Пайдаланылған әдебиет

Жоспар

Кіріспе................................................................................... 2

1.1. Жамбыл облысының топырақ климат жағдайы.......3

1.2.Тары дақылының өсіру технологиясы........................3

Негізі.....................................................................................5

2.1 Тары дақылында кездесетін зиянкестер......................5

2.2 Зиянкестермен куресу шаралары.................................8

Қорытынды...........................................................................9

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................10

Кіріспе

Тары - өте ертеден өсіріліп келе жатқан дақылдардың бірі. Алғашқы қалыптасу орталығы мен шыққан тегі Шығыс Азияның таулы аудандары болып табылады. Жер шарында жыл сайын 25,0 млн. га жерге өсіреді. Қазақстанда негізгі тары өсірілетін облыстарға Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан т.б. жатады. Орта есеппен 10 жылда (1996-2006ж.ж.) жыл сайын елімізде 98,6 мың га жерге тары өсірілді, оның 48,4 мың га Павлодар, 22,6 мың га Батыс Қазақстан, 12,5 мың га Ақтөбе облысында болды. Келешекте Республикамызда тары егістігінің аумағы өсуге тиіс, бұрындары оны 800 мың га дейін егістікте өсіргенбіз. Тары – өте маңызды жармалық дақыл. Ақталған тары жақсы піскіштігімен және қоректілігімен сипатталады. Оның құрамында 12-13% ақуыз, 81% крахмал, 3,5-4% май т.б. бар. Тарының белок кешенінде глиадин, глютенин, глобулин, альбуминдер басым болып келеді. Крахмал амилаза мен амилопектиннен құралады. Айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары- лизин, метионин, триптофан - айтарлықтай көп мөлшерде кездеседі. Оның құрамындағы ферменттердің (мальтоза, амилаза, липаза т.б.) белсенділігі өте жоғары , күлінде K, Na, Mg, P мен бірге Cu, B, I микроэлементтері де жеткілікті, жармасында тиамин дәрумені 1,8-1,9 мг бір грамм дәнге, онда B1, B2 басқа астық дақылдарына қарағанда екі есе көп. Тары астығынан, жармадан басқа, ұн дайындалады, оны таза күйінде және бидай, қара бидай ұндарымен араластырып тағамға пайдаланады. Тарының мал азықтық құндылығы да жоғары. Тары астығы мен мекені де құстар үшін теңдесі жоқ азық. Олармен құстарды азықтандырғанда жұмыртқа өнімі мен оның қабығының беріктігі жақсарады. Астыққа өсіргенде тарының сабаны мен мекенінің өнімі астығынан 1,5-2,0 есе артық болады. 1 кг тары сабанында 0,41 кг азық өнімі мен 24 г. протеин, басқаша айтқанда аталған көрсеткіштер, бидайға қарағанда екі есе, сұлы сабанына қарағанда 1/3 есе артық.

Тары тұқымының себу мөлшері аз болғандықтан оны кейде жасыл балауса мен пішен өсіруге пайдаланады, ол сапасы жағынан сұлы, шәй жүгері және итқонақ пәшенінен асып түседі.

Тары жақсы сақтық дақылы болып табылады. Кешірек себілетіндіктен, құрғақшылыққа төзімділігінен және салыстырмалы қысқа вегетативтік кезеңі опат болған күздіктер мен жаздық дақылдардан кейін орналастырып жасыл балауса ғана емес, жекелеген жағдайларда астық өнімін жинауға да мүмкіндік береді.Тары бірқатар дақылдарға жақсы алғы дақыл.Өзінің биологиялық мүмкіндіктеріне байланысты тары жоғары өнімді дақыл және дұрыс өсіру технологиясын қолданғанда өте жоғары өнім бере алады. Қостанай, Павлодар т.б. облыстардың озат шаруашылықтары кезінде үлкен егістік алқаптардан қолайлы жылдары әр гектардан 17,1 -22,5 ц. Және одан да жоғары астық өнімін жинаған. Қазақстан тары өнімі бойынша дүниежүзілік рекорд елі болып табылады. Ондай өнім ұлы Отан соғысы жылдары Социалистік Еңбек Ері Ш.Берсиевпен өсірілді. 1943 ж. Ақтөбе облысының Құрманов атындағы ұжымшарында суармалы жағдайда 4 га. егістіктің әр гектарынан 201 ц. тары астығы жиналды. Бұл дегеніңіз тары дақылының әлеуетті мүмкіндігі зор екендігін көрсетеді. Өкінішке орай соңғы жылдары елімізде тары өсірудің қыр- сырына аз мән берудің кесірінен астық өнімі төмен деңгейде – орта есеппен 4,0-6,5 ц/га шамасында ғана.

