Дәріс. тасымалдаушы құралдар
Дәрістің мақсаты: жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді пайдаланумен танысу: кран – манипуляторлармен қоса барлық типті жүк көтергіш крандармен; жүк электрлік арбашалармен және т.б.
Крандар бөлінеді:
1) құрылымдық орындалуымен: кабель типті көпірлі, оқты;
2) жүк ұстаушы құралының түры бойынша: ілмекпен, грейфермен, магнитті қармаумен құралданған ;
3) орын ауыстыру тәсілі бойынша тұрақты, қозғалмалы, өздігінен жүретін;
4) жүрістік құрылғы бойынша: рельсті, автокөлікті, шынжырлы.
Жүк көтергіш машиналарды жұмысқа жіберудің алдында, олар Мемқалтехбақылау аумақтық мүшелерінде (аймақта, инспекцияда) тіркелген болуы тиіс. Жүк көтергіш машиналар және алынатын жүк қармаушы құралдар жұмысқа жіберілмей тұрып толық техникалық куәландырылуы тиіс.
Жұмыс барысында орналасқан жүк көтергіш машиналар периодикалық техникалық куәландырылуы тиіс: бөліктеп – 12 ай бір реттен аз емес; толықтай – 3 жылда бір реттен кем емес, аз қолданылатын машиналарды ескермегенде.
Жүк көтергіш машинаның толықтай куәландырылуы келесі жағдайларда жүргізіледі: а) жаңа орында жүк көтергіш машинаны орнатудағы жинақтаудан кейін; б) жүк көтергіш машинаны қайта құру кезінде; в) ауысымды оқты құрылғыны орнату немесе оқты ауыстыру кезінде; г) күрделі жөндеуде немесе жүк (оқ) арбасын ауыстыру кезінде; д) ілмекті немесе ілмектің ілгектерін ауыстыру кезінде.
Лифт (жеделсаты) келесідей негізгі бөліктерден тұрады: шахта, машина және блок бөлмелерінің кабинасынан, қарсы салмақтан, көтеруш механизмінен және электрқұрылғысынан. Жеделсаты шахтасы деп барлық жақтан шектелген кеңістік, онда жеделсатының кабинасы мен қарсы салмағы қозғалады. Шахта барлық жағынан бүкіл ұзындығының бойына шектелген болуы және оның едені мен жоғарғы қақпасы болуы тиіс. Шахтаның төменгі бөлігінде кабинаның төменгі жұмыс орнының сыртында ойықша орналасуы тиіс. Шахтаның есіктері екі жаққа кең ашылатын да, жылжытылатын, қолмен немесе жетек арқылы ашылып жабылатын болуы мүмкін. Екі жаққа кең ашылатын есіктер тек сыртқа ашылуы тиіс.
жеделсатылардың кабиналары адамдардың немесе жүктің қауіпсіз қозғалуы үшін қажет. Кабина мен қарсы салмақты ілу үшін қажетті арқандардың құрылымы және диаметрі бірдей болуы тиіс. Жолаушы, жүк тасымалдау, ауруханалық және жүк жеделсатылары үшін арқандардың диаметрі 9,5 мм-ден аз болмауы тиіс.
Жеделсаты ілінетін арқанда беріктіктің белгілі бір қоры болуы тиіс. Жеделсатының әрбір кабинасын сақтандырушы құрылғымен – ұстаушымен қамтамасыз етеді, олар арқан үзілген жағдайда немесе төмен қарай қатты жылдамдықпен жүрген кезде мықтылап ұстап алуы тиіс.
Автокөліктерді пайдалану. ҚР жол қазғалыс ережелерінде тасымалдаушы құрылғылардың пайдалануға жіберілуі бойынша негізгі ережелер бекітілген және тасымалдаушы құрылғыларды пайдалануға тыйым салынған шарттар мен бұзылулардың тізімі көрсетілген. Автокөліктің техникалық жағдайы сәйкесті стандарттардың, ережелердің және оларды техникалық пайдалану бойынша басқару талаптарына сай болуы тиіс. Авто транспорт үшін соларға қарастырылған жерлерде сәйкес нұсқада тіркеуші белгілер орнатылуы тиіс.
