Ызметкерлермен және жұмысшылармен есеп айырысуды бақылау.

Еңбекке ақы төлеу өндіріс циклінің бір бөлігі болып табылады және кәсіпорын ресурстарының маңызды бөлігін құрайды. Сол үшін еңбек ресурстары мен еңбекақы қорының тиімділігін тексеріп тұру кәсіпорын үшін өте маңызды.Қызметкерлермен есептесуді тексеру үшін қажет ақпарат көздері ретінде штаттық кесте, жарғы, бұйрықтар, жарғылықтар, келісім-шарттар, азаматтық құқықтық сипаттағы келісімдер, жеке қамсыздандыру бойынша келісім–шарттар, ссуданы беру бойынша, тауарды несиеге сату, жұмыс уақытын қолдану, есептеу табелі, наряд, жолдама қағаздары, уақытша еңбекке жарамсыздық қағаздары, атқару қағаздары, есептеу және төлеу карточкалары, авнстық есеп берулер және соған қосыла берілетін алдыңғы құжаттар, мүлікті инвенторлар, мүлік актілері құжаттарын пайдалануға болады.Тексеруден соң аудитор тексеру бағдарламасын дайындауды соған сәйкес қызметкерлермен есептесудің әртүрлері бойынша операцияларды, бөлшек тексеруді іске асырады.Негізінде еңбекақыны есептеуде жүргізілген алғашқы құжаттар, құжаттардың нормативті талаптарына сәйкес дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі.Аудитор 3350 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шотын тексере отырып, қызметкерлерге тиісті демалыс ақысын және көп жылғы сіңірген еңбекақысының бекітілген тәртіп бойынша құрылған қор есебінен төленетін еңбекақысы сомасының, әлеуметтік сақтандыруға және зейнет ақысымен қамтамасыз етуге жіберілген қаржы есебінен шығарылған жәрдемақы сомасының, кәсіпорын табысы сомасының, ал дебет бойынша еңбекақының, сыйлық ақшаның, уақытша еңбекке жарамсызға арналған жәрдемақының төленген сомаларының, сонымен қатар кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне еңбекақысы жөніндегі қарызын сальдо шоты көрсететін орындаушы құжаттар бойынша есептелген салықтар мен төлемдердің сомасының, еңбекақысы сомаларының қамтып көрсетілетінін білуге тиіс.Көбінесе осы шот бойынша аналитикалық есеп деректер синтетикалық есеп деректеріне сәйкес келе бермейді. Бұл сальдо есеп айырысу-төлем тізімдерінің қорытынды сомаларымен берілген есеп бойынша тексеру арқылы анықталынады.Сол үшін аудитор бұлардың қатынасын әр түрлі кезеңдерде, кәсіпорынның әртүрлі бөлімдері бойынша, және шығарылып жатқан өнім түрлері бойынша талдау жасауы керек. Өндірістің есепке алынбаған көлемінің шығарылуымен байланысты бухгалтерлер еңбекақының көлемін дұрыс талдап есептеуі керек. Еңбекақы қаншалықты дұрыс есептелгенін, еңбекақының есептелуі қай көздерден жасалғанын, өнімнің өзіндік құнының қай дәрежеде қымбат болғанын, осы және осы сияқты жағдайлардың барлығын аудитор тексеріп отыру керек.

Өндірістік қызметке жұмысшылардың қатысуына байланысты персоналдарөнеркәсіптік өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді Жұмысшыларды тізімдік және тізімдік емес құрамға бөледі. Тізімдегі құрамға бір күннен артық негізгі қызметі бойынша, ал басқа қызмет түрлері бойынша бес күннен кем мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты, кезеңдік және уақытша жұмысшылар жатады .

