Бетонды күту, қалыпты алып тастау.

Бетон тікелей күн сәулесінің және желдің әсерінен полимерлі пленкалармен қорғалады.

Сонымен қатар, бетонды 4 тәулік ішінде құяды.Сыртқы ауа температурасы 15°С-тан артық болған кезде алғашқы 3 тәулікте әрбір 3 сағат сайын, ал соңғы

күндері - тәулігіне 3 реттен құяды. Бетон жаңа құйылған кезінде жүруге, қалып орнатуға тыйым салынады.

Бетон бетінен қалыпты алып тастау бетон өз тығыздығына жеткен кезде жүргізіледі.

Бетоннан қалыпты алғаннан кейін кейбір монолитті конструкцияларда ақаулар болуы мүмкін (қабыршақтар,тегіс еместік). Сондықтан да мұндай және басқада ақаулар мазаламас үшін , барлық орындалған операциялардың сапасын бақылып, арматураны,қалыптарды орнатудан бастап және бетонды тығыздау мен төсеу,қалыпты алып тастағанға дейін күтім бақылануы тиіс. Аздаған кемшіліктер қолмен немесе пневматикалық құрал-сайманмен түзетіледі кейін бетонмен ысқыланады.

Кесте 3.7 – Құрал-жабдықтар тізімі

Құрал-жабықтар мен құрылғылар Марка, НТД, № сызба Құралдар саны Құралдарды тағайындау
2 тармақты ілмек МЕСТ 25573-82 4СК1-10.0/4000 Жүктерді көтеру және ауыстыру
Құрал - сайман жәшігі Р.ч.3293.08.000 «Мосгорстрой» Құралдарды сақтау үшін
Гайкалы кілттер 12x14 17x19 22x24 27x30 МЕСТ 2841-80Е Қалыпты монтаждау және демонтаждау
Ажыратылмалы гайкалы кілт МЕСТ 7275-75Е Қалыпты монтаждау және демонтаждау
Құрама қысқаш МЕСТ 5547-86Е Қалыпты монтаждау және демонтаждау
Тікбұрышты болат щетка МЕСТ 17-830-80 Қалыпты бетоннан тазалау
Монтажды бұрауыш МЕСТ17199-88Е Қалыпты монтаждау және демонтаждау
       
  Кестенің жалғасы 3.7      
Сылақ білікшесі МЕСТ 10831-80 Залалсызданды-рылған жабынға жағу
Жиналмалы металды метр МСМХТУ2-17-303-81 Сызықты өлшеу өлшемдері
Нивелир Н-3 МЕСТ 10582-76 Геодезиялық жұмыстар
Теодолит Т-1 МЕСТ 10529-86 Геодезиялық жұмыстар
Металды өлшеуіш рулеткалар10м МЕСТ 7502-80 ЗПК 2-20 АНТ/10 Геодезиялық жұмыстар
Металды өлшеуіш рулеткалар 20м Геодезиялық жұмыстар
Бұрыштық 500 X 240 мест бойынша дайындалады Бұрышты белгілеу
Құрылыстық тіктеуіш - Қабырға мен қалқанның вертикалдығын тескеру опалубки
Дәнекерленген трансформаторлар ТД-50004УД2 Дәнекерлеу жұмыстары
Төмендету трансформаторы ИВ-9 Электр құрылғыларды қосу үшін
Жалғанған дәнекер үшін электр ұстағыш МЕСТ 12.4.035-78 Дәнекерлеу жұмыстары
Электрод үшін пенал - Дәнекерлеу жұмыстары
Бетті қорғау қалқаны МЕСТ 12.4.035-78 Дәнекерлеу жұмыстары
Құрылыстық каска МЕСТ 12.4.087-84 Барлық жұмыстарға
Арнайы қолғаптар МЕСТ 12.4.010-75 Барлық жұмыстарға
Тікелей желдеткіштен қорғайтынкөзілдірік ЗП 8-80 МЕСТ 12.4.013-85 Е Барлық жұмыстарға

3.3.6. Жұмысты қабылдау және сапасына қойылатын талаптар.

