Ең көңілді мұғалім” номинациясымен марапатталады

(фанфары ойнау)

Ән “Достарым” орындайтын ............................

(Мектеп аманатын тапсыру рәсімі оқиды)

Түлектер: Мектеп аманатын тапсыру рәсімі .............. пен аманат қабылдап алу құрметі 10-сыныптың оқушысы ............... беріледі

Түлектер:

Сіздерге бірінші аманат

Жан азығы адамның –ана тілі,

Тек сонымен ашылған дала гүлі.

Өнер алды –қызыл тіл дейді қазақ,

Бұл мәтелдің теренде мәңгі сыры.

Жас ұрпаққа жалынды,

Сөз маржанын дарытқан.

Абай, Пушкин жырымен,

Тіл арқылы табысқан.

Тілдің сырын меңгерген,

Тіл білуді жөн көрген.

Көсегесін көгертіп,

Ғажайып бір өң берген

Ел азаматы болыңдар.

10-сынып оқушысы:

Оқуды терең меңгеріп

Аманатты ақтаймыз

Мектепті үздік бітіріп

әдеп –салтты сақтаймыз- деп уәдемді беремін.

(фанфары )

Білім кілтін тапсыру салтанаты ............. мен білім кілтін қабылдап алу құрметі 1 сыныптың оқышысына беріледі:

Түлектер:

Білімнің мына өмірде жеңгені көп

Білім қалар халқымның сенгені боп

Сондықтанда білім кілтін сендерге

Тапсырамыз ақ ниетпен сенеміз деп

(........... кілтті .............. береді) фанфары 1-2 секунд

1-сынып оқушысы:

Ұрпаққа кезенімен білім берген,

Алтын ұя мектеп қой елім сенген.

10 жыл бойы білімменен қанаттанып,

Аттанамыз бізде білім керуенімен

Түлектер:

Мерекеде басты қостық бәріміз

Жарасады әнімізбен сәніміз

Әуенімен тербелейік вальспен

Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз.

(Қоштасу әнін қосу,.............. орындайды)

(Түлектер мектеп вальсіне шақырады)

(вальстен кейін, 11 сынып оқушылары шар, жазу парағын, көгершін ұшыру)

2-жүргізуші:Құрметті түлектер! Көгершіндей қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер!

2-жүргізуші:

Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ

1-жүргізуші:

Қоңырау соғу рәсімі 11 сыныптың оқушысы ...............

мен 1 сыныптың оқушысы .............. беріледі

2-жүргізуші:

Күмбірле, қоңырау күмбірле

Аттансын түлектер жаңа өмірге.

1-жүргізуші:

Ұшырады мектебің өз қолыңнан

Көріне біл ғылымның сан қырынан

«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой»-деп

Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.

2-жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

«Сәт -сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз тілейміз біз армандарға жеткенін

Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

1-жүргізуші: Ал енді түлектерді құрметпенен шығарып салайық

(қол шапалақ, фон “Той” әні)

1-жүрг,2-жүрг. Бірге: Үлкен өмірге аттаған қадамдарынна нұр жаусын, талаптарын оң болсын!

2-жүргізуші:

Осымен түлектеріміздің алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған «Сыңғырла тағы да соңғы қоңырау» атты салтанатты мерекемізді жабуға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкетілсін!

2-жүргізуші:Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарынды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш- жігермен алтын ұя мектептеріне оралуларына тілектеспіз

1-жүргізуші: Мектепке қарай қадамды 1 сынып оқушылары бастайды.

( Қазақстан әнін қосу)

Көрініс: «Оқушы мен Қария»

Оқушы: Ата, ата, арман деген не?
Қария: Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді.
Қария: Дос табу оңай ма?
Оқушы:Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
Қария: Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.
Қария:Үйдегі алтын қазығың кім?
Оқушы:Ата, үйдегі алтын қазық – бала.
Қария: Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем.
Қария: Өмір сүру үшін не қажет?
Оқушы:Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет.
Қария: Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су - тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
Қария:Адамға ақыл беретін кімдер?
Оқушы: Ата, ана тілі ғой ақыл беретін.
Қария: Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата-ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады.
Оқушылар ата-аналарына арнап өлеңдер оқиды,ән айтады.

Наши рекомендации