Тілді меңгеруі: Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын тілі

I. Жалпы ереже

Байқау демеушілері мен ұйымдастырушылары:

v Астана қаласының әкімдігі

v Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Тұңғыш рет Ағайынды Жүгінісовтер «Шын жүректен» атты шоу бағдарламасымен ерекше форматта Батыс Қазақстан облысы жұртына өнерлерін паш етпекші. Жобаның ерекшелігі кеште арнайы «Ағайынды Жүгінісовтер» атындағы атаулы шәкіртақы жүлдесі сарапқа салынады.

Жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім алатын 2016 жылғы мектеп түлектері арасында байқау жарияланып, жеңімпаз атанған студент 2016-2017 оқу жылының арнайы «Ағайынды Жүгінісовтер» атындағы атаулы шәкіртақы иегері атанады.

Шәкіртақы иегері Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Ағайынды Жүгінісовтер» продюсерлік орталығының шешімімен анықталады.

Негізгі мақсат – ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өңіріміздің тереңде сыр шертетін тарихын насихаттай отырып, мектеп түлектеріне «Студент» деген лауазымды ұғындыру, оның жауапкершілігі мен мәртебесін түсіндіру, жастардың сапалы білім алуына құлшынысын, ерік-жігерін арттыру, болашаққа деген сенімін қалыптастыру, жастарға қолдау көрсете отырып, Қазақстанның белсенді азаматы болуға тәрбиелеу, ЕХРО халықаралық мамандандырылған көрмесінің маңыздылығын насихаттау болып табылады.

II. «Ағайынды Жүгінісовтер» жүлдесінің шарттары мен өткізілу тәртібі

v Ағайынды Жүгінісовтердің «Шын жүректен» атты ән кеші 2016 жылдың 28 қыркүйегінде «Нұр отан» концерт залында өтеді.

v «Ағайынды Жүгінісовтер» жүлдесіне – жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім алатын 2016 жылғы мектеп түлектері қатыса алады;

v Қатысу туралы өтініштер үлгіге сәйкес (Қосымша – 1) 2016 жылдың 14–20 қыркүйек аралығында Орал қаласы, Нұр Отан партиясы ғимаратының (Ж.Молдағалиев 19), 105 кабинетінде қабылданады. Өтініштер «Ағайынды Жүгінісовтер» продюсерлік орталығының маманы – Ақжан Джамбулұлы Ғұмарға тапсырылуы тиіс.

v «Ағайынды Жүгінісовтер» жүлдесінің қорытындысы үстіміздегі жылдың 28 қыркүйек күні сахналанатын Ағайынды Жүгінісовтердің «Шын жүректен» атты шытырманға толы ән кешінде жарияланады.

v Байқаудың ұйымдастырылуы жөнінде (байқауға қатысушылардың өтініші жазу үлгісі, құжаттама т.б.) қосымша ақпарат www.instagram.com:concert_brother_zhugunussov сілтемесінде жарияланады.

v Қосымша ақпарат:

Данияр Касенович Алибеков – 8 775 730 93 14

Ақжан Джамбулұлы Ғұмар – 8 747 162 41 12

III. «Ағайынды Жүгінісовтер» жүлдесіне қатысуға

қажетті құжаттар тізімі:

v Өтініш(сұхбаттасу жұмыстары жүргізіледі)

v ҰБТ-ның қорытындысы туралы мемлекеттік сертификат(көшірмесі);

v Оқу орнынан анықтама;

v Жеке куәлігінің көшірмесі;

v Скоросшиватель; конверт(А5);

v 10х15 көлемдегі фотосурет(1 дана);

v Егер болған жағдайда:

ü ғылыми еңбектерінің тізімі, грамота, диплом, арнайы сертификаттар;

ü TOEFL, IELTS, DSH, DELF,DALF,TCF бағдарламалары бойынша сертификаттарының көшірмесі.

IV. Үміткерді бағалау критерийлері:

ü ҰБТ-ның қорытындысы (мемлекеттік сертификат);

ü Ғылыми еңбектері мен жетістіктері (грамота, диплом, арнайы сертификат және т.б.)

ü Ағылшын тілін меңгеру деңгейі (TOEFL, IELTS, DSH, DELF,DALF,TCF).

V. Жеңімпазды анықтау комиссиясының құрамы:

ü Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы м.у.а – Данияр Құлжанов;

ü «Ағайынды Жүгінісовтер» продюсерлік орталығының жетекшісі – Айнұр Жүгінісова;

ü «Ағайынды Жүгінісовтер» продюсерлік орталығының маманы – Ақжан Ғұмар.

VI. Байқау қорытындысы:

Комиссия мүшелерінің шешіміне сәйкес анықталған жеңімпаз студентке арнайы «Ағайынды Жүгінісовтер» атындағы атаулы шәкіртақы мен арнайы сертификат табыс етіледі.

Жоба жетекшісі,

Идея авторы А.Д. Ғұмар

(Қосымша – 1)

«Ағайынды Жүгінісовтер»атындағы атаулы шәкіртақы жүлдесіне қатысушыүміткердің

АНКЕТАСЫ

Тілді меңгеруі: Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын тілі - student2.ru

Аты-жөні: ________________________________________________________

Туған күні/айы/жылы: __/____/___ Жасы: ___

Туған жері: __________________________________________________________

Жынысы:жігіт / қыз (астын сызу керек)

Мектеп табалдырығын аттаған жылы: __________

Мектеп қабырғасында ғылыми жобаларға қатыстыңыз ба? Ия Жоқ

_______________________________________

БТ қорытындысы:50-60 60-70 70-80 80-90 90-100 100-110 110-115 115-120 120-125

Телефон номері: _____________________________________

Электронды поштасы: _____________________________________________

Instagram: ________________________________________________________

Тілді меңгеруі: Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын тілі

Сүйікті әні, кітабы, ойыны т.б (өзі туралы біз білу керек қосымша ақпарат):_______________________________________________ ____________________________________________________________________

Өмірлік ұстанымы: _______________________________________________

__________________________________________________________________

Қолы: ___________________

Наши рекомендации