Оңыр аю – Бурый медведь - Ursus arctos Linnaeus, 1758.

Отряд. Жыртқыштар – Хищные – Canidae

Жанат тәрізді ит – Енотовидная собака – Nyctereutes procyonoides Gray, 1834.

Қазақстанда бір түршесі бар. N.p.ussuriensis (8.3.1.1-сурет) - уссурия жанат тәрізді иті. Тұрғылықты аңдар, қыста ұйықтайды. Еділ атырауларында және Каспий жағалауларында Еділден Жайыққа дейін таралған. Батпақталған ойпаттарда және бұта және қамыс өскен су қоймаларының жағалауларында мекендейді. Майда жануарлармен, сондай-ақ өсімдік тектес азықтармен қоректенеді (азық талғамайды). Жылына бір рет 2-ден 15-ке дейін, көбінесе 6-8 күшік туады. Бағалы терілі аң нысанасы. Құстардың ұяларын бұзып аңшылық шаруашылығына зиян келтіреді.

Шүйебөрі немесе шуылдақ – Шакал – Canis aureus Linnaeus, 1758.

Қазақстанда бір түршесі бар – C.a. aureus (8.3.1.2-сурет). Азық жеткіліксіз болғанда мерзімдік және алысқа қоныс аударады. Жыл бойы белсенді. Сырдария, Сарысу, Шу, Іле, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің жайылмаларында таралған. Көл. Өзен, канал, арықтардың бойында өскен тоғайларда және қамыстарда мекендейді. Кеміргіштермен, қояндармен, құстармен және басқа майда жануарлармен, өлескелермен, өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді, інінде 4-7, орташа есеппен 5 күшік бар. Кәсіби аңшылық маңызы бар. Ауыл шаруашылығына зиян келтіреді.эпидемиологиялық маңызы бар.

Асқыр – Волк – Canis lupus Linnaeus, 1758.

Қазақстанда 4 түршесі бар: C.l.altaicus – сібір орман қасқыры – сибирский лесной волк (8.3.1.3- сурет); C.l.campestris – дала қасқыры – степной волк ; C.l.desertorum – шөл қасқыры – пустынный волк; C.l.chanco – тибет қасқыры – тибетский волк. Тұрғылықты аңдар, кейбір тұяқтылардың соңынан қоныс аударады. Жыл бойы белсенді. Еліміздің барлық аумағында таралған. Ормандарда, тауларда, далаларда, шөлдерде мекендейді. Тұяқтылармен, қояндармен, кеміргіштермен, құстармен, үй жануарларымен қоректенеді. Жылына бір рет көюейеді; апанында 2-12, көбінесе 5-6 бөлтірік бар. Кәсіби аңшылық маңызы бар. Мал шаруашылығына зиян келтіреді. Құтырықпен ауырады.

Арсақ – Корсак – Vulpus corsac Linnaeus, 1768.

Қазақстанда 3 түршесі бар: V.c.corsac - қазақ қарсағы – казахстанский корсак; V.c.kalmykorum - қалмақ қарсағы - калмыцкий корсак; V.c.turkmenicus – түркістан қарсағы – туркестанский корсак. Азықтары жетіспегенде тұрақсыз және мерзімдік қоныс аударады. Жыл бойы белсенді. (8.3.1.4-сурет). Таулардан басқа еліміздің барлық аумақтарында таралған. Далаларда, щөлейттерде, орманды далаларда мекендейді. Кеміргіштермен, құстармен, бауырмен жорғалаушылармен, жәндіктермен және өлекселермен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді, індерінде 2-10, көбінесе 4-5 күшік болады. Бағалы терілі аңшылық нысанасы. Құтырықпен және етқоректілер обасымен ауырады.

Түлкі – Лисица – Vulpes vulpes Linnaeus, 1758.

Қазақстанда 4 түршесі бар: V.v.kazakhstanica – қазақстан түлкісі – казахстанская лисица; V.v.karagan - қараған – караганка; V.v.diluta - дала немесе құм түстес түлкі - степная, или светлая, лисица (8.3.1.5-сурет); V.v.ochroxantha – тянь- шань түлкісі –тянь – шаньская лисица. Азықтары жетіспегенде мерзімдік және басқа қоныс аударулары болады. Жыл бойы белсенді. Бүкіл елімізде таралған. Далаларда, шөлдерде, ормандарда, тауларда мекендейді. Кеміргіштермен, қояндармен, құстармен, өлекселермен, сиректеу өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді; інінде 1-12, көбінесе 5-6 жәутік болады. Құтырықпен, етқоректілер обасымен, топалаңмен және басқалармен ауырады.

Ызыл қасқыр – Красный волк – Cuon alpinus Pallas, 1811.

Қазақстанда бір түршесі бар - C.c.hespericus – тянь шань қызыл қасқыры – тянь-шаньский красный волк (8.3.1.6-сурет). Кеңінен қоныс аударады; жыл бойы белсенді. Тянь-Шаньда, Жетісу Алатауында, Тарбағатайда, Сәуірде, Алтайда таралған. Таулардың тұрғыны. Негізгі азықтары – жабайы тұяқтылар. Жылына бір рет көбейеді, апанында 3-9; көбінесе 5 бөлтірік бар. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

Тұқымдастық – Семейство: Аюлар-Медвежьи – Ursidae

оңыр аю – Бурый медведь - Ursus arctos Linnaeus, 1758.

Қазақстанда 2 түршесі бар: U.a.isabellinus – тянь-шань аюы – тянь-шаньский медведь (8.3.2.1- сурет) және U.a.jeniseensis – оңтүстік сібір аюы – южносибирский медведь. Тұрғылықты аңдар. Қыста ұйықтайды. Тянь-шань аюы Тянь – Шаньда, Жетісу Алатауында, оңтүстік сібір аюы – Алтайда таралған. Тауларда мекендейді. Өсімдік тектес азықтармен: жидектер, жемістер, сиректеу жабайы және үй жануарларымен қоректенеді. Қоңыр аю 2-3 жылда бір рет көбеюге қатысады, көбіне егіз, сирек жалқы және 3-тен қонжық туады. Тянь-Шань аюы Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген; оңтүстік-сібір аюы әуесқой және кәсіби аңшылық нысаналары.

Наши рекомендации