Төрлет, құтты Жаңа жыл!

· ramuk_b

· 2 наурыз 2012

· 63926

· 0

· 0

Төрлет, Құтты Жаңа жыл!

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Барысы:
Екі жүргізуші ортаға шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші: Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!

1 - жүргізуші: Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

2 – жүргізуші Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

1 - жүргізуші: Элеонора байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?
2 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Қане ашып көрелік. Әлішер, қане сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын.
1 - жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1..2..3 дегенде екі қаптың аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші Жарайды ,мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
(қаптың аузын ашқанда клоундар атып шығады)

Клоун1: Сәлем саған, туған ел!
Клоун2: Сәлем, сәлем достар!
Ой, ой,ой біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Көп соза бермейік. Достарымызда ертіп келейік қане?!
Клоун1: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Ертсек, ертіп келейік.
(клоундар шығып кетеді, сыныптағылар келеді)
Музыка ойнайды (оқушылар шыршаны айналып «Жаңа жыл» әнін орындайды).

1 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

2 – жүргізуші Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Ән:_____________________________

1 - жүргізуші: Армысың, аманбысың, Жаңа жырым,
Жаңа жылым! О менің Жаңға жылым!
Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын – дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек ,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры ______________ағайға береміз.

Рахмет ағай, сіздің құрметіңізге әсем ән жолдаймыз.
Ән:______________________________

2 – жүргізуші Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз,

1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).

2 – жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!

1 – жүргізуші: Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір – түпкірінен өнердің өрінде жүрген небір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыз?

2 – жүргізуші: Олай болса, сыныбымыздың жігіттерінен құралған «Жастар» КВН командасын шақырамыз.
(Рахмет жігіттер өнерлерің өрге жүзсін.)

1 – жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

2 - жүргізуші: Жаңа жыл – бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Қоян жылын шығарып салайық.
(осы кезде қоян келеді.)

1-оқушы: Біздің елде өткен жылы,
Қоян жылы тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ескі Жылым – Қоян жылы,
Қош, аман бол көргенше.

Сен сыйладың бақытты күн.
Қайта айналып келгенше,
Талап, талант дарынды,
Өрлеттің туды аспанда,
Бойыңнан бердің барыңды.
Айналар бір күн дастанға.

Қоян жылы: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.


1 – жүргізуші: Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.
Ортаға Жаңа Ұлу жылы келеді.

Ұлу жылы: Жақсылыққа бағыттаған
Ұлумын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Қоян жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым – ұят, жаным – халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.

Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.


2 – жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір биге берейік.
Шығыс биі (Жадыра мен Гүлбақыт)

1 – жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.

Ән: «Аппақ гүлдер» Оспан Элеонора, Шынберген Нұрай

2- жүргізуші: Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен қлоқала.

Испан биі:______________

1 – жүргізуші: Келесі кезекті тағы да бір тамаша биге берейік.
Спорттық би: Элеонора, Нұрай, Ирина, Гүлбақыт

Рахмет қыздар.
Ойын ойнатылады.
Клоун: Ойынның шарты ортаға адам келсін.1-ші партадағы стакандағы суды келесі партадағы стаканға қасықпен тасу керек. Қане шарты түсінікті болса ойынымызды бастайық.
Кімнің жылдам екенін көрелік, достар ия.
Барлығымыз қошеметтеп отырайық.

2 – жүргізуші: Жаңа жылдық құттықтау сөз кезегін ең алғаш 42 әріпті талмай үйреткен аяулы да, ардақты алғашқы ұстазымыз Зибагүл апайдың жылы лебізін тыңдасақ.Олай болса ортаға қошеметпен апайымызды шақырамыз.
(рахмет апай).
Орындалар әсем ән мен сәнді биіміз сіздің құрметіңізге және ата –аналардың құрметіне арналады.
Ән: Әлішердің орындауында: «______________________»
Би: Айдана (өзбек биі)

1 – жүргізуші:Ал, Аяз ата, Ақшақар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін биші қызымыз бар көрінеді. Сол қызымызды ортаға шақырсақ па деп тұрмыз.Қалай қарайсыз?

