Азақстандағы ауыл шаруашылық техникаларының түрлерімен таныстыру

Қазақстандағы ауыл шаруашылық техника паркінің 60%-ы КСРО кезінде жасалынып шығарылған,мысалға астық өңдеу комбайндарды атап айтсақ олар:

1.СКД -5 «Сибиряк» (доңғалақты қос барабанды,дәңді дақылдарға арналған) және СКД-5Р «Сибиряк» (шыңжыр табанды,курішке және дәңді дақылдарға арналған ,қос барабанды –штифті және соққылауыш) комбайндарының өңімділігі-5-5,5 кг/с.Бұл комбайндар 1969 жылдан бері шығарылады.

2.«Нива» комбайндары төмендегі унификацияланған машиналар тобын құрайд:СК-5 тобының негізгі модельі (доңғалақты астық орауға арналған,сыңар барабанды):СК-5-11 (доңғалақты дәнді дақылдарға арналған ,қос барабанды);СКГ-5(шыңжыр барабанды,қос барабанды,күріш және дәнді дақылдарға арналған,ауыстырмалы жартылай шыңжыр табаны бар );СКК-5 (беткейлік,20° көлбеу беткейлерден астық жинауға арналған).Бұл топтағы комбайндардын өнімділігі 5-6 кг/с 1973 жылдан бері өңдірісте.

3.«Колос» комбайндары төмендегідей машиналары тобын құрайды (өз ара және «Нива» комбайндармен унификацияланған );СК-6-11 негізгі моделі (доңғалақты қос барабанды,дәңді дақылдарға арналған); СК-6(доңғалақты астық орауға арналған,сыңар барабанды);НК-6(сыңар барабанды ,өздігінен жүретін СШ-160 шассиге орнатылады).«Колос» комбайндардың өнімділігі 6-8 кг/сек.1971 жылдан бері өңдірісте.

5.Жаткалар.Комбайн жаткаларының (хедерлерінің) бәрі бір түрде жасалынған.Жаткалардың бір бірінен тек алым енінде(3,2;4.1;5;6 және 7м) ғана.

Дестелеуіш жаткалар хедерлерге қарағанда өз алдына жеке машина болып табылады және алым еңі мен конструкциясы жөнінен бір-бірінен айырмашылықтары бар.

Ауыл шаруашылығында ЖВН-6,ЖВН-10,ЖВН-6-12,ЖНС-6-12,ЖВ-15,ЖШН-6,ЖБА-3,5А,ЖНУ-4,ЖНТ-2,1 аспалы дестеуіліш жаткалары пайданылады.Алғашқы жетеуі комбайндарға немесе өздігінен жүретін шассилерге ,ал басқалары тракторға асылып орнатылады.Соңымен қатар тракторға тіркелетін ЖРБ-4,9 және ЖРС-4,9 жаткалар пайдаланылады.

6.Жинауыштар.Жинауыштардын екі түрі пайдалынады;барабанды(СК-3У және 54-102)және ППТ-3 немесе ППТ-2,4Б кенепті-транспортерлі жинауыштар.Барабанды жинауышты заказ арқылы алады.

Машина және оның түрлері. Адамдар өз істеріне машинаның өте көп түрлерін қолданады. Механиқалық қозғалысқа келтіру арқылы энергияны, материалдарды немесе акпараттарды өзгеретін құрылғы машина жатады.

Машина жұмыстық және энергиялық болып екіге бөлінеді. Жұмыстық машина мынадай топқа (түрге) бөлінеді:

1. технологиялық;

2. транспорттық;

3. транспорттаушы;

4. есептегіш және ақпарат.

Технологиялық машина – жұмыс атқару арқылы материалдың пішінің, өлшемдерін өзгертеді. Мысалы, тесетін станок арқылы ағашты тесіп, алғашқы пішіні өзгеріп, тесігі бар пішін пайда болады.

