Ауыл шаруашылық өндірісінің дақылдарына жалпы сипаттама
Дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы. Дәнді дақыл ең әуелі адамзаттың азық-түлік қоры болып табылады. Сонымен қатар, дәнді дақылдар – өңдеу өнеркәсібінің шикізат қоры (спирт өндіру, сыра қайнату т.б.).
Морфологиялық ерекшеліктері. Дәнді астық дақылдары негізінен қоңыр бастар тұқымдасына жатады. Оларда санының көптігі мен түр өзгерістерінің әр түрлілігіне қарамай, вегетативтік органдарының құрылысы мен дамуына көптеген ұқсас белгілер бар. Дәнді дақыл морфологиясы мен өсіру ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді: кәдімгі астық немесе дәнді дақылдардың бірінші тобы – бидай, арпа, қара бидай, сұлы; тары тәріздес астық немесе дәнді дақылдың екінші тобы – тары, жүгері, шай жүгері, күріш және қарақұмық; үшінші тобы – дәнді бұршақ дақылдары (асбұршақ, ноқат, майбұршақ, жасымық т.б.)
Қоңырбастар тұқымдасына жататын дәнді дақыл дәнді дақылдардың тамыр жүйесі шашақты. Түп немесе ұрықтық тамырлар және түйін немесе қосалқы тамырлар сабақтың жер асты түйінінен түзіледі. Бұл тамыр түрлерінің екеуінің де өсімдік тіршілігінде үлкен маңызы бар.
Жүгері мен шәй жүгеріде сабақтың жер бетіне таяу орналасқан түйінінен тірек немесе ауа тамырлары тарайды. Олар өсімдіктердің жапырылып қалмауын төзімділігін арттырады. Дәнді дақылдардың тамырлары топыраққа 100 см және одан да тереңге бойлайды. Бірақ олардың негізгі топырақтың жыртылатын массасы(80-90% қабатында орналасады).
Дәнді дақылдардың сабағы – сабан, ол буындардан және буын аралығынан тұрады: буындар дегеніміз – сабақтың қалқамен ажыратылған жұмыр бөлігі; буындар арасындағы кесіндіні буын аралығы деп атайды және олардың саны 5-7 (бидай, сұлы, т.б.). Көптеген дәнді дақыл дәнді дақыл дәнді дақыл дәнді дақылдар сабанының іші кеуек, ал жүгері мен шәй жүгеріде паренхима ұлпаларымен толтырылған. Сабақ барлық буын аралықтарымен өседі. Ең әуелі төмеңгі буын аралығы өсе бастайды, одан кейін ортаңғы және жоғарғылары өседі.
Астық дақылдарының жапырағы екі бөліктен – жапырақ тақтасы мен қынабынан тұрады. Жапырақ қынабының тақтаға ауысатын жерінде тілше деп аталатын жұқа қабық болады. Ол жапырақ қынабының ішінде судың еніп кетуіне жол бермейді. Тілшенің жан – жағына екі жартыай сияқты құлақша орналасқан және ол жапырақ қынабын сабаққа бекітіп тұрады. Дәнді дақылдардың гүл шоғыры масқ (бидай, қара бидай, арпа), сіпсебас (күріш, сұлы, тары, шәй жүгері, жүгері), собық (жүгері) және шоқгүл (қарақұмық) түрінде болады. Масақ біліктен тұрады, оның кертпешінде кезектесіп, екі жағынан масақшалар орын тепкен. Масақша екі масақ қабықшасы (бидай мен сұлыда олар жалпақ, қара бидай мен арпада - жіңішке) мен бір немесе бірнеше гүлден тұрады. Әрбір гүлде екі гүл қабықшасы болады: масақ қабықшасына таяу орналасқаны қалыңдау болады, ол сыртқы гүл қабықшасы деп аталады, ал екіншісі өте жұқа, әрі нәзік болады және оны ішкі гүл қабықшасы деп атайды. Гүл қабықшаларының арасында екі қалақты аналық аузы бар жатыр мен үш аталық (күріште алтау) орналасқан.[21, 27]
Жемісі – дән, ол ұрықтан және эндоспермнен құралған. Дән ұрығы үлкен емес және бидай, қара бидай, арпада 1,5-2,5%, сұлыда 2,0-3,5, жүгеріде10-14 дән массасының бөлігін құрайды.
Бидай дәнінің сапасын сипаттайтын маңызды көрсеткішке ақуыз мөлшері мен дән уызы(клейковина) жатады. Бұл көрсеткіштер бидайдың пайдалану сипатын анықтайды. Өндеу(өндіру) өнеркәсібі мен экспорт үшін күшті және қатты бидай сорттары жоғары бағаланады. Күшті бидайға ақуызы мен дән уызы мол жұмсақ бидай жатады. Жұмсақ бидай сорттары ұн мен нанның сапасын анықтайтын жинақты көрсеткіш ұнның күшіне қарай күшті, орташа және осал(әлсіз) болып үш топқа бөлінеді.
Күшті бидай ақуызының көптілігі, уызының жиырымдылығы және созылымдылығы жағынан көзге түседі. Мұндай ұннан пісірілген нан жақсы көтеріледі, түрі өте ұнамды, бүйір қабығы жұқа немесе тор көзді , жұмсақ, созылмалы болып келеді, сондай-ақ өте дәмді, сүйкімді иісі болады. Сонымен қатар, күшті бидайдың байытушылық қасиеттері бар: осал бидайдың ұнына аздап күшті бидайдың ұнын қосқанда одан шығатын нанның сапасы анағұрлым жақсарады.Күшті бидай ең таңдаулы бидай болып саналады, сондықтан ішкі және халықаралық нарықта оған деген сұраныс жоғары.
Орташа нандық күші(қуаты) бар бидай , басқаша айтқанда филлер, ешқандай қоспасыз- ақ жақсы сапалы нан береді. Оған жататын сорттар ақуызының мөлшері орташа, уызының жиырымдылығы біршама төмен, сондай- ақ қамырының ашытылығын кездегі ферменттік тұрақтылығы да төмендеу болады. Мұндай сорттар осал бидайдың нандық қасиетін жақсартуға қабілетті емес.
Осал (әлсіз) бидайдың ақуызы шамалы, дән уызының жиырымдылығы өте әлсіз болады. Сондықтан нан сапсының көрсеткіштері төмен болады. Осал бидай нанының сапасын жақсарту үшін міндетті түрде күшті бидай ұнын қосады.
Жақсы қатты бидай астығы жоғары сапалы макарон өндіруге таптырмайтын шикізат болып табылады. Жұмсақ бидай ұнынан макарон өнімдерін жасауға болады, бірақ олар өзінің пішінін сақтай алмайды, опырылғыш, піскен кезде жабысқақ келеді де, тиімсіз түске енеді. Сары янтарлы немесе лимон тәрізді сарғыш түсті макарон өте жоғары сапалы деп есептеледі. Мұндай түс каротиноид пигментіне байланысты байланысты, ал оның мөлшері жұмсақ бидайға қарағанда қатты бидайда орта есеппен екі есе көп.