Үнді биімен орталарыңызда Оспан Элеонора
(рахмет, не деген би десейші!)
Ал, Аяз ата, Ақшақар! Асығып тұрған секілді сіздер.Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.

2 – жүргізуші: - Ия, Аяз мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
(Аяз ата бата береді)

Хор: «Жаңа жыл»

1 – жүргізуші: Құрметтісің қымбат қонақ жыл тойы
Саған деген сый – сияпат басқаша
Сені күтіп ән саламыз түн бойы
Би билейміз шырқалған ән тоқтас.

Ән: Айдана «Катюша»

Ән: Рамазан мен Әбдімұрат «.....»

2 – жүргізуші: Езуіңнен кетпесін сыңғыр күлкің,
Аспаның ашық болсын ала бұлтың.
Мұржаң қисық болса да, ағайындар
Түтініңнен түзу шықсын, жалпақ жұртым.

1 – жүргізуші: Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Қоян жылы мен ұлу жылын да тауысып.
Береке, бірлік бейбітшіліктің төрінде
Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.

2 – жүргізуші: Бітуге қалды таяп – ай,
Не қыласың аяп – ай.
Қане, халқым, қол соқшы,
Жаңа жылда аямай!

1 – жүргізуші: Қой жылы – той жылы
Мешін жылы – вечер жылы,
Жаңа жыл - жаңа нұр жаудырып,
Ұлу жылы – сауық жылы болсын, ағайын!

Хор: Қош келдің Жаңа жыл!

Салем достар... Менің жіберген жаңа жылдық кешке арналған сценарийімнің сіздерге комек болар деп ойлаймын.... Оқып көріңіздер...Көңілдеріңізден шығады деген ойдамын...Келесі жолдарды оқыңыз...

«Жаңа жылға саяхат» жаңа жыл кешінің
7 – 11 сыныптарға арналған әзірлемесі
1-жүргізуші:Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
2-жүргізуші : Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
1-жүргізуші : Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!.Келе жатқан ұлу жылы мерекесімен құтықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш акелсін. Кешімізді әнмен сүймелдей отырып, бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық.
Ән « Жаңа жыл».
2-жүргізуші : Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке. Бұл мерекеге мектебіміздің жоғарғы буын оқушылары қатысып отыр. Мен қазір атаған үстелдер орындарыңыздан тұрып, жаңа жылдық қошеметке ие болсаңыздар. 1- үстелде 10-11 сынып оқушылары, 2-үстелде 9 сыныптар, 3-үстелде ортамызға биыл қосылып отырған 8 сыныптар және 4-үстелде 7 сыныптар. Ду қол шапалақ, қошыметтеріңізді аямаңыздар достар.
1-жүргізуші: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен тұспа –тұс келіп отыр және
біз сынып бойынша емес, үстел бойынша өнерімізді көрсетеміз. Кешіміздің соңында белсенді отырған үстелге ерекше сыйлығымыз бар.

2-жүргізуші : Кешімізді бастамастан бұрын 4 үстелден 1-1 оқушыдан ортаға шықсын, ол - өзі желаяқ, сөзге шешен, тапқыр, яғни жан-жақты оқушы болсын. Себебі жаңа жылымыздың сәнін келтіретін аяз ата мен ақшақарды іздеп , тауып алып келу керек. Аяз ата мен ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, аяз ата мен ақшақарды бірге алып келесіздер. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 15 минут уақыт беріледі.Сіздер сағат 17 00-де осында ертіп әкелулеріңіз керек, таба алмаған жағдайда қайта оралып үстелге отыра бересіздер.(4 оқушыны шығарып жібереміз)Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт достар.