Транспорттық машиналар – жүк немесе адам тасиды және өздері бір орыннан екінші орынға қозғалады. Мысалы, автомобильдер, теплоходтар, ұшақтар, экскаваторлар және т.б.

Транспорттаушы машиналар – олар өздері қозғалмайды (мысалы, транспортерлер, конвейрлер, экскаваторлар т.б.), ал жүк олардың жұмыс органдары арқылы бір орыннан екінші орынға жеткізіледі. Жұмыстық бөлігіне мысалы, лента, шынжырлы цеп, трос, каната т.с.с. жатады.

Есептегіш немесе ақпарат алатын машиналар – клавиштерді асу арқылы нақты мәліметттер алады.[4]

Энергетиқалық машиналар – (машина-двигательдер) мынадай жұмыстар атқарады. Бір энергияның түрін басқа энергияның түріне айналдырады. Оған жататындар:

1) Электр двигательдері қозғалтқыштар;

2) Бу турбиналары;

3) Іштен жану (двигательдері) қозғалтқыштар;

4) Реактивті (двигательдер) қозғалтқыштар.

Технологиялық машиналарды өндіріс және ауыл шаруашылық салалары бойыншажіктеп оқып білуге болады.

1) Шеберханаларда әр түрлі станоктарды.

2) Жол жөндеуде жол жөндейтін машиналарды (экскаватор, гредер, бульдозер).

3) Ауыл шаруашылыгында технологиялық өсімдік өсіруге арналған ауыл шаруашылық машиналары мен құралдары.

Ауыл шаруашылық машиналары мен құралдары.

Ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдары әр түрлі детальдардан және қосылған бөлшектерден тұрады (қосылыстардан).

Деталь дегеніміз - бір-бірімен бір ғана материалдан жасалған бөлек қосылысы жоқ жеке зат.

Қосылыстар дегеніміз - бір-бірімен қосылысқан детальдар. Қосылыстарда детальдар бір-біріне қарағанда қозғалмалы болса, оны қозғалмалы қосылыстар деп атаймыз. (Мысалы, тырманың тістері). Қозғалмайтын қосылыстар екіге бөлінеді:

а) ажырайтын қосылыстар (бұрандалы, шпонды, шилицалы, және штифті);

б) ажырамайтын қосылыстар (шегелеу, пісіру, желімдеу).

Ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдарының қосылыстары мен детальдары жұмыстық органы және қызмет атқаратын бөлігі екіге бөлінеді. Жұмыстық органдары арқылы ауыл шаруашылық машиналары мен құралдары пайдалы жұмыс атқарады. (Мысалы, топырақ өндейді, тынайтқыш шашады, тұқым себеді, өсімдікке күтім жасайды). Ауыл шаруашылық машиналарының қызмет бөлігіне:

2қанқасы (рамасы) – барлық жұмыс органдары бекітіледі;

3беріліс механизмы (білік, шестерня, цепь, ременді беріліс т.с.с.) қозғалтқыштан қозғалысты жұмыстық органдарын береді.

4ретке келтіретін механизм (мысалы, айдау терендігі);

5қосымша бөліктер (мысалы, кабина, тіркеме құрылғысы);

Егер жұмыстық органдарға қозғалыс берілмесе, онда ондай қосылыстар ауыл шаруашылығы құралдарына жатады.

Ауыл шаруашылығы машиналарының мынадай түрлері бар:

а) өздігінен жүретін (астық, мал азығын жинайтын комбайндар);

ә) тіркемелі машиналар (астық сеялкасы, шапқыштар);

б) бір орында жұмыс атқаратын машиналар (бастырғыштар, астық тазалайтын және сорттайтын машиналар).

Мал азығындық шөбі мол ойлы-қырлы, жаңбыр көп жауатын жерлерде, орманды-шалғынды аймақта бір білеулі (КС-2,1; КСП-2Д; КФН-2,1), екі білеулі және үш білеуліі (КТН-6) шөп шапқьпптар пайдаланылады. Олар пайдалану мақсатына қарай шөпті шабатын (КП-2,1), тырмалайтын (КП-6) және дестелейтін (КПН-2) машиналар больп бөлінеді.

