Көктемдік жұмыстарда қолданатын техника

Көктемде топырақ өңдейтін машиналарды өңдеу әдістеріне және тракторға тіркелу ретіне қарай бірнеше түрге бөледі. Топырақ өңдеудің механикалық әдістеріне байланысты негізгі машиналар, арнайы машиналар, қыртыс өңдеуші машиналар және эрозияға қарсы қолданылатын машиналар деп төрт топқа бөледі.

Плугтың негізгі жұмысшы бөліктері: негізгі корпус, шолақ түрен және пышақ.

Негізгі корпус жер қыртысын астыңғы жағынан кеседі, кесілген қыртысты көтеріп аударады және ұсақтайды.Бұл жұмыстарды атқарушы негізгі корпус түреннен, қайырмадан, өріс тақтайшадан және тіректен құралған.Олар өзара біріктіріліп бекітіледі.

Түрен жер қыртысын астыңғы жағынан кеседі де аз ғана көтеріп қайырмаға береді.Ол өзінің құрылысына байланысты трапециялық түрен және тұмсықты түрен болып бөлінеді. Трапециялық түрендердің топырақ кесетін дүздері бір түзудің бойында жатады. Дүздерінің арт жағында қалың металл қабаты болады. Оны магазин деп атайды. Түрен дүздері топыраққа үйкеліп тозған кезде қалың металл қабатты созып ұзартады. Бір түренді осындай жолмен үш-төрт рет алғашқы қалпына келтіруге болады. Трапециялық түрендер көбінесе жұмсақ топырақтар үшін қолданылады.

Тұмсықты түрендер да трапециялық түрендер сияқты жасалған, тек топыраққа кіретін ұшы ұзартылып, тұмсық болып шығып тұрады. Бұл түрендердің кесетін дүздері бір түзудің бойында жатпайды. Сондықтан алғаш топырақты түреннің тұмсығы кеседі, дүздің қалған бөлігі кейінрек іске қосылады. Сөйтіп мұндай түрендердің топырақты жырту тереңдігі бірқалыпты болады. Топырақ қаттылығының өзгеруі тұмсықты түрен жұмысына онша әсер етпейді.

Негізгі өңдеуді 20-35см тереңдікте, топырақ қабатын аударып, жерді жырту арқылы плугтар атқарады. Бұл кезде топырақтың бет жағындағы арамшөп тұқымдары мен өсімдік қалдықтары аударылып тереңге түседі де астыңғы қабаты үгітіліп жер бетіне шығады. Кейбір жағдайларда топырақты тайыз жыртады да 35-45см тереңдіктегі төменгі қабатын қопсытады. Мұндай әдіспен өңдегенде топырақтың құнарлы қабаты төменгі құнарсыз қабатпен бірте-бірте араласады, сүйтіп құнарлы қабаттың қалыңдығы жылдан-жылға арта береді. Топырақты негізгі өңдеуден өткізу үшін мынадай тәсіл де қолданылады. Ол үшін топырақты аудармай, 35-40см тереңдікте, қайырмасыз плугтармен қопсытады. Мұндай өңдеуді 5-6 жылда бір рет жүргізеді. Себебі, топырақ жыл сайын 22-25см тереңдікте қайта-қайта жыртылатындықтан, оның төменгі қабаты тапталып тығыздалады, сүйтіп ол қабаттың өсімдік үшін пайдасы шамалы болып қалады.

Сегiз корпусты аспалы плуг ПН-8-35 меншiктi кедергiсi 0,9кгк см болатын топырақтарды жыртуға арналған. Егер топырақ кедергiсi 06 – 07 кгк\см болса онда К-700 тракторымен агрегатталған барлық сегiз корпус жұмыс iстейдi ал кедергiсi 09 кгк\см ауыр топарақтарда бiркорпусын алып тастайды.

Плугта негiзгi сегiз корпус, сегiз шолақ түрен және бiр дискалы пышақ болады. Артқы корпуста алмастырылатын өкшесi бар және ұзартылған өрiс тақтайшасы орнатылған. Жұмыс кезiнде плуг салмағы екi тiрек дөңгелегiiне және корпустарға түседi. Сол тiрек дөңгелектерi арқылы плугты белгiлi жырту тереңдiгiне қояды.

