Микрокапсулалар (Microcapsulae)

Алматы 2015 ж.

СИЛЛАБУС

Мамандық: 051103 – «Фармация»

Курс - 4 семестр – 7
Дәрістер 10 сағат
Зертханалық (семинарлық) сабақ 65 сағат
Оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы 35 сағат
Аудиториядан тыс студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) 115 сағат
Бақылау формасы Емтихан
Барлығы 225 сағат

Алматы, 2015 ж.

1. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ

ЖОО атауы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Модуль «Фармацевт-технолог»
Пәні Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы
Мамандық 051103 – «Фармация»
Кредит көлемі 5 кредит (225сағ)
Курс және семестр 4 курс; 7 семестр  

Кафедра оқытушылары жөніндегі мағлұмат:

№ р/с Аты жөні Лауазымы Ғылыми дәрежесі Приоритетные научные интересы, достижения и др.
Дильбарханов Р.Д. Профессор фарм.ғ.д. «Разработка состава и технологии новых лекарственных форм, обладающих антимикробным и противовоспалительным действием», разработка нормативных документов на лекарственные препараты, получены патенты, предпатенты
Байзолданов Т.Б. Профессор фарм.ғ.д. Разработка новых лекарственных средств на основе стероидного алкалоида соланидина, выделяемого из ростков картофеля, разработка нормативных документов на лекарственные препараты, получены патенты, предпатенты
Устенова Г.О. Доцент фарм.ғ.д. Cоздание фитопрепаратов на основе углекислотных экстрактов, полученных в сверхкритических условиях, разработка нормативных документов на лекарственные препараты, получены патенты, предпатенты
Кожанова К.К. Доцент. фарм.ғ.к. Разработка состава и технологии мягких лекарственных форм, разработка нормативных документов на лекарственные препараты, получены патенты, предпатенты
Капсалямова Э.Н. Оқытушы фарм.ғ.к. Разработка состава и технологии лекарственной формы на основе полифенольных соединений Cistanchesalsa (С.А.Mey.) G. Beck, разработка нормативных документов на лекарственные препараты, получены патенты, предпатенты
Аюпова Р.Б. Оқытушы   PhD доктор Разработка состава и технологии лекарственной формы на основе пихтового масла, разработка нормативных документов на лекарственные препараты, получены патенты, предпатенты

Ақпарат

Мекен-жайы: Богенбай батыр көшесі 151, № 2 оқу ғимараты, бірінші этаж.

Телефоны: 380-70-90 (7291)

· Пәннің саясаты: студенттер Дәріхана және ірі өндіріс кәсіпорындарында дайындалатын дәрілік түрлердін технологиясы туралы толық мәлімет алу. Пәнді оқыту нәтижесінде қорытытынды бақылау тапсырылады.

· Зерттеудiң нәтижесiнде студенттер босатылған СӨОЖ және СӨЖ сабақтары бойынша қорытынды бақылау тапсырылады.ҚазҰМУ-дың жылдық рейтингтік қорытынды баға мен есептелінеді. Себепті жағдайларымен босатылған сабақтар әдістемелік нұсқауда көрсетілгендей сол күнгі тақырып бойынша оқытушының консультациясында ауызша сұрақтарға жауап береді.Босатылған сабақтар аралық бақылауға дейін өтелуі керек.

· Студенттің Кодекске сай,студент сабаққа ақхалатта және колпак,екінші аяқ киім де келу керек.Студент оқу жылында 4 аралық бақылау тапсырады.

· Жылдық кредиттік тақырыптық жоспар бойынша оқытушы әр кредиттік СӨОЖ ге студенткке жеке баға қояды(жылына 8 баға).

· Кафедрада алдын ала дайындалған жұмыс жоспары бойынша сабақ барлық түрі бойынша жүргізеді-тәжірибелік сабақ,СОӨЖ,СӨЖ.

· 1-кредитте : СОӨЖ және тәжірибелік сабақ тақырыптары бойынша жағдайлық есеп және тесттік тапсырмалар бойынша қорытынды бақылау алынады.

· 2-кредитте: СОӨЖ және тәжірибелік сабақ тақырыптары бойынша жағдайлық есеп,жасалған зертханалық жұмыстарын қорғайды, тесттік тапсырмалар бойынша қорытынды бақылау алынады.

· 3-кредитте: СОӨЖ және тәжірибелік сабақ тақырыптары бойынша жағдайлық есеп,жасалған зертханалық жұмыстарын қорғайды, тесттік тапсырмалар бойынша қорытынды бақылау алынады.

· 4-кредитте: СОӨЖ және тәжірибелік сабақ тақырыптары бойынша жағдайлық есеп,жасалған зертханалық жұмыстарын қорғайды, тесттік тапсырмалар бойынша қорытынды бақылау алынады.