Жақсы макарон өнімдері мынадай талаптарға сай болуы қажет: қамыры тығыз жабыспалы, қалыпқа салғанда жеткілікті дәрежеде механикалық берік және пішінді. Бұл қасиеттердің барлығы жоғары сапалы қатты бидай өнімдерінен дайындалған қамырға тән. Қатты бидай жоғары сапалы ұнтақ жармасын өндіретін шикізат болып табылады. Қатты бидай дәнін диірменге тартқанда қырлы ұн бөліктері бірыңғай масса болып түзіледі; ұн жасушалары қатты, бірақ нәзік келеді, ал жұмсақ бидайда олар борпылдақ әрі ұсақ саңылаулары болады. Дән уызының мөлшері мен оның сапасы да үлкен рөл атқарады. Қатты бидайдың дән уызы қысқа серпімді болып келеді, сондықтан оның ұнынан пісірілген нанның көлемі аз, тор көзділігі нашар болады. Газ ұстау қабілетінің төменділігнен қатты бидайдың нандық сапсы жүмсақ бидайға қарағанда төмен. Дәннің жылтырлығына, көлемдік массасына, түсіне, сары пигменттердің мөлшеріне, т.б. қарай қатты бидайға жоғары талаптар қойылады. Талапқа сай қатты бидай екінші типке жатады және қоңыр янтарлы және ашық янтарлы болып екі подтипке бөлінеді. Әрбірподтип үш класты және классыз бидайды біріктіреді. Класты астқта кем дән уызы болуы тиіс жәнедегенде 22-28% екінші топтан төмен болмауы керек, көлемдік масса 770 г/л және одан да жоғары болады, бидай дәнініңбасқа типтері 15%-дан аспайды және астық қоспасы 10-15%-дан аспауға тиіс.
Бидай түрлері. Бидай қоңырбастар тұқымдасына жатады да, 22 түрді біріктіреді. Дәннің гүл қабықшаларынан ажыратылу дәрежесіне қарай барлық бидай түрлері жалаңаш дәнді немесе нағыз бидайлар және қабықты немесе полба бидайлары болып екі топқа бөлінеді. Жалаңаш дәнді (нағыз) бидайлардың масғы сынбайды, қалыпты жағдайда бастырғанда дәндерді қабықшалардан жеңіл ажыратылады (жұмсақ, қатты, карлик, персикум т.б. бидайлар).Қабықты (полба) түрлерініңмасағы опырылғыш және бастырғанда өте қиын үгітіледі (спельта, мәдени бірдәнді, қосдәнді, зандури, т.б. бидайлар).
Жұмсақ бидай егіншілікте көп тараған, масағы борпылдақ, қылтықты және қылтықсыз, қылтықты формаларында қылтықтары жан-жағына шашыраңқы орналасқан және масқ ұзындығынан қысқа. Масақтың бет жағы бүйірінен жалпақ. Масақ асты сабанының бөлігі қалыпты жағдайда кеуек. Дәндері жеңіл үгітіледі, ұсақ, орташа және ірі болып келеді, ұнды немесе жылтыр. Айдары айқын ажыратылады.
Арпа және оның жалпы сипаттамасы. Арпа тамақ өндірісі көп салаларында пайдаланылады. Оны малға жем ретінде, жарма (арпа жармасы және перловка), сыра, спирт және аздап нан, уытты экстракт сияқты өнімдер алуға пайдаланылады.
Арпа егістігі көлемі бойынша дүние жүзінде бидай, күріш, жүгеріден кейін, төртінші орында, ал біздің елімізде бидайдан кейін екінші орында (силосқа егілген жүгеріні есептемегенде). Арпа АҚШ, Канадада, Үндістанда, Герианияда, Чехославакияда және Жопонияда көп егіледі.
Ботаникалық сипаттамасы. Арпа дәнді дақылдар тұқымдасына жатады. Табиғи жағдайда көпжылдық және біржылдық өсімдіктер. Біржылдық формасы күздік және жаздық түрінде егіледі. ТМД елдерінде тек біржылдық өсімдік ретінде тараған, күздік оның ішінде жаздық формасы 90%-дай мөлшерде аудандастырылған формасы 10%.
Арпа тегіне 30-ға жақын түрлері жатады. Олардың ішінде мәдени өсімдік ретінде бір ғана түр – егістік арпа егіледі. Бұл түр үш кіші түрлерге бөлінген: көпқатарлы, екіқатарлы және осы екеуінің ортасындағы «Орталық» қатарлы арпалар. Арпаның гүл шоқтары масақ, сабақтың әр сатысында үштен гүл шығады. Көпқатарлы арпада осы үш гүлдің үшеуі де дән береді, дәндері алты қатар орналасады. Егер оны көлденең кессек, алты бұрышты немесе төртбұрышты болып көрінеді. Төртбұрышты масақта үш дәннің ортанғысы үлкен болып өсіп, шеткі екеуі ұсақ дән береді, ал алтыбұрышты масақтың барлық үш дәндері бірдей өскен.
Екіқатарлы арпада үш гүлдің екі жағындағы гүлдері дән байламай семіп қалады да, ортадағы бір дән ірі болып өседі. Сонымен желінің секі жағында екі дән салады. Сондықтан осы арпаны көбірек себеді. Олар сыра жасауға өте қолайлы. Барлық дәндер біркелкі өніп, крахмалы бірдей ыдырап, қантқа айналады, яғни спиртті көбірек береді.
«Орталық» қатарлы немесе көп және екіқатарлы арпалардың аралығындағы арпа не үш, не екі, не бір ғана дән береді. Мұны көп екпейді.Әр кіші түрдің өзі түрдің өзі түрлеоге бөлінеді. Оларға қабықты ақ, сары немесе қара дәнді және қабығы жоқ арпалар кіреді. Арпаның дәні қылтықты. Кейде қылтықтың орнына фурки деп аталатын қысқа қосалқы үш жапырақты қылтықша өсетін түрінің болуы мүмкін.
ТМД-да тараған түрлері:
Паллидум – көпқатарлы арпа; нутанс – екіқатарлы, сары түсті, қылтықты арпа; медикум – екіқатарлы, қылтықты жылтыр арпа.
Нутанс пен медикум сыра алуға арналған өте сапалы уыт береді. Көптеген оқымыстылар арпаны көпқатарлы және екіқатарлы деп екі түрге бөліп жүр. Ол түрлерге барлығы 125-ке жақын түрлі түрлер жатады деп болжалуда.
Арпаның физиологиялық ерекшеліктері.
Арпа космополит өсімдік – жер шарының барлық бөліктерінде өседі. Ыстыққа да, суыққа да төзімді. Бидай мен қарабидай өспейтін 4500 м биіктікте де, солтүстікте де өсе береді. Ол өте тез, 70-85 күнде піседі. Сондықтан жазы қысқа солтүстікте, биік тауларда, жазы ыстық және құрғақ аудандарда да өсе алады. Бұл аудандарға құрғақшылық басталғанша өсіп, жетіліп, пісіп үлгереді. Міне осы жағдай орақты 10-15 күн ерте бастауға мүмкіншілік береді. Осы қасиеттерінің арқасында арпа көбінесе үлкен қалалардың айналасында сыра жасау мақсатымен, солтүстікте және оңтүстікте ауа райының ерекшеліктеріне қарай көп тараған.
