Тақырып Топырақтану туралы жалпы түсінік және топырақтану ғылымы

Технико - технологиялық мәліметтер. Топырақ туралы түсінік. Топырақтану. Күн энергиясының гумус - аккумулятор. Топырақты сипаттау.Топырақ құрамы және оның қасиеттер. Топырақты баптау. Топырақ эрозиясымен күрес. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың болу себептері. Топырақтың жазықтық эрозиясымен күресу жолдары. Топырақтың сызықтық эрозиясымен күрес. Топырақ көшкіндерімен күрес.

Топырақ туралы түсінік.

Табиғи себеп – шарттардың әсерінен, сондай-ақ адамның өндірістік әрекетінен пайда болған құнарлыққа ие және өсімдіктің өнімін қалыптастыра алатын, жер шарының құрғақ бөлігінің үстіңгі қабатын топырақ деп атайды. Топыраққа ғана тән қасиет – құнарлыққа байланысты. Сондықтан топырақ пен құнарлық егіз.

Құнарлық – топырақтың мүмкін өнімді қалыптастыру үшін өсімдікті бүкіл тіршілік мерзімінде қажетті қоректік заттармен, сумен және басқа да тіршілік себеп – шарттарымен қамтамасыз ету қабілеті.

Физикалық мүжілуі – бұл тау жыныстары мен минералдың химиялық құрамы өзгермей механикалық майдалануы, үгілуі.

Физикалық мүжілуі – үгітілу нәтижесінде тау жынысы әр түрлі іріліктегі сынықтарға бөлінеді, мұндайда алғашқы тау жынысына тән емес жаңа қасиеттерге – кеуектілікке әкеліп соғады, яғни ауа мен су өткізуге ие болған «үгінді» пайда болады.

Топырақтың түзілу үрдісі. Тау жыныстары мен минералдар мүжілгенде оларды құрастыратын өсімдіктердің қоректік элементтері еріген күйге көшеді де, өсімдіктер оларды жеңіл сіңіре алады.

Топырақ - өсімдіктерге өсу мен дамуға қажетті, оларды сумен қамтамасыз ете алатын, жер қыртысының үстіңгі шұрайлы қабаты. Топырақ әр түрлі болады. Біреулер жаңбыр суын жақсы сіңіріп және оны тамырларға жеңіл береді, басқалары тығыз, олардан су төгіліп, өсімдіктер құрғақшылықтан зардап шегеді. Қоректік элементтері көп және аз топырақтар бар.

Топырақта 2 бөлікті айырады: органикалық және минералды. Органикалық–қарашіріктен,бактерийлерден, топырақты саңырауқұлақтардан, өсімдік тамырлардан тұрады. Минералды, көбінесе, құм, саз және шаңнан, сонымен қатар тау жыныстарының қалдықтарынан тұрады. Құм мен саз құрамының тәуелділігінен топырақтар құмды, сазды, балшық топырақты, құмайт болады.

Топырақтың механикалық құрамын білу үшін, жыртылатын қабаттың топырақ уысын алып, суды қосып, қамыр күйіне дейін жақсы араластырады. Пайда болған массадан жіңішке шыйрақ ысу және доғаш формасын беру. Егер майыстырған кезде шыйрақ жарылмаса, онда құм сазды. Егер майысқақта сызат болса – топырақ балшықты. Ал құмды топырақтан «қамыр» иле алмайсың.

Сазды топырақ құрамы жаман, сондықтан шұрайы аз. Олардың шұрайын жоғарлату үшін, күзде топырақ қазған кезде органикалық тыңайтқыштарды қосады (1 м² – 5-10 кг), ағаш күлін (1 м² – 200-300гр) және 4-5 жылға бір рет әктасты (1 м² - 300-400гр).

Құмайт топырақ, әсіресе құмды топырақтар қоректік заттың құрамы бойынша кедей. Олар суды жақсы өткізеді, дегенмен суды әлсіз ұстайды. Топырақтың төменгі қабаттарына сумен бірге қоректік заттар өтеді.Мұндай топырақта құрамын жақсартуға, шұрайлығын жоғарлату қажет. Бұл үшін органикалық тыңайтқыштар және күлді сазды топырақтағыдай сияқты қолданылады. Оларды 2 қабатта да ендіру керек: бірінші жартысын күзгі өңдеуде, екінші жартысын – көктемде.

ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ

Топырақты өңдеудің жетекші тәсілдері - жырту, сыдыра жырту, культивация, тегістеу, тырмалау болып табылады.

Жырту.Еліміздің көптеген аймақтарында топырақты өңдеудің негізгі құралы плуг болып табылады. Плугтың түрені топырақ қыртысын астыңғы жағынан кеседі. Қыртыс қайырмаға қарай жылжиды, ол топырақ қыртысын аударып, сонымен бір мезгілде майдалайды. Аударыстыру, майдалау және араластыру дәрежесі қайырманың формасына байланысты болады.