· 5-кредитте: СОӨЖ және тәжірибелік сабақ тақырыптары бойынша жағдайлық есеп,жасалған зертханалық жұмыстарын қорғайды, тесттік тапсырмалар бойынша қорытынды бақылау алынады.

2.Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Дәрілік заттар өндірісі басқа фармацевтикалық пәндермен бірге фармацевт мамандығын қалыптастыруда және бітірушілердің арнайы технологиялық дайындығын қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.

Оқу бағдарламасында келешектегі фармацевтикалық ғылым мен іс-тәжірибенің негізгі конценпциялары көрсетілген, сонымен бірге теориялық білімдерді және дағдыларды қазіргі іс-тәжірибелік фармацияға жақындату қажеттілігі дәйектелген.

Бағдарламада бастапқы шикізаттың тазалығына, экология жағдайларына Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) талаптарын енгізіп, дәрілік препараттардың өндірісіне қазіргі заманғы талаптар берілген, сонымен бірге дәріханалық және өнеркәсіптік өндіріс өнімінің технологиясын және сапасын нормалайтын нұсқаулар мен бұйрықтарға көңіл аударылған.

ҚР Мемлекеттік Реестріндегі дайын дәрілік препараттар номенклатурасының мезгілімен жаңартылуына байланысты кафедраларға дәрілердің жеке технологиясына өзгерістерді енгізуге мүмкіндік беріледі.

2.2 Пәннің мақсаты: студентерді дайын дәрілік құралдар өндірісі бойынша теориялық білімдер мен іс-тәжірибелік дағдыларға үйрету.

2.3 Пәннің міндеттері:

· химия-фармацевттік өндірістерді ұйымдастырудың негізгі принциптеріне білім беру;

· дәрілік түрлер өндірісіне инновациялық технологияларды жасап ендіруге үйрету;

· дәрілік түрлерді даярлаудың теориялық негіздерін игеру және кәсіптік дағдылар мен тәлімдерді үйрету;

· өндірісте шығарылатын дәрілік түрлер мен препараттарды сатылы бақылау және стандарттау әдістерін үйрету;

· өндірісте шығарылатын дәрілік түрлерді биофармацевттік бағалауды үйрету;

· дайын дәрілік түрлері технологиясын жетілдіру жолдарын үйрету;

· фармацевттік өндіріс үшін жаңа көмекші заттарды іздестіруді және өндіріске енгізуді үйрету;

· дайын дәрілік түрлердің, дәрілік заттардың, препараттардың, жартылай өнімдердің және басқа фармацевттік өнімдердің тұрақтылығын анықтау және сақтау мерзімдерін белгілеуді үйрету.

Білім берудің қорытынды нәтижелері

Студент білуі керек:

· кәсіптік міндеттерді орындау үшін анықтама және ғылыми фармацевтикалық әдебиеттер номенклатурасын;

· өнеркәсіптік өндірісте жасалынатын дайын дәрілік түрлер, препараттар мен жартылай өнімдердің номенклатурасын;

· химия-фармацевттік кәсіпорындар мен ірі фармацевтік өндірістерді ұйымдастырудың негізгі принциптерін;

· негізгі технологиялық құрал-жабдықтардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін, құрал-жабдықтарды іске қосу және қолдану ережелерін;

· өндірісте сатылы бақылау жүргізу және дәрілік препараттарды, дәрілік құралдарды стандарттау әдістері мен тәсілдерін;

· дәрілердің сапасы мен биологиялық тиімділігіне фармацевтикалық факторлардың әсерін;

· дәрілік препараттар мен дәрілік түрлерге және медициналық мақсатта қолданылатын құралдарға арналған орауыштар түрлерін және орауыш материалдарының номенклатурасын, оларға қойылатын негізгі және арнайы талаптарды;

· дәрілік препараттардың және дайын дәрілік түрлердің тұрақтылығына сақтау жағдайлары мен орауыш түрінің әсерін;

· дәрілерді тұрақтандыру және олардың әсерін ұзарту тәсілдерін;

· жаңа дәрілік препараттарды іздестіру және жасап шығару саласындағы жетістіктерді;

· еңбекті қорғау, өнеркәсіптік санитария және қауіпсіздік техникасы ережелерін.

Студент үйреніп алуы қажет:

· кәсіптік міндеттерді орындау үшін анықтама және ғылыми фармацевттік әдебиеттерді қолдануды;

· өнеркәсіп жағдайында (химия-фармацевтік кәсіпорындар мен шағын фарма-цевтік өндірістерде) дайын дәрілік түрлер, дәрілік препараттар дайындауды;

· дайын дәрілік түрлер, препараттар, субстанциялар, жартылай өнімдер және басқа фармацевтік өнімдер өндірісінде технологиялық есептеулер жүргізуді;

· дәрілердің сапасы мен биологиялық тиімділігіне фармацевтикалық факторлардың әсерін анықтауды және жұмыс барысында ескеруді;

· өндірісте сатылы бақылау жүргізуді және дәрілік препараттарды, дәрілік құралдарды, жартылай өнімдерді стандарттауды;

· дәрілік препараттар, субстанциялар мен дәрілік жартылай өнімдердің тұрақтылығына сақтау жағдайы мен орауыш түрінің әсерін анықтауды;

· дәрілік түрлер мен олардың технологиясын жетілдіру және жаңа технологияларды жасау

бойынша зерттеулер жүргізуді;

· дәрілік құралдар, препараттар өндірісінде технологиялық процесстің тиімділігін анықтауды;

· еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауды.