1.1. Жамбыл облысының топырақ климат жағдайы

Жамбыл облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз.

Климаты-Облыстың өзіне тән климат ерекшелегі - қуаншылығы мен континенттілігі. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің табиғи көрінісі көлемді және әртүрлі. Облыста есімдіктердің 3 мыңға жуық түрі бар.Бұл жерде Қызыл кітапка енгізімен 50 ден аса ағашты-бұталы өсімдіктерді .Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді. Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді. 27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған.

1.2.Тары дақылының өсіру технологиясы

Тарыны тың және тыңайған жерлерге немесе көпжылдық шөптер қыртысына орналастырған дұрыс. Бұл жерлер жоғары құнарлығымен және арамшөптерден тазалығымен ерекшеленеді. Олардан кейін тары барынша жоғары астық өнімін қалыптастырады, сондықтан оны жер қыртысы өсімдігі деп те атайды. Тарыға отамалы және дәнді бұршақ дақылдары да жақсы алғы дақыл, сүріден кейінгі екінші дақыл болғанда да тәуір өнім береді. Вегетация кезеңінің қысқалығынан тары егістігін жинағаннан кейін күзде ерте сүдігер дайындауға мүмкіндік болады, ал мұның өзі Қазақстанның Солтүстік өңірінде тары жаздық қатты бидайға жап-жақсы алғы дақыл бола алады.

Тары үшін топырақ өңдеу жүйесі танаптарды арамшөптерден тазартуды, егін көгінің жаппай пайда болуын және оның тамыр жүйесінің жақсы дамуын қамтамасыз етуге бағытталады. Оған ерте және сапалы дайындалған сүдігер бөлінеді. Ерте көктемгі себу алдындағы топырақ өңдеу ылғал жабудан басталады. Себу алдында арамшөптерден таза және тығыз топтарда себу алдында бір-ақ рет культивация жүргізіледі, ал арамшөптермен ластанғанда танапты жақсы тазарту мақсатында оны екі мәрте культивациялайды. Маңызды агрошаралардың бірі – тарыны себу алдында топырақ бұдырлы катоктармен тығыздалады. Соның нәтижесінде тары тұқымы топыраққа біркелкі тереңдікте сіңіріледі. Топырақпен жақсы қабысатындықтан тұқымның бөртуі және көктеуі, кейіннен өсімдіктердің біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі. Топырақты тығыздаудың нәтижесінде астық өнімі 2,0-3,5 ц/га артады.Тарының құрғақшылыққа төзімділігіне қарамай қыста қар тоқтатудың маңызы зор. Еліміздің оңтүстік –шығысында орта есеппен 20 жылда қар тоқтатудан тарыдан алынған қосымша астық өнімі 3,8 тан 5,6 ц/га жетті, ал Батыс Қазақстанның Орал облыстық тәжірибе стансасында орта есеппен 5 жылда қар тоқтатылмаған танаптан 7,4 ц/га, ал қар тоқтатылған танаптан 13,6 ц/га астық жиналды. Қар тоқтату Солтүстік Қазақстанның барлық тары өсіретін аудандары үшін міндетті агротехникалық шара болып есептеледі.

