Санитарлы – гигиеналық шаралар

Сақтандырғыш жабдықтармен қамтамасыз ету

Жұмысшылардың жеке қорғаушы жабдықтарын қолдану қасиеті және негізгі болып саналады.

Жеке қорғаныстың көмекші сипаты бар. Жұмысшыларға, сапалы типтік нормаларға сәйкес арнайы киім және аяқ – киім, ақысыз беріледі.

Тәжірбиелі зерттеулерді зертханаларда жүргізу кезінде, жұмыс барысында қолайсыз факторлардан қорғайтын арнайы қорғағыш жабдықтармен қолданады. Қорғағыш жабдықтарға халат, резеңке қолғаптар, қорғағыш әйнектер, жапырақша типті респираторлар жатады.

Желдету, ауамен желдету, су себелеу және ауа – жылу бүркеу бөлменің жұмыс қызмет аймағында (тұрақты немесе тұрақты емес жұмыс орнында) қажетті метерологиялық жағдай мен ауа тазалығын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Қазіргі ғылыми – техникалық институттар қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ететін арнайы комплексті техникалық жабдықтар мен қамтамасыз етілген. Мұндай техникалық жабдықтарға қорғағыш, блокты, вентиляциялық құрылғылар, координациялық құрылғылар және басқа да жабдық түрлері жатады. Ал олардың жиынтығы еңбек қорғаудың негізгі қорларын құрайды.

Негізгі қордан басқа,қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың адам ағзасына әсерін алдын-алу жолын көрсететін түрлі техникалық жабдықтар, электр қорғаушы құрылғылар, жеке қорғаныс жабдықтары бар.

Еңбек қорғаудың техникалық жағдайлары адам ағзасына қауіпті және зиянды заттардың әсер етуін шектейді. Жұмысшының еңбек қауіпсіздігі, жұмыс орнының техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуі және зертхананың жарықтану деңгейін жоғарлатуға негізделеді.

Рт қауіпсіздігі

Өрттің пайда болу жолдары сан алуан: құрылыс конструцияларында жеткіліксіздер, құрылғының ақауларынан, технологиялық процестердің бұзылуынан, персоналдың ұқыпсыздығынан.

Техникалық – құрылыс шараларына өнеркәсіптің территориясын жоспарлау, ғимараттағы арнайы шептердің құрылғысы, оттың таралуын шектейтін шептер, шығу есіктерін орнату және эвакуациялау жатады.

Ұйымдастыру шараларына: жұмыс барысында ашық отпен қолдану, шылым шегуді шектеу, бөлмедегі мүлік адамдарды эвакуациялау жоспарын жасау және өрт қауіпсіздігі туралы студенттермен персоналдарды оқыту жатады. Өрттен қорғау үшін технологиялық жағдайларда, арнайы автоматикалық құрылғылар қажет. Автоматикалық жұмыстар жүргізіліп жатқан параметрлерді берілген деңгейде ұстап отырады, қауіп төнген жағдайда агрегаттар жұмысын тоқтатады.Өрттің тез аластату шарларына, арнайы залдар мен ғимарат подьездері қарастырылады, өртке төзімді баспалдақтар, дабылдағыштармен, су құбырлары орнатылу қажет.

4.3 кесте – Ғимараттың өртке төзімділік сипаттамасы

  Негізгі құрылыстық конструкциялар  
Өртке төзім­ділік дәре-жесі Баспалдақ сатылары-ның қорғаушы қабаттары колонналры Сыртқы қабыра-лар және сыртқы фахвер-ковты қабыра-лар Плиталар және басқа этаж аралықпен қойманың оқшаула-ғыш конструк-циялары Плиталар және тағы басқа біріктірілген конструк-циялар Қабырға аралық бөгеттер Отқа төзім-ді қа-быр-ға -лар
III Жанбайтын (2,0) Жанбайт-ын (0,25); қиын жанатын (0,5); Қиын жанатын (0,75); Жанатын қиын жанатын (0,25); Жанбай-тын (2,5)

Рт кезінде түтіннен қорғау

Өрт кезінде түтінді аластайтын апаттық түтінге қарсы желдетуді (әрі қарай « түтінге қарсы желдету») бөлменің бірінде пайда болған өрттің алғашқы сәтінде ғимарат бөлмелерінен адамдарды көшіруді қамтамасыз ететіндей етіп жобалау керек.Түтінді мына орындардан жоюды қарастыру қажет:

а) ҚР ҚНжЕ 3.02 -01 -2001, ҚР ҚНжЕ 3.02 – 02 – 2001 және ҚР ҚНжЕ 3.02-04-2001 талаптарына сәйкес тұрғын, қоғамдық және әкімшілдік тұрмыстық аппараттардың ұзын дәліздері немесе холдарынан;

б) биіктігі 26,5 метрден асатын өндірістік, қоғамдық және әкімшілдік тұрмыстық ғимараттарының ұзын дәліздерден;

в) сыртқы қоршауларында сәулелік ойыстары арқылы табиғи жарықтану (әрі қарай «табиғи жарықтануы жоқ») ұзындығы 15 метрден үлкен дәліздерден, қабаттар саны 2 және одан көп А,Б және В санатындағы өндірістік бөлмелерден;

г) табиғи жарықтануы жоқ немесе бар тұрақты жұмыс орындары болатын терезенің жоғарғы жақ 2,2 м деңгейінде және еденнен жоғарғы фрамгуанның төменгі жағына дейін фрамугаларды ашу үшін және күнтартпалардың облыстарында.

Техникалық шаралар

Қазіргі уақыттың ғылыми-зерттеу және оқу институттары еңбек жағдайларының қауіпсіздігін және тазалығын қамтамасыздандыратын, арнайы техникалық құралдармен жарақтандырылған. Мұндай техникалық құралдардың қатарына қорғаушы, желдетуші және тағыда басқа жабдықтар түрлерін жатқызуға болады. Олардың жиынтығы еңбекті қорғаудың негізгі қорын көрсете алады.

Негізгі қордан өзге, адамға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмау мақсатында жекеше тағайындалатын әртүрлі техникалық құралдар қолданылады – электрден қорғау аспаптары, жеке қорғану құралдары және тағы басқалары.

Еңбекті қорғаудың техникалық құралдарының тағайындалуы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың адамға ықпалын болдырмаудан тұрады. Лабораторияның және жұмыс орынының еңбекті қорғаудың техникалық құралдарымен жабдықтану, жарақтану деңгейіне қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі тікелей тәуелді болады.

Наши рекомендации