Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті

«Тоқыма материалдарының және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

«Тігін өндірісінің процесстерін жобалау»

пәні

бойынша практикалық сабақтарды орындау үшін

әдістемелік нұсқау

Студент мамандығы 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы»

Оқу түрі: күндізгі

Шымкент 2013

УДК 572.087(083.13)

Құрастырған: аға оқытушы Мирзамуратова Р.Ш.

«Тігін өндірісінің процесстерін жобалау»

пәнінің бағдарламасы талаптарға сәйкес құрылған.

5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» мамандығының студенттеріне арналған.

Шымкент: ОҚМУ, 2013ж. 64 б.

Әдістемелік нұсқау оқу жоспары талаптарына және «Тігін өндірісінің процесстерін жобалау» пәнінің бағдарламасы талаптарына сәйкес құрастырылған және әдістемелік нұсқауда практикалық жұмыстың тақырыбы бойынша жұмысты орындауға керекті толық мәліметтер қамтылған, онда ең күрделі бөлімдерді терең оқу, сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмысын, шығармашылық жұмыстарын және бұйымды дайындау процесін оқу мүмкіндіктері берілген.

Пікір берушілер:

Абдикеримов С.Ж. «ТМжЖӨБТ» каф.меңгерушісі,т.ғ.к.

Тогатаев Т.У. «ТМжЖӨБТ» т.ғ.к., доцент

«Тоқыма материалдарының және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технолгиясы» кафедрасы ( хаттама №5, « 29 »12. 2012ж.), Жеңіл және Тамақ өнеркәсібі факультетінің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған, ( хаттама № . ж)

Кафедра мәжілісінде талқылап,баспаға ұсынылған.

(хаттама № « » 201 ж.)

М.Әуезова атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, 2013ж.

Шығаруға жауапты: Мирзамуратова Р.Ш.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ……………………………………………………..……...............................5

1. Практикалық сабақтың мақсаты мен тапсырмасы ...........................................6

2. Практикалық сабақтың тұжырымдамасы.................................................................7

3. Практикалық сабақтың мазмұны ........................................................................7

Практикалық сабақ №1 Дайындық – пішу цехының есебіне қажетті алғашқы мәліметтерді анықтау..............................................................................................7

Практикалық сабақ №2 Қызмет түріне және киім түріне байланысты бұйымды тәуліктік шығаруды анықтау..................................................................................8

Практикалық сабақ №3 Матаның тәуліктік шығынын анықтау. Дайындық цехының есебі..........................................................................................................9

Практикалық сабақ №4 Матаны сақтау тәсілі. Матаны сақтайтын жабдықтар сипаттамасы.................................................................................................................. 11

Практикалық сабақ №5 Дайындық цехының ауданы, құрал – жабдығы, жұмысшылар санының есебі.................................................................................12

Практикалық сабақ №6 Пішушілер жұмысының түрлері және оны ұйымдастыру.................................................................................................................13 Практикалық сабақ №7 Пішу цехының ауданы, құрал – жабдығы, жұмысшылар санының есебі...............................................................................................................14

Практикалық сабақ №8 Қабылдау бөлімінің есебі. Жүмысшылардың атқаратын қызметі...........................................................................................................................15

Практикалық сабақ №9 Қабылдау бөлімінің ауданы, құрал – жабдығы, жұмысшылар санының есебі.................................................................................16

Практикалық сабақ №10 Тәжірибелік цехтың міндеті........................................18

Практикалық сабақ №11 Өлшеп көруге арналған бұйымдарды сақтаудың әдістері.........................................................................................................................19

Практикалық сабақ №12 Бұйымды сақтауға арналған жабдықтар сипаттамасы .........................................................................................................................................20

Практикалық сабақ № 13. Көмекші цехтардың жұмыстарын анықтау

................................................................................................................................21

Практикалық сабақ№14 Жұмыс уақыты шығынын анықтау ................................................................................................................................................................22

Практикалық сабақ № 15 Өндіріс бөлімдерін жоспарлау. Өндіріс бөлімдерінің өзара байланысы...................................................................................................23

4. Әдебиеттер……………………………………………………………....................27

КІРІСПЕ

«Тігін өндірісінің процесстерін жобалау» пәні ЖОО-ы үшін жеңіл өнеркәсіп мекемелерде, жеке кәсіпкерлермен кіші бизнес мекемелеріне мамандар дайындайды.

Бұл пәнде: дайындау - пішу өндірісінің жобалау негіздерін, эксперементальдык цехты жобалау негізін, қойма ғимараттарын жобалау негіздерін, өндірістік тігін кәсіпорындарынын кабылдау салонын және жеке сұраныс бойынща жұмыс істейтін кәсіпорындарын жобалау негіздерін, компьютерлік технологияны пайдалана отырып өндірістің негізгІ цехтарын жобалау үшін жана технологиялык шешімдерді таңдап үйрену, процесстің кұрылымды- акпаратты моделін жасай білу, автоматтық жобалау жүйесін жасау негіздер жөнінде жалпы мәліметтерді білу, құрал-жабдыктар аудан,жұмысшылар саны туралы кұрама кестелерді есептеуіне тәжірибелі дағдылар алу, тігін бұйымдарды дайындау және пішу технологияльтк үрдістердің параметрлерін оңтайландыру жөнінде сұрактарды күрастыра талдай және шешімін таба білу, бойынша нақты білім алады және қолдануды үйретеді.

Бұл пәнде иллюстрациялық сызбаларға,суреттерге және кестелерге сүйене отырып,тігін өндірісінің жабдықтарының құрылыстарымен түгел танысуға болады.

1 «Тігін өндірісінің процесстерін жобалау» пәнінің мақсаты мен тапсырмасы.

Бұл пәннің мақсаты – Студенттің тігін өндірісі үшін қажетті құрал-жабдықтар мен олардың жұмыс принцпі туралы білімін қалыптастыру. Қазіргі таңда әр курс студентінің білімін тексеріп, осы курстың «Тігін өндірісінің композициясын», «Тігін өндірісінің технологиясын», «Тігін жабдықтарының негізі» және т.б. пәндермен байланысын түсіндіру.