Операциялық сапасын бақылау ҚНжЕ 3.01.01-85 "Құрылыс өндірісін ұйымдастыру" талаптарына сәйкес орындалады.

Қалыпты орнату жұмыстары МЕСТ 23478-79 " Монолитті және темірбетон конструкциялары үшін қалып" талаптарына сәйкес орындалуы қажет . Жіктеу және жалпы талаптар ҚНжЕ 3.03.01-87 "Көтергіш және қоршау конструкциялары. Жұмыс өндірісінің ережесі ".

Монтаждалған қалыпты мастер немесе прораб, құрылыс алаңындағы өндіріс жұмысына жауапты адам қабылдап алады. Бұл ретте ҚНжЕ 3.03.01-87 "Көтергіш және қоршау конструкцияларына " сәйкес тексеріледі:

- жұмыс сызбасына сәйкес қалыптың геометриялық өлшемдері және формасы;

- ауытқу ережелері мен қалыпты орнату өлшемдері, яғни вертикалды қалып жолақтарының 1 метр биіктікке дейінгі қашықтығы - 5мм, барлық биіктікке 15 мм ;

- барлық қалыптың ығысуы жобалау ережелерінен - 8мм;

- қалып өсінің жылжуы құрылым өсіне қатысты - 10мм;

- жиналған қалыптардың майысуы: - тік беттерде - 1/400 аралығында;

- тиелмеген монолитті конструкциядағы бетонның ең төменгі тығыздығы, вертикалды бетте қалыптау формасы 0,2-0,ЗМПа.

Орнатылған арматураларды мастер немесе прораб, құрылыс алаңындағы жұмыс өндіріне жауапты адам қабылдайды. .Бұл ретте тексеріледі:

- ауытқулар жобадағы қорғаныш қабатының қалыңдығынан аспауы тиіс 5мм;

- жобадағы өлшемдермен бір қатардығы стержендерді бөлу арасындағы өлшем 25 мм аспауы тиіс;

- жобадағы стержен жіктерінің орналасу өлшемі элемент ұзындығынан 25 мм аспауы керек.

Арматуралық жұмыстарды қабылдау актісіне кіреді:

- негізгі металл мен электродқа зауыттық сертификаттар;

- зертханалық журналдардың үзінді көшірмесі немесе сынақ актілерінің үлгісі;

- арматура конструкцииясын дайындайтын және оларды монтаждайтын дәнекерлеушінің тегі мен дәнекерлеуші туралы мәліметтер;

- құжаттардың көшірмелері, соның ішінде жұмыс сызбаларына өзгеріс енгізген кездегі.

Бетон қоспасының сапасын бақылау мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес құрылыс зертханасында жүргізіледі. Бетон қоспасының сапасын бақылау туралы барлық мәліметтер жұмыс өндірісінің журналыныда көрсетіледі.

Бетон қоспасын төсеу кезінде мастер, прораб немесе жұмыс өндірісіне жауапты адам тексереді:

- қолданылатын бетон маркалары, жұмыс қоспалардың құрамы және олардың қозғалыс көрсеткіштері(қаттылық), конустың шөгуі 6-дан тиіс 8см дейін болуы керек. .

- төселеген бетонның беріктігі, яғни бетон үлгілерінің сериясын сынау кезінде орташа беріктік 95% төмен болмауы тиіс.

Бетон және темірбетон конструкцияларын қабылдау немесе құрылыс бөлімдері аяқталған кезде тексеріп шығу қажет:

- конструкциялардың жұмыс сызбаларына сәйкестігін;

- бетонның беріктігі бойынша сапасы, ал басқа да көрсеткіштері қажет болған жағдайларда жобасы көрсетілген ;

- конструкцияға қолданылатын материалдар, жартылай фабрикаттар мен бұйымдар сапасы.

Бетон және темірбетон конструкцияларын қабылдау аяқталған кезде немесе құрылыс бөлімдерін белгілі тәртіппен, жасырын жұмыстарды куәландыру актісімен немесе жауапты конструкцияларды қабылдауға арналған актімен рәсімдеу керек.

Наши рекомендации