Тәжірибелік сабақ №6. Жылу баланстарын есептеу.
Тапсырма:
1. Ірі тонналы химиялық процестердің реакторлары мен регенераторларының жылу баланстарын құру.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Есеп 1.н-бутанды дегидрлеудің реакторлық блогының регенераторының жылу балансын құрыңыз және отын мен ауа шығынын анықтаңыз.
Бастапқы деректер:
кіретін катализатордың tк1=570; шығатын катализатордың tк2=650, кіретін ауаның tа=200, шығатын регенерация газының tр.г.=590; кокстелген катализатордың мөлшері Gкат=823753 кг/сағ; катализатордағы кокстің мөлшері: регенераторға кіргендегі – 0,124; регенератордан шыққандағы – 0,005; артық ауа коэффициенті £ = 1,3;
Кокстің элементтік құрамы, % (масс): С – 97,5; Н – 2,5.
Отын газының құрамы, % (көл): Н2 – 59,1; СН4 – 13; С2Н4 – 4; С2Н6 – 3; С3Н6– 5; С3Н8 – 2,5; С4Н10 – 2,5; N2 – 6,0; СО2 – 4,9.
Есептің шығарылуы:
Регенерацияланған катализатордың мөлшерін анықтаймыз:
кг/сағ
Күйдіруге тиесілі кокстың мөлшері:
Gкокс = Gкокс.кат.- Gрег.кат.= 823753 - 822773 = 980 кг/сағ
Менделеев формуласы бойынша отын газының төмен жану жылуын (кДж/м3) анықтаймыз:
=108Н2+358,2СН4+590,6С2Н4+637,5С2Н6+ 860С3Н6 + 912,5С3Н8+1186,5С4Н10= 108·59,1+358,2·13+590,6·4+637,5·3+860·5+912,5·2,5+1186,5·2,5=24861,8кДж/м3
мәнін кДж/кг-да табу үшін отын газының тығыздығын қалыпты жағдайда (СО2және N2 ескере отырып) анықтау керек.
ρо.г.=∑хiρi=0,591·0,09+0,13·0,71+0,04·1,25+0,03·1,34+0,05·1,875+0,025·1,96+0,025·2,59+ 0,049·1,96+0,06·1,25=0,614 кг/м3
онда отын газының мәні:
кДж/кг
1 кг коксті жағуға теориялық қажет ауаның шығынын төмендегі формула бойынша анықтаймыз:
L0 = = = 12,1 кг/кг
1 кг отынды жағуға теориялық қажет ауаның шығынын есептеу үшін отынның элементтік құрамын есептейміз (% масс.):
С =
Н =
О =
N2 =
мұндағы хi - i-ші компоненттің көлемдік концентрациясы;
ni, mi - i-ші компоненттегі көміртек пен сутек атомдарының саны;
Mi –i-ші компоненттің молекулалық массасы.
Отынның элементтік құрамы, % масс.:
С = =
Н =
О =
N =
Тексеру: С+Н+О+N =56,1+20,3+11,4+12,2=100
1 кг отын газын жағуға қажет ауаның теориялық шығыны:
кг/кг.
Ауаның шын мәніндегі шығыны:
= Lо·α = 12,1·1,3 =15,73 кг/кг
= ·α = 12,96·1,3 =16,85 кг/кг
1 кг кокс жанғанда түзілген жану өнімдерінің мөлшерін анықтаймыз (кг/кг):
Lo (α - 0,232)=12,1(1,3 - 0,232) = 12,93
Жану өнімдерінің жалпы мөлшері:
3,58+0,23+12,93=16,74 кг/кг.
1 кг отын газы жанғанда түзілген жану өнімдерінің құрамы:
= Lo (1,3-0,232)+ =12,96(1,3 - 0,232) + 0,122=13,962
1 кг отын газының жану өнімдерінің жалпы мөлшері:
2,05 + 1,83 + 13,962 = 17,84 кг/кг
Әрі қарай регенераторға енгізілген және одан реакция өнімдерімен шыққан жылу мөлшерін анықтау үшін:
· 6500С температурада 1 кг отынның жану өнімдерінің жылусиымдылығын (Срm, кДж/(кг·0С)) кокстің жануынан есептейміз:
mк = 3,58 + 0,23 + 12,93 = 3,58·1,05 + 0,23·2,03 + 12,1·0,78 = 14,33 кДж/(кг·оС)
· отын газының жануынан есептейміз:
=2,05·1,05+1,83·2,03+17,84·0,78=19,78 кДж/(кг·оС)
Регенератордың жылу балансы:
Кіретін жылу мөлшері:
· кокстелген катализатормен кіреді:
Qкокс.кат..= Gкокс.кат.×Ск·tкокс.кат. = 823753·0,921·570 = 432445610 кДж/сағ = =120123780 Вт
· 200оС температурада ауамен кіреді:
Qауа=L0к·Gкокс+L0отынB)C tауа=(15,73·980+16,85В)1,01·200= 798439+3403,7В
мұндағы В – отын шығыны, кг/сағ
· кокс пен отын газының жану жылуы:
Qр кокс= Gкокс·Q
Q =339,1С+1030Н=339,1·97,5+1030·2,5=33062,75+2575=35627,5 кДж/кг
демек Qр кокс= 980×35627,5 = 34914950 кДж/сағ = 9698597 Вт
Qр отын газы = В· Q = 40492 кДж/сағ = 11247,8В Вт
Кіретін жылудың жалпы мөлшері:
∑Qкіріс= Qкокс.кат.+ Qауа+ Qр кокс + Qр отын газы = 120123780 + 798439 + +3403,7В + 9698597+11248,7В = 130620816 + 14652,4В Вт
Шығатын жылу мөлшері:
· регенерацияланған катализатормен:
Qрег.кат.=822773·0,921·650 = 492553050 кДж/сағ=136820290 Вт
· регенерация және отын жағу газдарымен:
Qг= (GкоксСрm кокс+ ВСpm отын газы)·tг;
Qг =(980·14,33+В·19,78)·590= 8285606 + 11670,2В кДж/сағ = 2301492 +
+3241,7В Вт
Барлығы:
∑Qшығ.= Qрег.кат.+ Qг= 136820290 + 2301492 + 3241,7В = 139121782 + +3241,7В Вт
· Кіретін және шығатын жылулардың теңдігінен отын газының шығынын табамыз:
130 620 816+14
652,4В=139 121 782+3 241,7В
В = = 745 кг/сағ
· Әрі қарай Qкір. = Qшығ тексереміз.
Қосымша әдебиет 3[34 - 58]; 7[43-62]
Бақылау сұрақтары:
1. Ірі тонналы химиялық процестердің реакторлары мен регенераторларының жылу баланстары қалай құрылады?
2. Регенераторға енгізілген және одан реакция өнімдерімен шыққан жылу мөлшерін анықтау қандай жолмен жүргізіледі?
3. Регенератордың жылу балансын құру принциптері.