Пәннің тапсырмасын үйрену:

· Тігін өндірісімен танысу

· Тыңдалуы мен маңыздылығының дамуы

· Тігін өндірісінің даму кезеңдерімен танысу

· Тігін өндірісінің цехтарын жобалауды үйрену

· Еңбекті техникалық мөлшерлеуді үйрену

2. Сабақтың жүру барысы

Практикалық сабақта студент әрдайым дайын болуы қажет. Дайындық -пәннің мақсаты, сол жайлы ақпарат жинау, лекция сабағынан конспекті, тігін жабдықтарының түрі.

Практикалық сабақта студент тігін өндірісі туралы, заман талабына сай сапалы киім дайындау үшін заманауи арнайы жабдықтары бар өндірісті жобалау туралы мәліметтер алады.

Студенттің практика уақытында істеуге қажет жұмыстары: -тігін өндірісімен танысу

- тігін өндірісінің цехтарын жобалауды үйрену

- тұрмыстық машиналарының жетектерін білу

- жобалауға қойылатын талаптарды үйрену

-көмекші цехтарды білу

-жобалау-зерттеу жұмыстарының сипаттамасы

Барлық жұмыс практикалық сабақта өтіледі, тақырыпқа байланысты жұмыс жасайды.

Практикалық сабақта үй жұмысын алып,сол арқылы жұмыс жасауы. Кез-келген студент практикалық жұмыстың басында үй жұмысын көрсетуі қажет.

3. Практикалық жұмыстың нөмірі мен аталуы.

Практикалық сабақ № 1. Дайындық – пішу цехының есебіне қажетті алғашқы мәліметтерді анықтау

Жұмыстың мақсаты: Дайындық – пішу цехының есебіне қажетті алғашқы мәліметтерді анықтауды үйрену

Әдістемелік нұсқау:

1. Тұрмыстық киім шығаратын өндірістің негізгі міндетіне –сапасы жоғары болып табылатын әртүрлі ассортиментке ие киімдермен адамдарды қамтамасыз ету болып табылады.

1.1.Технологиялық процесстерді құрастыру ғылыми-техникалық нәтижелерге негізделген алдыңғы қатарлы тоқыма өндірісінің отандық және шет-елдік өндірістердің өндірістік деңгейін жоғарлатуға негізделген.

1.2.Бүгінгі таңда тұтынушылық таңдау мүмкіндігі туындады және тұтынудың кепілдігі сапа және сенімділік болып табылады.

1.3. Киімдерді кәсіпорындарда және ательенің тігін цехтарында дайындайды. Кәсіпорындарда киімді технологиялық ағындарда дайындайды.

1.4. Конвейерлік ағында - еңбек бүйымдары бір орындаушыдан екіншісіне тасу құрылғысының лентасымен, ал конвейерлік емес ағындарда катар-катар үлдіріктің, ылдидың және сәкіаралықтардың көмегімен беріледі.

1.5. Бұйымдардың сменада шыгарылуына байланысты ағынды: аз, орта және қуатты үш топқа бөледі.

2. Ағындарды, сондай-ак оларда дайындалатын бұйымдардың модельдері мен түрлерінің санына да байланысты: бір модельді және көп модельді деп ажыратады.

Құрал-жабдықтар: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам

Тапсырма:

1. Дайындық-пішу цехының қызметі

2. Дайындық – пішу цехының есебіне қажетті алғашқы мәліметтерді анықтау

Бақылау сұрақтары:

1. Ағымдардың қандай түрлері бар?

2. Орта қуатты өндіріс дегеніміз не?

3. Конвейерлік ағымдар қандай ағымдар?

СӨЖ тапсырмасы:

1.Жеке тапсырыс қабылдау кезінде өлшем белгілерді өлшеу

2. Конструкторлы – технологиялық дайындықта тәжірибелік өндірістің міндеті.

3. Дайындық цехында әртүрлі маталарды сақтауға арналған қондырғылар

Әдебиеттер:

1. Апыхтин О.В., Афанасьев В.А. Оптимальное проектирование потоков в легкой промышленности. М.: Легпромбытиздат, 1989г.

2. Чечкин А.В., Гудим И.В., Мурыгин В.Е., Буданова Т.И. Проектирование технологических процессов изготовления швейных изделий. М.: Легпромбытиздат, 1988г.

Практикалық сабақ №2. Қызмет түріне және киім түріне байланысты бұйымды тәуліктік шығаруды анықтау.

Жұмыстың мақсаты:Бұйымды тәуліктік шығаруды анықтауды үйрену

Әдістемелік нұсқау:

1. Тігін цехының жұмысында өндіру секциясының синхрондық жұмысының жеке аналитикалық тапсырмалық шешімін алғанда, біріңғай екінші реттік ресурстардың жағдайында және келісімде өндірісті топтың математикалық күтуі тіркелген ресурсқа байланысты. Осылайша басқарудың мақсаты-түзеу, яғни жоспарлық тапсырманың орындалуында емес, қайта топтың орташа болжамдық шығарылым көлемінің өнделуінде:

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru 1.1. Топтық вектордың Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru мақсатты жоғарылататын функциясын табу.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru (3.15)

(3.9) және (3.10) шектеулерді орындау барысында

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru

Мұнда Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru және Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru функциясының Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru формула бойынша жалпы саны .Сондықтанда Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru аргументінің күрделі функциясы болады Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru

1.2. , топтағы жоғалмайтын ресурстық функциясының мәні топтардығы жоспардың орындалу мүмкіндігі тапсырманың эквиваленті eкені белгілі, мысалы:

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru

Шектеулерді орындау тапсырмасында

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru

1.3. Жұмыста көрсетілген тек функцияналды уақытының өсуі барша тоқтаусыз ағымның жұмысын тек бір сақтандыру қорының тағайынымен қамтамасыздандыруға болмайды. Бұл, дәл сол ағымның үздіксіздік мүмкіндігі бойынша сақтандыру қорының шығыны азайту мақсатында тәртіпке келтіру құрылымының системасына себепші болады.

1.4. 2-ші түрдің Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru - ресурстар көлемі монтаждық ресурста : Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru Осылайша секцияның өндіру фактісі мына формуламен есептеледі: Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru (3.28) . Алдын ала тандалған басқару уақыты тоқтаусыз жұмылдырылған басқару ықпалымен іске асады. Басқарудың тура және кері қабылданған шешімі. Ресурстардың қайта бөлу әртүрлі квалификациялық жұмысшы персонал мен жұмылдырылған цехтің неархиялық көрініске сәйкес 3 деңгейлі схемамен(секция, ағым, цех) өндіріледі.

