Атмосфералық айыру секциясын пайдалану.

Ректификациялық бағанада үлкен денгейдің болуы бағананың толып кетуіне алып келеді. Бағанада төмен деңгейдің болуы кезінде мазутты айдамалаушы сораптың немесе пешті қоректендіруші сораптың жартылай ауа жіберуі мүмкін. Тұрақты деңгей кезіндегі біркелкі ұсталған технологиялық тәртіп аппаратты тұрақты жылулық жүктемеге бейімдейді.

Бағананың жоғарғы бөлігінен алынатын бензин сапасы, кайнау соңында бағананың жоғарғы бөлігінің температурасыменен реттеледі, яғни сапасы қайнау соңында тиісті циркуляциялық себелеуменен реттеледі.

Пештен шығар жердегі шикізаттың төмен температурада болуы өнімнің шығымын азайтады, және де бүйірлік айырмалардың айырылуы

температурасының және мазуттың азаюына алып келеді. Температурасының айнымалы өзгеруі жүйенің герметикалығының бұзылуына алып келеді.

Мұнай өнімдерінің сапасы лабороториялық анализ және ағындағы сапа анализаторларының көрсетілулерімен біршама реттеледі. Бұл үшін мүмкін аралықта технологиялық тәртіптің параметрлерін өзгертеді. Жарамсыз өнім алынған жағдайда оны «жарамсыз өнім» резервуарына жөнелтеді.

Мұнай мен мұнай өнімдерін канализацияға тастауға болмайды, себебі мұнай канализациялық желінің бітелуін туындатса, ал жеңіл мұнай өнімдері жоғары дәрежелі өрт қауіптілікті туындатып територияның газдалуын жоғарылатады. Көп мөлшердегі судың топталуы канализациялық желінің шамадан тыс жүктелуіне және жұмысының тоқтауына алып келеді. Шлемдік желі ұдайы жұмыс жарамды жағдайда болуы тиіс. Онда шапшаң суытып, өнімдерді жөнелту желінің бітелуіне алып келеді, ал бөлу желінің тоңазуына алып келеді. Жүйелі түрде жолында желінің бу спутниктерінің жарамдылығын кадағалау кажет. Пеш сораптарының шикізатты беруін ұдайылығына бақылау жасау кажет. Шикізаттың берілуінің азаюы мен мүлдем тоқтауы кезінде пештен шығардағы температура жоғарлайды, және де бұл оның ыдырап кокс пен газдың түзілуіне алып келеді, сонымсн қатар кокс ирелек кұ6ырлардың ішкі бетінде шөгіп қалады. Ал бағаналарда қысым жоғарылайды.

Шиттағы және операторлар бөлмесіндегі приборлар көрсетулерін салыстыра отырып, аппараттағы дейгейдің болуын ұдайы кадағалап, БӨП-дағы ауа қысымын тексеру кажет.

Ректификация және тұрақтандыру бағаналарындағы қысымның жоғарылауы алынатын өнімнің «жеңілдеуіне» алып келсе, ал қысымның бәсеңсуі олардың «ауырлауына» алып келеді. К-12 бағанасының төменгі бөлігіндегі температураның төмендеуі (1. 2.-суретте) және осы бағананың төменгі бөлігіне су будан беру мөлшерінің азаюы мазуттағы мөлдір өнімнің кұрамының артуына алып келеді, және де тауарлық өнімнің шығымы төмендейді. Булау бағанасына берілетін, бу температурасын жоғарылата немесе төмендете отырып негізгі ректификациялық бағананың бүйірлік айырмаларының қайнауының басталуын реттейді.

Басты мақсатта қысым астында жұмыс істейтін аппараттарға көңіл бөлу қажет. Бұл аппараттардағы қысым, температура және деңгей реттегіштері персоналдардың ұдайы бақылауында болуы тиіс. Жүйелі рефлюкстік ыдыстардағы Е-101 жэне Е-102 (І.4.суретте) су деңгейін реттегіштердің клапандарының жұмысын кадағалаған жөн. Себелеу сұйығыменен судың араласып кетуі К-І0І және К-102 бағаналарындағы қысымның күрт жоғарлауына алып келуі мүмкін.