Қазір жоғары жылдамдыкпен жұмыс істейтін шөп шапқьшггарды жасаудын жолдары қарастьрылуда (КС-2,1). Шөп шапқыш кескіш аппараттан, бұлғактан, тартқыш қарнактан, рамадан, кескіп аппаратты көтеру механизмі мен жетектегіштен тұрады. Кескіп аппараттың құрамына (2-сурет) саусақ білеу (7) мен пышақ (.11) жатады. Ал пышақтар, сегменттерді жоғары сапалы болаттан дайын-дайды. Пышақтын сегменттері сұрыпталган болаттан жасалған қырғышка жалғаскан.

Оған бұлғақты пышакты толыктыратын қалақша да бекітіледі. Кескіш болат жүзді саусақ білеулері бұрап, кіргізіліп, жұмыс кезінде ішкі және сыртқы башмактарға тіреліп тұрады.

2- сурет. КС-2,1 шөп шапқышының аппараты:

1—ішкі башмак; 2—саусак; 3—сыртқы башмак; 4—тіреуіш сырғыма; 5—қайырма тақта; 6—таяқша; 7—саусақ білеуі; 8—үйкеліс тілімшесі; 9—сегмент; 10—қысқыш табан; 11—пышақ қалпақшасы; 12—қарсы кесу тілімшесі 13—пышақ қыры

Саусақтарға қарама-қарсы кесетін тілімше (12) бекітілген. Ал тілімшенің шетінде кесу кезінде шоптің сусып, шығып кетуін болдырмайтын кертік бар. Сегменттер қарама-қарсы кесу тілімшесіне жабысып тұруы үшін саусақ білеуне бастырма табақша орнатылған. Олар жұмыс кезінде пышақтың көтеріліп кетуін юолдырмайды. Әр бастырма табанша астына үйкеліс тілімшілері бар. Көк балаусаның әсерінен пышақ артқа қарай жилжиды да, қырыменоның кері қозғалуын шектеп тұратын осы тілімшелерге келіп тіреледі. 3-суретте КДП-4,0 жартылай аспалы қос білеулі шөп шапқыш толық көрсетілген. Ол шабылған шөпті аударыстырып, тырмауыштар арқылы дестеге салады. Ол тырмауыштар дискілі көлденең және бүйір тырмауыштар болып бөлінеді.

3-сурет. КПД-4,0 жартылай аспалы қос білеулі шөп шапқышы

ГП-14 көлденең тырмауышы 4-суретте көрсетілген. Ол далалық және қуаң далалық аймақтарда шөпті тырмалауға арналған. Тырмауыш рамадан (4), жүріс бөлігінен, тырмалау аппаратынан, көтеру, түсіру механизмдері бар автоматтардан тұрады.

4-сурет. ГП-14 көлденең тырмауыштың сұлбасы:

1,9 – қосиінді білікшелер; 2,8 – бүйір секциялары; 3,7- айқаратопса біліктері; 4 – негізгі рама; 5 – тартқыштар; 6 – тіркеу қондырғысы

Тырмауыштың ортаңғы бөлігінде оны тракторға қосатын тіркеу қондырғысы (6) орнатылған.

5-сурет. ПК-1,6 А жинағыш-шөмелегіш:

1-сырғыма; 2- аспаптар жәшігі; 3-рама; 4-тірек доңғалағы; 5-айнымалы түп; 6-нығыздаушы жанышпабілектер құндағы; 7-жылжымалы кенере; 8-тартқыш; 9-сигнал тізгіншесі; 10-шөмелелер – шолу сигналы; 11-толтырғыш-қалқан, 12-тасымалдауыш саусақтары; 13-тасымалдауыш шынжыры; 14-қысқыш жолағы; 15-көтері серіппесі; 16-тасымалдауыш шынжыр; 17-жинауыш; 18-бас бәсеңдеткіш; 19-гидрошлангілнр; 20-штепселді айыр.