Плуг 9,0км\сағат жылдамдықпен жұмыс iстей алатын қайырмалармен жабдықталған. Жырту тереңдiгi 27см шамасына дейiн жетедi және сегiз корпуспен iстегендегi алым кеңдiгi 2,8 м, ал бiр сағаттағы жұмыс өнiмдiлiгi 2га. Бұл плугтың тетiктерiн реттеу аспралы плугтарды реттеумен бiрдей.

Төрт корпусты аспалы плуг ПЛН-4-35 астық немесе техникалық дақылдар себiлетiн, меншiктi кедергiсi 0,9кгк\см топырақтарды жыртуға арналған. Плуг негiзгi төрт корпуспен, төрт шолақ түренмен және бiр дискалы пышақпен жабдықталған. Бұл бөлiктердiң құрылысының жоғарыда айтылған плугтың жұмысшы мүшелерi құрылысынан айырмашылығы жоқ.

Плуг үш түрлi корпуспен жабдықталады: мәдени қайырмалы, кесiгi бар қайырмалы және қайырмасыз корпустар. Көлбеу жерлердi жыртқан кезде соңғы корпустың қайырмасы ұзын болуы керек. Мұндай қайырмалы корпусты пайдаланғанда көлбеу жер бетiндегi судың ағып кетпеуiне мүмкiндiк жасалады.

Плуг тракторға екi нүктелi схема бойынша жалғасады және тарту күшi 3т. тракторлармен агрегатталады. Ол 27см. жылдамдығы 5км\сағат кезiндегi өнiмдiлiгi 0,7га\сағат. Ең жоғарғы жылдамдықта (7-8см\сағат) өнiмдiлiгi болады.

1,2,3 корпусты аспалы меншiктi кедергiсi 0,9кгк\см шамасындай топырақты өңдеуге арналған. Бұл плугтар астық және техникалық дақылдар өсетiн жерлердi жырту үшiн, жемiс өсiретiн жерлердi жыртуға және бау-бақшаларда қолданылады. 3 корпусты плуг 27см, 1және2 корпусты плуг 25см тереңдiкте жер жыртады. Бұл плугтар мәдени қайырмалармен және тұмсықты лемехтармен жабдықталған. Сол сияқты плуг жартылай винттi қайырмамен де жұмыс iстей алады.Бұл плугтарды тасты жерлерде пайдалануға болмайды.

3 корпусты ПЛН-3-35 плугты жыртатын жерге қарай, алым кеңдiгiн 90 және 105см етiп пайдалануға болады. Жыртатын жер ылғалды және ауыр болса, алым кеңдiгiн 90см етiп, ал жеңiл де құрғақ болса-10005см етiп пайдаланады. Бұл плуг “Беларусь” тракторының барлық түрiмен және ЮМЗ-6Л тракторымен агрегатталады. Өнiмдiлiгi-0,63га\сағат.

2 корпусты ПН-2-3ОР плугты тасы жоқ, көлемi шағын жердi жыртуға барлық жерде қолдануға болады. Т-40, Т-40А,Т-288 маркалы трактормен агрегатталады. Өнiмдiлiгi-0,3га\сағат.

1 корпусты ПН-ЗОР плугты тасы жоқ, ауданы шағын жерлердi жыртуға пайдаланады. Т-25, Т-25А, Т-25К тракторларымен агрегатталады. Өнiмдiлiгi-0,15га\сағат.

1,2,3 корпусты плугтардың тетiктерiн реттеу аспалы плугтарды реттеумен бiрдей жүргiзiледi.

Тiркемелi 5 корпусты плуг ПЛ-5-35 меншiктi кедергiсi 1,3кгк\см шамасынан аспайтын жеңiл және орташа жерлердi жыртуға арналған. Тереңдiгiн 30см етiп қайырмамен жыртуға және тереңдiгiн 40см етiп қайырмасыз жыртуға пайдаланады.