2. Ұқсас ресурстар монтаждау секцияның дайындауға жібереді егер Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru және Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті - student2.ru қосымша ресурсты алғаннан кейін (егер сұраныстан аз болып қалса) қайтадан дайындау секциясына қайта бөлу тапсырмасы шешіледі. Осылайша біз ресурстарды жалпы деңгейдегі қайта бөлу процесін аламыз, яғни цехтың бөлімшелерін толықтай қайта қараумен аяқталады .

Құрал-жабдықтар: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам.

Тапсырма:

1. Бұйымды тәуліктік шығаруды анықтау

2. Болжамдық шығарылымның көлемінің жобалануы

Бақылау сұрақтары:

1.Автоматтандырылған қандай машиналар?

2.Жартылай автоматтандырылған қандай машиналар?

3.Машиналар құрастыру белгісі бойынша қалай жіктеледі?

СӨЖ тапсырмасы:

1.Тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған тігін өндірісінде мата шығынын анықтау.

2.Тұрмыстық қызмет көрсететін өндірістің тәуліктік мата мөлшерін анықтау есебі

3. Қызмет түріне және киім түріне байланысты бұйымды тәуліктік шығаруды анықтау.

Әдебиеттер:

1. Істемiров К. Тігін өндірісін оқыту әдістемесі : орта және кәсіби мектептерге арналған оқу құралы / К. Істемiров, И. Б. Васильев, Ќ. Жоламанова. - Алматы : ЖШС "КАЗПРОФТЕХ", 2007. - 131 сЭкземпляры: всего:50

2. Асанова А. Технология и проектирование национальной одежды : Учебник для организаций НПО и СПО; Рекомендован МОН РК / А. Асанова. - Астана : Фолиант, 2008. - 136 с. - (Профессиональное образование)

Практикалық сабақ №3. Матаның тәуліктік шығынын анықтау. Дайындық цехының есебі.

Жұмыстың мақсаты: Дайындық цехының есебін жүргізу. Матаның тәуліктік шығынын анықтауды үйрену

Әдістемелік нұсқау:

1. Тігін бұйымдарын өндіріске жіберуге дайындау әксперимент цехында басталып, пішу цехында аяқталады

1.1. Дайындау цехының қызметі. Тігін өндірісінде дайындау цехы мынадай жұмыстарды атқарады: материалдарды түсіру, байламын ашып, материлдармен маталарды сан жағынан кабылдап алу; маталардың сапасын, мата бөліктерінің ені мен ұзындығын бақылау; лекало жайылмасын бормен сызу; материалдарды пайдалану мөлшерін шығару; пішу цехтарына төсемдерді комплектілеп беру.

1.2. Пішу цехында жұмыстың мынадай түрлері орындалады: дайындау цехынан түскен маталарды өлшеу; негізгі матаны, астарын және іштік маталарды төсеу; төмен сапасына бақылау; төсемге шығындалатын мата есебін алу; төсемнің үстіңгі жаймасындағы бөлшектерге таңба салу; бүйымдардың бөлшектерін пішу

1.3. Шебер тапсырмаға сай дайындалған материалдарды қоса жіберілетін кұжаттары аркылы бөліктердің төлкұжатында көрсетілген бөліктер санын, ұзындығын, ені мен артикулын тексере отырып, лекало жайылмасының суретімен бірге салады.

1.4. Материалдарды бағдарламаға сәйкес жасалған график бойынша төсейді. Пальтолык топ материалдарын пішу картасына сәйкес, берілген ұзындык матаның жөні жазылған қағаз оралғаннан кейін, бұл жазба көрініп тұрарлықтай етіп ішкі шетінен бастайды

2. Материалдың енін әр 3 метр сайын Імм-лік дәлдікпен өлшейді. Негізгі ен ретінде неғұрлым жиі кездесетін өлшемді алады да, тым жіңішкеріп немесе ендірек болып кеткен жерлерге кейін пішу кезінде ескеру үшін белгі соғып отырады. Үзындықты және ені өлшеудің нәтижелерін бөлек паспортына жазып отырады, ол екі дана етіп жазылады.

2.1. Паспорттың біріншІ данасына материал нұсқасын жабыстырады да, есептеушіге тапсырады. Екінші дананы материал юөлігіне бекітіп кояды.

Құрал-жабдықтар: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам.

Тапсырма:

1. Дайындық цехының есебін жүргізу

2. Дайындық цехында жүргізілетін жұмыстар

Бақылау сұрақтары:

1. Қауіпсіздік ережелері не үшін сақталады?

2. Тігін машиналарында қандай қауіпсіздік ережелері сақталады?

3. Преспен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережелері сақталады?

СӨЖ тапсырмасы:

1.Матаның тәуліктік шығынын анықтау. Дайындық цехының есебі.

2.Жұмыс уақыты шығынын анықтау.

3. Тігін шеберханаларында қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әдебиеттер:

1. Апыхтин О.В., Афанасьев В.А. Оптимальное проектирование потоков в легкой промышленности. М.: Легпромбытиздат, 1989г.

2. Чечкин А.В., Гудим И.В., Мурыгин В.Е., Буданова Т.И. Проектирование технологических процессов изготовления швейных изделий. М.: Легпромбытиздат, 1988г.

Практикалық сабақ №4Матаны сақтау тәсілі. Матаны сақтайтын жабдықтар сипаттамасы

Жұмыстың мақсаты: Матаны сақтайтын орындармен танысу.Матаны сақтау үшін қажетті жабдықтарды білу

Әдістемелік нұсқау:

1. Бөліктерді жаймаларға іріктегеннен кейін, бүйым және материалдық сан мөлшері туралы мәліметтер көрсетілген екі дана тізім жасайды.

1.1. Материалдарды сақтау кезінде сақтау және жаятын матаны іріктеп алу үшін бөліктерді тез орналастыру мақсатымен қойма көлемі мен сыйымдылығын мейлінше толық пайдалану қажет.