Ұдайы пеш құбырларының жағдайын тексеріп отыру кажет. Құбырлардың кокстелгендігінің негізгі белгісі, бұл пештен шығардағы өнімнің тұрақты температурасындағы пешке кірердегі шикізат қысымының жоғарлауы, сондай-ақ құбыр бетіндегі күңгірт дақтардың пайда болуы.

Отынды гидротазалау.

Мұнайды алғаш айыру барысында алынатын дизельдік отын мен керосиндік фракциялар, олардағы үлкен мөлшердегі күкіртік қосылыстардың болуына байланысты тауарлык өнім ретіндс қолдануға болмайды. Мұндай қосылыстар мен басқада жағымсыз қоспаларды бөліп алу үшін тікелей айырудағы фракцияларды гидрогенизациялық сақтандыру әдісін қолданады.

Қазіргі таңдағы мұнай өндеу зауыттарының схемасында күкіртті және жоғары күкіртті шикізаттарды өңдеу барысында гидротазалау процесі қажет және іс-жүзіндегі жалғау ғана болып саналады.

Мұнай өндеу технологиясында дизельдік отындарды гидротазалау процесінің ауқымды енуі жыл сайынғы автомобильдік проекталық, теміржол және су тасымалдау көліктерінің жылдам қозғалтқыш дизельдік қозғалтқыштарменен жабдықталуыменен түсіндірледі. Күкіртсіздендірілген дизельдік отындарды қолдану қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін елеулі ұлғайтады. Дизельдік отындарды гидротазалау барысында тек күкірттік қосылыстан ажыратылып коймай сонымен қатар азот және оттекқұрамды қосылыстар гидрленеді, отынның түсі мен иісі жақсарады, олардың тұрақтылығы мен цетандық саны жоғарылайды. Соныменен, гидротазалау түбегейлі отын сапасының жақсаруына алып келеді, және де осыған орай қозғалтқыштың тозуы төмендейді, қақ азаяды, сондай-ақ қозғалтқыштың сенімділігі мен пайдалану мерзімі артады. Сонымен қатар су күкіртті отындарды қолдану тұрғылықты күкірттердің ауа бассейнін сауығуға бейімдейді және қоршаған ортаны қорғауда үлкен мәні бар.

Дизельдік отын мен керосинді гидротазартуды сутекті ортада алюмо-кобальт-молибдендік немесе алюмо-никель-молибдендік катализаторларды жоғары температура мен қысымда жүзеге асырады. Процесс барысында отын 95% дейін күкірттік қосылыстары, азот пен оттекқұрамды қосылыстардың елеулі бөлігіннен, сондай-ақ шайырдан арылады. Процесс стационарлық катализаторда газ фазасында жүреді.

Гидротазалау шикізаты.

Гидротазалау блогының шикізаты ретінде дизельдік отынды гидротазалау блогында дизельдік отынның тікелей айырылған фракциясын қолданса, ал керосинді гидротазалау блогында тікелей айырылған керосиндік фракцияны қолданады. Шикізат құрамында шайырлы заттардың болуы катализаторлардың жылдам кокстелуіне алып келеді де, осының салдарынан оның белсенділігі төмендеп, катализаторлардың кызмет ету мерзімі қысқарады. Шикізатта күкірттік қосылыстар мөлшері аз болған сайын, оны берудің көлемдік жылдамдығы немесе сутекқұрамды газдардың берілуі аз болуы тиіс. Тазартылушы фракцияның молекулярлық салмағы артуыменен күкіртсіздендіру жылдамдығы бәсеңсиді. Шикізаттағы жеңіл фракциялардың жоғары мөлшерлі желінің өнімділігін азайтады.

Наши рекомендации