Кадрлар есебі үшін жеке карточкалар, ғылыми жұмысшылар үшін ғылыми жұмысшының есеп карточкалары алғашқы құжаттар болып табылады. Жұмыс уақытының есебі бойынша негізгі алғашқы құжаттар- жұмыс уақытын пайдаланудың есебі мен еңбек ақыны есептеу табелі және жұмыс уақытын пайдалануды есептеу табелі болып табылады. Табель жұмысшылардың барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалануын есептеу үшін, сондай- ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің бекітілген жұмыс күні режимін сақтауына бақылау жасау үшін, олармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу және атқарылған уақыт туралы деректер алу үшін қолданылады. Табельді табель толтырушы немесе мастер бір данада толтырады және еңбекақы есептеу үшін бухгалтерияның есеп айырысу бөліміне жіберіледі.

Жұмысқа келулер және жұмыс уақытын пайдаланудың есебін табельде жалпылау тіркеу әдісімен жүргізіледі, яғни барлық келгендерді , кешіккендерді белгілеу немесе тек қана ауытқуларды тіркеу арқылы. Күндер мен сағаттардың санын ондық белгімен көрсетіледі. Ай соңында табельдер әрбір жұмысшымен атқарылған уақыттың қорытындысы жазылады және жұмысқа келген, келмеген күндер есептеледі. Осы деректер жұмыс категориялары бойынша және жалпы табель бойынша қосылады. Жеке құрамның есебі категорияның кадрлар бөлімінде жүргізіледі. Еңбек ақы төлеу бойынша қызметкерлер мен есеп айырысудың синтетикалық есебі 3350 “Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар’’ шоты бойынша жүзеге асырылады.

3350 шоттың кредиті бойынша айдың басы мен айдың аяғына жұмыс істеушілердің алдындағы қарыздардың қалдығы және оларға еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы түрінде есептелген сомалар, яғни қарыздардың көбеюі, ал дебеті бойынша барлық ұстаулар түрлері мен берілген еңбекақы сомалары көрсетіледі.

Жұмысшылардың кезекті демалыс уақытына ақы төлеу үшін кәсіпорындарда резерв құрылады, өйткені жұмысшыларға демалыс жыл бойы біркелкі берілмейді және демалысты төлеу бойынша шығындарды сол айда өндірілген өнімнің өзіндік құнына жатқызу өзіндік құн туралы мәліметтерді өзгертеді. Демалыстарды төлеуге резерв демалысақы сомаларын және еңбек ақы қорынан аударуларды есептеу кезінде ескерілетін, олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары сомасынан анықталады. Резерв қарастырылған процент бойынша ай сайын анықталады Демалыс үшін нақты есептелінген сомаларды осы резерв есебінен есептеп шығарады. 3350 “Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар’’ шотының кредиттік айналымдары №10 журнал – ордерде бейнеленеді.

Аудиторлық тексерудің одан әрі жүзеге асатын кезеңдері мыналар болып табылады:

-төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру;

-жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқумен байланысты болатын қосымша еңбекақыны рәсімдеу тәртібі;

-құжаттық рәсімдеу мен іркіліс төлемі;

-өнімнің ақауын құжатпен рәсімдеу мен оны төлеу;

-түнгі мезгілдегі жұмысқа төленетін қосымша еңбекақы;

-жұмыстан тыс уақыттағы еңбекақыны төлеу;

-мерекелік күндердегі жұмыс істегені үшін еңбекақы төлеу;

-іс жүзінде заңда қарастырылған жұмыспен өтелмеген уақытқа төлем есептеу;

-уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу;

-еңбекақыдан аударымдардың дұрыс ұсталғандығын тексеру.