Тырмауыш аппаратын көтеру, сонымен бірге оны тасымал қалпына келтіру орталық бөліктің доңғалақтарымен жалғастырған екі атомат арқылы жүзеге асырылады. Ұялы дискілі типті автоматтар құрылысы жағынан астық секцияларының атоматтарына ұқсас. Автоматтар иінтерек арқылы қосылады. Ол тартқыш (5) арн,айы қосу механизмімен жалғасқан. Ол Т-40-М, Т-25АГ тракторларына агрегатталады.

6-сурет. КУН-10 аспалы әмбебап шөмеле тасығыш:

1- платформа; 2-гидроцилиндр; 3-көтеру рамасы; 4-тіркеме; 5-кронштейні бар түтік; 6- түсіргіш құрылғы

Тырмаланған дестені ылғлдылығы 25-30%-ға жеткенде ПК-1,6 шөмелегішпен (5-сурет) жинайды. Ылғалды шөпті УВС-10, УДС-300 арнайы құрылғыларымен кептіреді. Пішенді маялайтын жерге ВНШ-3 ықтырмасымен, КУН-10 шүөмеле тасығышпен (6-суретті қарандар) немесе трактор тіркемесімен жинайды. Тиеу, түсіру, жұмыстары үшін ПФ-0,5 қондырғысы қолдалынады. Осы қондырғылар көмегімен жиналған шөмелелер мен маялар әр түрлі көлікке тиеліп, керекті жеріне тасылады.

Астық өндірісіндегі технологиялық үрдістерге жиналған астықты өндеу, дәнді тазалау мен сорттау, кептіру, сақтау, тиеу-түсіру және тасымалдау жұмыстары жатады.

Жиналған астық құрамында негізгі дәндерден бөлек арамшөп тұқымдары, дәнсіз масақтар, сабан үзінділері, топан, басқа да мәдени өсімдіктердің тұқымдары және жармаланған дәндер болды. Бұл қоспалар тұқымдық материалдардың да, азық-түліктік астықтын да сапасын нашарлатады. Оны сақтауды қиындатады. Көп жағдайда арамшөп тұқымы сабақтары мен бастарының ылғалдылығы мәдени өсімдіктердің дәнімен салыстырғанда 30-35% жоғары болады. Тұқымдық мтериалдарды дер кезінде толық тазаламау оның ылғалдылығының артуына, өзінен-өзі қызуына, көгеруіне, дымқылдануына ықпал етеді. Дәннің тұқымдық және тауарлық қасиеттерін нашарлатады.

Сондықтан жиналған астықты пайдалану мақсатына қарай (тұқымдыққа, ұн тартуға, жарма түюге) белгілі бір сорттарға бөлу керек. Неғұрлым ірі, салмақты, таза тұқым өте жоғары әрі тұрақты өнім береді. Одан өніп шыққан өсімдік өркені ауа райы мен топырақ жағдайына, түрлі ауруларға төзімді келеді.

Комбаймен жиналған дәнді тазарту үшін ЗАВ-20А, АЗС-30М, ЗАВ-40 агрегатттары, дән тазартып, кептіретін КЗС-10Ш, КЗС-20Б, КЗС-40 кешендері қолданылады.

Комбайдардан келіп түскен қырмандағы астық үймесін өздігінен қозғалатын ОВП-20 үйме тазалауышпен тазартады. Оның жұмыс өнімділігі – 20т\сағ.

Тұқым ретінде себуге және азық-түлік үшін қалдырылған астықты екінші рет тазалауға өздігінен қозғалатын СМ-4 тазалауыш машинасы пайдаланады, өнімділігі – 4 т\сағ.