Студент машықтануы қажет:

· фармацевттік кәсіпорындардың қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бақылау және талдауды;

· кәсіптік қызмет саласындағы ақпаратты, соның ішінде компьютерлік ақпаратты да жинақтау, өңдеу және сақтауды;

· өнеркәсіптік өндірісте дәрілік препараттарды дайындауды;

· заманауи технологиялық процестер мен аппараттарды қолдану арқылы дәрілік құралдардың құрамдарын және технологиясын жетілдіруді;

· дәрілік құралдардың сапасын сатылы бақылауды жүргізуді ұйымдастару;

· медициналық, медицина-әлеуметтік және жедел көмек көрсетуді;

· салауатты өмір сүруді насихаттау, аурудың алдын алу шараларын жүргізуді.

2.4 Пререквизиттер: физикалық және коллоидты химия, математика, физика, органикалық химия, микробиология, фармацевтикалық химия, фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері, фармацияны басқару мен экономикасы

2.5 Постреквизиттер: фармакогнозия.

2.6. Оқу және оқыту әдістері

Дәрістер:тақырыптық, шолу, проблемалық.

Тәжірибелік-зертханалық сабақтар: тақырып бойынша бастапқы білімдерді бақылау (тестілеу, ауызша сұрау және т.б.), лабораториялық жұмыстарды орындау, нормативті-техникалық құжаттамаға сәйкес регламенттерді жазып қорғау.

Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ); өткен зертханалық сабақтардың тақырыптары бойынша бөлек жеке сұрақтарын тереңірек игеру, лабораториялық сабақтардың құрамына кірмеген, бағдарламаның жеке тақырыптарын өзіндік игеру, жеке рефераттарды дайындау және қорғау, кіші топтарда жұмыс істеу, іс-шаруашылық ойындарды жүргізу, орындалған жеке және топтық тапсырмаларды нәтижелерін талдау, тест тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шығару, дискуссияларды жүргізу, мәліметтердің мульти-медиалық базалармен, компьютерлік модельдермен және бағдарламалармен жұмыс істеу, оқытушымен түзілген сұрақтар бойынша кеңес алу. Аралық бақылауды жүргізу.

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ): әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық базаларымен және компьютерлік оқу бағдарламаларымен жұмыс істеу, рефераттарды, тақырыптар мен дәрістерде, лабораториялық сабақтарда және ОСӨЖ-та қарастырылмаған типтік бағдарламаның сұрақтары бойынша презентацияларды дайындау және қорғау.

2.7 Студенттердің білім бақылауын жүргізу жүйесі

I=Rx 0,6+Ех0,4 онда

I-қорытынды баға

R-рұқсатнама рейтінг бағасы

Е- қорытынды бақылаудың бағасы (пән бойынша емтихан)

Рейтинг I-ң 60 %, емтихан I-ң 40% құрайды.

Рейтинг бағасы оқушының ағымдағы және аралық бақылау бағасынан жиналады.

Егерде аралық бақылау болмаса, рұқсатнама рейтингі тек ағымдағы бағаларымен есептеледі.

Аралық бақылау саны көп болса, рейтінгтің сәйкес сандары есептеліп, семестрдің аяғында орташалаланған рейтінг есептеледі.

Әрбір практикалық сабақ соның ішінде СӨЖ, СӨОЖ, аралық бақылау 100 пайызға сәкестендірілген 100 баллдан есептеледі.

Бірінші рейтинг мына формулаға сәйкес есептеледі:

R1=t1+r1

2

Кредиттіқ білім жүйесінде , практикалық сабақтың (семинар,лабараторлық), СӨОЖ ,СӨЖ орташа бағасының қосындысын, 3-ке бөлсек t1 – ағымдағы бақылауына тең болады.

Сызықтық білім жүйесінде практикалық сабақтың (семинар,лабараторлық), СӨОЖ ,СӨЖ орташа бағасының қосындысын, 2-ке бөлсек t1 – ағымдағы бақылауына тең болады.

r1 – аралық бақылау

Екінші рейтинг төмендегі формуламен есептеледі:

R2 =t2+r2

Кредиттік білім жүйесінде практикалық (семинар,лабараторлық) сабақтың, СӨОЖ-ң , СӨЖ орташа бағаларының қосындысын үшке бөлгенде t2 – ағымдағы бақылауына тең болады.

r2 – аралық бақылау

Студенттің қорытынды бағасында рұқсатнама рейтінгі 60% құрайтын болғандықтан, оқушының пән бойынша семестрлік бағасы төмендегідей формуламен есептеледі:

Rд=R1+R2x 0,6

Оқушының семестрлік бағасы 30%-дан жоғары болса немесе тең болса, емтиханға жіберілді деп есептеледі.