Плугтың негiзгi бес корпусы, бес шолақ түренi және дискалы бiр пышағы бар, ал күшейтiлген түрiнде дискалы пышағы бесеу болады. Плугтың рамасы құрамалы болғандықтан оны 4 немесе3 корпусты етiп құрауға болады.Тiркемеден үйкелiс негiзiнде iстейтiн қорғағыш қондырғы бар. Егер плуг үлкен кедергiге тiрелiп, сынатындай болса, қорғағыш қондырғы плугты трактордан ажыратып тастайды. Жол жүру жағдайына немесе жұмыс жағдайына плугты храповиктi автоматпен немесе гидроцилиндрдiң көмегiмен ауыстырады. Плугты әртүрлi қайырмамен жабдықтайды.Бұл плуг Т-150, Т-4 тракторларымен агрегатталады. Плугтың өнiмдiлiгi-0,9га\сағат.

Жартылай аспалы плуг ПЛН-6-35 меншiктi кедергiсi 0,9 кгк\см жерлердi тереңдiгiн 30см қайырмамен және қайырмасыз жыртуға арналған. Оны топырақтың сор басқан қабатын жоғары шығармай, айдалатын қабаттың қалыңдығын арттыру үшiн де қолдануға болады. Ол үшiн плугқа топырақ тереңдеткiш пышақ немесе ойығы бар қайырмалы корпустар бекiтiледi. оған қосымша плуг мәдени қайырмалы, жылдам жүретiн қайырмалы, жартылай винттiк қайырмалы және қайырмасыз корпустарды бекiтуге болады.Жыртылатын топырақ кедергiсiне, және трактордың қуатына байланысты плугқа төрт, бес және алты корпус алмалы-салмалы етiлiп бекiтiледi. Плуг төрт немесе бес корпусты күйiнде аспалы түрде жұмыс iстейдi.

ППН-6-35 плугтың тiркемелi және аспалы плугтардың айырмашылығы бар Бұл плугтың артқы бөлiгi тiркемелi плугтың артқы бөлiгi сияқты, ал алдыңғы жағына аспалы плугтiкi сияқты тiрек дөңгелегi мен асатын механизмдер бекiтiлген. Аспалы механизм мен артқы дөңгелек механизмi өзара тартқышпен жалғасқан. Плуг жартылай аспалы күйде жұмыс iстеген кезде жұмыс қалпынан жол жүру қалпына ауыстыру үшiн трактордың гидрожүйесiнiң көмегiмен оның алдын көтередi. Плугтың алды көтерiлген кезде тартқыш арқылы артқы дөңгелектiң осiн бұрады да дөңгелек рама астына қарай тартылып оны көтередi. Ал аспалы қалпында жұмыс iстеген кезде плуг соңғы алтыншы корпусы мен артқы дөңгелек механизмi алынып тасталады. Алғашқы механизмнiң тартқышы рамаға бекiтiледi.

ППН-6-35 плугы жартылай аспалы қалпында (6 корпусты) Т-4 тракторымен, ал аспалы қалпында (4 немесе 5 корпусты) ДТ-75, Т-74 тракторымен агрегатталады. Өнiмдiлiгi 1,14га\сағат шамасына жетедi.

ППН-6-35 плугтың орнына қазiр өндiрiсте ПЛ6-35 жартылай аспалы плуг шығарыла бастады. Оның өзгешелiгi мынадай. Корпус тiректерi штамптау әдiсiмен жасалған. Аспалы механизмнiң жоғары ұшын плуг рамасымен жалғайтын тартқыш кигiзiлмелi етiп жасалады және оған тереңдеткiш қондырғы орнатылады.

Тартқыш түтiк пен штоктан құралған және олар бiр-бiрiне кiрiп, еркiн жылжып тұрады. Штоктың басы плуг рамасына, түтiктiң басы аспалы механизмге жалғасады. Осындай жалғасуға байланысты жұмыс кезiнде плуг жердiң ойлы-қырлы бедерiмен еркiн жүре бередi. Плуг көтерiлсе, шток труба iшiне кiредi де оған кедергi жасамайды. Бiрақ ол көтерiлудiң шегi болады. Оның шегiн терңдеткiш қондырғы арқылы реттейдi. Шток бұранда жасалып, оған цилиндр тәрiздi гайка кигiзiлген. Гайка труба iшiне кiрмейтiндей етiп жасалған. Егер плуг қоылған тереңдiктен көп жоғары көтерiлетiн болса, осы гайка трубаға тiреледi де плугтың одан әрi көтерiлуiне кедергi дасайды. Сөйтiп плуг қатты жерлерде өздiгiнен көтерiлiп кете алмайды.