Кейінгі кезде жарма және кофе алу үшін қабығы жоқ арпа өсіріп жүр. Оның да келешегі мол.
Арпа дәнінің сипаттамасы. Арпа дәні қабықты, ірі, ұзыны 10 мм-ге жетеді, көлденеңі мен қалыңдығы 4 мм-ға шамасында. 1000 дәнінің массасы 20-65 г (орташа 30-45 г). Формасы ромбыға ұқсайды. Қабықтары қырлы-қырлы, сары, кейде жасыл-сүр, қара түсті болып, дәннің 8-17% көлемін алады. Қабықтарының қалындығына қарай арпаны: қалың қабықты – егер 12%-дан жоғары болса; орташа – 10-12% болса; жұқа қабықты – егер 10% -дан төмен болса, деп үшке бөліп жүр.
Кейбір таулы аудандарда (Армения мен Тибетте) арпадан ұн тартуға ақ түсті сорттарын пайдаланады. Арпаның алейрон қабаты 2-4 қатар ірі жасушалардан тұрады және ол дәннің 12-14% көлемін алып жатады. Осы ерекшелігін оның бидай ұнына қанша мөлшерде араласқанын табуға пайдаланады.
Арпаның сорттары. Бізде 90 жаздық және 30-ға жақын күздік арпаның сорттары аудандастырылған. Мұнын көбі екі қатарлы кіші түрге жатады. Олардың өнімі жоғары, ерте піседі, сыра мен спиртты көп береді. Олардың ішінде Винер, Нутанс 187, Московский 121, Южный, Ильинецкий 43, Донецкий 650, Харьковский 60, Луч сорттары көп тараған. Көп қатарлы арпаның Паллидум 45, Полярный 14 сорттары бар.
Сұлы. Сұлыдан жарма, жаншыма, ұн және спирт алады. Оның ұны, печеньесі жас организмге өте керекті толықбағала белоктардв көп ұстайды. Малдың жас төліне де өте қажет. Лизинді 0,8-1,92 кейде 8,0% -ға дейін ұстайды. Сондықтан оны диеталық және балалар тамағына көп қосады.
Сұлы тағамдарын АҚШ, Англия сияқты елдерде тамаққа көп пайдаланады. Ол адам денесінде майдың байлануын азайтады, ал бұлшықет тканьдарын көбейтеді. Сұлы егіс көлемі бойынша 5-ші орында. Оның барлық егістігінің жартысы АҚШ-та егіледі, ал ТМД сұлы егісінің көлемінен 3-ші орында. Біздің елде сұлының 1 гектарынан алынатын өнім. 20-30 ц және одан да жоғары болады. Сұлы жылы және ылғалды аудандарда жақсы өседі. Сондықтан Прибалтика және соған жақын аудандарда көп тараған. Аздаған аязға да төзімді, тамыры жер қыртысында терең орналасқан. Сондықтан су мен қоректік заттарды жердің төменгі қабаттарынан тартып алады.
Биологиялық сипаттамасы. Сұлы дәнді дақылдар тұқымдасына сұлы (Avena) тегіне жатады. Түрлері аз. ТМД мәдени өсімдіктері кітабында 16 түрі бар деп көрсетілген. Оның үшеуі –мәдени, басқасы жабайы немесе арамшөптер. Мәдени сұлуға- Егістік сұлу, Византия және Құм сұлулары жатады.ТМД-да тек егістік сұлы өседі. Өзбекстанда, Әзірбайжанда аздап Византия сұлысы кездеседі.
Сұлуның жақын туысы қара сұлы. Өте қауыпты және жайылып кеткен арамшөп. Оңтүстікте оңтүстік қара сұлысы өседі. Оңтүстік қара сұлы дәнінің түп жағында таға сияқты таңбасы бар. Сондықтан піскеннен кейін төгіліп кетеді. ТМД-да мәдени сұлының үш түрі тараған. Олар: мутика, ауреа, аристата. Олар бірінен бірі сіңсібастарының құрылыстарына қарай ажырайды. Олар жан-жағына шашылған немесе атжалды сіңсібасты, жалаңаш немесе қабықты сұлы болып бөлінеді. Сұлы егісі жатып қалса оның дәні сарғайып кетеді. Егер ақ сұлы мен сары сұлыны айыру қиын болса, оны -ды қоспасына 10 пайыздық азот қышқылының 10 минутқа салып, содан кейін кептірсе, 18 сағаттан кейін ақ сұлы ақшыл қоңыр, сары сұлы – ашық сары болып өзгереді. Кейде піспей жиналған сұлы көк болып көрінеді.
Сұлы дәнінің сипаттамасы және химиялық құрамы. Сұлының жарма, жаншыма алуға, не болмаса жемге жарамдылығын ол толық піскен соң, сіңсімеде тұрған кезінде анықтайды. Мұнда оны сыртқы көрінісіне қарай Москва, Харьков, инетәрізді және ұзынқауызды деп бөледі.
Москва типті сұлының дәні ірі, жалпақ, жуан, белі бүкірлеу, ақ не сары түсті болады. Дән қауызының жоғарғы басының аузы ашық болады, ядросы оның ішінде бос жатады.
Харьков типі – жіңішкерек,сары түсті, жоғарғы басы жабық, оның ішінде ядросы бос жатады. Бұл екеуінің қауызы тез аршылады. Сондықтан оларды жарма алуға пайдаланады.
Сұлы дәнінің ұзыны 8-16мм-ге дейін, көлденеңі 1,4-4,0мм, қалыңдығы 1,2-3,6мм болады. Дәнінің химиялық құрамы: белок 9-19, крахмал 31-51, клетчатка 8-19, май 3-7, минералдық заттар 3-5% болады. Кейбір сорттарда дәннің -ға дейін жетеді.майлылығы 11%.
Сұлының сорттары. Сұлының аудандасқан сорттары 50-ге жақын. Оның ішінде көп тараған Льговский 10-26, Побияда, Надежный, Орел, Золотой Дождь, Советский т.б. және жаңа шыққан – Линда, Ристо (Швеция), Тарпан (Голландия), Таежник, Геркулес сорттары көп.
Победа – мутика түріне жатады. Швециядан тараған. Сіңсі басы әр жағына түгел шашыраған. Дәні москва типті. Қабықтылығы 29-32%.
Золотой Дождь – ауреа түрі. Ескіден келе жатқан өте тараған сорт. Швециядан келген.