1-жүргізуші: Енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын ойнайық.
КОНКУРС-1.Ортаға әр үстелден 1 жұптан яғни 1 ұл 1 қыздан шақырамыз.(ортаға 8 оқушы шығару керек) Ал ендеше ойын шартымен таныс болыңыздар. Әр жұпқа 1 шардан береміз. Жұптар араларына шарды қыстырып, би билейсіздер. Ән тоқтаған кезде әр жұп, бірін- бірі құшақтап шарды жаруларыңыз керек. Кімнің шары бірінші жарылады сол жеңімпаз болып, саналады.(шарды қолмен жаруға болмайды, ішпен қысып жару керек).
2-жүргізуші: Қатысқан жұптарға мың алғыс, орындарыңызға отыра беріңіздер.
Қандай тату өздері
Күлімдеп көздері
Кәне, кәне , келіңдер
Бір би билеп беріңдер.
Ортаға ................................... әнімен шақырамыз. Ал қалғандарымыз ортаға шығып билейік.
1-жүргізуші: Рахмет достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің банағы межелеген уақытымызда таяды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен?( Іздеп кеткен оқушылар келеді. біреуі айқайлап айтады)
2-жүргізуші: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше?
( Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құртетті қонақтарын алып келе жатырмын.)
1-жүргізуші: Мінекей біздің көптен күткен қонақтарымызда келеді. Олай болса орнымыздан тұрып , қонақтарымызды қошеметпен қарсыалайық.
2-жүргізуші: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.
Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4пен, 5ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Саламатсыздар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршапта қалдық.Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
11 сынып оқушысы:Біздің үстелімізге келіп жайғасыңыздар...
Қош келдіңіз Аяз - Ата ,
Қарсы аламыз орын беріп .
Ән салыңыз бізбен бірге ,
Би билеңіз бізге еріп.
1-жүргізуші: Ортамыз нұрға толып,

Төрт құбыламыз түгел болды.

2-жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсің.
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін- дегендей кешіміздің шарты бойынша өнер көрсетуді биыл алғаш қатысып отырған 4 үстелден бастайық.
( ортаға 7 сынып оқушылары шығады. Одан кейін 8-9-10-11)
Ақшақар: Балалар барлығыңызда өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік.( Орындарына отырады)
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар да күтіп отыр. Тағы да жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Аяз-Ата:Қош сау болыңдар балалар!
2-жүргізуші: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. КОНКУРС-2. Сізге салфеткадан снежинка қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі снежинка жасаған ойыншыға сыйлық беріледі.
1-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән .............................................................................................
2-жүргізуші: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. КОНКУРС – 3. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз. Ал енді ойынды бастайық.
Ойын шарттары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.
2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін таңдап, жылы сөздер айту керек.
3. 7,8, 9 санының көбейту кестесін айтыңыз.
4. Қоянның қимылын келтіріңіз.
(Ойын біткен соң)
Ортаға ...........................................................................................
1-жүргізуші: КОНКУРС-4 Мына сандықта әр түрлі сөздер бар.Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!!!!
Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман 4. Қар

Би: 1. Қара жорға 2. Грузин биі 3. Шығыс биі 4. Ча-ЧА-ЧА
2-жүргізуші: Конкурс-5 Мерекеден кейін өте көп қоқыс қалады, ендеше сіздердің алдарыңызда тұрған даптерді боклашкаға кім бірінші салады, сол жеңімпаз атанады. Уақыт 3 минут. Ортаға әр үстелден бір ойыншы шықсын.
Ән / би.............................................................................................
1-жүргізуші: Ендігі кезекте Жаңа – 2012-ші жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кез де келді. Бүгінгі кештің қонақтарына бір-бір жапсырмадан беріп шығамыз. Бұл жапсырмаларды қыздар осы кеште ұнатқан жігіттеріне, ал жігіттер ұнатқан қыздарына жапсырады. Ең көп жапсырмаларды жинаған жігіт пен қыз Жыл Ханзадасы мен Ханшайымы атанады. Ал қазір жапсырмаларды тарата берейік.(Ханзада мен Ханшайым анықталған соң)
2-жүргізуші: Сонымен Бұл кештің Ханшайымы......... және Ханзадасы......... атанды. Қане қошемет білдірейік.
2-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл,
1- жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
2-жүргізуші : Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп
1-жүргізуші: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
2-жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.
1-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!