1.2. Бракталған материалдарды секциялық немесе көп ұялы текшклерге артикуль және ені бойынша қырын қарата жайғастырады (1, а-сурет). Тиеу және түсіру жұмыстары көтерген платформасы бар арбашалармен атқарылады.

1.3. Сондай-ақ материалдарды шырша тәріздес текшелерде де (1, б-сурет) сақтайды, бұл кезде текшелегіш кранды пайдаланады. Материалдарды сақтаудың жаңа тәсілдерінің бірі-элеваторлық тәсіл (1, в-сурет) болып табылады, мұнда маталарды тиеу және түсіру автоматты басқару пультінен атқарылады.

2. Бракталган материалды орналастыру үшін текшелер мен ұяшықтарды нөмірлейді: қатарларын әріптермен, ал текшелерді цифрмен белгілейді. Бөлік паспортының теріс жағына мата орамы тұрған текше ұяшығының нөмірін көрсетіп қояды, бұл жаятын мата іріктеу үшін материал бөліктерін комплектеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

2.1. Материалдарды құрғақ, желдетілетін тұрғын жайды, жылыту аспаптарынан кемінде 1м қашықтықта сақтайды. Жайдағы дымқылдықтың салыстырма шамасы 60-65 %, температурасы -16-20° С болуы тиіс. Материалдарды шаңнан, күн сәулесінен, күйеден және былғанудан қорғайды.

Құрал-жабдық: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам.

Тапсырма:

1. Материалдарды сақтайтын орынды жобалау

2.Бракталған маталардың сақталуы

Бақылау сұрақтары:

1.Материалдар қандай температурада сақталады?

2.Бракталған материлдарды қалай сақтайды?

3.Маталар сақталатын орынның дымқылдық шамасы қандай?

СӨЖ тапсырмасы:

1.Дайындық цехында матаны өлшеу және сапасын анықтау жұмысы.

2.Дайын және жартылай дайын бұйымдарды сақтау қоймасының есебі.

Әдебиеттер:

1. Істемiров К. Тігін өндірісін оқыту әдістемесі : орта және кәсіби мектептерге арналған оқу құралы / К. Істемiров, И. Б. Васильев, Ќ. Жоламанова. - Алматы : ЖШС "КАЗПРОФТЕХ", 2007. - 131 сЭкземпляры: всего:50

2. Асанова А. Технология и проектирование национальной одежды : Учебник для организаций НПО и СПО; Рекомендован МОН РК / А. Асанова. - Астана : Фолиант, 2008. - 136 с. - (Профессиональное образование

Практикалық сабақ №5 Дайындық цехының ауданы, құрал – жабдығы, жұмысшылар санының есебі.

Жұмыстың мақсаты Дайындық цехының ауданы, құрал – жабдығы, жұмысшылар санының есебін үйрену

Әдістемелік нұсқау:

1. Тігін бұйымдарын өндіріске жіберуге дайындау әксперимент цехында басталып, пішу цехында аяқталады

1.1 . Дайындау- пішу өндірісіне мынадай процестер кіреді: маталарды қабылдап алу, сақтау және пішуге әзірлеу;төсемге керекті мата кесектерінің есебі, төсеу, матаны пішу және пішімді кешендеу

1.2. Тігін өндірісінде дайындау цехы мынадай жұмыстарды атқарады: материалдарды түсіру, байламын ашып, материлдармен маталарды сан жағынан кабылдап алу

1.3. Бөліктерді жаймаларға іріктегеннен кейін, бүйым және материалдық сан мөлшері туралы мәліметтер көрсетілген екі дана тізім жасайды

1.4. Осы кұжат негізінде жұмысшылар материалдык кажетті бөліктерін жинайды да пішу цехына жөнелтеді

Құрал-жабдықтар: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам

Тапсырма:

1. Дайындық цехының ауданы

2. Дайындық цехының есебі

Бақылау сұрақтары:

1.Дайындық жұмысының есебі қандай?

2.Дайындық цехында қандай жұмыстар жүргізіледі?

СӨЖ тапсырмасы:

1.Дайындық цехының есебі үшін қажетті алғашқы мәліметтер.

2.Дайындық цехында матаны өлшеу және сапасын анықтау жұмысы.

Әдебиеттер:

1. Апыхтин О.В., Афанасьев В.А. Оптимальное проектирование потоков в легкой промышленности. М.: Легпромбытиздат, 1989г.

2. Чечкин А.В., Гудим И.В., Мурыгин В.Е., Буданова Т.И. Проектирование технологических процессов изготовления швейных изделий. М.: Легпромбытиздат, 1988г.

Практикалық сабақ №6 Пішушілер жұмысының түрлері және оны ұйымдастыру.

Жұмыстың мақсаты: Пішушілер жұмысының түрлерін және оны ұйымдастыруды үйрену

Әдістемелік нұсқау:

1. Маталарды өң бетін- өң бетіне немесе өңін төмен қаратып төсеу қажеттігін ескереді

1.1. Дайындалған жаймаларды төсеу аймағына жеткізіп төсеуді іске асырады процесін қолмен немесе өлшеп- тілгіш машинамен орындайды

1.2. Киімнің бөлшектеріне материалдарды пішу тігін өндірісінің аса маңызды

1.3. Тігін материалдарын пішу екі кезеңнен тұрады: төсемді бөліктерге кию және ірі бөлшектерді жылжымалы пішу машинасымен ішінара пішу; борлау сызыктары бойынша металл таспамен жиектелген немесе сүйық шынымен онделген картон лекаломен стационарлы таспалы пішу

1.4. Жеке тапсырыс бойынша әзірлегенде пішуді бір бұйымға жүргізеді

1.5. Матаның үстіңгі қабатына бір-бірден симметриялық бөліктерді жайғастырады, ал жұп емес бөліктерді ортаңғы сызықтан бүкпеге қарата орналастырады

1.6. Матаны екі қабат етіп бүктеп пішу тәсілінің артықшылығы – пішінді бөліктерінде қисайған жерлердің болмайтындығы, пішуге кететін уақыттың азаятындығы және пішуге ыңғайлылығы болып табылады

2.Суретін үйлестіру қажет болатын, клеткалары симметриялы емес маталардан бұйым пішкен кезде, сондай-ақ жеңі тұтас пішілетін және симметриялы емес ірі бөліктері бар бұйымдарды әзірлеген кезде үлгілерді төмен қарата жазып жайылған маталарға салып пішеді

Құрал-жабдықтар: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам

.

