
[18] Осындай сөздерді ұлы сахаба – Ибн Мас’уд та былай деп айтып кеткен: “Басқалардың басына түскен нәрселерден сабақ алған адам бақытты!” Ибн Абу ‘Асым 1/67. Шейх әл-Әлбани иснадын хасан (жақсы) деген.
[19] Әйгілі «Хадистердің алты жинағы» дегенде Әл-Бухари мен Муслимнің екі «Сахих» жинағы және Абу Даудтың, әт-Тирмизидің, Ибн Мажжаһтың және ән-Насаидің төрт «әс-Сунан» жинағы аталып тұр.
[20] «Бас сүйектері» деп ол Ибн әл-Аш‘ас пен әл-Хажжаждың шайқасуы кезінде бір-бірін өлтірген мұсылмандардың қылыштарының соққысынан шабылып түскен бастарды меңзеп тұр. Ибн әл-Асир былай деген: “Яғни егер ол өлтірілген қарилардың және ардақты адамдардың санының соншалықты көп екенін көргенде, күлмес еді”. Қз.: “ән-Нихая” 166.
[21] Бірде Хузайфаға (оған Аллаһ разы болсын): «Қандай бүлік ең жаман?» - деп сұрақ қойылды. Ол: “Сенің алдыңда жамандық пен жақсылық тұрып, сен олардың қайсысын істеу жақсырақ екенін білмейтін кез!” Ибн ‘Абдуль-Барр “әл-Исти’аб” 1/335, Ибн әл-Асир “Асад әл-ғаба” 1/468.
[22] Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Ақиқатында, бүліктердің жамандығы олар аяқталғаннан соң мәлім болады. Ал бүлік енді басталған кезде, ол әдемі болып көрінеді және адамдар осыда игілік бар деп ойлайды. Бірақ адамдар бүліктердің апаттар мен қасіреттер түріндегі шерін тартқан соң, олардың зиянына айқын көз жеткізеді”. Қз.: “Минхадж әс-Сунна” 4/409.
[23] Имам ән-Науауи «бұлыңғыр (соқыр) тудың астында шайқасқан» деген сөздер туралы былай деді: “(Бұл) соқыр түрде жасалатын, мәні түсініксіз болған іс. Ахмад ибн Ханбәлдің және ғалымдардың көпшілігінің пікірі осы”. Қз.: «Шарх Сахих Муслим» 12/238.
Имам әт-Тыби былай деген: “Сөз қандай да бір істің төңірегіне жиналған адамдар туралы болып тұр, және сол істің ақиқат не адасушылық екені белгісіз. Ал кейін адамдар сол үшін шайқасуға шақырылады”. Қз.: “Шарх әл-Мишкат” 7/223.
[24] Бүлік кезінде екі жақтың біреуін де қолдамаған сахабалар: Умар, Абу Хурайра, Усама ибн Зайд, Саляма ибн Акуа’, Сухайб әр-Руми, Мухаммад ибн Мәсләмә, Са’д ибн Абу Уакқас, Ирман ибн Хусайн, Абу Муса тағы да көптеген басқалар (оларға Аллаһ разы болсын). Мухаммад ибн Сирин былай деген: “Фитна басталған кезде Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының саны он мың болатын. Және онда олардан жүз, тіпті отыз адам да қатыспады!” әл-Халляль “әс-Сунна” 2/66.
Ал әш-Ша’би былай дейтін: “‘Али, ‘Аммар, Тәлха және аз-Зубайирдан өзге ешбір сахаба Түйе шайқасына қатыспады. Және егер (біреу) маған бесінші сахабаның атын атаса, онда мен – өтірікшімін!” әл-Халляль “әс-Сунна” 2/66.
[25] Имам ‘Абдуль-Қадир ибн Бадран әл-Ханбали былай деген: “Үлкендер – қалыптасқан жағдайды түсінетіндер. Олардың арасында болу және олардың пікіріне ілесу игілік болып табылады”. Қз.: “Шарх әш-Шихаб” 48.
[26] Көптеген мұсылмандар «Исламдағы бауырластық» және «мұсылмандарға деген сүйіспеншілік» деген ұғымдарға лайықты деңгейде назар бөлмейді. Ақиқатында, Аллаһ Тағала Исламдағы бауырластықты ғибадат етіп бекітті, әрі оның құндылығына көптеген хадистер нұсқайды. Ибн Умардан (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһ үшін ең сүйікті адамдар – бұл олардың ең пайдалылары, ал Ұлы Аллаһ Тағаланың алдындағы ең сүйікті амал - бұл мұсылманға оның қайғысында көмектесуің немесе оның қарызын төлеуің, немесе оның аштығын тойдыруың арқылы оған қуаныш әкелуің. Және ақиқатында мұсылман бауырыма оның мұқтаж болған нәрсесінде көмекке келуім мен үшін бір ай бойы мешітте жабылып иғтикаф жасаудан сүйіктірек. Ал кім (Исламдағы) бауырына қатысты ашу-ызасын тоқтатса – Аллаһ оның кемшіліктерін жасырады, және де кім өз ашу-ызасын төге салғысы келген кезде тоқтатса – Аллаһ оның жүрегін Ақыретте ризашылықпен толтырады. Және де кім өзінің мұсылман бауырына оның мұқтаждығында көмектесуге шықса, оған көмектескенге дейін, Аллаһ оның табандарын табандар таятын Күнде нығайтады. Әрі сірке балды бұзғандай, жаман мінез-құлық та амалдарды бұзады». Ибн Абу әд-Дунья, әт-Табарани. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-джами’» 176.
