Су ресурстарына әсері
Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
· тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
· өнеркәсіп орындары;
· ауыл шаруашылығын химияландыру:
· халық шаруашылығының басқа да салалары.
Қазіргі кезде өнеркәсіпте суды пайдалану үлкен және маңызды мәселенің бірі. Өнеркәсіптің өсуі суды көп мөлшерде пайдалану мен сарқын сулар және сұйық қалдықтың мөлшерінің артуына себепші болып отыр.
Сарқын судың негізгі сапасын көрсететіндер: рН ортада жоғары дисперсті заттардың құрамы, температура, оттегінің химиялық пайдаланылуы, оттегідегі биохимиялық қажеттілік, белгілі мөлшерде ғана концентрация бөлу маңызы бар зиянды заттардың концентрациясы. Сарқын суды сараптағанда органолептикалық көрсеткіштері иісі мен түсі бақыланады. Өндірістік сарқын судың мөлшері өндірістің өнім шығаруы мен әртүрлі өндіріс саласындағы судың көп мөлшерде пайдаланылуына байланысты. Көп мөлшерде пайдалану жұмыс істеп тұрған кез келген өндірістегі судың үнемді пайдаланылуына баға беруге мүмкіндік береді, себебі бір тонна жүн талшығын шығарғанда 2300 м³, бір тонна жүн талшығы үшін 220 м³ су кетеді. Сарқын суды тазалағаннан кейін қайта пайдалану кең тараған. Өндірістің әр саласында 90-95 % сарқын сулар айналмалы су мен жабдықтау жүйесінде пайдаланылса, тек 5-10% су қоймасына төгіледі.
Канализация және ағындысу сипаттамасы. Үлкен кәсіпорындарда канализацияның екі көзі қарастырылады: ластанған өндірістік және тұрмыстық ағынды су және ағынды ластанбаған су.
Өндірістік ағынды су биологиялық тазалау, тазалықты орнату немесе қаладағы ағынды сумен бірге қараудан өткізеді.
Кәсіпорынның ағынды суы барлық құрамы бойынша тұрмыстық суға жақын, бірақ ластанған концентрациясы бұларда жоғары.
Табиғатты қорғау іс–шаралары
Қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуді ұйымдастырудағы бастама, оны қорғау ғылыми және экономикалық негізделген жобалау болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау жобасын жасау оның тазалығын қамтамасыз ету үшін ғана емес, бұл мәселені аз шығын шығара отырып шешу қажет.
Зиянды қалдықтардан қоршаған ортаны қорғау үшін бірнеше бағыттар бар:
- қалдықсыз кәсіпорындарды ұйымдастыру, яғни жұмыс істеу нәтижесінде не ауаға, не суға қатты қалдықтар шығарылмайтын, оның барлығы соңғы циклға дейін арнайы жою техникаларында залалсыздандыру;
- зиянды газдарды ауаға шығаратын әртүрлі құралдар мен жабдықтарды зиянды қалдықтарсыз жұмыс істейтін жабдықтармен алмастыру;
- кәсіпорын пештері мен қазандардан шығатын газ, түтіндерден тазалайтын және орталықты жылумен қамтамасыз ететін қондырғылар есебінде сұйық және қатты отынды жағу арқылы жұмыс істейтін ұсақ өнеркәсіптер мен жылу қондырғыларының көзін жою.
Ластанған сарқын сулардың мөлшерін кемітудің негізгіжолдары:
- технологиялық үрдістерді жетілдіру және аз деңгейде қалдық шығаратын жаңа құрал–жабдықтар пайдалану (өңдеудің кіші модульді жабдығын қолдану, жуу кезіндегі су тоқтауын болдырмау, өңдеуде үздіксіз тәсілді енгізу);
- улы және биологиялық заттарды улы емес биологиялық заттармен алмастыру;
- тазалау циклын толық өтпеген шартты таза суларды қайталап пайдалану және тікелей технологиялық үрдісте құрал–жабдықтарды суыту үшін айналмалы су жүйесін ұйымдастыру;
- су шығынын бақылау, өндірілмейтін шығындарды қысқарту, қосымша қажеттілікке суды үнемді пайдалану.
Елдің экологиялық қауіпсіздігі, азаматтардың бұл құқықтарының сақталуы – өркениеттіліктің ажырамас белгісі. Осыған орай жауапкершілік институтын жетілдіру туралы бірнеше ғылыми еңбектер жазылып, маңызды тұжырымдар жасалған. Осы тұжырымдарды іс жүзіне асыру, заң шығару ба-рысында оны пайдалану, яғни жоғарыда көрсетілген үш мәселенің құқықтық тұрғыдағы міндеттерін шешу экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің оң жетістіктері болар еді.
Ұлттық қауіпсіздік еліміздің даму бағытындағы басым бағыттардың бірі. Экологиялық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық негізгі құрам бөлігі.
Экономикалық бөлім