Контроллердің қандай негізгі функцияларын білесіз? Контроллердің қандай негізгі функционалдік элементтерін білесіз?

Жүйедегі контроллердің негізгі функциялары мыналар – жинақтау, өңдеу және бастапқы мәліметті жоғарғы деңгейге тарату және программаланған басқару алгоритміне негізделген басқарушы әсерлерді жасау, сол әсерлерді жасаушы механизмдерге тарату. Көптеген заманауи контроллерлер секционды-блогты принцип негізінде жасалады. Әрбір логикалық модуль физикалық тұрғыдан жеке блок болып есептеледі. Олар монтажды корзинаға немесе бірыңғай монтажды шинаға орналастырылады. Модульдар арасындағы коммутация бірыңғай монтажды кросс арқылы жүзеге асады.

Мұндай конструктив қолданылатын модульдер санын түрлендіріп, контроллердің физикалық архитектурасын шешуге тиісті тапсырмаға қарай тиімді етіп отырады. Сонымен қатар мұндай құрылыс қызмет етуде, модернизация және жөндеу кезінде ыңғайлы. Қажет болған жағдайда тек барлық архитектуралық жүйе емес, тек жеке модуль ғана ауыстырылатын болады.

Контроллердің негізгі функционалдық элеметтеріне мыналар жатады:

корпус

қуаттардыру көзі

процессор модулі

кіріс-шығыс модульдері (Объектімен байланыс құрылғысының модулі)

байланыс және интерфейс модульдері (коммуникационды модульдер)

мамандандырылған модульдер

Қуат көзі контроллердің түйіндеріндегі үздіксіз және сенімді жұмысты қамтамасыз ету керек. Басты назар резерті қуат көзінің болуына аударылады (әдетте, аккумуляторлы батарея), ол әшкә электржелісі өшкен жағдайда мәліметті сақтап қалуға мүмкіндік береді .

Процессор модулдері қолданылатын элементтер базасына қарай 8-,16-, 32- разрядты болады. Оперативті сақтау контроллердің моделіне байланысты әр түрлі болып келеді. Логикалық құрылымына қарай контроллердің процессорлық модулі персоналды компьютердің жүйелік блогына сәйкес келеді. Бұл жерде дисктік жинақтаудың орнына контроллерде перепрограммируемые ПЗУ (ППЗУ) және flash-память орналасқан. Кейбір контроллердің моделдерінде flash-память болмайды, ал кейбіреулерінде ондаған, кейде жүздеген мегабайт кездеседі. Процессор модулінде сондай –ақ Нақты уақыт сағаты (часы реального времени (RTC)) кіріктірілген.

Кіріс-шығыс модулдері кіріске келген аналогты және дискретті сигналдарды сандық формаға келтіруге және басқарушы әсерді аналогты немесе дискретті формада беруге арналған.

Байланыс және интерфейс модульдері контроллерді жоғарғы деңгеймен және өзара байланыстырады.

Контроллердің жадына программыны арнайы программатор немесе компьютердің интерфейсі арқылы енгізеді.

Әрбір универсалды микропроцессорлы технологиялық процесстердегі автоматтандырылған басқару жүйелері класстарға бөлінеді. Әрқайсысының белгіленген атқаратын функциялары және өзіне тән басқарып отырған объектісіне байлансты қабылданатын және өңдейтін мәліметтері бар.
8. Дербес компьютер негізіндегі контроллер дегеніміз не? Жергілікті программаланатын контроллер деген не?

Қазіргі таңда дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютер тек бір адамға жұмыс жасауға арналған. ДК құрылымы мен олардың жұмыс істеу принциптерін қарастырайын.

ДК - дің құрылғыларының ішіндегі маңыздылары мыналар: жүйелік блок, монитор, пернтақта. Себебі бұларсыз компьютер жұмыс жасамайды. Басқа құрылғылар да пайдалы, бірақ оларсыз компьютер жұмыс жасай алады.
Компьютердің барлық құрылғылары бір - біріммен шнурлар арқылы жалғастырылады. ДК - дің процессоры мен жедел жады ішкі құрылғысы болып табылады. Басқалары: монитор, пернетақта, маус, модем, т. б. сыртқы құрылғылар болып табылады. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады.

Адаптер немесе контроллердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.
Процессор басқа құрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырылады, оны кеңарна немесе шина деп атайды.

Дербес компьютерлердің архитектурасы – бұл, қолданушы мен программашының көмегімен тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалық құралдар жинағы. Архитектура сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Дербес компьютерлердің архитектурасының негізіне магистральды- модульдік принцип жатады. Модульдік принцип компьютердің қажетті конфигурациясын жинақтауға, оларды модернизациялауға мүмкіндік береді.

Магистраль - бұл процессор, жедел жады және сыртқы құрылғылар арасындағы ақпараттық байланыс. Магистраль компьютердің барлық компоненттері (процессор, жедел жады және ақпараттарды енгізу мен шығару құрылғылары) параллель қосылатын сымдар жиынтығы. Ол мәліметтер шинасы, адрес шинасы және басқару шинасынан тұрады.

Мәліметтер шинасы мәліметтерді беруге немесе қабылдауға арналған. Шинаға бір мезгілде сигналдар көбейген сайын мәліметтер көбірек беріледі және ол тезірек жұмыс істейді.

Адрес шинасы мәліметтер жіберілетін немесе одан алынатын жады ұяшықтарының адрестерін беруге арналған.

Басқару шинасы басқару сигналдарын, яғни жадыны басқару, мәліметтер алмасуды басқару, мәліметтер алмасуды басқару, т.с.с. беруге арналған.

Контроллер (Controller)

- компьютердің жеке құрылғыларының жұмысын басқаратын электрондық схема;

- бір немесе бірнеше құрылғыны басқаруды, ал кейбір жағдайларда компьютерге қосылған интерфейстердің сәйкес болуын орындайтын дербес компьютер блогы;

- оган қосылған құрылғылардың жұмысын басқаратын бағыныңқы жүйе, бірақ әдеттегідей одан өтетін ақпаратгар ағынып өзгертпейді;

- компьютерге қосылған құрылғыларды басқару қызметін атқаратын бағдарламаланатын аралық құрылғы.

Наши рекомендации