Айналмалы екi корпусты аспалы плуг ПОН-2-30 меншiктi кедергiсi 0,6кгк\см шамасындай жерлердi 27см тереңдiкте жыртуға арналған тарту күшi 0,9-1,4т тракторымен агрегатталады.

Бұл плугпен топырақты бiртегiс жыртуға болады. Ол үшiн плугтың рамасы бiр оське бекiтiлiп, айналмалы етiп жасалады. Рамаға негiзгi корпус тiрекрерi бекiтiлген. Тiректiң екi ұшына екi корпус орналасады. Олардың бiреуi топырақты оңға қарай, ал екiншiсi солға қарай аударатын корпустар. Плугта төрт корпус бар, оның екеуi топырақты солға қарай, екеуi оңға қарай аударады. Әрбiр корпустың алдына шолақ түрен, ал артқы корпустың алдына дискалы пышақ бекiтiледi.

Агрегат жұмысты шөлмек әдiсiмен iстейдi. Бiр бағытта жылжығанда оңға аударатын корпустар, керi қайтқанда солға аударатын корпустар пайдаланылады. Ол үшiн загонның шетiне жеткен кезде плугтың өзiнiң осi арқылы 180* айналдырады. Плугты айналдыратын механизм гидроцилиндрмен басқарылады.

Арнайы өңдеуге тың және балшықты жерлерде игеруге, плантациялық және ярусты (текшелеп) жыртулар, терең қопсыту, фрезерлеу, ағаш отырғызатын шұңқырларды қазу жатады. Топырақты мұндай өңдеуден өткізу үшін арнаулы машиналар мен құрал-саймандар қолданылады.

Қыртысты өңдеудің мынадай түрлері бар: тырмалау, сыдыра жырту, шлейфтеу (тегістеу), культивациялау, таптау, түптеу, жал жасау, жалды тегістеу жатады. Мұндай өңдеулер топырақтың беткі, тайыз қабатында жүргізіледі. Бұл кезде арамшөптер жойылады, топырақ кесектері уатылады және топырақтың беткі қабаты қопсытылады, оның капилляр түтіктері бұзылып, ылғал буланып ұшпайды. Қыртысты өңдеулер тұқым себу алдында немесе тұқым себілгеннен кейін өсімдік қатар аралығын баптау үшін қолданылады.

Эрозияға қарсы өңдеуді жел немесе су әсерінен эрозияға ұшыраған топырақтарды жақсарту үшін жүргізеді. Топырақ эрозиясы кезінде, оның агрегаттық құрамында шаң-тозаңдар тәрізді, өте ұсақ түйіршіктері көбейіп кетеді. Мұндай шаң тозаңдар желдің әсерімен ұшып немесе сумен шайылып ағып кетеді. Егер топырақ бетінде өсімдік қалдықтары сақталып қалса, онда желдің немесе судың әсерінен шаң тозаңды бөлшектердің ұшып кетуіне кедергі жасайды. Сондықтан да эрозияға қарсы өңдеудің негізгі мақсаты- жер бетінде өсімдік қалдықтарын қалдырып, терең қабатты қопсыту. Мұндай өңдеуді плоскорез культиваторлармен немесе аңызға арналған сеялкалармен жүргізеді.

Ылғалды барынша мол сапқтау; арам шөптерді отау; өсімдіктің бойына қоректік заттар жинақтау; топырақты су, ауа жәнежылу келуін қамтамасыз ететін күйге жеткізу; дақылдардың зиянкестері мен қарсы күрес жүргізу; микроорганизмдердің тіршілігі үшін қажетті жағдайлар туғызу. Мұндай шаралар топырақты тырмалау, өңдеу, культивациялау және тегістеу арқылы жүзеге асырылады.

Культиваторлар топырақтың беткі қыртысын өңдейтін машиналар тобына жатады және олар арамшөптерді отайтын, топырақты қопсытатын пышақтармен жабдықталады. Ол пышақтардың бірнеше түрі бар.