Тыңайтқыш қолдану. Тарының тамыр жүйесінің сіңіру қабілеті жоғары емес, сондықтан оған жеткілікті мөлшерде сіңімді қоректік заттар бүкіл вегетация кезеңінде болғаны абзал. Оның 25 ц/га астығы мен 50 ц/га сабаны топырақтан 35 кг фосфор, 75-80 кг азот және 87-90 кг/га калий шығындайды. Ол минералды, органикалық және бактериялық тыңайтқыштарды жақсы қажетсінеді. Оларды дұрыс қолданғанда тарының қосымша астық өнімі басқа дәнді дақылдарға қарағанда жоғары. Ғылыми зерттеу мекемелерінің деректері бойынша тарыға енгізілген тыңайтқыштан қосымша астық өнімі: көңнен – 6,0 ц/га, азотты – фосфор тыңайтқыштарынан – 0,5-5,5 ц/га, себумен қатарға енгізілген түйіршіктелген суперфосфаттан – 1,5-5,4 ц/га, ал тұқымды фосфорбактеринмен өңдеуден – 2,0-3,0 ц/га болды. Тарыға енгізілген тыңайтқыш астық өнімін арттырумен қатар оның сапасын жақсартады, өсімдіктердің даму үрдісін тездетеді, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырады және ауруларға жақсы төтеп береді.

Негізі

2.1 Тары дақылында кездесетін зиянкестер

Зиянды насекомдардың көптеген турлері қоймадағы астықты және басқа да ауыл шаруашылық дақылдарыңың өнімдерін зақымдауға және баска да ауыл шаруашылық дақылдарының өнимдерин зақымдауга бейімделген. Бұл зиянкестер астық дәндерімен және олардан жасалған азық-түліктермен қоректеніп, олардан салмағын кемітеді, экскременттерімен ластайды және тұқымдық материалдың өнгіштік қасиетін төмендетеді.

Қамба бізтұмсығы - Sitophilus granarius L (1-сурет). Қатты қанаттылар немсе қоңыздар отрядының бізтұмсықтлар (Curculionidae) төқымдасына жатады. Қойма зиянкестерінің ішінде кеі таралған түрлерінің бірі. Тек жабық орындарда ғана осіп-өне алады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында көп болады. Ал солтүстік облыстарда диірмен, наубайхана, сыра заводы сияқты жылы жайларда көбірек зиян келтіреді. Қоңыздың денесі сопақтау, ұзындығы 3.5мм, түсі қара-қоңыр немесе қара, аяқтары және мұртшалары қызыл-қоңыр. Үстіңгі қанаттары бір түсті, дақсыз, артқы қанаттары жетілмеген. Қоңыз ұша алайды.Жұмыртқасы сопақша, түсі сарғылт болады.Қоңыздар және олардың личинкалары бидай, қара бидай, арпа, сүлы, күріш, тары, бұршақ тұқымдастармен астық тұқымдас тұқымдардың әр түрлі жармалар мен ұнды және ұннан жасалған тағамдарды зақымдайды. Олар әсіресе қсақталған дәндерді көбірек ұнатады. Бүтін дәндерді көбінесе арқа жағынан бастап үңгіп жеп, ұрық бөлігін зақымдайды.

Бізтұмсықтар әрқашанда еден астындағы төгіліп түскен дәндерде көп болады. Олардың личинкалары зақымдаған астық дәндерді себуге мүлде жарамайды. Олардың тамақтық қасиеті де едәуір зақымдайды.

1-сурет. Қамба бізтұмсығы(Sitophilus granarius L)

Ұры қоңыз- Prinus fur L (2-сурет) . Қатты қанаттылар отрядының қулық қоңыздар (Ptiridae) тұқымдасына жатады. қҚойма зиянкестерінің ішіндегі ең кең таралғандарының бірі. Қоңыздың қзындығы 2.7мм – 4.3мм болады. Сыртқы пішіні жағынан өрмекшігі ұқсас. Үлкендігі, түсі және пішіні жағына қарап, еркегі мен қрғашысы бір-бірінен оңай ажыратуға болады. Ұрғашы қоңыздың түсі қара қоңржәне үстіңгі қанаттарының төрт ақшыл дақ болады, құрсағының пішіні сопақша шартәрізді. Ересек қоңыздың түсі ақшыл-қоңыр, үстіңгі қанаттарында ұрғашы қоңызда кездесетін дақтар болмайды, құрсағы ұзынша, цилиндр пішіні. Ұрғашылар ұша алады, еркектері ұшпайды.