Емтиханды жүргізу және бағалау технологиясы

Қорытынды бақылаудың максималды проценттік мазмұны 100 % сәйкес келеді. Емтихан қабылдаушы оқушы білімінің қорытынды бақылауын есептейтін әдістерін пайдалана отырып, емтиханның тізімдемесіне (Э) қорытынды бақылаудың бағасын қояды.

Қорытынды бақылауды тест түрінде өлшеу әдісі

Емтихан барысында студентке 50 тестен тұратын тапсырма беріледі, ал оның әр бір тесті 2 баллды немесе пайызды құрайды.

Жұмысты орындау сапасы Баға ауқымы
Орындамаған Себепсіз емтиханға келмеуі 0%
Әрбір дұрыс жауапқа баға 2%
  Қорытынды: 0-100%

Қорытынды бақылау бағасының үлесі пән бойынша білімнің қорытынды бағасынан 40%-н аспайтындықтан, пәннің емтихан бағасы 0,4 коэффицентке көбейтіледі

Эх0,4

Кейін формулаға сәйкес қорытынды баға есептеледі:

I=Rx0,6+Ех0,4

(бақылаудың баллды-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша сынақ кітапшасымен тізімдемеге қойылады.)

Қорытынды бақылау: Мемлекеттік емтихан

Пән бойынша әріптік-баллды-рейтингтік бағалау

Әріп жүйесі бойынша бағалау Баллдардың (ұпайлардың) сандық эквиваленті Пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А А- 4,0 3,67 95-100 90-94   Үздік
В1 В В- 3,33 3,0 2,67 85-89 80-84 75-79   Жақсы
С1 С C- D1 D 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54   Қанағаттанарлық
D- 0-49 Қанағаттанарлықсыз

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Студенттің аты-жөні _______________________________________________

Курсы _____________Тобы_____________Топша________________

Ауызша (жазбаша) сұрауды бағалау критериі

Бағалау критериі Деңгейі
Тамаша Жарамды Түзетуді қажет етеді Жарамсыз
1. Тақырыпты түсіну деңгейі 11.25 7,5      
2. Логикалық ойлау 11,25 7,5      
3. Баяндалған материалдың қойылған сұраққа сәйкестігі      
4. Жауабында барлық қажетті теориялық жайттардың болуы 7,5 5,0      
5. Жауаптың дұрыс таңдалған мысалдармен әрлендірілуі 7,5 5,0      
6. Сөйлеу мәдениеті 7,5 5,0      
7. Профессионалды терминологияны қолдану 7,5 5,0      
8. Негізді қорытынды жасай білу 7,5 5,0      
Қорытынды              

Максималды бағасы – 100 Оқытушы қолы ________________

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Студенттің аты-жөні _____________________

Рефератты бағалау критерилері

№ р/н Критерилері Деңгейі, балл түріндегі бағасы
Тамаша Жарамды Түзетуді қажет етеді Жарамсыз
1. Реферат мазмұны тақырыпқа, жоспарға және қойылған міндетке сійкестігі 9,75 6,5
2. Тақырыпты ашу толықтығы мен логикалығы 9,75 6,5
3. Материалды қамти білу, қорытынды шығару 9,75 6,5
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу 9,75 6,5
5. Реферат бойынша сұрақтарға жауап беру
6. Рефератты безендірудің кафедра талабына сәйкестігі
7. Иллюстрациялық материалдың сапасы мен толықтығы
8. Әдебиеттерді жинау
Қорытынды          

Қорытынды максималды балл – 100 Оқытушы қолы _____________

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Студенттің аты-жөні _____________________

Мультимедиялық форматтағы презентацияны бағалау критериі

№ р/н Критерилері Деңгейі, балл түріндегі бағасы
Тамаша Жарамды Түзетуді қажет етеді Жарамсыз
1. Титулдық слайдтың, презентация жоспарының, слайдтардың жеткілікті саны, қолданылған материалдар мен тізімінің және Internet көзінің болуы. 7,5  
2. Презентация мазмұнының тақырыпқа және қойылған міндеттерге сәйкестігі. 7,5  
3. Слайдтардың логикалық кезекпен орналасуы. 7,5  
4. Материалды баяндау стилі (анық байланыстыру, құрылымдық). 7,5  
5. Қазіргі заманғы ақпарат көздерін жеткілікті мөлшерде қолдану. 7,5  
6. Материалдың жалпылама мазмұны, анық және қысқа қорытынды жасай білу қабілеті. 7,5  
7. Презентация материалында бағыттылық деңгейі. 7,5  
8. Анық, жетік және кезекпен баяндай білу. 7,5  
9. Өз пікірін қорғай білу және сынға дұрыс жауап қайтару. 7,5  
10. Слайдтарды безендіру сапасы (әрлендіру, көрсетпе құралдар және т.б.) 7,5  
Қорытынды            