Біржақты жазық кескіш пышақтар арамшөптерді кесуге, мәдени өсімдіктіктердің қатарын сиретуге және топырақты 6см тереңдікке дейін қопсытуға арналған. Олар оң жақты және сол жақты болып бөлінеді.Дүздерінің өткірлігін 0,5мм етіп 8-10 градус бұрыш жасап қайрайды. Алым кеңдігі 85, 120, 150, 165, 250мм.

Екі жақты жазық кескіш пышақтарда арамшөптерді жоюға, тереңдігін 6см етіп топырақты қопсытуға арналған. Дүздерінің топырақ бетімен жасайтын бұрышы 18*, оның қалыңдығын 0,3 мм етіп 8-12 градус бұрыш жасап жоғарыдан төмен қайрайды. Алым кеңдігі 145, 150, 260мм.

Екі жақты универсаль пышақтар арамшөптерді жояды, топырақты 10см тереңдікке қопсытып ұсақтайды. Дүздерінің жер бетімен жасайтын бұрышы 28 градус пышақтарды тұтас өңдейтін культиваторларда қолданады, ал 30 градус болатын пышақтармен 14см тереңдікке дейін қопсытады. Дүздерін 0,3-0,5мм етіп 13-17 градус бұрыш жасап жоғарыдан төмен қайрайды. Алым кеңдіктері 220, 250, 270, 330, 380мм.

Қопсытқыш тістер тығыз, байланысқан топырақтарда 15см тереңдікте өңдеу үшін қолданылады. Бұл тістің ерекшілігі төменгі ылғалды топырақ қабатын үстіне шығармайды. Ол үшін оны иілген тұмсық тәрізді етіп жасаған. Алым кеңдігі 20мм.

Екі жақты қопсытқыш пышақ қатты тіректе бекітілген тереңдігін 22-25см, ал серіппелі тірекке бекітілгенде 10-12см етіп қопсытуға және арамшөп тамырларын сыдырып жұлуға арналған. Оның екі ұшына да дүз жасалған. Бір ұшы тозғанда, екінші ұшын пайдалануға болады. Алым кеңдігі 45-60мм. Қоректендіргіш пышақ қопсытқыш тістердің бір түрі болып саналады. Қопсытқыш пышақ жерді 16см тереңдікке дейін қопсытады да түтік арқылы минералдық тыңайтқыштар келіп түседі.

Тырмалар жыртылған жердегі кесек шымдарды ұсақтауға және жер бетін қопсытуға арналады. Сол сияқты тырмалармен айдалған жердің бетін қопсытып, ондағы ылғалды сақтайды. Жаңа өніп келе жатқан арамшөптерді құртады, егістікті қураған өсімдік қалдықтарынан тазартады.

Тырмаланған жер мынадай талаптарға сай болуы тиіс: а) топырақ ұсақ түйіршектеніп, 3-4см тереңдікке дейін қопсытылады; ә) кесек топырақтар 3см шамасынан аспайтындай дәрежеде ұсақталады; б) топырақ бетіндегі қабыршықтар мен арамшөптер жойылады; в) жырту кезінде пайда болған жалдар тегістеледі; г) дүздік дақылдар мен көпжылдық шөптерді тырмалаған кезде мәдени өсімдіктердің зақымдануы 5 проценттен аспайды.

Жоғарыда баяндалғандай, тырмалар тісті, серіппелі және дискалы болып, ал салмағына байланысты жеңіл, орташа және ауыр тырмалар болып бөлінеді. Егер бір тіске түсетін салмақ 1 кгк дейін болса, жеңіл, 1-2 кгк болса-орташа, 1-2 кгк шамасынан көп болса-ауыр тырмаларға жатады.

Тісті тырмалардағы әр тіс өзінше із қалдырады және әрбір іздің ара қашықтығы бірдей болады: көлденең қимасы дөңгелек, төрт қырлы және сопайтылған. Дөңгелек тістер топырақта дөңес жанымен жанасады да оларды мыжып, кесектерді бір-бірімен үйкелеп араластырады. Сондықтан мұндай тісті тырмаларды бұрыннан пайдаланып жүрген жерлерді өңдеуге және тыңайтқышпен топырақты араластыру үшін қолданады. Төрт қырлы тістер жүріс бағытына бір қырымен бағытталғанда ғана тиімді болады.

Наши рекомендации