Бұл зиянкес ересек насеком, жұмыртқа және личинка күйінде қыстайды. Қыстап шыққан қоңыздың белсенді әрекеті ерте көктемде басталады. Олардың өніп-өсуі үшін ауаның және өнімнің ылғалдылығы 70роцент және температура 23С шамасында тез аяқталады. Қоңыздар жұмыртқаларын қоймадағы өнімдердің үстіне шашыратып орналастырады. Әр ұрғашы қоңыз 160жұмыртқаға дейін салады. Жылына жұмыртқаға дейін салады. Жылына ұрпаққа дейін беріп өсіп-өніп. Ұры қоңыз көп қоректі зиянкес. Астық дәндерін, олардан жасалған өнімдерді, кептірілген жемістеерді, мақта тұқымын, әр түрлі тамақтық концентраттард, етті, одан жасалған өнімдерді , тағы басқаларды зақымдайды. Қоңыздар және личинкалар астық үйінділерінің тек үстіңгң қабатыда ғана тіршілік етеді. Қоңыдар суыққа өте төзімді , 0 С температурада олардың 210 күнге дейін өмір сүре алатындығы байқалған.

2-сурет. Ұры қоңыз(Prinus fur L)

Тары құмыты- Stenodiplosis panici Rodd (3-сурет). Қос қанаттылар отрядының (Cecidomyiidae) галлица тұқымдасына жатады. Денесінің ұзындығы 1-3 мм. Көкірек және құрсақ бөлімдерінің үстіңгі жақтары қоңырқай, мұртшалары ұзын және қызыл түсті, ұрғашыларынң ұзын жұмыртқа салғыш қынабы болады. Личинкаларының түсі қызыл, денесінің екі жағы бірдей сүйірленген. Қуыршағының да түсі қызыл, ұзындығы 2 м шамасындай.Тары құмытының ареалы тары және арам шөп-күрмектің таралуымен тығыз байланысты. Қазақстанда батыс және оңтүстік обыстарда, сонымен қатар Семей облысының оңтүстік аудандарында егінге зиян келтіреді. Қазақстаннан басқа Украина далаларында. Қара теңіз жағалауларындағы зонада, Кубанда және Орта Азияда таралған. Қазақстан жағдайында тары құмыты жылына 4, ал күз айлары жылы және құрғақ болған жылдары 5 генерация беріп дамиды. Оңтүстік толығымен 5 генерация береді. Ол личинка фазасында егін далаларындағы төгілген немесе жиналмай қалған тары дәндерінің ішінде, топан және сабан арасында , сонымен қатар күрмек дәндерініңішінде қытайды. Қуыршақтану процесі де сонда өтеді. Ересек құмытыларды маусым айынан батап, қыркүйек айына дейін кездестіруге болады. Олар қоректенбейді, 2-4 күн ғана өмір сүреді.Тек ертеңгі және кешкі сағаттарда ғана ұшады да, күндіз тарының шашақ гүлдерінің арасын паналап жатады. Жұмыртқаларын ашылмаған тары гүлдерінің масақша қауыздарының астына орналастырады. Кейде олар шашақ гүге және түтікшесінен толық шыға қоймаған жапыраққа да жқмытқалайды.

Бірінші генеацияның ересек құмылары әдетте тарының масақтану кезеңінен бұрынырақ шығады. Сондықтан олардың көпшілігі жұмыртқаларын ертерек масақтанатын күрмектің шашақ басына салады. Зиянкестің екінші және үшінші генеацияларының ұрпақтары егісінде қоректеніп дамиы. Ал төрінші генерацияның ұрпақтары өнімді жинау кезінде немесе одан кейін шығады. Сондықтанолардың личинкалары негізінен күрмекте қоректеніп жетіледі. Құмытының бір генерациясының дамуы үшін 12-15 күн керек.

3-сурет. Тары құмыты (Stenodiplosis panici Rodd)

Зиянкесінің личинкалары тұқым түйініне және гүл үлпегі мен оның сабағында қоректенеді. Нәтижеснде гүлдің аталық және аналық мүшелері дамымайды, зақымданған шашақ баста дәнсіз ақ масақшалар пайда болады. Зиянкес жаппай өсіп-өніп көбейген жылдары тарының шашақ басындағы дәнсіз масақшалар 30-40 дейін жетеді. Көктем және жаз айлары жылы ылғалды болған жылдары зиянкестің өсіп-өніп көбеюіне қолайлы жағдайлар туады.

