Лицензиялаудың негізгі принциптері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе........................................................................................................................3
1. Заңды тұлғалардың қызметiн лицензиялау..................................................4
1.1. Заңды тұлғалардың қызметiн лицензиялау түсінігі........................................4
1.2. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы....................11
1.3. Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары...................................12
1.4. Лицензияны және лицензияға қосымшаны беру шарттары........................20
Қорытынды............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................27
Қосымша.................................................................................................................28
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда бірқатар кәсіпкерлік қызмет түрлерін мемлекет реттейді, аталған қызмет түрлеріне рұқсат алу қажет – лицензия, аккредитация туралы куәліктер, сертификациялар, рұқсаттар, келісімдер мен өзге рұқсат құжаттары. Рұқсат құжаттары жеке және заңды тұлғаларға белгілі бір қызмет түрімен айналысу немесе білгілі бір әрекеттер жүзеге асыру құқығын береді. Рұқсат жүйесі саласында негізгі нормативтік-құқықтық акті болып «Лицензиялау туралы» ҚР Заңы табылады, аталған Заң егер Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өнімге қойылатын талаптар, өнімдер мен үдерістердің жеке түрлерінің сәйкес болуын міндетті растау бойынша талаптар мемлекеттік әкімшілендіру мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз, ал әсіресе – тұрғындардың қауіпсіздігін, денсаулығын және өмірін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болған жағдайларда қызметтің жеке түрлерін лицензиялау кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мейлінше қатал талаптарды болжайды.
Курстық жұмыстың мақсаты.Лицензиялау заңды тұлғалардың шаруашылық кызметін әкімшілік реттеу әдісі, ол тізбесі заңмен айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін арнаулы рұқсат (лицензия) алуды көздейді. Лицензия әр түрлі қызметтерді көрсетуге рұқсатты ұсынатын құжат ретінде заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) міндетті құжаттарының бірі болып табылады. Сол себепті осы курстық жұмысты орындау барысында алдымызға Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды лицензиялаудың негізгі шарттарын зерттеу және лицензияға қосымшаны беру шарттары мен тәртібін анықтауды мақсат етіп қойдық.
Берілген «Заңды тұлғалардың қызметін лицензиялау тәртібі» тақырыбындағы курстық жұмыс кіріспеден, 1 тараудан, 4 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Заңды тұлғалардың қызметiн лицензиялау
Заңды тұлғалардың қызметiн лицензиялау түсінігі
Лицензиялау заңды тұлғалардың шаруашылық кызметін әкімшілік реттеу әдісі, ол тізбесі заңмен айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін арнаулы рұқсат (лицензия) алуды көздейді.
Қазақстанда қызметтің анықталған түрлерімен айналысу лицензия алуды талап етеді. Лиценциялау жекелеген қызмет түрлері бойынша келесі салаларда жүргізіледі:
1. өнеркәсіп;
2. атом энергиясын пайдалану
3. улы заттар айналымы;
4. көлік;
5. есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;
6. ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
7. жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар;
8. қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы;
9. ғарыш кеңістігін пайдалану;
10. ақпараттандыру және байланыс;
11. білім беру;
12. бұқаралық ақпарат құралдары;
13. ауыл және орман шаруашылықтары, жерге орналастыру, геодезия және картография;
14. денсаулық сақтау;
15. жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;
16. ойын бизнесі;
17. ветеринария;
18. сот-сараптама;
19. мәдениет;
20. қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;
21. сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
22. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындау;
23. этил спирті мен алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы;
24. экспорт пен импорт тауарлары;
25. тауар биржалары салаларындағы қызметтің жекелеген түрлері лицензиялануға тиіс. [1]
Лицензиялаудың негізгі принциптері
Лицензиясыз жұмыс жүргізу компанияның лицензиясыз қызметінен түскен кірістерді тәркілеу және айып салу түрінде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сонымен бірге лицензиясыз жұмыс жүргізу - заңсыз мерзімдерде жасалған формалды келісімдер жарамсыз деп тану, компанияның жұмысы тоқтату және лицензия ережелерін бұзған болып табылады.
Лицензиялар беру белгілі бір қызмет түрі үшін белгіленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады. Қызметтің жекелеген түрлері бойынша лицензиялық тәртіп енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді. ҚР-ның «Лицензиялау туралы» заңында қызмет түрлерінің және қызметтің кіші түрлерінің егжей-тегжейлі тізбесі белгіленеді. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы Заңына жаңа қызмет түрлері және қызметтің кіші түрлері енгізілген кезде оларды лицензиялау біліктілік талаптары мен қызмет түрлерін лицензиялау ережелері белгіленетін тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады. Біліктілік талаптарын, қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс жекелеген тауарлар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер осы актілер ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күндік мерзім өткенге дейін қолданысқа енгізіле алмайды.Қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті түрде растау жөніндегі талаптар мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз болған жағдайларда белгіленеді.Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
Лицензияның күші, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.Бірыңғай технологиялық процеске кіретін және (немесе) қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементі болып табылатын қызмет түрлері лицензиялануға тиіс емес. [2]
Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асыратын қызметті қоспағанда, лицензиялау талап етілетін қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға немесе белгілі бір іс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі.
Кредиттік серіктестіктер, өзара сақтандыру қоғамдары, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізетін қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі.[3]
Лицензияны беру мерзімі
· қажетті құжаттарды берген күннен бастап 15 жұмыс күн ішінде;
· қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтер мен қаржылық салаларда, атом энергетикасын пайдалану саласында – 30 жұмыс күні ішінде.
Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап, лицензия берілген болып саналады. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруге міндетті. Олай болмаған жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынған болып есептеледі, ал, лицензияр қабылдаған күні туралы белгі соғылған құжат көшірмесі, лицензияның өзін алғанға дейін заңмен бекітілетін құжаттар лицензиямен жұмыс жүргізілген болып есептеледі.
«Лицензиялау туралы» ҚР Заңының 43 бабына сәйкес Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi. Лицензиар 43 бапта белгiленген мерзiм iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептерi туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтаруға мiндеттi.
Егер лицензиар осы «Лицензиялау туралы» ҚР Заңында белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге лицензияны (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтiнiш берушiнi лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептерi туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, «Лицензиялау туралы» ҚР заңының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшiн белгiленген мерзiмдер өткен күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң өтiнiш берушi тиiстi лицензиарды қызметтiң өзi өтiнiш берген түрiн және (немесе) кiшi түрiн жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етедi. Кәсіпкерлер лицензиар өтiнiш берушiнiң жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушi жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруге мiндеттi екенін білуі тиіс. Лицензияның беру мерзімін бұзу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық болып табылады және аталған жағдайда, кәсіпкер мемлекеттік органдардың әрекетіне сотқа шағымдана алады.[4]