Автокөліктерді пайдалануға тыйым салынады : егер олардың техникалық жағдайы және құрылғысы, тасымалдаушы құрылғыларды пайдалануға тыйым салынатын бұзылулар тізімі мен шарттарының талаптарына сай болмаса; мемлекеттік техникалық қарауды өтпегендерге; сәйкесті рұқсаттамасы жоқ қайта құрылғылармен қамтылғандарға. Борт тұғырнамасы бар, адамдарды тасымалдайтын жүк автокөлігі орындықтармен қамтылуы тиіс, олар еденнен 0,3-0,5 м және борттың жоғғарғы бөлігінен 0,3 м аз емес қашықтықта орналасуы тиіс.
Заводтың ішкі транспортын қолдану
Заводтың ішкі транспортын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету ГОСТ 12.2.003-91 «ССБТ. Өндірістік құрылғы. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары», ГОСТ 12.3.002-7555 «ССБТ. Өндірістік үрдістер. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары», ГОСТ 12.3.020-80 «ССБТ. Кәсіпорындарда жүктердің орнын ауыстыру үрдістері. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» сәйкесті, ПОТ РО-200-01-95 автокөлікте еңбек қорғау Ережелеріне, салалық актілерді қосқанда, еңбек қорғау бойынша басқа құқықтық актілерге сәйкес орындалуы тиіс.
Заводтың ішкі транспортына келесі тасымалдаушы құралдар жатады: электркаралары, электр тартыстары, электр жүктеушілері, электрлік реттеп салғыштар, қолмен басқарылатын арбаша-реттеп салғыштар, жүк және такелажды арбашалар.
Кәсіпорында іштен жану қозғалтқышымен тасымалдаушы құрылғыларды пайдалану автокөлікті транспортта еңбекті қорғау бойынша ережелермен сәйкесті орындалуы тиіс.
Кәсіпорынның аймағындағы, жүктеу-жүкті түсіру жұмыстары орындалатын жерлерде және бөлмелердің ішінде барлық тасымалдаушы құрылғылардың қозғалысы кәсіпорын басқарушысы бекіткен сұлбаға сәйкес орындалады, бұл сұлба нақты бір көліктің қозғалысының бағытын, оның бұрылыстарын, рұқсат етілген тоқтауларын, шығуы мен кіруін, сондай ақ автокөлікті құралдардың тұрақ орнын, нұсқаулықтар мен жол белгілерімен, және теміржол көлігінде қабылданған белгілермен реттеліп отырады.
Кәсіпорынның жеке цехтары мен қызметтерінің технологиялық байланыстарына сәйкес заводтың ішкі көлікті құралдарының қозғалыс бағыты дайындалуы қажет: электрокөліктің, автожүктеушілердің, жүкті мотороллерлердің және қозғалыс сұлбасын ескеретін мотоциклдердің. Қозғалыс бағыты осы көлікті құралдардың барлық жүргізушілерінің хабарлануы тиіс.
Электркөлігінің, қолды жүк арбашаларының техникалық жағдайы дайындаушы-зауыттардың нұсқаулығының (паспортының) талаптарына сай болуы қажет. Электркөлігі: электрокаралар, электржүктеушілер, электртартқыштары жылдам әрекет ететін тежегіштермен, сигналдармен, жарықтаушы аспаптармен және бекітпелі құрылғысы бар ажыратқыштармен қамтылуы тиіс, ажыратқыштар басқа тұлғаларға құрылғыны қолдандырмайды.
Стреласы бар электржүктеуіште оқтың шығуына тәуелді жүк көтергіштігін көрсететін кесте болуы қажет.
Өртке қауіпті қоспалардың құрылуы мүмкін бөлмелерде және басқа құрылғыларда жұмыс сітеу үшін өрттен қорғалып жасалған электркөлігі қолданылуы тиіс.