Тапсырма:

1. Пішушілер жұмысының түрлері

2. Пішушілер жұмысын ұйымдастыру

Бақылау сұрақтары:

1. Пішу цехында қандай жұмыс орындалады?

2. Матаны пішуге қойылатын талаптар

СӨЖ тапсырмасы:

1. Өндірісте пішушілер жұмысын ұйымдастыру түрлері.

2.Дайындық – пішу цехында жұмысшылар орнын және құрал – жабдықты орналастыруға қойылатын талаптар.

Әдебиеттер:

1. Істемiров К. Тігін өндірісін оқыту әдістемесі : орта және кәсіби мектептерге арналған оқу құралы / К. Істемiров, И. Б. Васильев, Ќ. Жоламанова. - Алматы : ЖШС "КАЗПРОФТЕХ", 2007. - 131 сЭкземпляры: всего:50

2. Асанова А. Технология и проектирование национальной одежды : Учебник для организаций НПО и СПО; Рекомендован МОН РК / А. Асанова. - Астана : Фолиант, 2008. - 136 с. - (Профессиональное образование

Практикалық сабақ №7 . Пішу цехының ауданы, құрал – жабдығы, жұмысшылар санының есебі.

Жұмыстың мақсаты: Пішу цехының ауданы, құрал – жабдығы, жұмысшылар санының есебін жүргізуді үйрену

Әдістемелік нұсқау:

1. Пішу цехының ауданы студенттің қалауы бойынша таңдалып алады.

1.1.Пішу цехындағы жабдықтар тізімі жасалады, пішу столы, бағаналар және басға да жабдықтар таңдалады.

1.2. Өңдеу барысында апшитын жүн маталар пішуден бұрын ширатылуы тиіс. Матаны алдын ала апшытып алу мақсаты жүзеге шуытқыш апарат немесе үтік арқылы асырылады 1.3.97А класс машинасының қайық механизмі

1.4 .Үтікпен апшыту кезде матаны бүріккіш аспап арқылы екі жағынан сумен бүркеді немесе барынша булайды. Содан кейін оны қабаттайды немесе дөңгелете бүктейді де 8-12 сағат бойы табиғи қалыпта кептіреді

1.5. Үлгіаралық қалдықтарды азайту материал шығынын және оның әр бұйымдағы құнын азайтып, арзандатуға әсерін тигізеді, бұл өз кезегінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге әкеледі механизмі

2. Жайып пішу бір комплектілі немесе көп комплектілі болуы мүмкін

Құрал-жабдықтар: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам

Тапсырма:

1. Пішу цехының ауданы

2. Пішу цехының жұмысшыларының есебі

Бақылау сұрақтары:

1. Пішу цехының ауданы қалай анықталады?

2. Пішу цехының жұмысшылар есебі қалай жүргізіледі?

СӨЖ тапсырмасы:

1. Өндірісте пішушілер жұмысын ұйымдастыру.

2. Пішу цехының жұмысы, қолданылатын құрал – жабдық.

Әдебиеттер:

1. Апыхтин О.В., Афанасьев В.А. Оптимальное проектирование потоков в легкой промышленности. М.: Легпромбытиздат, 1989г.

2. Чечкин А.В., Гудим И.В., Мурыгин В.Е., Буданова Т.И. Проектирование технологических процессов изготовления швейных изделий. М.: Легпромбытиздат, 1988г.

Практикалық жұмыс №8 Қабылдау бөлімінің есебі. Жүмысшылардың атқаратын қызметі.

Жұмыстың мақсаты: Жұмысшылардың атқаратын қызметімен танысу. Қабылдау бөлімінің есебін жүргізуді үйрену

Әдістемелік нұсқау:

1.Киімдерді жеке тапсырыс бойынша әзірлеу кезінде дайындап-пішу өндірісі дегеніміз кәсіпорындардың халықтан қабылдаған тапсырыстарды орындауды жүзеге асыратын жұмыстар жиынтығы.

1.1.Конструкциялық- технологиялық дайындық өндірісінің негізгі сатылары мода бағытын таңдау, ол туралы жазба ұсыныстарды талдау және модельдер сызбасын жасау, базалық конструкция үлгілері және киімді әзірлеу мен технологиялық процестердің нормативтік-техникалық құжаттарын дайындау болып табылады.

1.2.Тапсырыс иесінен қабылданып алынған материалды пішуге әзірлеуді тапсырып құжаттарын толтыру кезінде жүзеге асыра бастайды.

1.3. Ателье жағдайында киімді орталақтандырып әзірлеген кезде пішушілердің едәуір тиімді еңбек формасы – еңбекті бөліп жұмыс істеу қолданылады

1.4. Киімді көктеп шығару кезінде дайныдап пішу өндірісі мынадай процестерден тұрады: материалдарды қабылдап алу, сақтау, материалды пішуге әзірлеу, пішу және пішіндіні жинақтау

2. Тапсырыс ателье материалынан орындалғанда қабылдаушы тапсырыс паспорты негізінде бумадан жұмсалу нормасына сәйкес қажетті мөлшерде материал кесіп алады да, оны есептей отырып квитанция жазады. Кейін есептесу кезінде тапсырыс иесі материалдың құнын толық төлейді

Құрал-жабдықтар: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам

Тапсырма:

1. Қабылдау бөлімінің жұмысы

2. Қабылдау бөлімінің есебі

Бақылау сұрақтары:

1 .Қабылдау бөлімінің жұмысы қандай?

2. Ательеде тапсырыс қалай қабылданады?

3. Тапсырыс қабылдағанда қағаз қалай толтырады?

СӨЖ тапсырмасы:

1. Жеке тапсырыс қабылдау кезінде өлшем белгілерді өлшеу.

2.Тапсырысты қабылдауды ақпараттық қамтамасыз етудің сипаттамасы.

Практикалық сабақ №9 Қабылдау бөлімінің ауданы, құрал – жабдығы, жұмысшылар санының есебі

Жұмыстың мақсаты: Қабылдау бөлімінің ауданы, құрал – жабдығы, жұмысшылар санының есебін жүргізуді үйрену

Әдістемелік нұсқау:

1.Киімдерді жеке тапсырыс бойынша әзірлеу кезінде дайындап-пішу

өндірісі дегеніміз кәсіпорындардың халықтан қабылдаған тапсырыстарды

орындауды жүзеге асыратын жұмыстар жиынтығы.