Жүгері және оның жалпы сипаттамасы. Жүгері жер шарында көп тараған, өнімі жоғары дақыл. Оның дәні тамақ өнеркәсібінде, малға жем ретінде, техникалық салаларда кеңінен қолданылады. Одан жарма, жарылған жүгері, түтікшелер, крахмал, декстрин, кристалды қант, спирт және ұн алады. Көк жүгеріні пісіріп жеуге, консервілеуге болады. Жүгері малға көк болауса түрінде беруге, сүрлем және күрделі жем жасауға қолданады. Жүгерінің ұрығынан медицина және тамаққа пайдаланатын май алады. Бұдан қымбат бағалы қағаз алуға да болады. Жүгеріден сабақтарымен бірге сүрлем салса, ол ірі қара малдың сүттілігін тез арттырады.
Жүгері АҚШ-та көп тараған. ТМД-да ол ауыл шаруашылық дақылдардың ішінде алтыншы орында, 2%-ға жақын көлемін барлық егістіктің алады.
Ботаникалық сипаттамасы. Жүгері дәнді дақылдар тұқымдасына жатады. Біржылдық өсімдік. Мәдени бірақ түрі бар, ол егістік жүгері. Дәні жалаңаш немесе қауызды. Жүгеріні сыртқы қабығының барлығына немесе жоқтығына, дәнінің формасына, өсу мерзіміне, түсіне, үстіңгі бетінің формасына, эндоспермнің ұнтәрізділік немесе мүйізтәрізділігіне қарай 7 кіші түрге бөледі:
кремнилі жүгері. Бұл ат орысша кремнистая (кукуруза) деген сөзден алынған. Ол сөздің химиялық элемент кремнийге еш қандай қатанасы жоқ. Бұл домалақ, жылтыр, эндоспермінің шет жақтары жарқылдап тұратын, ортасы ұнтәріздес жүгері. Вегетация кезеңі 60 күннен 130 күнге дейін созылады. Көбінесе тамақ өнеркәсәбінде пайдаланады. Түсі ақ немесе сары болады.
Тістәріздес жүгері. Дәні ұзыншақ, жоғарғы үсті тіс тәрізді. Ол піскен кезде дәннің үстінің шөгуіне байланысты. Мүйізтәріздес құрылым тек дәннің сыртқы қабаттарында, ал ортасы ұнтәрізді болады. Бұған көбінесе мал азығына пайдаланылатын сорттар мен будандар жатады. Қуырғанда жарылып, айналып кететін жүгеріге ұсақ дәнді, консистенциясы мүйізтәріздес эндоспермнен тұратын кіші түрлер жатады.Мүйізтәріздес эндосперм қуырғанда қысымға шыдамай бытырап, жарылып, ыршып кетеді. Көбінесе үсті құстұмсық немесе жайдақ бетті домалақ жүгерілер жатады. Бұлар АҚШ мен Мексикада көп егіледі.
Қант жүгеріге балауызданып пісу кезінде тәтті, жұмсақ, ал піскенде үстін әжім басып кететін, эндоспермі әйнектәрізді жүгері жатады. Мұның ішінде крахмал жоқ, ол тек декстрин мен қант күйіндегі заттардан тұрады.
Балауыз жүгеріге екі қабат эндоспермнен тұратын, сыртқы пішіні балауызға ұқсас, бірақ қатты, ішкі жағы домалақ крахмал түйіршіктерінен тұратын, ұнтәріздес құрылымды жүгері жатады. Оның крахмалды бұтақты малекулалы амилопектиндерден тұрады. Аминопектиннің саны 100% -ға жақын.
Қабықты жүгері.Дән қабықты. Америкада жабайы түрде өседі. Биік өсімдік, 60 см биіктікке дейін ауалық тамыр шығарады.[27]
Осы кіші түрлердің әр қайсысы 5-тен 25-ке дейін түрлер біріктіріледі. Қазір 83 түрі белгілі. Жүгері жылы сүйгіш дақыл. Жер бетінің жылылығы 10-12°С-қа жеткенде ғана өне бастайды.
Дәннің құрылысы және химиялық құрамы. Жүгерінің бір собықтағы дәнінің көлемі мен массасы әртүрлі - түп жағында ірі, бас жағында ұсақ. Дәннің ұзындығы 5-15 мм-ге, 1000 дәннің массасы 50-ден 100 г-ға дейін жетеді. Жүгері дәнінде, басқа дақылдардай, сайшасы болмайды, ұрығы өте үлкен – 15%-ға дейін болады. Дәннің ұрық жағында собықтың өзегімен байланысатын орнын чехлик деп атайды. Ол жүгеріні үгіткенде түсіп қалады. Жүгерінің қалқаншасы өте үлкен, ұрықтың 90%-ын алады. Эндоспермі мүйізтәріздес немесе ұнтәріздес болады.
Жүгерінің сорттары мен будандары. Жүгері егістігі үшін будандардың маңызы өте зор. Будан тұқымның бірінші ұрпағы гетерозистік қасиет танытады. Гетерозисті (гетеро-көп, зис-зигот жынысты деп түсінуге болады) будан өсімдіктің өнімдерінің кенеттен өсіп кету қабілеті деген мағынада қолданылады. Олар өздерінің аталық және аналық өсімдіктерімен салыстырғанда 10-30%-дай өнімді артық береді. Одан кейінгі ұрпақтарының өнімі жылдан жылға төмендеп қалпына келеді.
Будандар сортаралық, линияаралық, екіеселенген линияаралық, сорт пен линияаралық т.б. деп бөлінеді. Будандардың бірінші ұрпағын алу өте қиын және қымбатқа түседі. Көк балауса мал азығының, сүрлемнің және астықтың ең жоғарғы түсімін екіеселік будандар береді. Оларды алу тәсілі «Селекция және тұқым шаруашылығы» тақырыбында берілген. Осы қысқа мәліметте оның теориясы мен практикалық алу жолдарын толық жазу және терең түсіндіру мүмкін емес.
Күріш және оның жалпы сипаттамасы. Күріш ежелден өсіріліп келе жатқан жарма алуға арналған дақыл. Бірақ Қазақстан үшін жаңа деп айтуға болады. Тек Қызылордада, Шымкент, Алматы облыстарында ғана егіледі. Күріш жармасы өте жұғымды, тез қорытылатын тағам. Оның құрамының 95%-ы адам бойына сіңеді. Одан тек қабығын алған, бетін қажаған, жылтырлаған жармалар алуға болады. Эндоспермі желім тәрізді күрішті кондитерлік тағам алуға пайдаланады.
Күрішті ақтағанда одан сақ түседі. Одан спирт, фитин, арақ (саке, чум-чум), сыра, дәрігерлік крахмал және пудра алуға болады. Күріштің кебегінде белок, май, витаминдер, фосфорлы заттар – фитин, лецитин сияқты адам және малдың денсаулығына кекректі заттар көп. Сондықтан оны малға жем ретінде пайдаланады. Күріш кебегінің майлы тамақтардың тотығуына қарсы тұратын антиоксидент заттары табылған және одан фурфурол және сірке қышқылы алынады. Одан жоғары сапалы тамақтық және техникалық майлар анынады. Ол майлардың құрамында көптеген қанықпаған май қышқылдары болады. Сондықтан темір сырларын ерітетін олифа майы ретінде пайдаланады.Одан микробиологиялық тәсілдермен ацетон, бутил спиртін алуға да болады. Күріш крахмалын 180°С-қа дейін қыздырып 77%-дық декстрин алуға пайдаланады. Күріштің қабығынан активті көмір алады, ал сабанынан қағаз тағы басқа көптеген керекті заттар алуға болады және жаздық қалпақ жасайды.
