Курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі

1. Әлемдік мұнайхимиялық өнеркәсіптегі ароматты көмірсутектердің рөлі.

2. Қазақстандағы мұнайхимиялық өндірістің даму жолдары.

3. Ароматты қосылыстарды алу көздері.

4. Ароматты көмірсутектердің физика-химиялық сипаттамалары.

5. Ароматты қосылыстардың құрылымы мен қасиеттері.

6. Ароматты қосылыстардың құрылымы туралы түсіндірулер.

7. Ароматтылық критерийлері.

8. Энергетикалық критерийлер.

9. Ароматты электрофильді орынбасу реакцияларының элементар сатылары.

10. Ароматты нуклеофильді орынбасу реакцияларының элементар сатылары.

11. Ароматты бос радикалды орынбасу реакциялары.

12. Ариль, алкил және басқа да топтарды енгізу.

13. Ароматты қосылыстардың бүйір тізбегіндегі және функционалды топтарындағы сутектің орнын басу.

14. Ароматты сақина мен функционалды топтарды тотықсыздандыру реакциялары.

15. Ароматты сақина мен функционалды топтардың бүйір тізбектерін тотықтыру.

16. Ароматты көмірсутектер фракциясын алу технологиясы.

17. Риморфинг катализатынан арендерді бөліп алу.

18. Бензолды бөліп алу және шығару.

19. Ароматты қосылыстарды қолдану тенденциялары мен жолдары.

20. Катализаторды үздіксіз регенерациялау арқылы бензин фракцияларын каталитикалық риформинглеу.

21. Риформинг процесінің заманауи катализаторларының сипаттамалары.

22. Арендерді бөліп шығару және бөліп алу.

23. Риморфинг катализатынан арендерді экстракциялық бөліп алу.

24. Орташа дистиллятты мұнай фракцияларынан арендерді экстракциялау.

25. Ароматты көмірсутектерді экстракциялау технологиясы.

26. Морфилейннің экстрактілі дистилляциясы.

27. Морфилейннің арнайы қолдану аймақтары.

28. Риформатты гидрлеу.

29. Ксилолдарды бөліп шығару және бөліп алу.

30. о-ксилол мен этилбензол алу.

31. м-ксилол алу.

32. п-ксилол алу.

33. Параксилолды адсорбциялау технологиясы.

34. Ароматты көмірсутектердің өзара айналу процестері.

35. Ксилолдарды изомерлеу технологиясы.

36. Алкилбензолдарды гидродеалкилдеу технологиясы.

37. Толуолды диспропорционирлеу технологиясы.

38. Толуол/С9 трансалкилдеу технологиясы.

39. С9 және С10 арендерін бөліп алу.

40. Нафталин және басқа полициклоарендерді бөліп шығару.

41. Арендер мен олардың маңызды туындылары өндірісінің өнеркәсіптік процестерінің принципиалды технологиялық сызбанұсқалары.

42. Бензол өндірісі.

43. Толуол өндірісі.

44. Ксилолдар өндірісі.

45. Этилбензол мен стирол өндірісі.

46. Кумол өндірісі.

47. Циклогексан өндірісі.

48. Сызықты алкилбензолдар өндірісі.

49. Ароматты көмірсутектердің сапасына қойылатын талаптар. Талдау және сапаны бақылау әдістері.

50. Ароматты көмірсутектер өндірісінің қалдықтары мен ағын суларды тазалау.

51. Ароматты көмірсутектердің уландырғыш қасиеттері.

52. Ауа, газ және судағы ароматты көмірсутектердің аз мөлшерін анықтау әдістері.

53. Улы қалдықтар мен ағын суларды шығаруды азайту шаралары.

54. Арендер мен олардың маңызды туындыларының рыногы.

55. Негізгі ароматты көмірсутектер өндірісінің әлемдік қуаттылығы және оларға сұраныс.

56. Ароматты көмірсутектер өндірісіндегі технологиялық процестердің жабдықтары.

57. Массаалмасу процестері мен аппараттары.

58. Жылуалмастырғыштар мен конденсаторлар.

59. Химиялық реакторлар. Түрлері мен жіктелуі. Жұмыс істеу принципі.

60. Техникалық азот өндірісі.

61. Мұнайхимиялық процестердің негізгі көрсеткіштері.

62. Конверсия, өнімнің шығымы, шығын коэффициенттері.

63. Селективтілік, өнімдердің тепе-теңдік құрамы.

64. Материалдық баланстарды құру принциптері.

65. Жылу баланстарын құру принциптері.

66. Реакторлар жұмысының негізгі технологиялық параметрлері.

67. Көлемдік жылдамдық, реакция уақыты, реакция аймағының көлемі.

68. Мұнайхимиялық процестердің реакциялық түйіндерін жобалау.

69. Реакторларды жіктеу.

70. Гомогенді жүйелерге арналған реакторлар.

