Дизельдік жанармайды гидротазалау секциясын пайдалану.

Секцияның қалыпты пайдалануын қамтамасыз ету үшін қатаң түрде берілген технологиялық тәртіпті ұстап, дер кезінде лабораториялық анализге байқау мөлшерін алып отыру керек. Шикізат және алынатын өнім сапасынан ауытқу байқалғанда технологиялық тәртіпті мүмкін норма шегінде қадағалаған жөн. Технологиялық тәртіпке енгізілуге тиісті өзгерісті күрт ауытқусыз жүргізеді. Аралық резервуарларға шикізаттың келіп түсуіне ұдайы бақылау жүргізу қажет. Сорап-компрессорлық жабдықты дайындау зауытының инструкциясын көрсетілгендей қатаң түрде пайдаланған жөн. Ұдайы шикізат алынушы өнім мен энергоресурсты тіркеп отыру қажет. Пеш ирімдерінің, жабдықтардың сақтандыру клапанның, құбырлар мен бекіту арматураларының күйіне ұдайы бақылау жасау қажет. Дер кезінде бақылау-өлшеу приборлары мен автоматика жабдықтарында байқалған жарамсыздықтарды жедел қалпына келтіруге шара қолдану қажет. Сонымен қатар секцияның желдету жүйесінің жұмысын, өндірістік ғимараттағы және ашық алаңдағы ауа жағдайын, өндірістік ағын судағы мұнай өнімдерінің болмауын қадағалау қажет.

Пештен П-301 алдындағы және пештен шығар жердегі газ-шикізатты қоспаның температурасының жоғарылауы, газтәрізді және сұйық отындық қысымдардың жоғарылауы, конденсаттық отындық газға араласып кетуі, сондай-ақ шикізаттың араластыру үшін ағын берілуі күрт төмендеу барысында мүмкін болады. Бұл ауытқуларды қалпына келтіру үшін газтәрізді және сұйық отынның қысымын төмендету, отындық газдар желісіндегі сепараторлардан шыққан конденсатты дренаждау немесе секцияның өнімділігінің жобалық шамаға дейін көтеру қажет.

Жүйедегі қысымның бәсеңсуі үлкен мөлшерде сутекқұрамды газдарды үрлеу немесе пештен шығар жерден шығар жерден және реактордың жұмыс аймағындағы температураның күрт төмендеуінің салдарынан болады. Бұл жағдайда циркуляциялық газдардың үрлеуін тоқтатып жүйеге жаңа сутекқұрамды газдың берілуін көбейту немесе пештен шығар жердегі газшикізатта қоспаның температурасын жоғарлату қажет.

Гидротазартылған дизельдік жанармайдағы күкірт мөлшерінің нормадан жоғарлауы реактордағы температураның төмендеуінен реакторлық блок жүйесіндегі қысымның төмендеуінен, шикізаттың берілуінің көлемдік жылдамдығының жоғарлауынан, циркуляцияланушы газдағы сутегінің концентрациясының төмендеуінен, алғаш шикізаттағы күкірттің құрамының жоғарлауынан, шикізаттың гидрогенизатпен араласып кетуінен (шикізаттың жылуалмастырғыштың құбырлы жоғарындағы герметикалықтың бұзылуынан), катализатордың белсенділігінің бәсеңсуінің салдарынан болуы мүмкін. Анықталған себебіне байланысты пештен шығардағы газ-шикізаттық қоспаның температурасын жоғарлату, жүйенің шикізатпен жүктелуін төмендету, жаңа сутекқұрамда газдың берілуін ұлғайту, шикізат температурасы мен қысымын немесе өнімділігін жоғарлату, жарамсыз шикізаттың жылуалмастырғыштардың жөнделуін жүргізу, катализаторлардың буауалық регенерациялануын жүргізу қажет.

Дизельдік жанармайдың от алу температурасының жоғарлауы кезінде өткір будың берілуін жоғарлату, себеленудің қажет мөлшерде берілуін орнатып К-301 бағанасының кірер жеріндегі гидрогенизаттың температурасын жоғарлату қажет.

Егерде гидротазартылған дизельдік жанармай коррозияға сынақтан өте алмаса, онда өткір будың К-301 бағанасының төменгі бөлігіне берілуін көбейтіп бағананың жоғарғы бөлігіндегі қысымды төмендету қажет.

Циркуляциялық газдағы сутегі концентрациясының нормадан төмендеуі үрленуші сутекқұрамды газдың берілуінің төмендеуінің нәтижесінде болуы мүмкін. Моноэтаноламиндік тазартудан кейінгі газдағы күкірт сутегінің мөлшерінің жоғарлауы абсорбер жұмысының тәртібінің бұзылуын нәтижесінде орын алады. Бұл кезде абсорберге берілетін моноэтаноламин шығынын жоғарлатып МЭА ерітіндісінің концентрациясын ең үлкен мүмкін шамаға жеткізу, тазартылуға келіп түскен газ температурасын төмендеткен жөн.

МЭА ерітіндісінің сепараторда С-303 байқалуы абсорбердегі К-302 МЭА ерітіндісінің шығынының артып кетуі кезінде немесе ондағы деңгей өлшегіштің жарамсыздығының салдарынан болады. Демек абсорберге К-302 МЭА ерітіндісінің берілуін азайту және деңгей өлшегіш жұмысын тексеру, жарамсыздықты қалпына келтіру қажет.

Наши рекомендации