Майлы дәқылдарын, дәнді бұршақтардың және басқа да техникалық дәқылдардың тұқымын ОВА-1,0 әмбебап тұқым тазалауышының, СМШ-0,4 магнитті тұқым тазалауышының ПСС-2,5 пнематикалық дән сорттауыш үстелінде тазартып, сорттайды

Дәнді тасымал құралымен тиейді, оны қырманда ауыстырады. ЗПС-100 және ЗМ-60 дән тиеуіштерімен астықты үйеді. Олардың өнімділігі – 100\тсағ және 60 т\сағ.

Астық кептіру үшін астық кептіргіштердің үш түрі: шахталы – СЗШ-8,0; СЗШ-16Р және атанақты (бараьанды) тұрақты – СЗСБ-4,0; СЗСБ-8,0; жылжымалы СЗПБ-2,5 кептіргіштері жасап шығарылды. Кептіргіштер маркаларындағы цифрлар астықтың, бидайдың дымқылдағын 20 %-дан 14 %-ға дейін төмендетіп кептіру кзіндегі 1 сағ таза жұмытың өнімділігін білдірді.[8]

Дән тазалауыш машиналар. Дән тазалауыш машиналар үш түрге бөлінеді: дәнді азық-түлік алу үшін өндеуден өткізетін машиналар, тұқымдық материал алуға арналған машиналар, әр түрлі қоспалардан тазартатын машиналар.

Жылжымалы ОВП-20А- астық тазалауыш. Дәе үймесін комбайннан немесе дән басатын машинадан кейін тазалауға арналған ірі астық шаруашылықтарында, ашық қырмандарында қолдаланады.

Тазалауыштың негізгі жұмыс бөлшектері – дән құйылатын конвейер, ауа кіретін бөлігі бар дән қабылдайтын камера, екі елек орнағы, дән төгілетін конвейер және қозғалыс механизмі. Машина үйілген астықты қозғағанда Т әрпі тәрізді дән құйылатын қырғылы конвейер астықты іліп алып, она қабылдау камерасы бөлігіне береді. Қабылдау камерасынан шығарда астық тең екіге бөлініп, ауа камераларына келіп түседі. Мұнда ауа тасқыны жеңіл қоспаларды дәннен бөледі. Содаң соң астықтың екі бөлігі жекеленген қаптар арқылы қосарланып жұмыс істеп тұрған елек орнақтарына жылжиды. Елек орақтарынан өткеннен кейін астық қайта бір тасқынға бірігіп, дән түсіретін конвейермен машинаға немесе қырман алаңына құйылады. Қалдықтар ауа каналдары арқылы тысқары жерге шығарып тасталады.

Өздігінен жүретін тұқым тазалауыш СМ-4 машинасы бидай, қарабидай, арпа, сұлы, жүгері және басқа дақыл тұқымдарын тазалап, сорттауға арналған. Машинаның жұмыс өнімділігі – 4,5 т\сағ, тасымал жылдамдығы – 435 м\сағ, жұмыс тетіктері мен өздігінен жүретін механизмінің жетегі жалпы қуаты 4,6 кВт екі электр қозғалтқышымен жұмыс істейді. Тұқымдық бидайды тазалап, сорттау кезінде 1 сағатта 4 т өнім шығарады.

7-сурет. Астық тазартатын ОВП-20 маркалы машина: а-жалпы көрінісі; б-технологиялық үрдіс; 1- астық тиейтін тасымалдағыш; 2-қабылдау камерасы; 3 және 4 – ауа каналдары; 5- желдеткіш; 6-жоғарғы електер орнығы (Б1, Б2 ,В және Г електер); 7- төменгі електер орнығы (Б1, Б2, В және Г); 8-тазартылған астықты түсіретін тасымалдағыш

8-сурет. ОВП-20 астық тазалаушы жұмысының технологиялық

сұлбасы: Б12,В,Г-електер

Астық тиеуіштер. Өздігінен жүретін ЗМ-60 дән ұшырғышы астық қоймалары мен ашық қырмандарда дән тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруға, дәнді бір орыннан екінші орынға аударыстыруға, жеңіл қоспалардан бөліп, сүзуге және астық үймелерінен көмбелер жасауғка арналған. 1 сағаттағы таза жұмыс өнімділігі – 52,3 т.

