Реагенттер туралы жалпы мәліметтер
Коагулянттардың ішінде ең жиі пайдаланатындар: алюминий сульфаты Al2(SO4)3, темір сульфаты FeSO4 және хлорлық темір FeCl3.
Al2(SO4)3-ды күкірт қышқылымен алюминийдің оксидін, гидроксидін, бокситтерді, коалиндерді ерітіп дайындайды.
Тазалауға арналған суға алюминийдің сульфатын қосқанда оның диссоциациясы басталады
Al2(SO4)3 → 2Al3+ + 3SO42-
Одан кейін алюминий сульфатының артығы гидролиз процесі жүруі арқасында тұнбаға түсетін алюминийдің гидроксиді пайда болады.
Алюминий гидроксидінің жапалақтары төменге шөккенде өзімен бірге бетіне жабысқан қалқыма заттарды да ала кетеді.
Сутегінің катиондары бұл процестің жүруіне кедергі жасайды. Оның әсерінің төмендеуіне себеп болатыны олардың судағы бикарбонаттармен реакцияға түсуі, соның арқасында сутегіне байлап нейтрализация жасау.
Н+ + Н СО3- → СО2 + Н2О
Ал бұл реакцияның өтуіне судың өз сілтілгі жетіспесе, суды қосымша сілтілейді. Ол үшін суға Са (ОН)2 немесе содан Na2SO3 қосады. Әк қосқанда сутегі иондарының байлауы мына теңдеуімен өтеді
Н+ + НО- → Н2О
ал соданы қосқанда
2 Н+ + СО32- → СО2 + Н2О
Коагулянт ретінде хлорлы темірді қолдансақ темірдің гидроксидінің пайда болу реакциясы былай өтеді
FeCl3 → Fe3+ + 3Cl-
Fe3+ + 3H2O → Fe (OH)3 + 3H+
Коагулянттың қажетті мөлшері Мк табиғи көздің суын технологиялық талдау арқылы немесе осы суда жұмыс істейтін тазартқы ғимараттардың пайдалану тәжірбиесіне сәйкес анықталады.
Талдаудың мәлімететрі жоқ болса алдын ала шама есептерге суды мөлдірету үшін коагулянттың мөлшерін тазалауға арналған судың лайлығына сәйкес Кесте 2 бойынша қабылдаймыз.
Кесте 2
Судың лайлығы, мг/л | Лайлы суды өңдеуге арналған сусыз коагулянттың мөлшері, мг/л. |
100-ге дейін 100-ден 200-ге дейін 200-ден 400-ге дейін 400-ден 600-ге дейін 600-ден 800-ге дейін 800-ден 1000-ға дейін 1000-нан 1500-ге дейін | 25 – 35 30 – 40 35 – 45 45 – 50 50 – 60 60 – 70 70 – 80 |
Ал судың түстілігін төмендету үшін коагулянтының мөлшерін эмпирикалық формуламен анықтауға болады
Мк = 4 ≤ 50 мг/л (2.1)
мұндағы, Т – судың түстілігі, град.
Осы екі мөлшердің үлкенін қабылдаймыз. Коагулянттың мөлшерін анықтап және табиғи судың сілтілігін біле түрып судың сілтілігін көбейтуге керек әкетіп мөлшерін анықтауға болады:
Mә = 28 мг/л (2.2)
мұндағы, 28 – әктің эквиваленттік массасы;
Мк – коагулянтың мөлшері, мг/л;
С – судың сілтілігі, мг-экв/л;
1 – сілтілік резерві, мг-экв/л.
Осы формулалармен есептелген мөлшерлер минус болып шықса онда сілтілікті көбейтудің қажеті жоқ.
Судың максималды лайлығы 500 мг/л, түстілігі 40 градус. Кесте 2 бойынша коагулянттың қажетті мөлшері 50 мг/л тең. Сонымен бірге судың жоғарғы түстілігі 40 градустан санитарлық ереженің талабы бойынша 20 градусқа төмендету үшін коагулянттың мөлшері жоғары болу керек
Суда қалқыма заттармен бірге түстілігі де жоғары болса екі мөлшердің үлкенін қабылдайды. Коагуляндыру процесін қарқындату үшін флокулянт ретінде полиакриламидті (ПАА) және активті кремний қышқылын (АҚ) пайдалануға ұсынады. Олардың мөлшері енгізетін жерге ғимараттардың жұмысының тәртібі мен түріне бапталатын судың физика-химиялық қасиеттеріне байланысты.
Флокулянттардың мөлшерін (коагулянттардың мөлшеріне қосымша ретінде) былау қабылдау керек:
а) полиакриламидті
Тұндырғыштар немесе қалқыма тұнбасы бар мөлдіреткіштердің алдында енгізуде Кесте 3 бойынша.
Кесте 3
Судың лайлығы мг/л | Судың түстілігі, град. | Сусыз ПАА-ның мөлшері, мг/л |
10-ға дейін 10-нан 100-ге дейін 100-ден 500-ге дейін 500-ден 1500-ге дейін | 50-ден артық 30 – 100 20 – 60 - | 1 – 1,5 0,3 – 0,6 0,2 – 0,5 0,2 – 1 |
екі сатылы схемада сүзгілердің алдында енгізуде 0,05 – 0,1 мг/л;
бір сатылы схемада түйіскен мөлдіреткіштердің немесе сүзгілердің алдында енгізуде 0,4 – 0,6 мг/л;
б) активті кремний қышқылды тұндырғыштар мен қалқыма тұнбасы бар мөлдіреткіштердің алдында температурасы + 5 - –7-ден артық суға енгізуде 2-3 мг/л; температурасы +5 - +70С-ден артық суға енгізуде 2-3 мг/л; температурасы +5 - +70-ден төмен суға енгізуде 3-5мг/л;
екі сатылы схемада сүзгілердің алдында енгізуде 0,2-0,5 мг/л;
бір сатылы схемада түйіскен мөлдіреткіштердің немесе сүзгілердің алдында енгізуде 1-3 мг/л.