Қайырма формалары винтті, жартылай винтті, цилиндрлі және эллипсті (мәдени) болуы мүмкін. Винтті қайырмалар жер қыртысын 135°-қа аударды және оны 45° бұрыш етіп қояды, бірақ қыртыстарды нашар майдалайды. Винтті қайырмасы бар плугтармен жыртуды жер айдау деп атайды (плантажды плугтың жұмысы кезінде байқалады).

Мәдени жырту. Эллипс формалы қайырмалары бар және негізгі корпустардың алдынан шолақ түрендермен жабдықталған плугтар мәдени жыртуды жүзеге асырады. Шолақ түрен негізгі плугтың көшірмесі болып табылады, бірақ біршама енсіздеу болып келеді. Шолақ түрен тіреуден, түрен мен қайырмадан тұрады. Ол жырту қабатының жоғарғы бөлігін 10 см-ге дейінгі тереңдікте тіледі (жатаған бидайықпен күрес кезінде оны жер жыртуға дейін дискілі сыдыра жыртқышпен жүргізілген сыдыра жыртудан 2 см тереңірек орналастырады). Шолақ түрендермен тілінген жер қыртысы борозданың түбінде араласады.

Шолақ түрені бар плугпен топырақты өңдеудің тереңдігі кем дегенде 20-22 см. Мәдени жырту топырақты негізгі өңдеудің көп тараған тәсілі болып табылады. Ол өсірілетін дақылдар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайды, мұның нәтижесінде олардың шығымдылығы артады.

Борозданың түбін терең қопсыту үшін шолақ түрендері мен топырақ тереңдеткіштері бар плугтармен жер жырту қолданылады.

Топырақты негізгі (сүдігерлік) өңдеу жүйесі екі тәсілден тұрады: аңызды сыдыра жырту және сүдігер жырту.

Аңызды сыдыра жырту. Дәнді дақылдары ерте жиналған әрі жер эррозиясына ұшырамаған егістіктерді сүдігерлік өңдеу жүйесін аңызды сыдыра жыртудан бастайды. Сыдыра жырту дискілі немесе корпусты сыдыра жыртқыштармен жүргізіледі, олар арамшөптердін, тамырын қырқып, жерге төгілген тұқымдарын қопсыған, әрі дымқыл топыраққа 5-7 см тереңдікте көмеді (арамшөптер көктеп шығады да онан ары сүдігер жырту кезінді құртылады).

Сүдігер жырту. Сыдыра жырту жүргізілгеннен кейін сүдігер жырту мерзімі арамшөп өскіндерінің жаппай шығуына қарай анықталады. Егер ылғалдың жетіспеуінен немесе температураның төмендігінен арамшөп өскіндері шыға қоймаса, жер жыртуды сыдыра жыртудан соң 2-3 апта өткеннен кейін жүргізеді. Жер шолақ түрендері бар плугтармен жыртылады, шолақ түрендер 10-12 см тереңдікке орналастырылады әрі жұмыс кезінде алынбайды. Егер егіс даласы жатаған бидайықпен немесе тамыр атпалы арамшөптермен ластанған болса, шолақ түрендерді жүргізілген сыдыра жыртудан 2 см тереңірек орнатады, әйтпесе аңыздарды арамшөптер басып кетеді.

Сүдігер жыртудан кейін пайда болған жыралар, әдеттегідей, күзде құртылмайды. Олар қар жинап, сақтайды, беткейлерді көлденең жыртқан кезде жаңбыр және еріген қар суларын ұстайды.

Топырақ өңдеу

Топырақты өңдеу- өсімдіктің тамыр жүйесінің қалыптасуы және өсуі үшін өңтайлы жағдай жасау мақсатында, топыраққа машиналар мен құралдардың жұмыс мүшелерімен механикалық әсер ету.

Механикалық әсер ету мынандай технологиялық операцияларымен шешіледі: қопсыту, аударыстыру, араластыру, тығыздау, тегістеу, арамшөпті отау, кескіндеу.

Топырақ өңдеу тәсілдері негізгі, жеңіл-желпі, таяз және арнаулы болып бөлінеді.

Негізгі өңдеу топырақты 20 см және одан да терең өңдеп, бүкіл өңделген қабатқа оңтайлы құрылыс және ұсақ кесекті құрылым қалыптастыруға бағытталған. Негізгі өңдеу тәсіліне жырту және терең қопсыту жатады.

Жырту кезінде төрт технологиялық операция атқарылады: аудару, қопсыту, үгіру және арамшөптерді жою. Суландырылатын егіншілікте жел эрозиясы қаупі болмаса топырақты өңдеудің негізгі тәсілі болып аудара жырту саналынады.