Максималды балл – 100 Оқытушы қолы _____________

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Студенттің аты-жөні _____________________

Тақырыптық кроссвордты бағалау критерилері

№ р/н Критерилері Деңгейі, балл түріндегі бағасы
Тамаша Жарамды Түзетуді қажет етеді Жарамсыз
1. Кроссворд мазмұнының таңдалған тақырыпқа сәйкестігі  
2. Сұрақтарды жетік дәрежеде құрастыру
3. Кроссвордтағы сұрақтар саны.
4. Қолданылған әдебиеттер тізімінің болуы
5. Эстетикалық безендірілуі
  Қорытынды

Максималды балл – 100 Оқытушы қолы _____________

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Студенттің аты-жөні _____________________

Суретті бағалау критерилері

№ р/н Бағалау критерилері Деңгейі, балл түріндегі бағасы
Тамаша Жарамды Түзетуді қажет етеді Жарамсыз
Суреттің тақырыпқа сәйкестігі 7,5          
Суретте барлық қажетті элементтердің болуы 11,25 7,5          
Суреттегі көрсетпе құралдардың болуы   11,25 7,5          
Суреттің әрлендірілуі 11,25 7,5          
Шығармашылық бастаманың көрсетілуі 11,25 7,5          
Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру 11,25 7,5          
Сынға дұрыс жауап қайтару 11,25 7,5          
Қорытынды                  

Максималды балл – 100 Оқытушы қолы______________________________

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Сабақ өту мерзімі «____»______________20___ж

Студенттің аты-жөні _____________________

Тобы_____________Топша________________

Зертханалық жұмысты бағалау критерилері

№ р/н Бағалау критерилері Деңгейі, балл түріндегі бағасы
Тамаша Жарамды Түзетуді қажет етеді Жарамсыз
1. Емтихан тапсырушы рецепттің жазылу дұрыстығы мен жазбасының рецептуралық бланкке сәйкестігін дәлелдеді. Дәрілік қалыпты дайындаудайындауды регламенттейтін нормативті құжаттар мен анықтамалық әдебиеттерді таңдады. Дәрілік қалыптағы сандық есепке тіркелетін есірткілік, улы және басқа да заттардың барын дәлелді негіздермен көрсетті. Осы заттары бар рецепттердегі олардың мөлшерін дұрыс тексерді. Дәрілік қалыптағы ингредиенттердің үйлесімділігін дұрыс анықтады. Берілген дәрілік қалыпты дайындауға қажет дәрілік және көмекші заттарды дұрыс есептеді. 7,5  
2. Студент барлық қажетті құрылғыларды дұрыс дайындады. Рецептуралық жазбаға кіретін дәрілік және көмекші заттардың штангластарын дұрыс таңдады. Орамдау, қаттау заттарын, негізгі және қосымша этикеткаларын дұрыс таңдады. 7,5  
3. Студент Дәрілік қалыпты дайындаудың ең оптималды әдісін дұрыс таңдады. 7,5  
4. Қажетті ингредиенттерді дұрыс өлшеді. Жазылған ингредиенттерді дұрыс араластырды (ерітті), жазылған мөлшер саны бойынша мөлшерлеуді жұргізді. 7,5  
5. Құрамына кіретін ингредиенттердің физика-химиялық қасиетіне сәйкес дәрілік қалыпты орамдау, қаттау және безендіру. 7,5  
6. Жазбаша бақылау паспортын жазу. 7,5  
7. Емтихан тапсырушы жазбаша бақылау паспорты мен рецепт жазылуын дұрыс бағалады. 7,5  
8. Орамдау, қаттау және безендіру сапасын тексерді. 7,5  
9. Органолептикалық бақылау (түсі, исі) жүргізді. 7,5  
10. Дәрілік қалып түріне байланысты масса бойынша және көлем бойынша пайыз түріндегі жіберілетін ауытқу нормасын анықтады. 7,5  

Максималды балл – 100 Барлық балл _______________ Оқытушы қолы ________________

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Студенттің аты-жөні _____________________

Логика-дидактикалық (кесте) сызбаны бағалау критерилері

№ р/н Бағалау критерилері Деігейі, балл тұріндегі бағасы
Тамаша Жарамды Түзетуді қажет етеді Жарамсыз
Тақырыпқа (мәселеге) сәйкестігі 7,5            
Мазмұнының маңыздылығы 7,5              
Барлық қажетті элементтердің болуы 7,5            
Көрсетпе құралдардың болуы 7,5            
Үйлесімділік 7,5            
Құрылымдылығы 7,5              
Шығармашылық бастаманың көрсетілуі 7,5            
Безендіру сапасы 7,5              
Сұрақтарға жауап бере білу 7,5            
Сынға дұрыс жауап қайтару 7,5            

