Абатқа әсер етудің әдістері (Газ айдау арқылы қысымды ұстау) талдап сипатта.

Мұнайды өндіру, сұйықты өндіру. Мұнай шоғырына әсер ету техникасы мен технологиясы.Мұнай шоғырына әсер ету әдістерінің қолданылу ауқымы өте кең. Мұнайдың 85 % -ға жуығы әсер ету әдістеріне ұшыраған қабаттардан алынады. Сол әдістердің ішінде негізгілердің біреуі – ҚҚҰ (қабат қысымын ұстау ) үшін қабатқа су айдау болып табылады. Қабатқа әсер ету әдістерінің келесідегідей түрлері бар: А. ҚҚҰ (қабат қысымын ұста.у ) үшін қабатқа су айдау, оған жатады: 1. Нұсқа сыртына су айдау. 2. Нұсқа маңына су айдау. 3. Нұсқаішілік су айдау. Нұсқаішілік су айдауды өз ішінде мынадай түрлерге бөлуге болады: а) шоғырды айдау ұңғыларының сызықты және шеңберлі қатарларымен бөлу; б) су айдаудың блокты жүйесі; в) ошақты су айдау; г) таңдамалы су айдау; д) ауданды су айдау. Б. Газ айдау арқылы қысымды ұстау: 1. Ауа айдау. 2. Құрғақ ауа айдау. 3. Байытылған газ айдау. 4. Параметрлер критикалық параметрлерге жақын болған кездегі айдау. В. Қабатқа жылулық әсер ету: 1. Қабатқа ыстық су айдау. 2. Қабатқа ысытылған бу айдау. 3. Қабатта жылжымалы жану аймағын құру. Қабаттың түп аймағын жылулық өңдеу. Қабатқа әсер етудің аз қолданыстағы, бірақ жоғарыда аталып өткен әдістермен байланысты тағы да басқа түрлері бар. Ол әдістерге қабатқа әртүрлі затттарды, мысалы қабаттан құрғақ газбен және сумен айдалынып шығатын еріткіштерді айдау; қабаттан сумен айдалып шығатын карбондалған су айдау; көмірқышқыл газы; қабат мұнайы мен ығыстырушы агенттермен араласатын мицеллярлы ерітінділерді; арнайы газогенератор құрылғыларындағы айдау қысымымен мұнайды жағу арқылы пайда болатын газогенератор газды айдау. Бұл әдістердің көбісінің негізгі мақсаты қабат қысымын ұстау емес, мұнайбергіштік коэффициентін қабат қысымын ұстап тұру арқылы жоғарылату болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей, айдау кезінде еріткіштер көлемі жинау мен айдау сызықтарының арасындағы қабаттың көлемінің 5-15% құрау керек. Газ айдау үшін жоғары қысымды қуатты компрессорлы құрылғылар керек, ал бұл құрылғылар су айдауға қарағанда бірлік мұнай өндіру үшін көп энергия шығынына ұшыратады. Перспективалы әдіс- қабатқа карбондалған су мен СО2 айдау әдісін іске асыру үшін көмірқышқыл газының өте көп мөлшері керек, ал бұл көмірқышқыл газын қажетті көлемде алу да үлкен техникалық қиыншылықтарға әкеліп соғады және бұл үшін арнайы капиталдық салымдар қажет.

20. Геолого-техникалық шаралар(ГТШ) пайдалануы мен сипатын түсіндір.Игеру жобасы кен орынды 70 % бұрғылағаннан кейін жасалады. Игеру алдындағы жоба игерудің соңғы 4-кезеңіне көшкеннен кейін жасалады. 1. Сынамалы пайдалану жобасы 3 жыл мерзіміне жасалады. Бұл кезекте пайдалануға ұңғы элементтері орналасатын бір немесе бірнеше сынамалы біріншікезекті аймақтар таңдалады. Негізгі мақсат- қабаттың өндіру мүмкіншіліктерін анықтау, яғни сынамалы пайдалану кезінде ұңғылардың қандай шығыммен жұмыс істейтінін көру. 2. Технологиялық схемада С12 категориясының қорларын бекітілген МӨК (мұнай өндіру коэффициенті), ГӨК (газ өндіру коэффициенті) қол жеткізу арқылы толық бұрғылау нұсқалары қарастырылады. 3. Жобада бекітілген МӨК, ГӨК қол жеткізуге мүмкіндік беретін геолого-технологиялық шаралар (ГТШ) нұсқалары қарастырылады . Алдымен игеру кезінде кездесетін қиыншылықтарды, сонымен қатар қиыншылықтардың себебін анықтап, көрсету керек. Қиыншылық туғызушы факторлар есепке алынады. Қандай қиыншылықтар болуы мүмкін (10.2 кесте): 1. Аз өнімді коллекторлар, 2. АШПШ (Асфальтті-шайырлы-парафинді шөгінділер), 3. Гидрат түзілуі, 4. Мұнай мен газ қорларын өнірудің біртексіздігі және т.б.. қиындатушы факторлар: кең сулы-мұнайлы зона (ұңғылар тез сулануға ұшырайды), жоғары газ факторы (мұнайды газсыздандыру кезінде 100 м3/т жоғары), жоғары парафинді мұнай (құбырларда АШПШ түзілуі), газда H2S, CO2 (құрылғыны коррозияға ұшыратады, газды қолдануды шектейді) болуы. Соған қарамастан ГТШ мәселелерді немесе кен орынды игеру кезінде туатын қиындықтарды шешуге бағытталған.

Егер іс-шара өндірістік тиімді болса, оларды кейін қолдануға ұсыныс беріледі. Сонымен қатар басқа ГТШ-мен толықтыру қажет. Мысалы, екінші ұңғыны ашу, ЖО, ҚСЖ және т.б. Ұсынылған іс-шараның өндірістік тиімділігін негіздеу керек, басқа кенорындарының дәл мәліметтері немесе өлшемдік модельдік есептеуі бойынша, іс-шара өндіруді тұрақтандыруға және өнімділікті арттыруға жетуге қабілетті болуы тиіс. ГТШ-ті ұңғымалардың 1-2 жылына белгілейді, кейін мөлшеріне қарай. Сонымен қатар есептеу кезеңінде мұнайды шығару коэффициентінің маңыздылығына бекітілгеннен кем емес нұсқада жету керек.

Наши рекомендации