1.1.Конструкциялық- технологиялық дайындық өндірісінің негізгі

сатылары мода бағытын таңдау, ол туралы жазба ұсыныстарды

талдау және модельдер сызбасын жасау, базалық конструкция үлгілері

және киімді әзірлеу мен технологиялық процестердің

нормативтік-техникалық құжаттарын дайындау болып табылады

1.2. Тапсырыс иесінен қабылданып алынған материалды пішуге әзірлеуді тапсырып құжаттарын толтыру кезінде жүзеге асыра бастайды

2. Ателье жағдайында киімді орталақтандырып әзірлеген кезде пішушілердің едәуір тиімді еңбек формасы – еңбекті бөліп жұмыс істеу қолданылады

Құрал-жабдықтар: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам

Тапсырма:

1 Қабылдау бөлімінің ауданы

2. Қабылдау бөлімінің құрал-жабдығы

3.Жұмысшылар есебі

Бақылау сұрақтары:

1. Қабылдау бөлімі қандай қызмет атқарады?

2. Тапсырыс қалай қабылданады?

3. Жеке тапсырыспен жұмыс қалай жасалынады?

СӨЖ тапсырмасы:

1 Қабылдау бөлімінің есебі. Жүмысшылардың атқаратын қызметі.

2. Қабылдау бөлімінің ауданы, құрал – жабдығы, жұмысшылар санының есебі

3Дайындық цехының материалдарын қабылдау аймағын есептеу сипаттамасы

Практикалық сабақ №10 Тәжірибелік цехтың жұмысы

Жұмыстың мақсаты: Тәжірибелік цехтың жұмыстарымен танысу

Әдістемелік нұсқау:

1.Тәжірбиелік цехта орындаушылардың келесі топтары жұмыс істейді: модельдік-конструкторлық; өндіріс технологиясы мен ұйымдастыру; лекалдық;. мөлшерлеу

1.1. М о д е л ь д і к - к о н с т р у к т о р л ы қ т о п жаңа материалдарды пайдалану, сондай-ақ шала дайындамаларды дайындау мақсатында бұйымның моделі мен конетрукциясын жасайды

1.2. Өндіріс технологиясы мен ұйымдастыру тобы киімді дайындау технологиясын жетілдіру, буйымды өңдеудің жаңа, прогрессивті әдісін енгізу, жеке операцияларды механикаландыру жөніндегі жүмыстарды жүргізеді

1.3. Модельдердің дайындалған үлгілері негізінде эксперименттік цехтың технологтары өңдеу әдістерін, арнайы жабдықты қолдану, өңдеудің прогресті әдісі бойынша нұсқау карталарын жасайды.

1.4.Лекалдық топ сызбалары бойынша техникалық көбейтілетін барлық модельдер мен силуэттік негізге картоннан жасалатын жұмысшы лекалды дайындайды және көбейтеді

2. Мөлшерлеу тобы негізгі және көмекші материалдарды пайдаланудың рациональды әдістерін ендіреді

Құрал-жабдықтар: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам

Тапсырма:

1. Тәжірибелік цехтардың жұмысы

2. Тәжірибелік цехтардың қызметкерлерінің атқаратын міндеті

Бақылау сұрақтары:

1.Тәжірибелік цехтар қандай жұмыс атқарады?

2.Конструкторлық топ қандай жұмыс атқарады?

3.Технологтар қандай қызмет атқарады?

СӨЖ тапсырмасы:

1.Тәжірибелік цехтардың жұмыстарын анықтау.

2. Өндіріс бөлімдерін жоспарлау. Өндіріс бөлімдерінің өзара байланысы.

Практикалық сабақ №11. Өлшеп көруге арналған бұйымдарды сақтаудың әдістері

Жұмыстың мақсаты: Қойманың жобалануымен танысу

Әдістемелік нұсқау:

1. Өлшеп көруге арналған бұйымдар ілулі күйінде сақталады

1.1. Қойманың жайы және жабдық өрт қауiпсiздiгi талаптарды қанағаттандыруы керек

1.2.Қойма жақсы желдетілген,құрғақ болуы керек

1.3. Қоймада ауаның салыстырмалы ылғалдығы60%

2. Қоймада тасымалдауды қамтамасыз ететін механикаландырылған құралдарды қолдану қажет

Құрал-жабдықтар: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам

Тапсырма:

1. Жартылай дайын бұйымдарды сақтайтын орындар

2. Қоймаларда пайдаланылатын жабдықтар

Бақылау сұрақтар:

1. Өлшеп көруге арналған бұйымдар қалай сақталады?

2. Қоймаларда қандай жабдықтар қолданылады?

СӨЖ тапсырмасы:

1. Матаны уақытша сақтау аймағына орналастыру.

2. Қойманың есебі.

Құрал-жабдықтар: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам

Тапсырма:

1. Тәжірибелік цехтың атқаратын қызметі

2. Мөлшерлеу тобының жұмысы

Бақылау сұрақтары:

1. Конструкторлық топ қандай жұмыс атқарады?

2.Мөлшерлеу тобы қандай жұмыс атқарады?

3.Лекалдық топ қандай жұмыс атқарады?

СӨЖ тапсырмасы:

1.Дайын және жартылай дайын бұйымдарды сақтау қоймасының есебі.

2.Бұйымды сақтауға арналған жабдықтар сипаттамасы

Практикалық сабақ №12 Қойманың есебі.

Жұмыстың мақсаты: Қойманың есебін жүргізуді үйрену

Әдістемелік нұсқау:

1. Тiгiн кәсiпорынында дайын өнiмдер қоймасы сауда торабына олардың жiберілуiнің алдында бұйымдарын уақытша сақталуы үшiн арналған.