Егістік көлемі бойынша дүние жүзінде күріш бидайдан кейін екінші орында, ал ТМД-да Солтүстік Кавказда, Дағыстанда, Орта Азияда және Қазақстанда егіледі.
Биологиялықсипаттамасы және өсіру тәсілдері. Күріш тегі дәнді дақылдар тұқым дасына жатады. Біржылдық өсімдік. Тамырында ауа ұстайтын түтікшілері бар. Гүл шоқтары сіңсібас. Ол бұтақтардан тұрады. Оның ұшында гүл орналасқан.
Күріш ылғалдықты, жылылықты сүйетін өсімдік. Сондықтан өніп шыққан со, піскенше суда өседі. Оның суғарудың көп түрлері бар. Біздің елде жайып суғару тараған. Жайып суғару екі түрлі болады: 1. Өсімдік барлық уақытта суда өседі; 2.оқтын-оқтын қайтарып суару.
Үндістанда 1000-1200 мм-ге дейін муссон жаңбырлары жауады. Сондықтан күрішті суғармай-ақ өсіреді. Ол үшін осы жаңбыр жауардың алдында жерді дайындап, егіп қояды. Бұл жаңбырлы мерзім біткенше күріш пісіп дайын болады. Күріш барлық уақытта суда өсетін болғандықтан піскен кезде дәнінің ылғалдығы жоғары болады. Сондықтан комбайнмен туру орып-жинау мүмкін емес. Оны алдымен орып, дестеге салып, кепкен соң жинап бастырады.
Күріш өзімен тозаңданатын өсімдік. Оның дәнінің формасына қарай үнділік және жапондық деп аталатын екі бұтаққа бөледі. Үнді бұтағына жататын дән ұзын жіңішке келеді, ұзынының көлденеңіне қатынасы 3:1; 3,5:1-ге тең, ал жапондық бұтағы қысқа, олардың қатынасы 1,5:1; 2,9:1-ге тең. Біздің елде жапондық бұтақ егіледі. Бұл бұтақтағы кәдімгі және желімтәрізді күріш деп екіге бөледі. Кәдімгі күріш піскенде шашылып тұратын ботқаға, ал желімтәрізді күріш пісіргенде еріп қою ботқаға айналып кетеді. Күріштің крахмалы көбінесе амилопектиннен тұрады. Сондықтан ол йоден бояғанда қоңыр түске боялады.
Дәннің құрылысы мен химиялық құрамы. Күріштің аршылмаған дәнін қазақша шалы дейді.Ол ортасында сайы жоқ, қабықты, қабығының сырты және ішкі дәні де қырлы-қырлы болады. Қабығынан айырғаннан кейін алынған дән сопақтау келеді, түсі әртүрлі, ұзыны 4,4-10,0мм, көлденеңі 2,3-4,0мм, қалыңдығы 1,3-2,8мм арасында болады.Эндоспермі шыны немесе ұнтәрізді болады. Қазіргі егіліп жүрген сорттардың эндоспермінің шынылығы 90 пайызға жақын. Бидайға қарағанда күріштің дәндерінде белоктыңаздау болуы мүмкін, сондықтан мұнда ондай дәннің құрылысы басқалай болар деген болжам бар.
Күріштің крахмалы қырлы-қырлы түйіршіктерден тұрады да, олар бірімен бірі тұтасып күрделі түйіршіктерге айналады. Екінші айырмасы, онда амилозадан амилопектин көп. Сондықтан Жапония мен Үнді оқымысталарының зерттеуіне қарағанда күріш дәнінің шынылығы крахмал түйіршіктерінің кұрылысына байланысты деп ұйғарылып жүр. Оған айғақ ұнтәрізді эндоспермде амилопектиннен амилрза көптеу және желімтәріздес күріште декстрин мен мальтоза көп. Шыны дәнді сыртқы формасынан-ақ тануға болады. Олар ұзындау келеді. Жарма алғанда олар аз сынады да, жарманың шығымын көбейтеді. Ұнтәріздес эндоспермнің ақ түсі сыртынан-ақ білініп тұрады.
Басқа дақылдармен салыстырғанда күріште белок аздау – 6,0-11,2% -ға дейін ғана, ал басқа заттар – крахмал – 58-80, қант – 1,5-3,0, клетчатка – 9-12%, май – 2-5, минералдық заттар 5-7 шамасында болады. Егер аршылған күрішті алатын болсақ, ондағы минералдық заттар 1,5% -ға дейін төмендейді.
Күріштің технологиялық ерекшеліктері. Күріш піскен кезде, оның дәнінің әр қабаты әртүрлі кебеді. Сыртқы қабаттары ішкі қабатттарына қарағанда тезірек кеуіп, тартылады да, соның салдарынан жоғарғы қабаттарында дән сынып, саққа айналады, жарманың түсімі азайып, сақтың түсімі көбейеді. Мұндай сызаттар күрішті күн сәулесі арқылы немесе астық кептіретін агрегаттарда кептірген кезде, жоғарғы қабаттарының тезірек кеуіп, осы қабаттарының көлемінің басқа ішкі қабаттарға қарағанда тез тартылуына байланысты, көп сызаттанады, ал егер ол ақырын кемісе, ішкі қабаттарының суы жоғарғы қабаттарына алмасып үлгереді де, сызаттанған дәннің саны кенет азаяды. Бірақ бұл әдіспен кептіруді көптеген аудандарда іске асыру өте қиын және қымбатқа түседі.
Сызаттар дән өзінің сіңсібасында тұрғанда да, қоймада жатқанда да, тазалағанда да, тасымалдағанда да пайда болуы мүмкін. Сызаттануға күндізгі күннің ыстық болып, түннің салқын болуы да көмектеседі.
Күріштің астық қосындыларында сарғайған дән кездеседі. Олар дестенің астыңғы бетіндегі өсімдіктерден түседі және астық қоспаларының астыңғы қабаттарында да пайда болуы мүмкін. Бұл да оның технологиялық қасиетін төмендетеді. Сарғайған дәннің үстінгі бетіндегі каротин және басқа да пигменттердің бұзылуына байланысты. Сары түс одан әрі қарай мелоноидин сияқты қара қошқыл түске айналып кетуі де мүмкін. Барлық осындай астықтың түсінің өзгеруі оның товарлық және технологиялық сапасын төмендетеді.
Күріштің кейбір сорттарында (Әзірбайжанда өсетін қызыл дәнді түрі) ішкі дәннің сыртқы қабаты қызғылт болуы мүмкін. Одан алынған ботқа да қызғылт болады, езіліп кетеді. Бұл дәннің бұзылу процесіне ешқандай қатысы жоқ.