Өздігінен жүретін ЗПС-100 дән тиеуіші дәнді 3 м 60 см қашықтыққа ұшыру жұмыстары кезінде қолданылады. Ол дәннің арасындағы жеңіл қоспаларды ғана сүзіп ала алмайды. Жұмыс өнімділігі – 100 т\сағ. Астықты тиеу биіктігі – 2,8 м. Электр қозғалтқышының қуаты – 10,5 кВт.

Астық кептіргіштер. Астықты ұзақ мерзімге сақтаудың негізгі шарты – оның ылғалдылығын бірқалыпты ұстау. Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, тары, жүгері үшін ылғалдылық 14-15 %-дан аспауы керек. Астықты орған кезде оның дымқылдығы 20-22 %-дан 30 %-ғка дейін барады.

9-сурет. Өздігінен жүретін ЗМ-60 дән ұшырғышы: 1-жүріс бөлігі бар рама;

2-қарсы жетек; 3-триммер; 4-қақпағы барбағыттауыш құндақ;

5-тиегіш тасымалдағыш

Жанадан жинап алынған астықтың ылғалдылығы 18 % -дан аспаса, оны табиғи әдіспен – күннің көзінде немесе ауамен желпіп кептіруге болады. Ылғалдылығы одан жоғары астық ауа мен ыстық газ араласқан қоспамен жылытылған дән кептіргіштерде жасанды жолмен кептіріледі.

Күннің көзіне кептіргенде де, ауамен кептіргенде астықты қалындығын 10-15 см-ден асырмай теп-тегіс етіп жайып, әлсін-әлсін аудастырып отрады. Бұл үшін дән тиеуіштер мен дән пульттерін пайдаланады. Күннің көзіне кептіргенде астық ылғалдығы 2-3%-ға, ал ауамен, желмен кептіргенде 1 %-ға төмендеуі мүмкін. Дәнтиегіш арқылы бір рет өткізгенде де ылғалдылық 0,5 %-ға төмендейді.

Қазіргі дән кептіргіштерден бір рет өткенде астық ылғалдылығы 12-14 %-ға төмендейді. Ауа мен ыстық газ қоспасымен дәнді кептірген кезде температураны шекті мөлшерден асырмау керек. Асып кетсе, дәннің сапасы төмендейді, тұқымдық дәннің шығымдылығы нашарлайды.

Кептіру кезінде дәнді қақпағындка сынап термометрі бар, сыйымдылығы 75-100 г арнаулы ағаш жәшикте сұрыптап алу арқылы текчереді. Атанақты тұраұты СЗСБ-8 дән кептіргіш түрлі дақылдардың дәннің кептіруге арналған. Ластанған астықты да кептіруге болады. Ол үшін дәнді алдын ала тазартып алудың кажеті жоқ. Электр қозғалтқышының қуаты – 30,4 кВт.

Кептіргіш жұмыс істеп тұрғанда салқындату бағанашысының дәннің кебу деңгейін реттеп тұратын қақпағының жұмысы атоматты түрде басқарылады. Сондай-ақ оттықты жағуды және от жалынып бақылауды автоматандыру көзделген. Кептіргіштің сұйық отын шығыны – 65 кг\сағ. Дақылдардың ылғалдылығы атанақты дән кептіргітермен қатар көрсетілген шахталы кептіргіштерде 12-14 %-ға төмендетіледі.

Ауыл шаруашылық дақылдарды өндіру үшін қажетті техниканы жасау мен бағалауына, осы кезде пайда болған мәселердің қалыптасуына және оларды шешу жолдарын табуға қатысты болған әдістерді қарастыру барысында келесіні ескерту қажет.

1) Ең танымал ауыл шаруашылық дақылдардың даму биологиясы жүз жылдар бойы өзгермейді. Өсімдіктердің жаңа түрлерін жасау барысында ген инженерияның әдістерін қолданудың өзі олардың даму биологиясына тәжірибелік өзгерістер енгізген жоқ.