1.1. Негiзгi тiгiн өндiрiсiнiң технологиялық үдерiстердi әбден жетiлдiруiн өлшем бойымен, сонымен бiрге ар жағында. жоғары өнiмдi жабдық еңбек өнiмдiлiгi пайдаланудың есебi бұйымдарды жасауда үздiксiз өседi

1.2 . Еңбектiң шығыны меншiктi салмақ сонымен бiрге көлiкке және тiгiн кәсiпорынын өнiмнiң жасауына еңбектiң шығыны көлем әйтеуiр қойма операциялар үздiксiз өседi

1.3. Сонымен бiрге қоймадағы механизациялау құралдарды қолдану - ауданды пайдалануға тиiмдiрек

1.4. Қойманың жайы және жабдық өрт қауiпсiздiгi талаптарды қанағаттандыруы керек.

1.5. Қойма жайлар жасанды жарықтандыру үшiн люминесценттiк шамдарды қолданылылады, және де минималды ықтимал жарықталғандық (орташа 150 люкске) салалық нормалармен мөлшерлейдi

Құрал-жабдықтар: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам

Тапсырма:

1.Қойманың есебі

2. Қойманың жабдықталуына қойылатын талаптар

Бақылау сұрақтары:

1. Қойма қалай жабдықталады?

2.Қоймаға қандай талаптар қойылады?

3. Қоймадағы өрт қауіпсіздік ережелері қандай?

СӨЖ тапсырмасы:

1. Дайындық цехында әртүрлі маталарды сақтауға арналған қондырғылар және сақтау түріне сипаттама

2. Матаны уақытша сақтау аймағын орналастыру.

Практикалық сабақ № 13 Көмекші цехтардың жұмыстарын анықтау

Жұмыстың мақсаты: Көмекші цехтардың жұмыстарымен танысу

Әдістемелік нұсқау:

1. Тігін өндірісінде негізгі цехтардан басқа көмекші және қызмет көрсететін цехтар болады

1.1.Көлік шаруашалығының негізгі міндетіне материалдарды,фурнитураларды және тігін өндірісіне қажетті басқа да заттарды тасымалдау болып табылады

1.2. Тігін өндірісінде энергетикалық шаруашылық электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ететін қондырғылар мен жабдықтардан тұрады.(трансформаторлар,қазадықтар,компрессорлы қондырғылар,цехты элетр жүйелеріжәне т.б.)

1.3.Жабдықтарды жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттері:жабдықтарды қадағалау,жұмысшы күйін қамтамасыз ету,жөндеуді уақытылы және сапалы жүргізу,жөндеу шығынын азайту.Бұл мәселені шешу үшін жабдықтарды жөндеудің прогрессивті жүйесін жасау керек.Бұл жүйені жоспарлы-ескету жөндеуі деп атайды(ЖЕЖ)

1.4. Технологиялық құрал-жабдықтарды жоспарлы-ескерту жүйесі –бұл ұйымдастыру және техникалық іс-шаралардың жиынтығы,мұнда барлық жөндеу түрін ретімен және мерзімді жүргізуді қарастырады

Құрал-жабдықтар: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам

Тапсырма:

1. Көмекші цехтардың жұмысы

2. Қызмет көрсететін цехтардың жұмысы

Бақылау сұрақтары:

1.Көмекші цехтар қандай жұмыс атқарады?

2.Қызмет көрсететін цехтар қандай жұмыс атқарады?

3.Жабдықтар қалай жөндеуден өтеді?

СӨЖ тапсырмасы:

1. Көмекші цехтардың жұмыстарын анықтау.

2. Өндіріс бөлімдерін жоспарлау. Өндіріс бөлімдерінің өзара байланысы.

Практикалық сабақ №14 Жұмыс уақыты шығынын анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Тігін өндірісінде жұмсалатын уақыт шығынын анықтауды үйрену

Әдістемелік нұсқау:

1. Операцияны орындауға кеткен уақытты мөлшерлеу үшін еңбекті нормалаудың тәжірибелік-статистикалық немесе аналитикалық талдау әдісін қолданады

1.2. Еңбекті мөлшерлеудің аналитикалық әдісінде уақыт мөлшерін жұмыс орнының өндірістік мүмкіндіктерін талдау, тәртіпті және жұмыс кезегін жобалау, жұмыс уақытының шығындарын анықтау арқылы бекітеді.

1.3. Еңбекті аналитикалық мөлшерлеудің екі түрі бар: аналитикалық-зерттеу және аналитикалық-есептеу

1.4. Еңбекті мөлшерлеудің аналитикалық зерттеу кезінде амалға кеткен жұмыс уақытың шығыны тікелей бақылаумен анықталады, яғни хронометраж немесе жұмыс уақытының суреті көмегімен.

1.5. Еңбек мөлшерлеудің аналитикалық-есепті әдісінде амалға кеткен жұмыс уақытының шығынын формулалар бойынша есептеулер мен қатысты уақыт нормативтері көмегімен анықтайды, олар аналитикалық-зерттеу әдісінің көмегімен алынған берілгендер негізінде жасалады.

1.6. Өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық шарттарының жақсаруымен және жұмыскерлердің біліктілігің жоғарылауы бойынша еңбек өнімділігі де жоғарылайды, осыдан, уақыттың технологиялық мөлшерлері мен өңдеу мөлшерлері де өзгеріп отырады.

Құрал-жабдықтар: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам

Тапсырма:

1. Уақытты мөлшерлеу

2. Еңбек мөлшерлеудің аналитикалық есебі

Бақылау сұрақтары:

1. Мөлшерлеудің қандай түрлері бар?

2. Аналитикалық есебі қалай жүргізіледі?

3.Уақытты қалай мөлшерлейді?

СӨЖ тапсырмасы:

1.Матаның тәуліктік шығынын анықтау. Дайындық цехының есебі.

2.Қызмет түріне және киім түріне байланысты бұйымды тәуліктік шығаруды анықтау.

Практикалық сабақ №15 Өндіріс бөлімдерін жоспарлау. Өндіріс бөлімдерінің өзара байланысы.

Жұмыстың мақсаты: Өндіріс бөлімдерінің өзара байланысымен танысу.