Күріш қоспаларында көк, піспеген, орысша меловые зерна деп аталатын сапасы төмен дәндер кездесуі мүмкін. Олар тез сынып ұсатылып кетеді. Міне осының бәрі оның технологиялық және товарлық қасиеттерін төмендетіп жіберуі сөзсіз.
Күріштің сорттары. ТМД-да күріштің көптеген сорттары аудандасқан. Оның ішінде Жапон және Индия бұтағына жататын сорттар бар. Осыларды есептей отырып, барлық күрішті екі топқа бөледі: 1. Ұзындәнді – егер оның ұзыны көлденеңнен үш есе үлкен болса, оны домалақ дәнді топқа жатқызады. Осы топтарға Алакөл, дубовский 20, сантахез 52, Кубань 3, Өзбектік 5, Краснодарлық 424, Донецкий 63, Узрос 7-13 сорттары жатады. Бұлардың ішінде Қазақстанда мына сорттар тараған:
Дубовский 129 – Эрритроцерос түрі. Бүкілодақтық күріш ғылыми-зерттеу институты шығарған. Өсімдіктің биіктігі 100-110см. Сіңсібасы тығыз орналасқан. 1000 дәнінің массасы 35г шамасында, қабылықтығы 18-19%. Дәні шыны ақ, домалақ. Ерте піседі – 75-125 күнде. Әр гектарынан алынатын түсім 55-70%-ға жетеді. Жармасының сапасы өте жақсы, ақ түсті. Ботқасы өте дәмді, шашылып піседі.
Кубань 3 (Заревчанка). Сол институт шығарған. Дәні ірі, 1000 дәнінің массасы 31-33г, шынылығы 93-94%. Жармасы мен ботқасы өте жақсы деп бағаланған.
Карақұмық және оның жалпы сипттамасы. Қарақұмықтан жарма және ұн алады. Оның жармасы адамға өте пайдалы диеталық тағам. Оның құрамында лимон, алма, қымыздық қышқылдары, минералды, фосфор, темір, кальций заттары көп. Белогының құрамында лизиннің мөлшері 8%-ға дейін жететін болғандықтан, ол тамақты жақсы сіңіруге көмектеседі. Денсаулық сақтау мамандарының мәлімдемесіне қарағанда қарақұмық белогы өзінің сіңімділігімен және басқа да қасиеттеріне бацланысты дәнді дақылдардың белогынан әлде қайда пайдалы, толыққұрамды. Қарақұмық белогы ерігіш келеді. Таза суға еритін альбуминдер 58%, ал тұзды суға еритін глобулиндер 28%-ға жетеді. Ал оны бидаймен салыстырсақ, осы белоктар бидай дәнінде 5,2-5,8% қана болады. Қарақұмықтың ұрығында тиамин, рибофлавин, ниацин дәрумендері көп және ол эндспермнің орта бөлігіне орналасқан. Сондықтан оны ақтап жарма алғанда осы пайдалы заттар жарманың құрамында түгел қалып қояды. Қарақұмық гүлдерінен аралар бал жинайды. Қарқұмықтың сабағы да пайдалы. Онда рутин көп, сондықтан одан Р дәруменін алады. Оның тағы бір медициналық қасиеті, оның құрамында болатын лецитин заттары қан тамырының ауруы холестериге қарсы тұра алады.
Қарақұмықтың сабаны мен топанын мал азығына пайдаланады. Онда калий көп, сондықтан оның күлінен поташ (сақар – сабын алуға пайдаланатын химиялық қоспа) алуға болады. Қарақұмықтың өсу дәуірі өте ерте басталып (өннгеннен соң 60-70 күннен бастап) гүлдейді де, қысқы аяз басталып үсіп кеткенше созылады. Ең алғашқы пайда болған дәндері ірі, бірақ аз болады. Сондықтан да бал алуға, қыста үсіп кеткен күздік егістіктердің орнына себуге немесе малға көк балауса ретінде пайдалануға өте қолайлы. Қарақұмықтың тамыры жер қыртысындағы күрделі фосфор қоспаларын тез арада қоректік заттарға айналдырады. Оны айдап тастаса тыңайтқыш та бола алады.
ТМД елдерінде қарақұмық көп егіледі. Оның 70%-ға жатқыны Ресейде, 20%-ға жақыны Украинада, 5 пайызды Белорус пен Қазақстанда себіледі. Басқа елдерде – АҚШ-та , Канадада, Францияда, Польшада, Германияда оның егістігі едәуір көлемде.
Биологиялық сипаттамасы. Қарақұмық қарақұмықтар тұқымдастығына жататын біржылдық немесе көпжылдық өсімдіктер. Сабағы жалаңаш, бұтақталған, әр буын арасы тізе сияқты бүгілген. Гүлдері шоқты, шаршы тозаңданады. Бір өсімдікте аналық аузы ұзын, аталық ұрығы қысқа, ал екінші өсімдікте керісінше болады. Ұзын аналық ұрықтар тек ұзын аталық ұрықтардың тозаңымен, қысқа аналық ұрықтар қысқа аталық ұрықтың тозаңымен тозаңдана алады. Сондықтан олар ара тағы басқа жәндіктермен немесе жел арқылы айқас тозаңданады.
Көптеген қарақұмық тегіне жататын өсімдіктердің тек біреуі ғана мәдени қарақұмық мәдени түрге жатады. Бұл егістіктің ішінде, арамшөп ретінде татар қарақұмығы кездеседі. Мәдени қарақұмықтың ұрығы ірі, үш қырлы, ал татар қарақұмығының ұрығы ұсақ, қара немесе қоңыртүсті, дәмі ащы болады. Оны тазалау өте қиын. Астық қоспаларындағы татар қарақұмығы жарма жасалғанда ақталмайды. Сондықтан жарманың ішінде көп кездеседі де,оның тауарлық сапасын төмендетеді.
Мәдени қарақұмық екі кіші түрге бөлінеді: 1. Кәдімгі қарақұмық – биік(25-100см), сабағы жіңішке, жапырағы ұсақ (2-6мм) өсімдік; 2. Көпжылдық қарақұмық – Примор және Амур өлкелерінде ғана өседі. Биік (2 м-ге дейін) өсімдік, жуан қызыл сабақты (10мм), жапырақтары ірі болады. Қазақстанда өспейді.
Дәнінің құрылысы және химиялық құрамы. Қарақұмықтың дәні үш қырлы, кейде екі, төрт, алты қырлылары да кездеседі, жалпақ дәнділер де болады. Қабығы қатты, түсі сұр, күміс түстес, ақшыл қоңыр, қарақошқыл, кейде қара да болады.
Қарақұмықтың шауашылық жағдайда үш топқа бөледі. Олар: 1. ірі дәнді – ұзыны 505-6,0мм, көлденеңі 4,0-4,5мм, 1000 дәнінің массасы 24-30г; 2. Ұсақ дәндер – ұзыны 4,5-5мм, көлденеңі – 3,0-3,5мм, 1000 дәнінің массасы 12-18г болады. Бұл топтарға бөлу, оларды сорттау және ақтау технологияларын жасау үшін керек.