2.2 Зиянкестермен куресу шаралары

Агротехникалық және шаруашылық-қцымдастыру шаралары. 1) Ауыспалы егісті енгізу және дақылдардың кезектілік тәртібін сақтау зиянкестердің таралуын тежейді, әсіресе барылдақ қоңыдан, гессен шыбыны мен жаға шыбындарының, сабақ егеушілерінің көбеймеуіне әсер етеді. 2) Егістік жерлерді үйлесімді мерзімдерде сапалы етіп жыртып , топырақты баптау-бидай трипсісінің, дәннің сұр көбелегінің , гессен шыбынымен астық шыбындарының , сабақ егеушілердің және т.б. қыстауға кететін және қыстап шыққан фазаларының сан мөлшерін едәуір азайтады. Маусым айының бірінші жартысында пар егістіктерінде топырақты баптау кезінде дән көбелегі қуыршақтарының көпшілігі қырылады. 3) Зиянкестердің даму ерекшеліктерін еске ала отырып , егінді дер кезінде және қысқа мерзім ішінде себу-өсімдіктердің даму фазасы мен зиянкестердің араында синхрондықты бұзады. Солтүстік қазақстанда үйлесімді мерзімнің соңғы кезінде себілген жаздық бидай егісіне астықтың жолақ бүргесі айтарлықтай зиян келтірмейді. Ал дән кобелегінің жүлдызқұрттары және гессен шыбыны мен шведтік шыбындардың личинкалары оны аз ғана зақымдайды. 4) Астық өнімін қысқа мерзім ішінде бөлшектеп жинап алу дән көбелегі, зиянды бақашық сүйір қандалалар, астық қоңыздары , гесен шыбындары, сабақ егеушілері сияқты зиянкестердің зақымдануынан келетін шығынды азайтады.

Орытынды

Тары – өте маңызды жармалық дақыл. Ақталған тары жақсы піскіштігімен және қоректілігімен сипатталады. Оның құрамында 12-13% ақуыз, 81% крахмал, 3,5-4% май т.б. бар. Тарының белок кешенінде глиадин, глютенин, глобулин, альбуминдер басым болып келеді. Крахмал амилаза мен амилопектиннен құралады. Айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары- лизин, метионин, триптофан - айтарлықтай көп мөлшерде кездеседі. Оның құрамындағы ферменттердің (мальтоза, амилаза, липаза т.б.) белсенділігі өте жоғары , күлінде K, Na, Mg, P мен бірге Cu, B, I микроэлементтері де жеткілікті, жармасында тиамин дәрумені 1,8-1,9 мг бір грамм дәнге, онда B1, B2 басқа астық дақылдарына қарағанда екі есе көп. Астық дақылдарының зиянкестері астық өнімдерін күзде тасығанда және қыста сақтау кезінде зақымдайды. Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық кенесі, т.б.), қоңыздар (мысалы, астық қоңызы, астық тескіші, астық сүлікшесі, бізтұмсық қоңыздар, т.б.), көбелектер (мысалы, астық сұр көбелегі, дән қоңыр көбелегі, т.б.), құстар (мыс., көгершін, үй торғайы, т.б.) жатады. Кенелер, қоңыздар, көбелектер – арпа, сұлы, күріш, жүгері, тары т.б. дақылдардың жапырағын, сабағын зақымдап, дернәсілдері өсімдіктің дәнімен қоректенеді. Бұдан астық дақылдарының өнімі кемиді. Бал арасының Зиянкестері аралар мен олардың тіршілік өнімдерімен қоректенеді. Зиянкестердің ішіндегі ең қауіптісі – Varroa jacobson кенесі. Бұлар бал арасын жеп қояды. Бал арасының жыртқыштары (аражегіш, тағанақ, т.б. құстар) омартадағы жиналған балды ғана емес, бал арасымен де қоректенеді.

Пайдаланылған әдебиет

1. Ә.Т.Тілменбаев, Г.Ө.Жармұхамедова. Энтомология

2. Карбозова Р.Д. Фитопатология

3. Агибаев А.Ж, Тулеева А.К, Сулейменова З.Ш. Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестермен аурулардан қорғау

Наши рекомендации