Механикалық өңдеу үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұматтар

Дәрiс. Дәрiс тақырыбы. Машина тетiктерiн механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiстерiн жобалау.

Технологиялық үрдiстердi жобалаудың негiзiне екi принцип қойылған: техникалық және экономикалық.

Техникалық принцип бойынша жобаланатын технологиялық үрдiс (ТҮ) берiлген өнiмдi жасаудағы, оның жұмыс сызбасында көрсетiлген барлық талаптарды және қойылған техникалық шарттарды сапалы және уақытында орындап шығу керек.

Экономикалық принцип бойынша бұйымды жасау еңбектi аз жұмсай отырып, үнемдi өндiрiс шығындарымен өтуi қажет.

Бұйымдарды шығарудың технологиялық үрдiстерi қолданылатын құрал-саймандардың барлық мүмкiншiлiктерiн толық пайдалануды, тез және ең аз өзiндiк құнмен жасауды қамтамасыз етуi тиiс. Жобалаудың техникалық принциптерi тұрғысында тең, нақты бiр бұйым жасаудағы технологиялық үрдiстердiң бiрнеше мүмкiн варианттарының iшiнен ең тиiмдi (өнiмдi) вариантты таңдап алады.

Егер технологиялық үрдiстердiң өнiмдiлiгi мен тиiмдiлiгi әр түрлi болса, онда салыстырмалы варианттардың iшiндегi өнiмдiлiгi жоғары вариантты таңдайды. Жобалана-тын үрдiстiң тиiмдiлiгi мен үнемдiлiгi олардың барлық элементтерiн анықтау арқылы немесе жалпылама күрделi көрсеткiштерiн есептеумен шығарады.

Технологиялық үрдiстiң ең жақсы, үйлесiмдi варианттары берiлген уақыт мерзiмiнде керектi бұйымдардың жоғары сапа көрсеткiштерiмен және өте аз өзiндiк құнмен шығарылуын қамтамасыз етуi тиiс; ол үшiн үрдiс iшiндегi лимиттi операциялардың өтуi үйлесiмдi болуы керек. Осы қойылған шартты шектермен кесу режимдерiнiң тиiмдi мәнiн және өңдеудiң басқа да керектi жағдайларын анықтайды.

Технологиялық үрдiстердiң жалпы ең жақсы, үйлесiмдi варианттарын таңдау өте күрделi iс, бұл мәселенi алдыңғы өткiзген технологиялық әректтердiң кейiнгiлерiне тигiзер әсерiн динамикалық бағдарламалау тәсiлiмен шешедi. Сондықтан үрдiстегi дербес бiр ғана операцияны бөлiп алып, барлық көңiлдi соның тиiмдiлiгiн көтеруге, жiберуге болмайды. Технологиялық үрдiстердi үйлестiру жұмыстарында олардың тек маңызы мен мазмұны өзгерiп қоймай, барлық құрамы да өзгерiп кетулерi мүмкiн.

Жобаланатын және нақты технологиялық үрдiстердiң үйлесуiн әр түрлi мақсатты функцияларға балап жүргiзедi. Үйлесiмдi технология ең аз өзiндiк құнға бағдарлануы керек. Басқа жағдайларда үйлесiмдi технологияның көкейтестi мақсаты ретiнде өнiмдiлiк немесе сапа мәселесi тұрады.

Технологиялық үрдiстiң негiзгi өту заңдылықтарын жете бiлу және математикалық тәсiлдердi орынды қолдану үйлестiру мәселелерiн ЭЕМ-да пайдаланып, шешуге жол ашады. Механикалық өңдеудiң технологиялық үрдiстерiн жобалаудың негiзгi мақсаты:

- тетiктi жасау үрдiсiн толық жазу;

- керектi техникалық және экономикалық есептеу жүргiзу;

- таңдап алынған технологияның вариантын жанжақты негiздеу.

Зауыттағы инженер-техник қызметкерлер, жұмысшылар жасалған технологиялық құжат-тардан бұйымды шығаруға керектi мағлұматтар алады; бұл құжаттар арқылы керектi өндiрiс құралдарының саны, бұйымға жұмсалатын еңбек пен өзiндiк құны есептеледi.

Технологиялық үрдiстiң жобасын пайдаланып, өндiрiстi негiзгi және қосымша материалдармен жабдықтауды ұйымдастырудың бастапқы мағлұматтарын, календарьлы жоспарлауды, аспаптық және транспорттық шараларды үйлесiрудi анықтайды.

Технологиялық үрдiстердi жаңа зауыттарды жобалауда және бар зауытты қайта құруда немесе бар зауытта жаңа бұйымдар шығаратын цехтар ұйымдастыруда жасайды. Жұмыс iстеп тұрған зауыттарда жаңа өндiрiс объектiлерiн ұйымдастыруда технологиялық үрдiстердi жасаудан бұрын даярлау және ұйымдастыру жұмыстарын жүргiзiп алған жөн; бұл жұмыстың негiзгi өзегi бар құралдарды пайдалану мүмкiндiгi немесе жаңаларын сатып алу, керектi жұмысшылар санын анықтау, кескiш аспаптар, транспорт жүйелерiн, материал-дар, энергия қажеттерiн алдын ала жорамалдау.

Механикалық өңдеу үрдiстерiн жобалаудағы негiзгi мағлұматтар

Егер жаңа зауыттар үшiн технологиялық үрдiстердi жобалайтын болсақ, онда негiзгi мағлұматтар ретiнде: тетiктердiң материалын, конструктивтi пiшiнi мен өлшемдерiн ақиқаттайтын жұмыс сызбасы, тетiктiң дәлдiгiне, өңдеу беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн, басқа да айрықша талаптарын (қаттылық, материал құрамы, термиялық өңдеулерi, балансирлеулерi және т.б.) көрсететiн техникалық шарттар; бұйымға жұмсалатын тетiктердiң шығынын (қосалқы бөлшектердi қоса санағанда); бұйым және қосалқы бөлшектердi шығару мерзiмi тұрақсыз болса, онда шығаратын жылдар санын немесе шығару мерзiмдерiн анықтап көрсетедi.

Егер технологиялық үрдiсстердi жұмыс iстеп тұрған зауыттарға немесе қайта құратын зауыттарға жобаласақ, онда негiзгi мағлұматтарға қосымша нақтылы құрал-саймандар тiзiмi, зауыттың ауданы және басқа да жергiлiктi өндiрiс жағдайларының ретi мәлiм болуы тиiс. Тетiктi шығару жұмыс iстейтiн зауыттың дайндамалар шығару өндiрiсiнiң мүмкiндiгiне байланысты, мысалы бiр зауытта ұста өндiрiсi бар, құйма өндiрiсi жоқ болуы мүмкiн.

Жобалауда мәлiметтi және нормативтi материалдар қолданылады; құрал-саймандардың паспорттары мен каталогтары; қондырғылардың альбомдары; кесу және өлшеу аспаптарының нормалары мен Мемлекттiк стандарттары; дәлдiк нормативтерi, кедiр-бұдырлықтың (МЕСТ 25142-82), (СТ СЭВ 1156-78); әдiп есептеу; кесу режимдерi және уақытты техникалық тұрғыда нормалау; тарифтi-квалификациялық мәлiметтер және басқа да қосымша материалдар.

Техникалық құжаттарды тiркеу үшiн арнайы бланктер болады (МЕСТ 3.1404-86).

Наши рекомендации