І Технологиялық бөлім

Кіріспе

Жүн саласы Қазақстан текстиль өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Жүн өнеркәсібінің кәсіпорындарында жүнді алғашқы өңдеу процесстері жүргізіледі; таза жүнді және жартылай жүнді маталар, трикотаж, жамылғылар, кілемдер, техникалық белгіленуіндегі бұйымдарға және т.б. арналған иірімжіп дайындалады.

Жүн шикізаттың ең қымбат тұратын түрі болып табылады, одан жасалған бұйымдардың да құны жоғары болады. Сондықтан, химиялық талшықтар мен қайталанып өңделген жүн шикізатын қоспада жүнмен қолдану жүн өнеркәсібінің шикізат базасын кеңейтуде үлкен маңызға ие.

Жүн өнеркәсібінде қабылданған технология бойынша бейматалар өндірісіне қажетті, әртүрлі талшықтардан жайғақтарды да алады. Мата тоқу өндірісінде қолданылатын күрделі және қымбат тұратын процестер бейматалар өндірісінде қолданылмайды, сондықтан да бейматаларды өндіру экономикалық жағынан тиімді болып табылады.

Жүн бұйымдарын өндіру үшін табиғи жүн мен химиялық талшықтар, иірілетін талшықты қалдықтар және қайта өнделген жүн шикізат ретінде қолданылады[2].

Қазақстанда өндірілетін жүн өзінің құрамы бойынша әртүрлі болып келеді: мериносты, жартылай жіңішке, жартылай дөрекі, әртүрлі дөрекі жүн тұқымды қойдың поместі дөрекі жүні. Қазақстан Республикасының территориясында жүнді алғашқы өңдеудің фабрикалары Ақтөбе, Семей және Тараз қалаларында орналасқан.

«КазРуно» АҚ (Семей қ.) – Қазақстанда соғылған ең бірінші жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы болып табылады. Ол 1935 ж. өндіріске қосылған болатын. Фабриканың қуаты жылына 15 мың тонна жүнді құрайды. Семей жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы, жүн – текстиль саласының даму тенденцияларына жауап бере отырып, жүнді терең өңдеудің келесі кезеңін – топс өндірісін іске қосып үлгерді. Топс иірімжіп өндіруге арналған жартылай дайын өнім болып табылады. Фабрика Францияның N.Schumberger фирмасының тарақты тарау машиналарымен жабдықталған. Өндірістік қуаты жылына 700 тонна топсты құрайды[3].

Фабрика ПОШ - Тараз» ЖШС Қазақстан текстиль өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарының бірі болып табылады. Осы кәсіпорынның базасында иірімжіп өндіруге арналған тарақты таспа, яғни қуаты 800 тонна топс өндірісі іске қосылды. Жамбылдық топс Италия мен Марокко елдеріне экспортталады. 2011 жылда топс шығаратын ағынды сызықтың өнімділігі бір жарым мың тоннаға дейін көбейді. Болашақта дайын иірімжіп шығаратын өндірістің ашылуы жоспарланған. Жүн иірімжібінің көлемін көбейту және сапасын жақсарту заманауи ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу жолымен жүзеге асырылады.Тәжірибелік тапсырмалардышешкен кезде нақты объектілермен табиғат құбылыстармен, физикалық және өндірістік процестермен, өнім шығару жоспарымен жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай тапсырма құрастыру үшін, зерттеу объектісін бірінші кезекте математиканың терминімен жазу қажет, яғни математикалық тапсырманы шешуге әкеп соқтыратын нақты оъектіні зерттеуге мүмкіндік беретін оның математикалық үлгісін тұрғызады. Нақты объектіге үлгінің сәйкес келу дәрежесі тәжірибемен, экспериментпен тексеріледі. Тәжірибе тұрғызылған үлгіні бағалауға және қажет болған жағдайда анықтауға мүмкіндік береді. Тапсырманы қойғаннан кейін оны шешу әдісін іздеу басталады. Тапсырманы шешу үшін ЭЕМ қолдану кезінде алгоритм тұрғызылады. Яғни екінші кезең, алгоритмді тұрғызу болып табылады. Үшінші кезең бағдарламалау тілінде алгоритм жазбасы болып табылады, яғни ЭЕМ үшін бағдарлама құрастыру. Төртінші кезеңде ЭЕМ көмегімен алгоритмді орындау жүргізіледі. Бұл кезең шешім нәтижелерін алумен аяқталады. Тапсырмаларды шешу ең соңғы кезеңі-алынған нәтижелерді талдау. Бұл талдау алынған қортындылар шындыққа сәйкес келеме деген мақсатпен жүргізіледі. Нәтижелерді талдау қажет болған жағдайда үлгіні анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тапсырмаларды шешкен кезде тапсырманың мағынасына қайшы келетін нәтижелер де алынуы мүмкін. Көптеген жағдайда тапсырмалардың нәтижелерін талдау ЭЕМ жүргізіледі. Сонымен ЭЕМ қолдана отырып тапсырмаларды шешу келесі кезеңдерге бөлінеді:

-құрамына математикалық үлгіні тұрғызу және аргументтер мен -нәтижелерді бөліп көрсету кіретін тапсырманы қою;

-алгоритмді тұрғызу;

-бағдарламалау тілінде алгоритм жазбасы;

-ЭЕМ көмегімен алгоритмді жүзеге асыру;

-Алынған нәтижелерді талдау;

Бұл әдістемелік құралда оңтайландыру тапсырмасын тиімді шешу, яғни 2,3 және 4 кезеңдерді шығарып тастау ұсынылады. Бұған қол жеткізу үшін EUREKA жүйесін қолдану қажет[3].

\

І Технологиялық бөлім

Наши рекомендации