Қарақұмықты кептіргенде және оны ақтау алдындағы ылғалдау кезінде эндоспермі қоңыр түске боялып кетеді.Ол рның қабыршақтарында сулап қыздырғанда қоңыр түске айналатын пигменттербар екенін көрсетеді. Эндоспермі ұнтәріздес, бос борпылдақ. Сондықтан ақтау кезінде аздап үгітіліп кетуі де мүмкін.
Сорттары. Қарақұмықтың 30-ға жақын сорттары бар. Оның ішінде көп тарағандары – Богатырь, Большевик, Славянка, Шатиловтық 5, Калининдік, Қазандық, Сибирячка, Белорустық, Скороспелая 81 т.б.
Тары және оның жалпы сипаттамасы.Солтүстік және Орталық Қазақстанда жаздық астық дақылдарының екінші тобынан тары мен қарақұмық жармалық дақылдары өсіріледі.
Тарыдан ақталған тары (сөк), сақ, аздап ұн алады. Сыра және спирт алуға да пайдаланады. Қазақстанда тары деп аталатын ұлттық жарма жасалады. Оны шикідей қайнатып, қуырып, қаралап, содан барып ақтайды. Ол өте жұғымды, тәтті тағам. Тарыны мал азығына да пайдаланады. Құсқа, ұнтақталған күйінде шошқаға жем ретінде қолданады. Тарының өзін және жарма алғанда түсетін ұнын құрама жем жасауға пайдаланады. Сабаны да малға жақсы азық болады. Егер көктей орып берсе, онда екі рет орып жинауға келеді.
Тары өсімдігі жылылықты жақсы көреді, құрақшылыққа өте төзімді. Сондықтан құрғақшылық аудандарда және үсіп кеткен дәнді егістердің орнына қайта себуге өте қолайлы. Сондықтан Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық облыстарында көп егіледі. ТМД тары егістігінің көлемі мен жалпы түсімі бойынша дүние жүзінде бірінші орын алады. Қазақстанның солтүстік, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Орал облыстарында көп өсіріледі. Ақтөбе облысының атақты тарышысы Шығанақ Берсиев соғыс жылдары тарының бір гектарынан 100 центнерден артық түсім алып жүрді.
Тарының биологиялық сипаттамасы. Тарының қоңырбастар тұқымдасына жатады да, дәнді астық дақылдарының екінші биологиялық тобына енеді. Тарының жоғарғы өнімділігіне жету үшін оның биологиялық ерешеліктерін (қоршаған орта факторларына қоятын талаптарын) білген дұрыс. Тарының өсіру технологиясын анықтайтын негігі биологиялық ерекшеліктеріне мыналар жатады: жылы сүйгіштігі, құрғақшылық пен аптап ыстыққа төзімділігі, қоректену элементтеріне жоғары қажетсінуі, арамшөптерге өте сезімталдығы, пісіп-жетілу кезеңінің созылыңқылығы, т.б. Тары тұқымының өне бастауына қажетті ең төменгі температура +8-10°С. Егін көгі -1-2°С қысқа мерзімдібозқырауды көтереді, ал -3-4°С-да оның негізгі массасы опат болады. Кейінгі өсіп-жетілу кезеңдерінде де тарының жылуды қажетсінуі жоғары, оның оңтайлы мөлшері 18-24°С, ал Қазақстандаөсірілетін сортттарына қажетті белсінді температура жиынтығы 1600-2000°С аралығында өзгереді. Бидай мен сұлыға қарағанда тары жоғары температураға айтарлықтай төзімді. Әсіресе гүлдегеннен кейін тары өсімдігі аптап ыстыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Басқа астық дақылдарына қарағанда тары ылғалға төмен талап қояды: тарының өнуіне тұқым салмағының 25%-дай ғана су қажет, транспирациялық коэффициенті орта есеппен 200-250%. Өсіп-жетілудің әр түрлі кезеңдерінде тары ылғалды әр алуан шығындайды: өсіп-жетілудің алғашқы үштен бір бөлігінде тары барлық ылғалдың 27% пайдаланады, екінші бөлігінде 40% және соңғы бөлігінде қалған 33%-ы ылғалды жұмсайды. Түптенуден шашақтануға дейін тары барынша көп мөлшерде ылғал шығындайды. Топырақтың ылғалмен жақсы қамтамасыз етілуі тары дәнінің толысу кезеңінде де маңызды.
Тарының құрғақшылыққа төзімділігі тамырының суды ең төмен су қорынан сора алатындығына байланысты, сонымен бірге тары құрғақшылық жағдайда өсуін тежейді, тіпті тоқтатады, Жапырақтары ширатылып булануды біршама төмендетеді. Осыған орай , тары жаздың екінші жартысында жауатын жауын-шашынды тиімді пайдаланады, әсіресе Қазақстанның солтүстік облыстарында жоғары астық өнімін қалыптастыруда бұл өте маңызды.
Тары қысқа күннің өсімдігі,оны өсіруге әр түрлі топырақ жарамды. Дәнді астық дақылдары ішінде ол – сортаңдау топыраққа ең төзімді өсімдік, алайда оған барынша оңтайлысы қара және қара қоңыр топырақтар. Тарының түптену кезеңі астық дақылдарының бірінші тобына қарағанда айтарлықтай ұзақ, ал алғашқы кезеңде баяу өседі және бұл егістіктің арамшөптермен ластануына мүмкіндік жасйды, мұны өсіру технологиясын да ескеруге тура келеді. Тары түтікке шығу кезеңінен шашақтануға дейін пәрменді өседі. Гүлденуі созылыңқы және осының нәтижесінде дәннің толысуы мен пісуі біркелкі жүрмейді. Шашақтың жоғарғы бөлігі піскенде оның ортаңғы бөлігі әлі балауызданып пісудің басында, ал төменгі бөлігі сүттене пісу кезеңінде болады. Бұл жағдайды тары егістігін жинағанда есепке алуға тура келеді. Тарының Солтүстік аймағында аудандастырылған сорттарына Саратовское 3, Саратовское 6, Шортандинское 7, Омское 11 жатады.
Дәнінің құрылысы мен химиялық құрамы. Тарының дәні ұсақ, домалақ немесе аздап сопақтау домалақ болуы мүмкін. Ұзыны мен жалпақтығының қатынасы, 1,25-ке тең.
Жарма жасайтын заводтарда тарыны 20%-дан көбі мм-лік елеуіште елеп, одан 80 өтпей қалса оны ірі, 80-нен 40-қа дейін кем болса ұсақөтсе – орташа, 40 тары деп есептеледі. Ірі дәннен жарма көп шығады.