Максималды балл – 100 Оқытушы қолы __________________

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Студенттің аты-жөні _____________________

Студенттің коммуникативтік дағдысын бағалау критерилері

Критерилері Деңгейі, балл түріндегі бағасы
Тамаша Жарамды Түзетуді қажет етеді Жарамсыз
1. Өзін көрсете білу 11,25 7,5  
2. Белсенді тыңдарман дағдысы 11,25 7,5  
3. Ақпаратты дәл әрі нақты бере білу қабілеті 11,25 7,5  
4. Өзінің көзқарасын, өз позициясын көрсете білу 11,25 7,5  
5. Сөз сөйлеу қабілеті 11,25 7,5  
6. Серіктестердің белсенді қатысып отыра білу қабілеті 7,5  
7. Серіктестің эмоционалды жағдайын түсіну қабілеті 7,5 5,62 3,75  
8. Серіктесті сендіру білу қабілетін қалыптастыру 7,5 5,62 3,75  

Максималды балл – 100 Оқытушы қолы ____________________

2.8 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. - Шымкент, 2008. - 346 б.

2. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. - Шымкент, 2008. - 436 б.

3. Дільбарханов Р.Д., Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Алматы.– 1998.–128 б.

4. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Шымкент.– 2002.–172 б.

орыс тілінде

1. Технология лекарственных форм. /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.,Медицина, 1991 г.- 1-й том. – 496 с.

2. Технология лекарственных форм. /Под ред. Л.А.Ивановой/– М.,Медицина, 1991 г. – 2-й том. – 544 с.

3. Чуешов В.И., Зайцев А.И., Шебанова С.Г. Промышленная технология лекарств. –Харьков, 2002. - В 2-х томах: 1-й том. – 716 с., 2-й том .– 557 с.

4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. – (Под ред. Кондратьевой Т.С.).– М., 1986.– 287 с.

5. Руководство к лабораторным занятиям по зауытской технологии лекарственных форм. –(Под ред. Тенцовой А.И.). – М., 1986. – 271 с.

қосымша:

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 1. – Алматы, 2008. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 592 б.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 2. – Алматы, 2009. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 792 б.

3. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. Алматы, 2005.– 123 б.

4. Машковский М.Д. - Лекарственные средства. - М.: Медицина, 2008. – Изд. 15-е.

5. Милованова Л.Н., Тарусова Н.М., Бабошина Е.В. Технология изготовления лекарственных форм. Ростов-на-Дону: «Феникс».– 2002.– 448 с.

6. Муляр А.Г. Общая рецептура: учеб.пос. – М., 2009.–80 с.

7. Торланова Б.О. Машины и автоматы для фасовки и упаковки лекарственных форм. – Шымкент, 2003. – 166 с.

8. Сагиндыкова Б.А., Торланова Б.О., Анарбаева Р.М., Кыдыралиев Б.С. Биофармация и элементы фармакокинетики. – Шымкент, 2008. – 68 с.

9. Маркевич М.П. Руководство к лабораторным занятиям по биофармации. – Шымкент, 2008. – 50 с.

Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары

№ р/с Өткізу мерзімі Өткізу уақыты Дәріс тақырыптарының атаулары Дәрістің ұзақт. Дәріскердің аты-жөні Ауд
01.09.15 8.00-8.50 Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісі пәннің мақсаты мен міндеттері. Дәрілер өндірісін мемлекеттік нормалау. Дәрілік қалыптардың жіктелуі. Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің дамуы негізгі тенденциялары. Аюпова Р.Б. АХЧ
01.09.15 9.00-9.50 Қатты денелерді және құрылысы клеткалы материалдарды майдалау (ұнтақтау). Елеу. Араластыру. Жылу процестері. Жылу алмастырғыш аппараттар. Фармацевтикалық өндірісте буландыру. Буландырғыш аппараттар мен қондырғылар. Фармацевтикалық өндірісте кептіру. Кептіру тәсілдері. Кептіргіштер. Аюпова Р.Б. АХЧ
02.09.15 8.00-8.50 Экстракциялық препараттар. Құрылысы клеткалы капиллярлы-саңлаулы шикізатты экстракциялаудың негізгі заңдылықтары. Биологиялық белсенді заттарды экстракциялау әдістері. Аппаратура. Тұндырмалар. Экстракттар. Максималды тазартылған фитопрепараттар. Жіктелуі. Өндірістің технологиялық схемасы. Тазарту тәсілдері. Номенклатурасы. Аюпова Р.Б. АХЧ
02.09.15 9.00-9.50 Таблеткалар. Жіктелуі. Таблеткалаудың теориялық негіздері. Таблеткалар өндірісінде қолданылатын қосымша заттар, олардың жіктелуі, қолдану мақсаттары. Таблеткалар өндірісінің технологиялық схемасы. Түйіршіктеудің мәні және тәсілдері. Түйіршіктің сапасын бағалау. Түйіршіктеу тәсілінің таблеткадағы дәрілік заттардың биологиялық тиімділігіне әсері. Престеу. Тікелей престеу. Таблеттеуші машиналардың құрылысы және жұмыс істеу принципі. Таблеткаларды қабықшалармен қаптау. Қабықшалармен қаптаудың мақсаты. Таблеткаларды қабықшалармен қаптаудың тәсілдері. Аюпова Р.Б. АХЧ
03.09.15 8.00-8.50 Медициналық капсулалар. Желатинді капсулаларды алудың технологиялық процесі. Қосымша заттар. Капсулалардың сапасын бағалау.   Аюпова Р.Б. АХЧ
03.09.15 9.00-9.50 Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын инъекцияға арналған дәрілік қалыптар. Өндіру жағдайлары. Бөлмелер тазалығының кластары. GMP талаптары. Ампулаларды, флакондарды және шприц-тюбиктерді өндіруге арналған шыны және полимерлі материалдар. Ампулаларды жасау және оларды толтыруға дайындау. Аюпова Р.Б. АХЧ
04.09.15 8.00-8.50 Инъекцияға арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Инъекцияға арналған ерітінділерді механикалық қоспалардан тазарту. Өндірістік жағдайда қолданылатын фильтрлеуші қондырғылар. Ампулаларды ерітіндімен толтыру және дәнекерлеу тәсілдері. Инъекцияға арналған ерітінділерді стерильдеу. Ерітінділерді газдармен және су буымен қорғау. Ампулалардағы ерітінділер сапасын бағалау. Инфузиялық ерітінділер. Аюпова Р.Б. АХЧ
04.09.15 9.00-9.50 Фармацевтикалық өндірісте суспензияларды, эмульсияларды, жағар майларды дайындау ерекшеліктері және олардың технологиясын жетілдіру. Аталған дәрілік түрлерде дәрілік заттардың биологиялық тиімділігін қамтамасыз етуші факторлар. Ректальды дәрілік қалыптардың өндірісі. Көмекші заттар. Суппозиторий-лердің сапасын бағалау. Пластырлерді өндіру. Қышалар. Аэрозольдер. Пропеленттер. Препараттардың сапасын бағалау. Аюпова Р.Б. АХЧ
05.09.15 8.00-8.50 Жаңа дәрілік түрлерді жасауда фармацевтік технологияның жетістіктері. Жасына байланысты қолданылатын дәрілік қалыптар. Аюпова Р.Б. АХЧ
05.09.15 9.00-9.50 Дәрілерді тұрақтандыру және әсерін ұзарту проблемалары. Препараттардың (субстанциялардың) және дәрілік қалыптардың микробтық контаминацияға тұрақтылығын арттыру. Дәрілік құралдарда қолдануға рұқсат етілген консерванттар. Аюпова Р.Б. АХЧ
      Барлығы 10 сағ    