Заңға сәйкес еңбекақыдан мыналар ұсталады:

-зейнетақы қорына аударым;

-бұрын берілген аванс бойынша берешекті;

-табыс салығы;

-арифметикалық қате нәтижесінде артық төленген соманы беруге;

-пәтер ақы;

-баланы мектепке дейінгі балалар мекемесінде тәрбиелегені үшін;

-қызметкерлердің кәсіпорынға келтірілген материалдық зиянын орнын толтырылуы;

-ақшалай артық есептеулер;

-несиеге сатып алынған тауарлар үшін;

-газет пен журналдарға жазылғаны үшін;

-орындалатын үкім бойынша құжаттар,өнім ақауы үшін./2,377/

Еңбек ақыны тексеру кезінде аудитордың негізгі мақсаты,бақылаудың күшті жақтарын анықтау,маңызды қателердің жоқтығына көз жеткізуі болып табылады.Еңбек ақы төлеудің аудитінің негізгі мақсаты еңбек ақы бойынша бухгалтерлік есептің жүргізілуінің дұрыстығын және одан ұсталымдардың, еңбек ақыдан аударымдар кезінде нормативтік- құқықтық актілердің қарастырылуынтексеру.

Аудитордыңмақсаттары:

1.Еңбек ақының дұрыстығын тексергенде, аудитор келесілерді тексеруі керек:
-Өндірілген өнім,орындалған жұмыс және қызмет көлеміне, жұмыс уақытының есебі бойынша алғашқы құжатардың заңға сәйкестігі және саны.
-Бухгалтерлік баланыстағы және Бас Кітаптағы жазбалары мен шот 3350 бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің бір күндегі екі жақтың мәліметерінің сай келуі.

2. Еңбек ақы қорының пайдаланылуын тексерген кезде аудитор тексеруі керек келесілерді:

-Кәсіпорын жұмысшыларына штаттық кестеде бекітілген қызметтік айлығының қадағалануын тексеру;

-Инфляция жағдайында бағалардың өсуін есепке ала отырып олардың индексациясының уақтылы жүргізілуін тексеру;

-Құрылтайшылардың, акционерлер жиналысы немесе басқару кеңесі штаттық кестені бекіткендігін тексеру;

-Орындалған жұмыстар үшін есептеулер жүргізілдіме , жұмысшылардың кесімді наряды бойынша еңбек ақы дұрыс жүргізілудеме;

-Кәсіпорын жұмысшыларына сыйақылардың дұрыс берілуін тексеру.

Еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгеніне байланысты, есептеу кезінде дұрыс болмауы мүмкін, үшін себебі стажды анықтау қолмен жүргізіледі, жұмысшылардың қызметтік айлығын, жұмысшының стажын анықтауда оның нақтылығын және дұрыстығын тексеруді жүргізуі қажет:

1.Еңбек ақы төлеу ставкасының, қосымша төлем үшін рұқсат, жалдау күні жөнінде ақпарат барма және олар жеке делодабарма соны тексеру;
-Еңбек ақы өсуін қадағалау,жиналыстың протоколдары және кәсіпорын басшысының бұйрығымен рәсімделудеме;
-Еңбек ақыдан аударымдар және ұсталымдарды жүргізуде жеке делода көрсетілген ақпараттарды бухгалтер пайдалануда ма;

2.Бухгалтерлік баланыстағы және бас кітаптағы жазбалардың 3350шот бойынша аналитикалық есеп көрсекіштеріне сай екендігін анықтау;

3.Бастапқы құжатардың туралығын олардың дұрыс толтырылуын, жауапты тұлғалардың қолдарының санын тексеру, барлық риквизиттердің дұрыс толтырылуы бойынша, құжаттарда келісілмеген түзетулер және өшірулер орын алған жоқпа екен;

4.Еңбек ақыны есептеу бойынша ведомстардың жазбаларынан алу;
-Есептеулер мен ұсталымдар, құжатпен куәландырылған;
-Жиынтық аударымдар, шегерімдер, таза төлемді санау;

5.Зейнет ақы қорына салықтардың ұсталынуының дұрыстығын тексеру;

6.Еңбек ақы төлеудің уақтылығын және кезеңділігін тексеру;

7.Еңбек ақыға арналған ведомстардың жазбаларының нақтылығын тексеру.
Еңбек ақыдан ұсталымдарды тексеру:

-Кәсіпорын жұмысшыларынан ұсталымдар бюджет бойынша салықпен есеп айрысу, аналитикалық шоттарының мәліметері бойынша еңбек ақыны төлеу ведомстарын салыстыру;

-Жеке тұлғалардың салығы бойынша заңдылықтардың сақталуы;

-Жекелеген жалданған жұмысшылар бойынша ұсталымдарды зерттеу;

-Бюджетке салықтардың аударылуының тұрақтылығы.