Өндіріс бөлімдерін жоспарлауды үйрену

Әдістемелік нұсқау:

1. Кәсіпорындар өзінің өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін керекті еңбек құралдарды және материалдық жағдайларды қамтамасыз ету керек

1.1. Еңбек үрдісінде негізгі құралдар өте жоғары орын алады, өзінің жиынтығында олар өндірістік-техникалық базасын құрастырады және кәсіпорынның өндірістік күш-қуатты анықтайды

1.2. Ұзақ уақыт бойы пайдалану барысында негізгі құралдар кәсіпорынға келіп және пайдалануға жіберіледі; тозады; жөндеуге ұшырау арқылы физикалық қасиеттері қалпына келеді; кәсіпорынның ішінде ауысады; ескіріп қалғанына байланысты немесе әрі қарай пайдалануды тиімдету үшін кәсіпорыннан шығарылып алынады.

1.3. Үздіксіз ғылыми-техникалық прогрес негізінде еңбек құралдарын сандық көлемін көбейту және сапалық жақсарту – бұл еңбек өнімділіктің ұдайы өсуінің шешуші алғы шарты

1.4. Жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардың негізгі құралдарды пайдалану интенсивті жолы — жұмыс жасап жатқан зауыдтар мен фабрикаларды, әсіресе негізгі құралдардың жоғары тозуы тән кәсіпорындар үшін жедел техникалық қайта жабдықтау маңызды болып табылады

1.5. Негізгі қорларды анағұрлым толық пайдалану өнім өндірісінің көлемінің өзгеруі барысында жаңа өндірістік күш-құатты іске қосу қажеттілік азаяды

2.Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін көтеретін техникалық, ұйымдастырушылық және экономикалық факторлары бойынша кәсіпорындардың ұдайы жұмысы табысты өндірістік-шаруашылық қызметтің, қаржылық жағдайдың тұрақтылығының, дамып жатқан нарықтық қатынастар жағдайында бәсекелік қабілеттілігінің өсірудің кепілі болады.

Құрал-жабдықтар: өндірістің жоспары,конспект,сызғыш,калам

Тапсырма:

1.Өндіріс бөлімдерін жобалау

2. Өндіріс бөлімдерінің өзара байланысы

Бақылау сұрақтары:

1. Негізгі қорларды дұрыс қалай пайдаланады?

2. Өндіріс бөлімдері қалай жобаланады?

СӨЖ тапсырмасы:

1. Бұйымды сақтауға арналған жабдықтар сипаттамасы.

2. Өндіріс бөлімдерінің өзара байланысы.

. 1. Раяцкас В.П., Нестеров В.II. Технология изделий из кожи ч.2. --М.: Лег промбытиздат. 1988 - 320 с 2.Фукин В.А.. Калита А.И. Технология изделий из кожи ч.І. М: Легпромбытиздат., 1988 г. 272 с. 3.Технология швейных изделий Под редакцией А.В. Савостицкого 2-е изделие, перераб. и доп. - М.: Легкая и пищевая промышленность. 1982,440 с. 4.Калита А.Н., Анохин Д. И. И др. Проектирование обувных предприятий - М.: Легкая индустрия, 1980 г. 5.Фомина Т.Т., и др. Учебное пособие по проектированию технологического процесса изготовление обуви. М.: МГАДП, 1995 Г. 6.Альтзицер В.С, Красовский В.Н., Меерсон В.Д., Производство обуви из полимерных материалов - !.: Химия, 1987 г. 7.Стамбеков Е.Е., Ғ.ртаев К.Е., Джанахметов О.К. 7.Совершенствование организации производственных потоков по изготовлению товаров народного потребления - Тараз.: Тараз университеті, 2003 ж. 8. Технология производства обуви, часть 1-7 М: ЦНИИТЭИ легпром. 1978 г. 9.Джанахметов ОК., Мунасипов СЕ. Методические указания по КГ1 и ДП. Проектирование сборочных цехов. ТарМУ, 2003 г. 10.Труханова А.Т. Основы технологии швейного производства : Учебник для НПО; Рекомендовано Экспертным советом по проф. образ. МО РФ / А. Т. Труханова. - 5-е изд., стер. - М. : Высшая школа, 2002. - 336 с. : ил. 11.Сатыбалдинова Б. Тігін өндірісінің технологиясы : ҚР Білім және ғылым мин. кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына ұсынылған оқулық Б. Сатыбалдинова, М. Сәлімбаева. - Астана : Фолиант баспасы, 2008. - 224 с. - (Кәсіптік білім ) 12. Асанова А. Киімді конструкциялау және тігу технологиясы : ЌР Білім және ғылым мин. кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына ұсынылған оқулық А. Асанова, Г. Тастанбекова. - Астана : Фолиант баспасы, 2008. - 232 с. - (Кәсіптік білім ) 13. Дашкевич Л.М. Швея,портной верхней мужской одежды : Учебное пособие / Дашкевич Л.М. - Ростов н/Д. : "Феникс", 2002. - 384 с. - (Серия"Учебники 21-века") 14. Дарменова Р.А. Тігін бұйымдарының технологиясы : оқулық Р. А. Дарменова. - Алматы : Print-S, 2005. - 98 с 15. Апыхтин О.В., Афанасьев В.А. Оптимальное проектирование потоков в легкой промышленности. М.: Легпромбытиздат, 1989г. 16. Чечкин А.В., Гудим И.В., Мурыгин В.Е., Буданова Т.И. Проектирование технологических процессов изготовления швейных изделий. М.: Легпромбытиздат, 1988г. Қосымша әдебиеттер 1. Істемiров К. Тігін өндірісін оқыту әдістемесі : орта және кәсіби мектептерге арналған оқу құралы / К. Істемiров, И. Б. Васильев, Ќ. Жоламанова. - Алматы : ЖШС "КАЗПРОФТЕХ", 2007. - 131 сЭкземпляры: всего:50 2. Асанова А. Технология и проектирование национальной одежды : Учебник для организаций НПО и СПО; Рекомендован МОН РК / А. Асанова. - Астана : Фолиант, 2008. - 136 с. - (Профессиональное образование

Негізгі әдебиеттер:

Мирзамуратова Р.Ш.

«Тігін өндірісінің процесстерін жобалау» пәні бойыша практикалық сабақты орындау үшін оқыту бағдарламасы.

Басуға қол қойылды «___»____2013ж. Офистік басылым.

Объем_____ п.л. Көлемі _____ б.т. Тапсырыс № ______ Қағаз пішімі60-84 1/16

_________________________________________________________________

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті баспа орталығы, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы №5.

Наши рекомендации