Электржүктеуіштерде және автожүктеуіштерде келесі сынаудың мерзімін көрсететін кесте (жазба) болуы тиіс.
Жылдам өртенетін және жанатын заттарды тасымалдау үшін арналған көліктік құралдар статикалық электрдің зарядтарын бұрып жіберетін құрылғымен қамтылуы тиіс.
Кәсіпорыннан тыс жол қозғалыстарына қатысатын электркөлігінің жүргізушілері өзінде Мемавтоинспекция мүшелерімен берілген куәлігі болуы керек. Қауіпті және аса қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберілген жүргізушілер арнайы оқытылуы тиіс, оқудан кйін олардың білімдері тексеріледі.
Көлік тек басқару құқығы берілген Куәлікті көрсеткен жағдайда бекітілген жүргізушілерге ғана берілуі тиіс. Жүргізушілерге жол парағы беріледі. Ол парақта көлік берілетін жауапты тұлғаның фамилиясы көрсетіледі. Желіге шығу үшін көлікті техникалық жөнделетін қалпында шығаруға жауапты тұлғаның рұқсат ететін қолтаңбасымен бекітіледі.
Электркөлігі: электрокаралар, электржүктеушілер, электртартқыштары, автожүктеуіштер, такелажды жұмыстарға арналған жүк арбашалары, қолды арбашалар пайдалануға берілудің алдында техникалық куәландырудан өтуі тиіс, ал пайдаланудағылар – периодты куәландырудан өтеді, 12 айда бір реттен аз емес.
Жылдам өртенетін, жанатын сұйықтарды және сұйық қышқылдарды тасымалдау электрокараларда рұқсат етіледі, олардың құрылымында аккумулятор батареялары және электрқозғалтқышы жүк тақтасының астында орналаспаған.
Бөшкелерді тасымалдағанда олар тақтасында тігінен бір ярусқа және құлаудан бекітіліп орналастырылуы керек.
Жүктеу-жүк түсіру жұмыстары ереже бойынша механизацияланған тәсілмен, көтергіш-көлік құрылғының жіне кіші механизация құралдарының көмегімен орындалады. Жүктеу-жүк түсіру, қоймалық және тасымалдау жұмыстарын жауапты тұлғаның басқаруымен орындау керек, ол кәсіпорын басқарушысының бұйрығы бойынша тағайындалады және технологиялық үрдістің барлық бөліктерінде қауіпсіз ұйымдастыруға, қауіпсіздік талаптарын орындауға жауап береді. Аса ауыр үлкен габаритті және қауіпті жүктерді жүктеу (түсіру) кезінде жұмыс орнында әрқашан осы үшін жауапты тұлға болуы шарт. Тасымалдау жолдарын, жүктеу-жүк түсіру аудандарын жөнделетін қалпында, тазалықта және ретті түрде ұстау керек, кешкі және түнгі уақыттарда жарықтандырып, қыста қардан,мұздан тазалап және құммен жабу керек.
Автокөлікті жүктеу-жүк түсіру аудандарында орналастыру кезінде бір-біріне (тереңдік бойынша) жақын тұрған автокөліктердің ара қашықтығы 1 м-ден аз болмауы керек, ал (фронт бойынша) тұрған автокөліктердің қашықтығы – 1 м кем емес. Егер автокөліктерді жүктеу үшін ғимараттың жанында орналастырса, онда ғимарат пен автокөліктің артқы бортының аралығы 0,5 м-ден кем емес болады. Автокөлік пен жүтің аралығы 1 м кем емес. Қозғалмалы құрамадан жүктеу немесе жүкті түсіру кезінде жүктердің құлауы мүмкін аумақтарда адамдардың болуы және көлік құрылғыларының жүруі рұқсат етілмейді. Кәсіпорындарда кең қолданылатын көлік құрылғыларына сондай ақ конвейерлер жатады. Конвейерлерде ГОСТ сәйкес сызығының қозғалу жылдамдығы 0,1 м/с аспайды.