71. Гетерогенді және гетерофазалы жүйелерге арналған реакторлар.

72. Фталь ангидридін алу.

73. Фталь ангидридін о-ксилолдан алудың бу фазалы әдісі.

74. Фталь ангидридін о-ксилолдан алудың сұйық фазалы әдісі.

75. о-ксилолды сұйық фазада тотықтыру процесінің технологиясы.

76. Фталь ангидридін оксидаттан бөліп алу.

77. Мұнайхимиялық синтез өндірісінің шикізат көздері.

78. Мұнайхимиялық өндірістің аралық және мақсатты өнімдері.

79. Мұнайхимиялық синтез технологиясының даму келешегі.

80. Тауарлы ароматты көмірсутектердің сапасына қойылатын талаптар.

81. Бензолды көмірсутектердің сапасына қойылатын талаптар.

82. Нафталин мен полициклді ароматты көмірсутектердің сапасына қойылатын талаптар.

83. Ароматты көмірсутектердің сапасын анықтау әдістері.

84. Ароматты көмірсутектерді сараптау мен сапасын бақылау әдістері.

85. Полициклді ароматты көмірсутектерді қолдану бағыттары.

86. Полиметилбензолдарды қолдану бағыттары.

87. Полиалкилбензолдарды бөліп алу әдістері.

88. Дурол алу.

89. Фенантрен алу.

90. Үшметилбензол алу.

91. Стиролды мономерлі өнімдер алу үшін қолдану.

92. Антраценді бөліп алу және тазалау.

93. С9 және С10 арендерін бөліп алу.

94. Бензолды бу фазасында гидрлеу технологиясы.

95. Бензолды гидрлеу катализаторлары.

96. Кумол өндіру процестері.

97. Бисфенол А өндірісі.

98. Фталь ангидридін қолдану.

99. Фенолды қолдану.

100. Мезитилен алу.

Глоссарий

Автокатализ – химиялық реакцияны катализатор рөлін атқаратын қандай-да бір өнім арқылы арттыру.

Автоклав – жоғары қысымда қыздыруға арналған тығыз жабылатын ыдыс.

Аддитивті шамалар (қасиеттері)– тұтас объектіге тән геометриялық және физикалық объектілермен байланысты өлшемдер; оларды қандай бөлшектерге дейін ұсақтаса да, сол ұсақталған бөлшектердің өлшемдерінің қосындысына тең болады.

Адиабатты процесс – жылу кірмеген және шықпаған жағдайдағы физикалық дене күйінің өзгерісі.

Азиндер –гетероциклді қатардағы құрамында азот бар органикалық қосылыстар тобы.

Алкидті шайырлар – көп негізді карбон қышқылдарының көп атомды спирттермен әрекеттесуі нәтижесінде алынған жасанды шайырлар.

Антипирендер –ағаш, пластмасса және басқа да шығу тегі органикалық материалдарды тұтану мен өздігінен жанудан қорғайтын заттар.

Ауыспалы металдардың шпинелдері –екі және үш валентті металдардың күрделі тотықтарының тобы; әр түрлі процестерде катализатор дайындауда маңызды материал болып табылады.

Ацидолиз– күрделі эфирлердің қышқылдармен алмасып ыдырау реакциясы.

Бар –жүйеден тыс қысым бірлігі; 1 бар = 0,987 атм.

Бутираттар –май қышқылының тұздары мен эфирлері.

Вакуумметр – сұйылған газдардың қысымын өлшеуге арналған аспап.

Винилдеу – органикалық заттардың молекуласына виниль тобын енгізу.

Газдың немесе қоспадағы будың парциалды қысымы– қоспаның барлық көлемін газ немесе бу өзі жалғыз алған жағдайдағы, осы газ немесе будың қысымы.

Газойль– керосин мен майлағыш майлар арасындағы аралық өнім.

Газогенератор –қатты немесе сұйық отындарды жанғыш газдарға термиялық өңдеуге арналған генератор.

Гидравликалық пресс – қысым немесе сұйықтың қозғалысын қолданады.

Гидрлеу катализаторларын реактивтеу– шикізатқа күкірттің органикалық қосылысының аз ғана мөлшерін енгізгендегі палладийлі катализаторлардың белсенділіктерін қалпына келтіру.

Гидродинамикалық кедергі – дененің қозғалысына оны айнала ағатын сұйықтық жағынан кедергі немесе сұйықтың қозғалысына құбырдың, өзектің және т.б. қабырғасы жағынан кедергі.

Гидрогенолиз –молекуладағы байланыс үзілгенде, бір мезетте үзілу орнына сутектің қосылуы. Мысалы, С-С, С-N, C-S, C-O.

Декантация– аморфты тұнбаларды жууға қолданылатын тұнып тұрған тұнбадан сұйықты құйып алу.