2) Ауыл шаруашылық дақылдарды өсіруге қолайлы топырақты-табиғат жағдайлар бірнеше онжылдықтар бойы ұдайы қалып отырады.

3) Сондықтан да олардың өсуі мен дамуына қолайлы және орайлы жағдай жасау мақсатындағы ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру технологиялары мезгілге қатысты тиянақты және кертартпа болады.

4) Ауыл шаруашылық дақылдарының биологиясы туралы адамзаттың терең білім алу және толықтыруы оларды өндіру техникасы мен технологиясына мәнсіз нақтылық енгізеді.

5) Ауыл шаруашылық дақылдарының биологиясы мен топырақты-табиғат жағдайларымен салыстырғанда, ауыл шаруашылық өндірісі мен техникасында қолданылатын жаңа материалдарды, металдарды, жанармайды, химиялық заттарды жасау саласындағы адамзаттың білімдері мен мүмкіндіктері белсенді өзгеріп отырады. Сондықтан да ауыл шаруашылық техникасы ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру технологияларымен салыстырғанда, ең аз кертартпа болады.

6) Атап айтқанда, осы себептерден бірнеше жүзжылдықтар бойы ауыл шаруашылық өндірісінде тек үш ғылыми-техникалық революция болды.

Біріншісі – тірі сүйретпені қолдану үшін ауыл шаруашылық техниканы жасау. Қол еңбегімен салыстырғанда, өндіріс көпке жоғарылады. Мезгіл бойынша бұл кезең ең ұзақ болған – орта ғасырларда басталды да өткен жүзжылдықтың 20-30 жылдарында аяқталды. Осылай, мысалы, Германияда 1939 жылы ауылдағы механикалық сүйретпенің қоры 10%, жылқылардың – 59, өгіздердің – 9,8 және сиырлардың – 21,2% құрады .

Екіншісі – адамзаттың жинаған білімдері механикалық қуат құралдары және оларға қатысты ауыл шаруашылық машиналар қатарының өндірісін жасауға және ұйымдастыруға мүмкіндік жасады, бұл ауыл шаруашылығында еңбек өндірістігін жоғарылатты. Бірақ мұның өзінде ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру бойынша барлық технологиялық операциялар тірі сүйретпені қолдану барысында секілді жұмыс органдарының сол типтері бар ауыл шаруашылық машиналар жүзеге асырды.

Үшіншісі – өткен жүзжылдықтың екінші жартысында болды. Бұл уақытқа дейін химиялық заттар арқылы өсімдіктердің арамшөптерімен, ауруларымен және зиян келтірушілерімен күресу туралы, жерге минералдық тыңайтқыштарды енгізу арқылы өсімдіктердің нәрлілігін жақсарту мүмкіндігі туралы білім толықтырылды. Көп технологиялық операцияларды орындау барысында жұмыс жылдамдықтарын күшейту мүмкіндігі дәлелденді, жылдамдығы мықты қуаттанған тракторлар жасалынды және ауыл шаруашылық машиналардың құрылысы мен параметрлеріне ұстанымсыз өзгерістер енгізілді. Бұл ауыл шаруашылық дақылдарды өндірудің қазіргі кезде қолданылатын еңбек мен астық жинаудың өндірістігін күшейтуін қамтамасыз ететін тұрақты механикалық технологияларды құруға мүмкіндік жасады. Үнді, АҚШ және Жапонияның мысалында келесі жағдай көрсетіледі: 3,5 рет аса астық жинауды жоғарылату үшін тыңайтқыштарды қолдануды 25 рет аса, ал өсімдіктерді қорғау құралдарын – 14 рет аса көтеру қажет болды. Ал астық жинауды 6,6 рет аса көтеру үшін тыңайтқыштарды қолдануды 125 рет аса, ал өсімдіктерді қорғау құралдарын – 100 рет аса жоғарылату қажет .

Наши рекомендации