Процестің негізгі параметрлері.

Температура. Күкірттік, азот және оттекқұрамды органикалық қосылыстарды гидрлеу реакциялары белгілі бір температурада жүреді. Бекітілген технологиялық карта шегіндсгі температураны қабылдап алу шикізат құрамы мен сапасына, сондай-ақ соңғы өнім сапасына берілетін талаптарға байланысты болады. Ауыр шикізат, термиялық тұрақтылығы төмен, сондықтан да төмен температураларда тазаланады. Отындарды гидротазалаудың 370-400°С температуралар аралығы.

Температураны жоғарылату барысында күкірттік және шектік емес қосылыстарды гидрлеу дәрежесі өседі, нафтендердің дегидрогенизациялануы өседі. Дегенмен де температура 400°С жоғары көтерілгенде компоненті гидротазалау реакциясының қарқындылығы елеулі төмендейді, мақсатты өнім шығымы азаяды, гидрокрекинг реакциясы күшейеді және катализаторда кокстің шөгуі өседі, ал бұл катализатордың колданылу мерзімінің қысқаруына алып келеді. Температураның 370°С төмендеуі процестін жүруіне және соңында сапасыз өнімнің шығуына алып келеді.

Қысым. Жүйедегі қысымның артуы сутегінің порциалды қысымның өсуінің есебінен гидротазалау процестің тереңірек жүруін нафтендердің елеулі дегидрленуінің баяулануына, олефиндердің гидрлену және ароматтық көмірсулардың гидрогенизациялану үлесінің артуына алып келеді. Сонымен қатар катализаторлардың кокстелуі төмендейді және оның жұмыс істеу мерзімі артады. Қысымның 4МПа жоғарылауы процеске елеулі әсер бермейді. Қысымның төмендеуі сутекқұрамды газдың шығының елеулі төмендетеді, бірақ сонымен қатар күкірттік, күкірт құрамында кездесетін шекті емес және ароматтық қосылыстардың гидрлену дәрежесін төмендетеді. Өнеркәсіптік гидротазалауға арналған қондырғылар жүйелерінде қысым 3-4МПа аралығында болады. Қысымның кез-келген өзгерісі кезінде сутекқұрамды газдардағы сутек мөлшерін жоғарғы деңгейде ұстаған жөн.

Шикізаттың көлемдік берілу жылдамдығы. Бір сағаттағы, реакторға берілуге тиісті шикізат көлемінің катализатор көлеміне қатынасыменен анықталады. Отындарды гидротазалау процесі үшін көлемдік жылдамдық түрлі факторларға байланысты елеулі аралықта (2,5 тен 10 сағат дейін) өзгереді. Көлемдік жылдамдықтың өсуіменен шикізаттың реакцияда болу уакыты қысқарады. Бұл кезде жүйенің өнімділігі артып, күкіртсіздену дәрежесі төменденді. Көлемдік жылдамдықтың төмендеуі кезінде шикізаттық катализатормен жанасу уакыты артады және де осының арқасында отынды гидротазалау тереңдігі өседі. Дегенмен де бұл кезде өнімділік төмендеп, кокс түзілу артады, катализатордың жұмыс істеу мерзімі қысқарады.

Сутекқұрамды газдардың циркуляциялану еселігі. Сутегінің теориялық есептелген мөлшерінде гидротазалау процесінде гидрлеу реакциясы іс-жүзінде толық жүреді, дегенмен де оның жылдамдығы өте аз болады. Сондықтан да гидротазалау процесін сутегінің артық мөлшерінде жүргізеді. Тиімдісі, бұл 1м Процестің негізгі параметрлері. - student2.ru шикізатқа сутек концентрациясы 65% (салм) болатындай сутекқұрамды газдың шығыны 300-400м Процестің негізгі параметрлері. - student2.ru

Циркулияциялану еселігінің азаюы кезінде сутегінің жетіспеуі салдарынан гидрокүкіртсіздену дәрежесі төмендейді, (тазалау дәрежесінің елеусіз жоғарылауы кезіндегі) сутекқұрамды газдың берілуінің тиімді шамадан артуы жүйенің өнімділігінің төмендеуіне және жүйенің тым тиелуіне алып келеді.

Наши рекомендации