Аудитті жүргізу үшін, баланс, бас кітап,жинақ ригистерлері, және алғашқы құжатарды қарауы қажет.

Алғашқы құжаттардан таңдалып тексеруге жататындар:
-Есеп парақтарының түрлі формалары:есеп парақтары,сапарлық парақтар, орындалған жұмыстар және еңбек парақтарының есебі;

-Қабылдау актілері;

-Топтан топқа ауыстыру актілері;

-Ведомстер;
-Есеп журналы;

-Шығарылуы немесе демалысқа шығуы кезіндегі еңбек ақы төлеу бойынша есеп айрысу;

-Жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі парақтар;

Есеп бойынша мәліметтерді топтау мен жинақтау жекелеген автоматтандыру жағдайында ЭВМ-де жүргізіледі.

Осыған байланысты мұнда тек пайдаланылатындар көрсетілген:

-жұмыс уақтының есебінің табелі;

-есеп- төлем ведомстері;

-аванс төлемінің ведомстарі;

-жалақы төлемінің ведомстары;

-әрбір жұмысшының есеп парақтары;

Еңбек ақы төлеуді тексерген кезде аудитордың негізгі мақсаты,бақылаудың күшті жақтарын анықтап,маңызды қателердің жоқтығына көз жеткізу.

Кәсіпорындағы ішкі бақылау жүйесінің (ІБЖ) мақсаты-кәсіпорынның ағымдағы шаруашылық істерінің, тәртіппен және тиімді орындалуы:

- Басшылықтың қаржы-шаруашылық саясатының талаптарының орындалуы;

- Кәсіпорын активтерінің сақталуы және ақпараттармен,құжатарға дәл және толық қамтамасыз ету деңгейі.

Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін анықтаған кезде көптеген факторлар пайда болады:

-кәсіпорында ақпаратты қалыптастыруға қатысушы жұмысшылардың ауқымы және тапсырылған іс үшін жауапкершілігінің болуы;

-ақпаратты қалыптастыру және істі жүргізу бойынша олардың арасында тәртіптің болуы;

-бақылаудың техникалық құралдарының болуы;

-бақылау технологияларының барлығы;

-бақыланатын параметрлерінің болуы;

ІБЖ- келесілерді қамтиды:

1)Нақты анықталған құқықтары және міндеттері бар жауапты жұмысшылар;

2)Міндетердің қатыстылығына байланысты бөлінуі(активтерді сақтау және олардың есебі бойынша;

3)Операцияны жүргізу кезіндеі қажетті процедуралардың сақталынуы;

4)Құжаттардың сақталуын бақылау (номерация,опреация орын алған мерзімдегі немесе одан кейінгіге сай);

5)Құжаттар және активтерді нақты бақылау(материалды жауапты тұлғамен нақты тексеру);

6)Орындалған міндеттерді тәуелсіз тексеру(ішкі аудит).

Тексеру қорытындысында мыналарды анықтау керек:

-шығыстарды еңбекке ақы төлеу қорына жатқызудың дұрыстығы;

-жеке төлемдерді өнімнің өзіндік құнына жатқызылудың дұрысытығы;

-бухгалтерлік өткізбелерді еңбекті төлеу қоры бойынша жасаудың дұрыстығы;

-синтетикалық және аналитикалық есепті,жиынтық мәліметтерді және еңбекке ақы төлеу қоры бойынша бухгалтерлік есеп беру формаларын толтыруды жүргізудің дұрыстығы;

-3350 шоты арқылы орындайтын үкім қағаз және депозитке салынған еңбекке 8,10 журнал-ордерлердегі жазбасы,Бас кітап және баланс жағынан аналитикалық есеп жазбаларына сәйкестіру.

Наши рекомендации