Детандер – 1) бу қысымын төмендеткіш қақпақ; 2) сыртқы жұмысты қайтарып газды ұлғайту арқылы оны салқындатуға арналған машина; газ қоспаларын сұйылтуға және оларды терең суыту әдісі арқылы бөліп алуға арналған қондырғыларда қолданылады.

Дефлегмация – әр түрлі булар мен газдар қоспасын оларды төмен температурада қайнайтын компоненттермен байыту мақсатында жартылай конденсациялау.

Дурол – 1,2,4,5-тетраметилбензол.

Жасыл май – ацетиленді олигомерлеуде түзілетін, ацетиленді гидрлеудің жанама өнімі болатын қара түсті қозғалмалы сұйықтық.

Ингибитор – химиялық реакцияны баяулататын зат; кейбір процестерді баяулатуға қолданылады, мысалы, отынды тотықтыру.

Капрон – сәйкес карбон қышқылына (С6) байланысты аталған циклді полиамид.

Коагулянт – сұйық ортаға енгізгенде құрамындағы қандай-да бір ұсақ бөлшектері коагуляция тудыратын химиялық зат.

Компримирлеу– газды сұйылту арқылы оның құрамындағы қандай-да бір затты алу мақсатында оны компрессормен сығуға ұшырату, мысалы, мұнай газынан газолин алу.

Конденсат – бу сұйыққа айналғанда алынатын өнім, мысалы, мұнайды айдау процесінде түзілген буды суытқанда түзілетін сұйық өнімдер.

Ксилидиндер – ароматты қатардағы органикалық қосылыстар; авиация бензиніне жоғары октанды қосымша ретінде, вулкандауды тездеткіш ретінде, сонымен қатар азобояғыштар өндірісінде қолданылады.

Лактондар –гидроксикарбон қышқылдарының ішкі эфирлері.

Метилаль – формальдегидтің метилді туындысы - (СН2(ОСН3)2.

Мономолекулалық қабат– адсорбция кезінде дене бетінде түзілетін қалыңдығы бір молекулаға тең зат қабаты.

Неонолдар– спирттерді оксиэтилдегенде алынатын ионогенді емес беттік белсенді заттар.

Пирогаллол– фенолдар класының органикалық қосылысы, кейбір бояғыштар синтезінде қолданылады.

Полиэлектролиттер– макромолекуласының құрамына ерітіндіде иондануға қабілеті бар топтар кіретін полимерлер.

Рециркулдеу– өндірістік процесті басқару, шикізат қолдануды жақсарту мақсатында қондырғыға газ, сұйық немесе қатты заттар ағынының бірнеше рет қайтарылуы.

Сильван– 2-метилфуран.

Силикондар – кремнийорганикалық полимерлер; температураға жоғары төзімділікпен, төмен электрөткізгіштікпен ерекшеленеді.

Скруббер – тазартылған сұйықтық арқылы жіберілетін газ қоспасынан қатты және газ қосындыларын бөлу арқылы газды тазалауға арналған аппарат.

Сольвент– ароматты көмірсутектердің сұйық қоспасы; лак-бояу, резина және өнеркәсіптің басқа да салаларында еріткіш ретінде қолданылады.

Спирттерді гомологтау– спирттердің синтез-газбен әрекеттесіп молекулалық массасы жоғары спирттер түзуі.

Трансалкилдеу– қайта алкилдеу реакциялары.

Термодиффузия – қоспаның ішіндегі температура айырмашылығына негізделген газ қоспасы немесе ерітінді компоненттерінің диффузиясы; майларды тазалауда және мұнайды крекинглеуде қолданылады.

Турбокомпрессор– турбина арқылы қозғалысқа түсіретін орталықтан тепкіш ауа компрессоры.

Химиялық кинетика– химиялық реакцияның жылдамдығы мен реакция жүргенде түзілетін аралық өнімдер зерттелетін физикалық химияның бөлімі.

Цеокарлар– құрамында цеолит бар алюмосиликаттар.

МАЗМҰНЫ

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – Syllabus……………………....
1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер...……………………………………
1.2 Пән туралы мәліметтер..…………………………………………….....
1.3 Пререквизиттер………………………………………………………...
1.4 Постреквизиттер………………………………………………………..
1.5 Пәннің қысқаша мазмұны......................................................................
1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі..
1.7 Әдебиеттер тізімі .........……………………………………………......
1.8 Білімді бақылау және бағалау ………………………………………...
1.9 Курстың саясаты .......………………………………………………….
НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ …..........
2.1 Курстың тақырыптық жоспары .……………………………………...
2.2 Дәрістік сабақ конспектілері..................................................................
2.3 Тәжірибелік сабақтар................……….………………………………
2.4 Студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өздік жұмыс жоспары (СОӨЖ)...................................... ……………………………
2.5 Студенттердің өздік жұмысының сабақ жоспары (СӨЖ)………….
2.6 Өзін тексеруге арналған тестілік бақылау. …………………………..
2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары........................................................
  Глоссарий……………………………………………………………….

Наши рекомендации