Бұрғылау қондырғысының көтеру блогын пайдалану

Көтеру блогының пайдалануына мамандық бойынша оқытылған, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаудан өткен, пайдалану қауіпсіздік ережесі бойынша сынақтан және тексеруден өткен тұлғалар жіберіледі.

Пайдалануды машинисттен, бұрғылаушыдан және бұрғылаушының үш көмекшісінен құралатын бригада жүргізеді.

Машинист әр ауысым басталуының алдында көтеру блогының техникалық жағдайын тексереді, техникалық қызмет көрсету мен ағымды жөнделуін жүргізеді. Ауысым уақытында машинист көтеру блогының режиміне сәйкес ауыспалы беріліс қорабының және қуатты таңдау қорабының берілістерінің ауыстырылуын, құралдармен қозғалтқыш жұмысы мен салмақты жабдықтың жұмысын бақылайды.

Бұрғылаушы бұрғылаушы постынан көтеру блогының механизмімен басқарады. Құбырларды тік жинау мен көтеріп-түсіру операциясын орындау кезінде бұрғылаушының бір көмекшісі «верховой» жұмысшы балконында болады, құбырлардың саусақшаға орнатылуын, ал құбырларды бұрғылау негізінің қабылдау мостигіне жинастыру кезінде жинастырылуын қамтамасыз ету керек.

«Верховойдың» қауіпсіз көтерілуін қамтамасыз ету үшін монтажды белдемшенің жалғануын тексеріп, баспалдақ бойымен жылжуын бастау керек.

Құралдарды көтеру операцияларын орындау үшін қажетті жұмыс режиміне сәйкес электрқозғалтқышты қосып, АБҚ-ындағы берілістерді орнатып, ілмектіблок мен штропты жалғап және бекітіп, штроп пен құралға элеваторды жалғап орнату, бұрғылаушы пультінде бұрғылау шығырының төменгі жылдамдығымен басқаратын кранды қосып, тежегіш рычагын тік жағдайға келтіріп, бұрғылау барабанының тежелуін жүргізу, элеваторды шығарылған құбыр бөлігіне келтіріп, сыналы ұстағышының басқару кранын қосып сынаны көтеріп және қозғалтқыштың айналуымен басқара отырып құралдың керекті көтерілу жылдамдығын орнату керек.

Көтеруді іске асыра отырып, «верховой» жұмысшының балкон деңгейінен 1,5 м жоғары деңгейге дейін элеваторды жеткізіп, бұрғылау барабанының тежегішін басып, жалғастырғыш жетегінің кранын өшіру, сыналы ұстағыш басқарылуының кранын өшіру, арнайы құбырлық кілттерді қолданып, құбырларлы ағыту операциясын орындау, көмекші арқан арқылы «верховойға» құбырдың жағдайын бекіту және балконның алдыңғы тірек саңылауына арқанды орнату, құбырды подсвечникке орнатып, элеваторды ашу және көмекші арқанды ажырату арқылы балкон магазиніне орнатады.

Агрегаттың ауа-райының қолайсыз жағдайларында (желдің 8 м/с жылдамдығынан асуы, қатты қар басу, найзағай, тұман) пайдалануына тыйым салынады.

Бұрғылау құбырлар тізбегіне айналымды беру үшін ұршық штропын ілмектіблок ілмегіне орнату керек. Бұралған жетекші құбырмен бірге және онда орнатылған қыспалармен ұршықты көтеру. Жетекші құбырды бұрғылау құбырлар тізбегімен жалғау. Сыналарды көтеріп және тежеу рычагымен басқара отырып жетекші құбыр қыспасын сыналы ұстағыштың қосымша төсемдері арасына орнату. Ілмелі сыналарды демонтаждау. Сыналы ұстағышпен басқару кранын өшірулі жағдайда келтіріп және ротор трансмиссиясының жетекті кранын қосып, құбырдың айналуын басқару. Салмағы 200 кН-нан асатын құбырларды түсіру кезінде тежеу колодкаларының жұмыс ресурсын көбейту мақсатымен көмекші гидравликалық тежегішті пайдалануды ұсынылады. Ол үшін жұмысшы сұйықтықты құйып, гидротежегіш кранын ашу керек. Тізбектердің түсірілуі кезінде гидротежегіш жетегінің жалғастырғышына ауаны берілуін басқаратын кранды ашып, гидротежегішті өшіру. Тізбектің толық тоқтауы үшін бұрғылау барабанының негізгі тежегішін қолдану. Көтеру үшін – гидротежегіш жетегін өшіру.

2-тапсырма:

1) Мәтіннен кәсіби терминдерді теріп жазып, олардан орыс және ағылшын тілдерінде сөздік құраңыз;

2) Кәсіби сөздер мен сөз тіркестерін және интернационалдық сөздерді көшіріп жазыңыздар.

3-тапсырма:Мәтіннің негізінде сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай іріктеп, оларды сәйкестендіріп, көрсетілген жолдарға жазыңыздар.

Ү л г і : Қалыпты жұмыс қабілеттілігі

1. машинист 2. гидротежегіш 3. сыналарды 4. арқанды 5. ұршықты 6. бригада 7. ротор 8. бұрғылау барабанының 9. құбырлық кілттер 10. штропты а) жалғап ә) қолданылады б) тежегіші в) трансмиссиясы г) жүргізеді ғ) көтеру д) орнату е) демонтаждау и) жетегін өшіру ж) жұмысын бақылайды 1. ........................ 2. ........................ 3. ........................ 4. ........................ 5. ........................ 6. ........................ 7. ........................ 8. ........................ 9. ........................ 10. ......................

4-тапсырма:Мәтінді қазақ тіліне аударып, ондағы мәліметтерді естеріңізде сақтаңыздар. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

При эксплуатации нефтегазового оборудования должны соблюдаться следующие правила:

- производственный персонал допускается к самостоятельной работе обученный, с соответствующей квалификацией, не имеющий медицинских противопоказаний к обслуживанию нефтегазового оборудования, обеспеченный необходимой эксплуатационной документацией по безопасному ведению работ;

- обеспечение наличия и исправного функционирования необходимых приборов и систем контроля эксплуатации нефтегазового оборудования в соответствии с установленными требованиями;

- оборудование нефтегазового оборудования автоматизированной системой раннего обнаружения и тушения пожаров;

- планирование и осуществление мероприятий по локализации и ликвидации последствий аварий, оказание содействия государственным органам в расследовании причин аварий;

- представление в установленном порядке в органы государственной власти информации об авариях, инцидентах и тяжелых случаях производственного травматизма, причинах их возникновения и принятых мерах;

- создание и поддержание в надлежащем состоянии системы наблюдения, оповещения, связи и поддержки действий в случае аварии.

Наши рекомендации