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

№ р/с Сабақтың тақырыптары Оқу сағ. көлемі
Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша жалпы ережелер. Сатылар және дайын өнім бойынша материалдық баланс құрастыру. Өнеркәсіптік регламент.
Күрделі ұнтақтарды алу. Майдалау. Елеу. Араластыру.
Сулы медициналық ерітінділер. Алюминийдің негізгі ацетаты ерітіндісін дайындау. Сулы ерітінділерді сұйылту және қойылту тәсілдері. Концентрлі ерітінділерді, қышқылдарды, сілтілерді, глициринді сұйылту.
Хош иісті сулар. Алу тәсілдері. Дальтон заңы.
Тұндырмалар. Оларды алу тәсілдері. Өндірудің технологиялық схемасы.
Сұйық экстракттар. Сұйық экстракттарды перколяция, қысқартылған бөлшекті мацерация тәсілдерімен сұйық экстракттар алу.
Қою және құрғақ экстракттар. Дайындау. Стандарттау.  
Жануар шикізаттарынан алынатын дәрілік препараттар. Жіктелуі. Алу. Стандарттау.
Микроб шикізаттарынан алынатын дәрілік препараттар. Жіктелуі. Алу. Стандарттау.
Таблеткалар. Ұнтақтардың және түйіршіктердің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін зерттеу.
Заттарды тікелей престеу арқылы таблеткалар алу. Таблеткалардың сапасын бағалау.
Таблеткаларды қабықшалармен қаптау. Таблеткалардың сапасын бағалау.
Желатинді капсулалар: жұмсақ және қатты. Капсулаларды алу және сапасын бағалау.
Дәрілік заттарды микрокапсулалау. Микрокапсулаларды алу.
Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын инъекцияға арналған дәрілік қалыптар. Өндіру жағдайлары. Бөлмелер тазалығының кластары. GMP талаптары.
Ампула, флакон және шприц-тюбиктер өндірісінде қолданылатын шынылар мен полимерлік материалдар. Ампулаларды өндіру және оларды толтыруға дайындау.
Инъекцияға арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Инъекцияға арналған ерітінділерді механикалық қоспалардан тазарту. Зауыт жағдайындағы фильтрлеуші қондырғылар.
Инфузиялық ерітінділер.
Ампулаларды ерітіндімен толтыру және дәнекерлеу тәсілдері. Инъекцияға арналған ерітінділерді стерильдеу. Ерітінділерді газдармен және су буымен қорғау. Ампуладағы ерітінділердің сапасын бағалау.
Суспензиялардың, эмульсиялардың, жағар майлардың өнеркәсіптік өндірісі. Сапа бағасы.
Көз ауруларында қолданылатын дәрілік қалыптар. Көз жақпа майлары. Өндіріс ерекшелігі. Сапа бағасы.
Ректальды дәрілік қалыптар. Суппозиторийлердің өнеркәсіптік өндірісі. Суппозиторийлердің сапасын бағалау.
Медициналық аэрозольдер.
Стоматологиялық дәрілік қалыптар. Стоматологиялық пленкалар. Ерітінділер, эликсирлер, шаюғаарналған құралдар. Тіс емдік пасталары.
Жасына байланысты қолданылатын дәрілік қалыптар. Педиатрияда және гериатриядағы дәрілік қалыптар.
  БАРЛЫҒЫ

Оқытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмыстары (ОСӨЖ)

№ р/с ОСӨЖ тақырыптары Оқу сағ. көлемі
Жеке тапсырмалар бойынша лабораториялық регламентті құрастыру. Материалдық балансты сатылар мен дайын өнім бойынша құрастыру және техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеу.
Медициналық ерітінділер. Сипаттамасы және жіктелуі. Еріту диффузиялық-кинетикалық процесс ретінде. Ерітінділерді тазалау тәсілдері. Алюминий негізгі ацетатының ерітіндісін стандарттау. Гетерогенді жүйелерді бөліп алу: тұндыру, фильтрлеу, центрифугалау.
Шырындар. Дәмдік және дәрілік шырындар.Жылу алмастырғыштар. Жылу алмастырғыштардың түрлері.
Аралық бақылау.
Алкоголиметрия. Спиртті медициналық ерітінділер. Спирттің концентрациясын анықтау, сұйылту, қойылту.
Тұндырмаларды және сұйық экстракттарды стандарттау. Абсолютті спирт бойынша материалдық баланс құрастыру. Спиртті рекупирациялау.
Максималды тазартылған (жаңа галенді) фитопрепараттарды алу. Стандарттау. Биогенді стимуляторлар, олардың қасиеттері және алу жағдайлары. Ағашты алоэдан алоэ сөлін алу.
Аралық бақылау.
Түйіршіктеуді қолданып таблеткаларды алу. Түйіршіктердің сапасын бағалау. Таблеткаларды алудың жалпы схемасы.
Тритурациялық таблеткалар. Алу. Таблеткалардың сапасын бағалау.
Таблеткаларды бөлшектеу, орамдау. Машиналар мен автоматтар.
Кондитерлік дәрілік қалыптар (драже, микродраже, спансулалар, түйіршіктер).
Түйіршіктер. Микродраже. Спансулалар. Драже. Өндірудің технологиялық процесі. Сапасын бағалау.
Аралық бақылау: коллоквиум.Суды дайындау. Апирогенді, деминерилизацияланған суды алу. Аппаратурасы.
Жеңіл тотығатын заттармен (аскорбин қышқылы, новокаинамид, викасол) инъекцияға арналған ерітінділер дайындау. Сапасын бағалау.
Стерильдеусіз дайындалатын инъекцияға арналған ерітінділерді дайындау.
Майлы (камфора ерітіндісі) ерітінділер.
Антибиотиктермен, витаминдермен және гормондармен стерильді дәрілік қалыптар дайындау.
Фармацевтік өндірісте стерильді суспензиялар мен эмульсиялар дайындау.
Аралық бақылау.
Линименттерді дайындау. Сапасын бағалау.Пластырлер. Қышалар. Сипаттамасы. Жіктелуі. Тері желімдері (сұйық пластырлер).
Көзге арналған дәрілік қалытар.
Жағар майлар. Өндіру ерекшеліктері. Сапасын бағалау.
Көзге арналған дәрілік түрлерді тұрақтандыру принциптері.
Аралық бақылау: коллоквиум
  БАРЛЫҒЫ

Студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ)

Наши рекомендации