ТЕЛЕГРАММА

Төрлет, құтты Жаңа жыл! - student2.ru AINARA)))) 24.12.2012 жауап берді

Пікір

0дауыс

«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кеш.
1 Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
2 Жүргізуші:
Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
1 Жүргізуші:
Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білікті басшысы Оразбеков Елтай Ниязбекұлына береміз.
2 Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
1 Жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Шырша» жырын айтайық.
2 Жүргізуші:
Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған жылқы жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік.
Бәрі: Хош келдің ескі жыл.
Ескі жыл:
Ауылдастарым, достарым,
Алғысым көп айтар менің.
Дәл осындай артығырақ,
Қарсы алыңдар қой жылын.
1 Жүргізуші:
- Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.
2 Жүргізуші:
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
- Ескі жылымыздың құрметіне сыныптың орындауында биі. Қарсыалыңыздар.
(Би биленеді)
1 Жүргізуші:
Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.
сынып оқушысының орындауында ән. Қарсы алыңыздар.
(Ән айтылады)
2 Жүргізуші:
Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.
Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел!
(Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл келеді)
1 Жүргізуші:
Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.
Аяз ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл - қыздар, бүлдіршін балаларыңа бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
2 Жүргізуші:
Сыңғырлашы сырнайым,
Жаңа жылды жырлайын.
Шашбаулы қыз сырғалы,
Ақша қарды тыңдайық.
Ақша қар:
Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен жылқы жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Қой жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
1 Жүргізуші:
Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
2 Жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Қой жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.
Қой жылы:
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
(Ортадан ескі жыл шығады)
Жылқы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)
Қой жылы:
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.
1 Жүргізуші: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылымыздың құрметіне сынып орындауында би. Қарсы алыңдар. (би билеп болғанда сырттан үш ергежей кіріп келеді)
Ергежей 1: Аяз ата өзіңізді әрең таптық қой!
Аяз ата: Әй жүгірмектер сендер неғылдеп жүрсіңдер? Қайтыңдар. Қалай жеттіңдер бұл жерге.
Ергежей 2: Біз сіздің кәрі бұғыңызды жегіп, сонымен келдік.
Ергежей 3: Сіз бізді қалай қайтармақ болсаңызда, біз қайталамаймыз. Кәрі бұғы шаршап әлсіреп қалды. Оған демалуға уақыт керек.
Аяз ата: Тоқтаңдар! Сендер бұларың үшін жауап бересіңдер.
Ергежей 1: Сіз жыл сайын жастардың өнерін көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерімізді байқамайсыз. Бүгін ақыры сәті түсіп тұр екен, біз де осы балаларға өнерімізді көрсетейік.
(Бәрі жамырай шулай кетеді)
2 Жүргізуші:
Аяз ата! Біз үшін бұл күтпеген жағдай, әрі тосын сый болды ғой. Оларға несін ренжисіз. Оданда бұларда да өнер бар екен біздің оқушылар Сіздің көмекшілеріңіздің өнерлерін тамашалау. біздер үшін ең жақсы сыйлық. Қане оқушылар сендер Аяз атамыздың көмекшілерінің өнерін тамашалағыларың келеме?
Оқушылар : Иә
Аяз ата: Жасы. Ендеше өнерлеріңді бастаңдар.
(Ергежейлердің өнер көрсетіледі)
Аяз ата: Ой бәрекелді! Осынау ерекше кешті бірінші рет көрдім. Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі жандарға мән бермей жүр екенбіз ғой.
1 Жүргізуші: Рахмет сендерге. Сендердің де өнерлеріңді тамашаладық. Енді алыстан ат терлетіп келіпсіңдер, біздің оқушылардың да өнерін көріңдер
2 Жүргізуші:
Дөңгеленіп тұрайық,
Ойын сауық құрайық.
Ән шашуы шашылсын,
Жаңа жылға ылайық!
Ортада сынып оқушысы орындауында ән.
Аяз ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.
1 Жүргізуші:
Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
2 Жүргізуші:Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
(Аяз ата, ақша қар кетеді. )
1 Жүргізуші:Құрметті достар!
2 Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!
1 Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тоқшылықта болайық.
2 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!

Төрлет, құтты Жаңа жыл! - student2.ru Туркпенбаев Е.Ж. 6.12.2015 жауап берді

Пікір

0дауыс

Сіздерге осы сценарийдің көмегі тиеді деген үміттемін

Наши рекомендации