Дәннің түсі ашық сарыдан бастап, ақ, қызыл қоңыр, қызыл сұр, кейде қара да болады. Сұр түсті тарының қабығы қалың, ал басқа әсіресе қара, қоңыр түсті дәндерді ақтау өте қиынға түседі. Сондықтан стандарттарда тарыны оның түсіне қарай типтерге бөледі. Ол оның қабығы 12-35 өсіп-өнген ауданының ауа райына, жер қыртысының құнарына, қолданылған агротехникалық шараларға байланысты өзгеріп тұрады. Осы аталған жағдайлар келіспесе орысша остряк деп аталатын қазақша шөпек немесе ұшық дән деп аталатын тары көбейіп кетеді. Олар сопақ формада болып, жоғарғы шеті үшкір болады.
Тарыдан жарма жасағанда түсетін қабықтарында қоректік заттар болмайды, тек таза клечаткадан тұрады. Бірақ оны гидролиз жасап, одан бірмолекулалы алты немесе бескөміртекті қанттар алуға болады.
Тарының жармасы сары түсті шыны болады. Белогы көп. Басқа жармалармен салыстырғанда энергетикалық қуаты да көп деп есептейді. Тарының орташа химиялық құрамы: су -13,5, Белогы-11,2, май-3,8, қант-2,5, крахмал-55, шамасында.клетчатка-8, күлдік заттар 3 Күлдік заттардан К, Са, Мg, P, Fe көп. Тары дәнінің бір кемшілігі, оның белогында лизин аз. Тарының майы тез ашып, қышқылданып кетеді. Сондықтан оның жармасын көп сақтауға болмайды, онда тіпті ащы болып кетуі де мүмкін. Дегенмен, жарма жасау алдында оның ұрығын бөліп, алып тастауға тырысады. Ол ұрықтады жемге қоспа ретінде немесе май алуға пайдаланады.
Бұл бөлімде ауылшаруашылық өндірісі жайлы түсінік, оқушыларды ауыл шаруашылық өндірісіне баулу, ауыл шаруашылық өндірісінің дақылдарына сипаттама қарастырылды.. Осыған негізделіп Ауыл шаруашылық дақылдарын егу тәсілдернің технологиясының мәні ашылады.
Тұқымды жылы ауада қыздыру. Толықққанды, піскен, зақымданбаған және біркелкі тұқымдар жаппай көктейді де, жоғары өнім алуды қастамасыз етеді. Дәнді және басқа екпе дақылдардың танаптық өнгіштігінің төмендігі кейде тұқымның ерекше физиологиялық күйіне байланысты. Егін жинау қарсаңында дәнді астық басқа дақылдар тұқымдары шартты түрде төмен өнгіштігімен ерекшеленеді, өйткені олардағы биохимиялық күрделі үрдістердің аяқталмауынан күрделі қоректік заттар жнңіл сіңімді және жылжымалы түрге айналып үлгермейді.
Дақылға, сортқа, тұқымның қалыптасу, толысу және пісіп жетілу жағдайларына қарай егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуі 1-3 аптадан 1-2 айға және одан да ұзаққа созылады. Салқын тез түскенде егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуі аяқталмаған және ылғалдылығы жоғары тұқымдар осы күйінде себуге дейін қалуы ықтимал. Осындай тұқымдармен себілгенде егін көгі селдір, әркелкі болады да, өнімкүрт төмендейді. Егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу аяқталмаған немесе әлі де тыныштық күйіндегі тұқымдардың өнгіштігін арттыру үшін, себу алдында 2-3 апта бұрын күн көзі, жылы ауада 3-5 тәулік қыздырады. Күн көзінде, жылы ауада қыздырғанда тұқымның егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу кезеңі қысқарып қана қоймайды, сонымен бірге тұқым біршама залалсызданады. Өйткені күн көзі сәулелерінің бактерицидті қасиеттері бар. Мұндай тұқымның өну қуаты, танаптық өнгіштігі және түптеп келгенде дақылдың өнімі артады.
Тұқымды дәрілеу. Көптеген аурулар, зиянкестер тұқымға арналған дәннің беткі қабығына жабысады, не дәннің ішінде болады. Мысалы,қаракүйе ауруын алсақ оның споралары бидайдың қабығына, не айдарына жабысады, бидай қоймада жатқанда оның тұқымға ешқандай зияны жоқ, зиянкестер дән себіліп өсе бастағанда зиян келтіре бастайды. Қаракүйе өне бастаған дәннің ішіне еніп алып оны ауруға айналдырады, кейін астық піскен кезде масақта дәннің орнына іші қап-қара спораға толы қауыздар пайда болады.
Тұқымды дәрілеу – тұқымды себуге дайындаудағы қорытынды кезең. Сондықтан дәрілеуге дейін барлық көрсеткіштнрі бойынша тұқымдық жадығат себу кондициясына жеткізілуге тиіс. Дәрілеу үшін витовакс, байтан универсал, ТМТД, беномил, формалин, фентиурам және басқа Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және еліміздің басқа нормативтік құжаттарымен рұқсат етілген препараттар қолданылады.
Дәрілеу "Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарын дәрілеу" жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізіледі. Әрі препараттардың физикалық күйіне ауру қоздырғыштардың биологиясына, құрылысына және тұқымдардың басқа ерекшеліктері мен залалдану деңгейіне байланысты дымқыл, құрғақ және жартылай құрғақ дәрілеу болып ажыратылады.
Құрғақ дәрілеу. Құрғақ және жартылай құрғақ дәрілеу оңай және арзанға түседі, сондықтан көп қолданылады. Тұқымды құрғақ және жартылай құрғақ тәсілмен дәрілеу үшін әр түрлі ұнтақ улар – дустар қолданылады. Бұлардың ішіндегі бастылары гранозан, ТМТД, формалин.
Гранозан – 1 тонна бидайды, қарабидайды, жүгеріні, тарыны дәрілеу үшін 1 кг гранозан препараты қолданылады, арпа, зығыр, күнбағысқа – 1,5 кг, сұлыға – 2 кг, бұршаққа – 3-4 кг, қызыпшаға – 4 кг препарат жұмсалады. Тұқым себуден 1-3 ай бұрын дәріленеді. Бұл препарат адамға, малдарға өте зиянды. Граназонмен дәріленген астықты, мал немесе адам жесе өліп кетуі мүмкін. Сондықтан граназонмен дәріленген дәнге тұрақты түс беретін бояусыз қолдануға қатаң тыйым салынған, гранозанқолданылған тұқым көбіне қызғылттау түске айналады.
ТМТД препаратымен тұқымды 2-3 ай бұрын, не себер алдында да дәрілеуге болады. Бұл препараттың гранозанға қарағанда күші төмендеу, сондықтан 1 тонна тұқымға жұмсалатын препарат мөлшері 3-4 есе көбірек болады.
Ылғалдай дәрілеу. Бұлай дәрілеу үшін формалин қолданылады. Бидайдың, қарабидайдың, арпаның, сұлыны, тарының қатты қаракүйесін құрту үшін 1 литр 40пайыздық (проценттік) формалинді 300 литр (1:300)суға араластырады. Тұқымды осылай жасалған ерітіндіге 3-5минут салады. Мұнан соң тұқымды еденге, не брезент үстіне төгіп, үстіне брезент немесе форма