[27] Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деген: «Ақиқатында, сендерден бұрын өмір сүргендерді бір-бірінің қанын төгулері және харамды халал етулері опат етті». Муслим 2578
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кім му`ахадты (мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірді) өлтірсе, Жәннаттың хош иісін де сезбейді, ал оның аңқыған иісі қырық жылдық жол қашықтығынан сезіледі». әл-Бухари 2995.
Хафиз Ибн Абдуль-Барр былай дейтін: “Егер тіпті қауіпсіздік кепілдігі берілген жауласушы кәпірдің қаны харам болса, онда Аллаһтың қорғауында таңды аттыратын және күнді батыратын мумин туралы сен не ойлайсың?! Оған қатысты қиянатқа немесе оның өлтірілуіне сен қалай қарайсың?!” “әл-Истизкар” 14/84.
Ибн Умардан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер адамдардан кімде-кім тіпті торғайды немесе одан биіктеу болған біреуді қақысыз өлтірсе, ол Қиямет Күні міндетті түрде ол үшін Аллаһ тарапынан сұралады». Оған: “Уа, Аллаһтың елшісі, оның қақысы не?” – деген сұрақ қойылды және ол оған: «Оны бауыздап жеу, бірақ басын жұлып алып, тастау емес!» - деп жауап берді. ән-Насаи 7/239, Ахмад 4/389. Хадистің сахихтығын имам ән-Насаи, Ибн Хиббан, әл-Хаким, хафиз әл-Мунзири, Ибн Касир және шейх әл-Әлбани растаған. Сондай-ақ “Сахих әт-тарғиб” 1/631 қараңыз.
Имам Абу Бакр Ибн әл-‘Араби былай дейтін: “Жануарды қақысыз өлтіруге тыйым салынғандығы туралы сахих түрде мәлім, және мұны жасағанға қатысты қорқытулар да бар. Ал, ендеше, Адам баласын, немесе мұсылманды, немесе Аллаһтан қорқатын және ізгі мұсылманды өлтіру туралы не айтуға болады?!” “Фатхуль-Бари” 12/196.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Мүмін тыйым салынған қанды төкпейінше өз дініндегі кеңшілікті сезінуін тоқтатпайды». әл-Бухари 6862.
Бұл хадисте харам етілген қанды төгу адамдардың тура жолдан ауытқуына себеп болатындығына нұсқау бар! Ибн Умар былай деп айтатын: “Егер біреудің басына шығар жолы жоқ (қиын) жағдай түссе, ол тыйым салынған қанды төккен болғаны!” әл-Бухари 6863.
Бірде Маруан ибн әл-Хакам Ибн Умарға кіріп: “Кел, мен саған ант берейін, өйткені сен – арабтардың мырзасысың және арабтардың мырзасының баласысын ғой!” – дегені жеткізіледі.Ибн Умар оған: “Сонда мен Ирак тұрғындарымен не істемекпін? Аллаһпен ант етемін, егер менің себебімнен тіпті бір-ақ адам өлтірілсе де, мен тіпті жетпіс жыл бойы әмірлік еткім келмейді!” Ибн Са‘д “әт-Табақат” 4/169, Ибн Абу әд-Дунья “әл-Ишраф” 7. Иснады хасан.
Мутарриф ибн ‘Абдуллаһ былай деп айтатын: “Аллаһтың менен: «Сен не үшін пәленді өлтірмедің?!» - деп сұрауы, Оның менен: «Сен не үшін пәленді өлтірдің?!» - деп сұрауынан, сүйіктірек”. Абу Ну’айм “әл-Хилья” 2/204.
[28] Ақиқатында, қауіпсіздік көптеген мұсылмандар оны жоғалтып алмайынша маңызымен құндылығын түсінбейтін ұлы нығмет болып табылады. Өйткені қауіпсіздік болмаған тұста, адам Аллаһқа тыныш жүрекпен, осыдан шынайы ләззат алып, құлшылық жасай алмайды, Аллаһ оған бұл дүниеде халал еткен отбасы, балалары, әйелдері, тамағы, мал-мүлкі т.с.с. нәрселерден қуаныш сезіне алмайды.