Жазық тілгіштермен терең қопсыту да топырақты негізгі өңдеуге жатады. Мұндайда топырақ аударылмайтындықтан, өсімдік қалдықтары оның үстінде қалады да, оны жел мен су эрозиясынан қорғайды және қыста қар ұстауға ықпал жасайды.

Топырақты жеңіл-желпі (үстірітн) және таяз өңдеу. Жеңіл-желпі ол топырақты 10 см дөңесті: ал таяз – 10смден 20 см тереңдікке дейін өңдеу.

Сыдыра жырту. Ол табақты жазық түренді сыдыра жыртқыштармен атқарылады. Дөңесті табақты сыдыра жыртқыштармен өңдегенде қопсыту, аудару және арамшөптерді қырқу жүреді, ал жазық табақтымен өңдегенде аудару болмайды. Сыдыра жыртқыштарды ылғал жеткілікті жағдайда болғанда ғана қолданады.

Қопсыту. Бұл – қопсытыру, тегістеу және арамшөптерді жоюды қамтамасыз ететін тәсіл.

Тырмалау қопсыту, араластыру, тегістеу және арамшөптердің тамырлырын, қатаймаған өскіндерін жою жұмыстарын орындайды.

Таптау (тығыздау). Бұл тәсілмен топырақты тым құрғаудан қоғайтын тығыздалған қабат жасалынады. Тұқым егілгеннен кейінгі тығыздау – тұқым мен топырақ бөлшектерінің арасындағы тығыз жанасуды қамтамасыз ету, ірі кесектерді ұнтақтау, қабыршақтарды жою және топырақ бетін тегістеу.

Ылғалды, сортаң және тым құрғаған топырақты тығыздау қолайсыз жағдайларға әкелуі мүмкін.

Топырақты өңдеудің арнаулы тәсілдері. Оларға фрезерлеу, плантажды және қат-қабатты жырту, саңылаулау, шұңқұршықтау етеді.

Қат-қабат жырту. Топырақ қабаттарының жартылай немесе толығыменөзара араласуын осылай атайды. Ол екі немесе үш қат-қабатты болуы мүмкін. Екі қат-қабаттары араласадығ ал үш қат-қабатты өңдеуде жыртылған үш қабат араласады. Мұндайда топырақтың аударылыстырылған жоғарғы қабаты орнына қалады, төменгі (үшінші) қабат екінші қабаттың орнына, екіншісі үшіншісіне орнына ауысады. Осылай өңдеуді сортаң жерлерде жүргізу ұсынылады.

Топырақты механикалық өңдеу және оның мақсаттары. Топырақты қорғау, энергия және ылғал қорын жинау, арамшөптен тазалау. Қазақстандағы аймақтық егіншілік жүйесін әрі қарай жеңілдірудің және жерді тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары. Топырақ өңдеуде жүретін технологиялық операциялар (аудару, қопсыту, майдалау (ұсату), араластыру, тығыздау, тегістеу т.б.) және оларды қолданудың ғылыми негіздері. Топырақтың физико-механикалық (технологиялық) қасиеттері, олардың өңдеу сапасына тигізетін әсері. Топырақтың оңтайлы және тепе-теңдік тығыздығы.

Топырақ өңдеу әдістері: тырмалау, тығыздау, сыдыра жырту, культивациялау, шлейфтеу, малалау, түптеу және басқалары. Топырақты негізгі өңдеу әдістері- жырту, аудармай қопсыту, жазықтабан сыдыра тілгіштермен терең қопсыту. Топырақты арнайы өңдеу әдістері- ін-жыра жасап жырту, топырақты терең қопсытқышпен, ойық қайырмалы соқамен өңдеу, саңылаулау, фрезерлеу, плантажды және мелиоративтік жырту. Топырақ өңдеу жүйелері және оларды жіктеу. Жаздық дақылдар үшін бір жылдық жаппай егілетін, отамалы дақылдардан және көп жылдық шөптерден кейін суарылмайтын, тәлімі және суармалы егіншілік жағдайларында қолданылатын топырақты негізгі өңдеу жүйелері.

Судігер жырту және оның теориялық негіздері. Сүдігерді жартылай өңделген пар ретінде дайындау. Қазақстанның әртүрлі егіншілік аймақтарында пар өңдеудің ерекшеліктері. Пар өңдеу технологиясының кемшіліктері және оларды жою.

Егін себу жұмыстары және одан кейін топырақ өңдеу, (тығыздау, егінді көктегенге және көктегеннен кейінгі тырмалау, отамалы дақылдардың қатараралығын өңдеу, шоқ жасау, түптеу және басқалары), оның мақсаты.

Топырақ өңдеуді минималдау және оның теориялық негіздері, оны нақтылы түрде іске асыру жолдары.

Наши рекомендации