Шейх Салих әл-Фаузан былай деп айтатын: “Қауіпсіздік қажетті екендігіне және адамзат оған тамақ пен сусыннан да көбірек мұқтаж екендігіне күмән жоқ. Сондықтан да Ибраһим пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) ең алдымен қауіпсіздік, ал содан соң ғана ризық сұрап, былай деп айтқан еді: «Уа, Раббым! Бұл қаланы қауіпсіз ет және оның Аллаһ пен Ақырет күніне иман келтірген тұрғындарына жемістермен үлес бер».(әл-Бақара 2: 126). Қорқыныш билегенде адамдар ішіп-жеуден қанағат сезе алмайды. Қорқынышпен бірге бір елден екінші елге азық-түлік тасымалданатын жолдар үзіледі, сондықтан да Аллаһ жолдарда қарақшылық және тонаушылық жасауға қатаң жаза тағайындаған. Ислам бес маңызды нәрсені (әд-даруриятуль-хамс): дінді, өмірді, ақыл-парасатты, ар-намысты және мал-мүлікті сақтап қалу үшін келген. Осыдан бір нәрсеге қастандық жасаушыға қатысты, бұл қастандық мұсылманға не кәпірге жасалған болсын оның айырмашылы жоқ, қатаң жазалар бар. Мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірге (му’ахад) мұсылманға қатысты тыйым салынған нәрселерге тыйым салынған! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Кім му’ахадты өлтірсе, Жәннаттың иісін сезбейді!» Ал қауіпсіздікті (аман) бұзатындарға келер болсақ, олар не хауариждер, не жолдардағы қарақшылар, не бүлікшілер болып табылады. Осы үш топтың барлығына қарсы өте қатаң жаза қолдану қажет”. Қараңыз: «Фатауа әш-шәр’ия фи кадая әл-‘асрия» 125.
Ал Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қауіпсіздіктің ұлықтығы мен маңыздылығын нұсқап былай деген: «Кім өзі (немесе өзінің жанұясы) үшін қауіпсіз болған күйде және бір күнге жететін тамаққа ие болып таңды аттырса, ол үшін осы бүкіл дүние оның үлесіне тигенмен тең!» әт-Тирмизи 2346, Ибн Мажжаһ 4141. Хадистің сахихтығын имам Абу Иса әт-Тирмизи, имам ән-Науауи және шейх әл-Әлбани растаған.
[29] Мұсылмандардың өзара жанжалдасуы, бірін-бірі өлтіруі және тұтқындауы олардың дұшпандардың үстемдікке жетуіне алып келетіні туралы Аллаһ Тағала Өзінің Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хабардар етті. Саубаннан (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, Аллаһ менің алдыма жерді жайып тастады да, мен оны шығыстан батысқа дейін (түгел) көрдім. Әрі шындығында да, менің үмметім маған көрсетілген аумақтың үстінен билік алады. Және маған екі: ақ және қызыл қазына берілді (парсылар мен византиялықтардың). Әрі мен Раббымнан Ол менің үмметіме көптеп апаттарды жіберіп опат етпеуін және оған оның өз қатарларының арасында болғаннан өзге ешқандай сырттай дұшпандарды жібермеуін және оның тұтастығын қорғауын сұрадым. Және Раббым: “Уа, Мухаммад! Ақиқатында, егер Мен бір нәрсені шешсем, ол болмай қоймайды. Ақиқатында, Мен сенің үмметіңе Мен оған көпшілік апаттарды жіберіп опат етпейтінімді сыйладым. Әрі олар бірін-бірі құртып-жойып және тұтқындай бастамайынша, Мен олардың өздерінің ішіндегі дұшпандарынан өзге дұшпандарына үмметіңнің үстінен билікті бермеймін, тіпті барлық қалалар оған қарсы шықса да!” – деп жауап берді». Муслим 2889.
Имам Абуль-Аббас әл-Қуртуби былай деді: “Бұл хадистің мағынасы мұсылмандар бірін-бірі құртып-жойып және тұтқындай бастамайынша, дұшпандар оларға үстемдік ете алмайтынында”. Қз.: “әл-Муфхим” 7/218.
Шейх Ибн әл-Қасим бұл хадиске қатысты былай деген: “Яғни егер мұсылмандар біріне-бірі осылай жасай бастаса (өлтірсе және тұтқындаса), онда Аллаһ олардың дұшпандарына олардың үстінен билікті береді. Алайда мұсылмандар ақиқаттың үстінде бірігіп тұрғандарынша, ешкім олардан үстем бола алмайды. Бірақ олардың бөлінуінің себебінен дұшпандар олардан үстем болды, әрі бұл олар үшін жаза болып табылады». Қз.: “Хашия Китаб әт-таухид” 180.